Топырақтағы микроорганизмдерге пестицидтердің әсері
Топырақтағы микроорганизмдерге пестицидтердің әсері. Ауыл шаруашылық дақылдарын түрлі зиянкестерден сақтауда кеңінен қолданылып жүрген химияльгқ заттарды — пестицидтер деп атайды.
Бүлардың ішінде арам шөптерге қарсы күресуде қолданы-латын — гербицидтер, ауру қоздырушы саңырауқүлақтардан өсім-діктерді қорғайтын — фунгицид препараттары, насекомдардан қорғайтын инсектицидтер, нематод және баска да зиянкестерге қарсы қолданылатын — нематоцидтер бар.
Ауыл шаруашылығына түрлі зиянкестер орасан зор зиянын ти-гізеді. Сондықтан пестицидтерді ендіру тез көбейтілді. Мәселен, тек Америка Қүрама Штаттарында жылына 400 миллион доллардай әр түрлі химиялық қорғаныш заттар өндіріледі.
Пестицидтер тиімді болғанымен топырақта едәуір мөлшерде жинальш қалатынын ескеру керек. Ол — мал және адам үшіи аса қауіпті. Санитариялық ережелер бойынша қазіргі кезде кейбір тағамдарда (сүт, ет, астық т. б.) пестицидтер мүлдем болмауы тиіс.Бұл ереже сақталмаса адамның ауруға шалдығуы мүмкін. Жер шарының 50 елінде 30 мыңдай адам осы пестицидтермен уланған-дығы мәлім болып отыр. Бұлардың басым көпшілігі Америка Кұ-рама Штаттары мен Жапонияда байқалады. Өйткені бұлар пести-цидтерді ең кеп қолданатын мемлекеттер.
Қазіргі кезде арам шөптерге қарсы қолданылатын пестицидтер-дің ішінде — гербицидтер олардың жеке түріне ғана әсер етеді, ал мәдени ©сімдіктерге зиянын тигізбейді.
Гербицидтерге дихлормай қышқылы, дихлор-3-аминобензой қышқылы және симазин жатады. Топырақта бұл препараттар өзге-ріске ұшырайды. Олардың бірқатар бөлігі ауаға таралады, қалған-дары микроорганизмдер әрекетінен ыдырайды. Ондай микроорга-низмдерге псевдомонас булъгарис, норкадиа кораллина, азотобактер, триходерма т. 6. жатады. Кейде топырақ қышқылды болса гербицидтер микроорганизмдерге жойқын әсер етеді. Сондықтан оларды нейтралды топыраққа қолданып жүр.