Шортан тәрізділер
Шортан тәрізділер
Жақтарында өткір тістері бар жыртқыш балықтардың тобына жатады. Алдында қарастырған отрядтардың өкілдері сияқты жүзу торсылдағы ішегімен байланысып жатады. Бірақ та Веберов аппараты жоқ және иық белдеуінде жауырын бөлімдері болмайды. Біздің өзендерімізде, көлдерімізде және оңтүстік теңіздердің тұщырақ жерлерінде кәдімгі шортан (Еsох Іисіиs) мекен етеді.
Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тіршілік етеді. Әдетте су өсімдіктерінің арасында болады. Балықтармен, құс балапандарымен, бақалармен қоректенеді. Балық өсіру шаруашылығына өте зиянды. Кәсіптік маңызы жоқ. Ірілерінің денесінің ұзындығы 1,5 м салмағы 35 кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.