Аққу құсы
Аққу құсы туралы реферат, тұқымдас тармағы (Суgпіпае). Бұл тұқымдас тар-мағына қаз тәрізділер отрядынын, ішіндегі ірі құстар жатады.
Олардың мойындары 20—25 омыртқадан тұрады. Түсінде жы-ныстық диморфизмі жоқ. Бізде аққулардың үш түрі кездеседі, оның ішінде көбірек кездесетіндері: 1. Үншіл ақщулар (Суgпиз суgnus). Олардың тұмсығының үсті бүтіндей қара, тек қана ас-тыңғы бөлімі сарғылттау келеді. Мойынын әр уақытта тік ұстайды. Шиқылдауық аққу (Суgпиз оlог) түмсығы қызғылт, оның түп жағында қатты дөңесі бар; мойнын “5” тәрізді қалыпта ұстайды.
Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түк-пірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Еркектері ұяларының маңайларында жүреді, бірақ баладан басып шыға-руға катыспайды. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, Аққулар судың тайыз жерлершен қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.
Бұлардың терісінен “қүс ішіктерін” жасайды.
Қаздар тұқымдас тармағы (Апsегіпае). Бүл тұқымдас тармағына нағыз қаздар жатады. Олардьщ мойыны денесімен салыстырғанда қысқарақ келеді, ал мойын омыртқаларының саны 21-ден артпайды. Жыныстық айырымы болмай-ды. Қаздар, әсіресе тундраға көбірек тараған. Бізде 11 түрі бар. Көбірек тараған түрі сұрқаз (Апsег апsег). Осы Кездегі қолда өсірілетін қаздардың көпшілігі, сұрқаздан келіп шыққан. Қы-тайда және шығыс Сибирьдің оңтүстігін мекендейтін құрғақ мұрын (Суgпорsіs суgпоіdез) деген түрі кездеседі. Осы кездегі Қытайдың қазы деп аталатын үй қаздарының тегі осы кұрғақ мұрын қаздардан шыққан. Арктикада қараша қаздар (Вгаntа) және гуменниктер (Апsег fаЬаІіs) көп тараған.
Біздің қаздардың барлығы да — жыл құстар, ұяларын адам сирек кездесетін су қоймалары көп, батбақты және тоғайлы жерлерге салады. Қаздар суға қарағанда, құрғақ жерді көбірек мекендейтінін естен шығармау керек. Қаздар қоректерін жерден теріп жейді, ал су олар үшін ішуге, түлеу кезеңін өткізуге және тынығуға қажет. Қаздардың барлығы да жақсы жүзеді, нашар сүңгиді.
Ұяларын салуға еркегі де, ұрғашысы да қатысады, ал жұ-мыртқасын тек қана ұрғашысы басуы мүмкін. Еркегі ұяның маңайында жайылып жүреді немесе ішінде жұмыртқасы жоқ бос ұяда отырады. Қаздардың барлық түрі де 4—6 шамасын-дай жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 25—28 күн басады. Балапандары ұяларында бір тәуліктен артық болмайды, Жүндері құрғаған соң ата-аналарының соңынан еріп кетеді.
Қаздар тоғайлы жердің өсімдіктерінің жапырағымен, тамы-рымен, сабағымен және тұқымымен қоректенеді. Түлеген кезде бұлардың бірнеше жүздегені бір жерге жиналады. Түлегенде қанаттарының қауырсындары бір мезгілде түгелдей түсіп, жетіледі. Соның нәтижесінде, бұл уақытта қаздар ұшу қабілетінен мүлдем айрылады.
Қаздардың кәсіптік маңызы өте үлкен. Бұларды бізде Кас-пий теңізінің жағалауынан (қыста көбірек) аулайды. Еті дәмді, мамығы сапалы болады.