Сүтті сиырды таңдау
Сүтті сиырды таңдау. Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады.
Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін сол тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдай-ларға ең алдымен жас кезінде азықтандырьш, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырьш, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға әбден болады.
Сиырдың сүттілігін байқайтын біршама ерекшеліктері болады. Оны болашақ сиыр иелері жақсы білуге тиіс.’
Сиырды сатып алардан бұрын оның шыққан тегін анықтап алу керек. Таза тұқымды, мол өнімді малдан көбіне мол өнімді төл туады. Сонымен қатар, осы малдан ілгерілікте туылған төлдің өсіп-жетілу барысын, өнімділігін, оның азығын да ескергеннің ар-тықтығы жоқ. Егер олар мол өнімді болса бұл бұқа не сиырдың өз өнімділік қасиеттерін төліне жақсы дарытатындығын көрсетеді.
Ал енді мал өнімділігін айқындайтын сыртқы құрылысы мен дене бітімінің ерекшеліктері тағы бар. Өйткені малдың денсаулығы мен өнімділігі әр организмнің өзіндік құрылысына тән конституциялық ерекшеліктеріне байланысты келсе, сол ерекшеліктер оның сыртқы дене пішіні мен тұлга ерекшеліктері —экстерьермөн, сонымен тығыз байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері — интерьерімен белгіленеді. Сондықтан экстерьерлік ерекшеліктерді бағалай отырьш, малдың ішкі құрылысына, органдарының қызметіне назар аударуға болады. Енді сүтсіз сиырды айқындайтын экстерьерлік белгілерге тоқталып өтейік. Ең алдымен, олардың сүйегі жеңіл, бірақ мықты, аяқтары түзу, тұяқтары қатты келеді.
Ас қорыту органдары өте жақсы дамыған, басы жеңіл, терісі жұқа, жүні жылтыр, қысқа болады. Сондықтан да сырт пішіні созылыңқы, ішек-қарны қатты дамығандықтан. бөксе жағынан қарағанда кеңейтілген үш бұрыш тәріздес келеді. Ал, салыстыру үшін айтсақ, етті, сиырдын, дене формасы созылыңқы, төртбақтанған тік бұрыш немесе параллелипед сияқтанып келетінін ескеру керек.
Сүттілікті айқындайтын негізгі белгі — сиыр желінінің дамуы. Желіндері жақсы дамыған, емшектері салалы, сүт тамырлары қатты білеуленіп, желіннің алды-артындағы терісі жұқа, селдір жүнді, жиырылыңқы келуге тиіс.
Ас қорыту органдарының дамығандығы сиырдың азықты жақсы жейтінін,- сөйтіп одан мол сүт шығатынын дәлелдейді. Тыныс алу типінің басымдылығы оның организмінде зат алмасу процесінің шұғыл жүріп, жақсы тотығатынын, шайлануға жол бермеуін айғақтайды. Дене құрылысында арқасы түзу, сүйектері мықты келетіндігі денсаулығын көрсетсе, бөксе жағының кеңдігі қиналмай бұзаулайтыңдығын байқатады.
Халық арасында сиырдың сүттілігін, өнімділігін өздерінше анықтайтын кісілер де бар. Мысалы, біреулер танауъшың үстіндёгі тер моншақтары мен құлагының тер және май бездерінө қарап тері және май бездері жақсы жұмыс істейді деп таниды. Мұндай-да сүт бездерінің, яғни емішектердің де қызметі жетілген деп тұ-жырымдауға болады. Сүтті сиырлардың қабырғалары омыртқаға қарай бұрыштана қиылған, соңғы екі қабырға аралығында 3—4 саусақ сыюға тиіс (5—6 см). Олардың құйрықтары ұзын, жерге сүйретіліп жатады. Ал құйрық ұшындағы қайызғақ мол да майлы сүт шығатын сиырлар организміндегі зат алмасу процесінің жедел жүретіндігін байқатады. Сүт тамырларының кеуде қуысына енетін жеріне (сүт құдығы деп те аталады) 2—3 саусақ сыюға тиіс. Сонда ғана сүттің түзілуіне қажетті (әр 1 литріне 400—600 л) қан айналымын қамтамасыз ете алады.
Сиыр таңдағанда оның жасын анықтап алу қажет. Сиырдың сүттілігі 5—7 бұзаулағанға дейін ұлғайып, сонан кейін төмендейді. Бірінші бұзаулаған құнажындардан сақа сиыр сүтінің 70—80 процентіндей сүт шығады. Егер сиыр жасы туралы деректер жоқ болса, оны мүйіз бен тісінен айыруға болады. Бұзауларға мүйіз 15 күндігінен бастап шығады. Ал 2 айлығында 1 сантиметрдей өседі де, 2 айдан 20—22 айлығына дейін мүйіз айына шамамен 1 сантиметрдей -өсіп тұрады. Әрбір буаздық кезеңнің соңғы кезінде іштегі бұзаудың өсуіне көп қоректік заттар жұмсалатындықтан сиыр мүйізінде сақина тәріздес сызықша белгі — қыспа қалады. Сол сақина тәрізді белгілер санына бірінші бұзаулаған жасын қосса (орташа 2 жыл) сиырдың нақтылы жасы шығады. Қысыр қалған жылдары мүйіздө сызық белгі қалмайды. Егер сиыр іш тастап немесе қысыр қалған болса екі сақина арасы едәуір алшақтайды. Сиырларда 32 тіс болады дедік. Оның 24 азу тістері де, төменгі жақ сүйектеріне орналасқан 8 алдыңғы тістер. Алдыңғы тістердің ауысьш, жойылуы бойынша да сиыр жасын анықтауға болады.
