Құстардың шығу тегі және эволюциясы
Құстардың шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардын. арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз.
Рептилилердің бір бұтағы болып бөлі-ніп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің бас-қа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsисһіа) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Огпіtһоsисһиs) болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп ал-дыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.
Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы бо-лып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата-тегі “мес. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және псевдо-зухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға мамандан-ған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қа-быршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл да-му процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы, олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың “жылы қанды” болуына себепші болған.
Құстардың нағыз тегінід қалдығы әлі табылмаған. Полеон-тологиялық қазбалардың ішінде, рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.
Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері; денесі қауыр-сынмен қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің кұрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан.
Археоптерикс пен археорнистің дене құрылысына жасалған талдау, олардың тіршілік әрекеттерінің қандай болғанына бол-жау жасауға мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп,, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік еткен, бірақ ұша алмаған ор-ганизмдер. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы, төсінде қырлы сүйектің болмауы, сонымен қатар қанат сүйектерінің бетінід тегіс болуы, ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттід болмағанын көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрылысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар салған болу керек. Әлсіз тістері насекомдармен немесе жемістермен қоректенгенін адғартады. Артқы аяқтарыныд және жамбас белдеуінід құрылысына қарағанда жер бетінед гөрі, ағаш-тарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар екенін көрсетеді.
Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың екі ерекше топтарының: ихтиорнистер (Ісhtуогпіs) мен гесперорнистер-діц (Неsрегогпіs) қалдықтары табылған. Гесперордистер ұшу-ға қабілеті жоқ, су құстары болған. Қанаттары болмаған, ал-дыдғы аяқтары иығының рудименті түрінде ғана болғад. Төс сүйегідід қыры болмаған. Суда жақсы жетілген екі артқы ая-ғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі гагарларға ұқсаған. Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкіy, өйткені бұлардың қанат скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде биік қырлы сүйегі, жақтарында тістері болған.
Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстар-дың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жа-қын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқ-тары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыр-шағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін, жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта — орман болып саналады.
Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы көптеген белгі-лері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды болуына себепші болған.
Құстар класы (Аvеs)
1-класс тармағы. Алғашқы құстар (Агсһаеогпіthеs) немесе (Sаигигае). Бұған жататын археоптерикс.
ІІ-класс тармағы. Нагыз құстар (Nеогпіtһеs немесе Огпіtһи-
гае).
1.Отряд үсті. Тісті құстар (Ргоtһогпіtһеs).
Бұл отряд үстіне бор дәуірінде тіршілік еткен ихтиорнистер (Ісhуогпіs) мен гесперорнистер (Неsрегогпіs) жатады.
2. Отряд үсті. Қырсыз төстілер (Rаtіtае).
3. Отряд үсті. Пингвиндер (Іmреппеs).
4. Отряд үсті. Қырлы төстілер (Сагіпаtае).