Қарапайым организмдер
Қарапайым организмдер: а — тамыра яқтылар; б—талшықтылар; в — кірпікшелілер (300 есе үлкейтілген)
Бұлар — бір клеткалы организмдер
Олардың клеткалары цитоплазма мен ядродан тұрады. Кейбір қарапайьімдардың сыртқы қабығы болмайды, ал оның қызметін цитоплазманың тығыздалған сыртқы қабаты атқарады. Қабығы жоқ цитоплазма клетка қабығын керіп, кез келген жерінен тамыр аяқтар шығарады. Тамыраящтылар бір орыннан екінші орынға сол аяктары арқылы жылжып отырады. Сондықтан клетка пішіні де тұракты б
Талшықты формаларының денесі ұзындау келеді де, оларда бір немесе бірнеше талшық болады. Талшықтылардың құрылысы тамыраяқтылардан гөрі күрделілеу. Эктоплазма қабатында ерекше қыртыс — ауыз тесігі болады. Ол арқылы талшықтылар қоректене-ді. Эндоплазмасында ядро, вакуоль және ‘басқа заттар бар. Талшықтылар бөліну арқылы кәбейеді, ал кейбір түрлері жыныстық жолмен де кәбейеді. Талшықтылардын; бірсыпырасы автотрофты жолмен қоректенсе, кейбір түрлері органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіреді. Сол сияқты бактериялармен, ашытқы саңырау-құлақтармен қоректенетін түрлері де бар.
Қірпікшелілер денесінің сыртында кірпік сияқты қылшықтармен жабылған кабығы бар. Олардың қоректенетін органоидалары, кейбір түрлерінде қорытылмай қалған «асты» сыртқа шығаратын, жыныс органдарына ұқсас саңылаулары болады. Олар ібөліну арқылы және жыныстық жолмен көбейе алады.
Қолайсыз жағдай туғанда қарапайым организмдер циста деп аталатын формалар түзеді. Циста күйінде қарапайым организмдер коректенбейді, қимылдамайды, тыныштық күйде болады. Көбінесе олар топырақта және суда жиі кездеседі. Циста күйіндегі қарапайым организмдер топырактағы процестерге еркін қатыса алмайды. Бір грамм топырақтағы қарапайымдардың саны түрліше болып келеді. Мәселен шымды күлгін топырақта олар көп кездеспейді, егерде мұндай топырақ жақсы өңделсе, олардың тек саны ғана емес түрі де көбейе түседі.
Қарапайымдар — аэробты организмдер. Сондықтан топырақтың беткі қабатында көп болады да, олардың саны жыл мерзіміне қарай өзгеріп отырады. Олардың мөлшері топырақ реакциясына да тығыз байланысты. Әсіресе реакциясы нейтралды топырақтарда олар жақсы дами алады. Ал рН 3,5-тен төмендегенде және 9,8-ден артқанда қарапайымдар тіршілік ете алмайды. Қарапайымдардың иейбір түрлері мезофильді организмдер. Бірақ тәменгі температурада тіршілік ететіндерін де кездестіруге болады. Мәселен, оның іфцтомастинга деген өкілі қыста қар бетінде де тіршілік етеді. *’*Қарайайымдардың біразы автотрофты жолмен қоректенеді, яғни көмір қышқыл газын және минерал түздарды тікелей сіңіреді. Кейбір қарапайымдар белок, углевод, май және клетчатка заттарын да ыдырата алады. Клетчатканы ыдырататын түрлері жануарлардың қарнында көп кездеседі және олар организмнің целлюлозаны сіңіруіне көмектеседі. Топырақтың өздігінен тазаруында қарапайымдардың маңызының зор екені ғалымдардың назарын аударды. Өйткені олардың көпшілігі топыраққа түсетін түрлі ауру қоздырғыш бактерияларды құртып жібереді. Никитинскийдің зерттеуіне қарағанда, бір сағат ішінде қарапайымдар 30 мыңға жуық бактерияларды жоятыны мәлім. Сонымен іқатар, қарапайымдар топырақ-тағы күрделі органикалық косылыстарды есімдіктерге сіңімді карапайым қосылыстарға айналдыруға көмектеседі.