11
Оларды жақта орналасқан реті бойынша — ортадағы екеуін тістеме, солардың жанындағыларын ішкі, одан кейінгілерін — сыртқы, ал ең шеткілерін — шеткі алдыңғы тістер деп атайды.
Мүйізден гөрі сиыр жасын тістеріне қарап дәл анықтаута болады. Ол үшін 1-таблицадағы келтірілген ірі қара тістерінің жетіліп, алмасатын заңдылықтарын білу қажет. Белгілі уатқыттан соң бұзаудың сүт тістері түпкілікті тістермен ауысъш, олар да біртіндеп мүжіле бастайды. 17—18 жаста сиырлардың алдыңғы тістері түсе бастайды.
Жасымен қоса таңдалған малдың тірілей салмағын да таразысыз анықтауға болады. Ол үшін сиыр жауырынының артын ала көудө орамын жәнө дене тұрқының ұзындығын (шоқтығынан құйрығының түбіне дейін) өлшейді де, орташа қоңдыллықтағы сиырлар үшін мына формула бойышпа тірілей салмағын есептейді. ‘
Мұндағы ТС — сиырдың тірілей салмағы (кг):
КО — кеудесінің жауырыны сыртынан алынған орамы(см):
ТҰ — тұрқының ұзындығы (см).
Жоғары немесе төмен қоңдылықтағы сиырларға шыққан сал-мақты 5—10 процентке ұлғайтып немесе кемітеді. Сиырдың тірілей салмағын оның кеудесінің аумағы мен тұлғасының қиғаш ұзындығы (иығының алдыңғы басынанан жамбасына дейін өлше-неді) арқылы да анықтауға болады. Ол үшін 2-таблицада көлті-рілген цифрлармен осы өлшемдерді салыстыру қажет. Олардың тоғысқан жеріндегі сан сиырдың. тірілей салмағын көрсетеді. Сиыр сүттілігінің тірілей салмағына байланысты келетінін ескөру қажет. Салмақты дәл білу үшін сиырды таңертең. азықтандырып, суарғанға дейін таразыға салып тартады.
Таңдап алынатын сиырды сауып та көрген жөн. Сүтті сиырлар жеңіл сауылады. Сонымен бірге барлық емшегінен сүт бірдей шығады. Сүттің өз-өзінен тамшылап тұрмауы тиіс. Оның үстіне сиырдың мінез-құлқына, сыртқы әрекөттерге көрсеткен қылықтарына көңіл бөлген жөн. Өте алаңдағыш, үркек малдың тәбеті бұзылғыш, сүттілігі өзгергіш келөді. Сыналатын сиырды әрі-бері жүргізіп аяк, тастасын байқайды. Дене мүшелерінің құрылысына қарай олардың; аяқ басуьі өзгеріп келеді.
Сиырдың сыртқы түрі — оның денсаулығының айнасы. Еңсесі көтеріңкі, көзі былшықтанбаған, жөтелмейтін,жүні тықыр да жылтыр сиырлардың дені сау болады. Сүтті сиырдың сауыры мен бөксесі түзу де кең, бұлшық етті келеді. Олардың жүрісі түзу, нық және жеңіл келеді. Желінінде қатайған жерлер, ал емшектерінде жарақат, жарылғандықтың ізі болмауға тиіс. Сиырды азықтандырьш көріп, тәбетінің жақсы өкеніне көз жеткізген жөн. .Осылайша сатып алынған сиырдың ені болмаса оны иесінің тір-. көу кітапшасымен салыстырады. Егер малдың ені болмаса оны табындағы басқа сиырлардан ажырату үшін құлағына ен салып, жамбасына таңба басады. Құлаққа ен салу үшін оны тазалап жуып, құрғататады да спиртпен сүртеді. Арнайы тістеуішпен тіліп қажетті санды бейнелейтін ен салады. Құлақ шетіндегі әр қима мен ор-тасьшдағы ойық бір санды белгілейді. Ал жамбасқа таңбаны әдетте күйдіріп басады. Ол үшін арнайы дайындалған темір сымды отқа қыздырып сиырдың сол не оң жамбасына басу керек. Күйген жерге таңбаны айқындап ақ жүн өседі. Қажетті санды не таңбаны жіңішке сыммен сиыр мүйізіне салса да болады.