Авдроцей
Авдроцей
Бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде ауытқып отырады- бірден бірнеше жүзге дейін. Аталықтары не жеке-жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда оларды бір ағайынды, аталықтардың біреуі бос қалып, қалғандары біріккен болса — екі ағайынды, ал егерде аталық-тары бірнеше топ түзіп бірігетін болса — көп атйынды аталықтар деп атайды. Аталықтардың биіктіктері бірдей болуыда немесе әртүрлі болуыда мүмкін. Биіктіктері өр түрлі болып келетін аталықтарды мынадай топтарға бөледі: екі жақсы жетілген аталығы болатын, үш жақсы жетілген аталығы болатын және т.б. Екі жақсы жетілген аталығы болған жағдайда, аталықтың екеуі басқаларынан биік болады, ал үш жақсы жетілген аталығы болғанда, аталықтың үшеуі басқаларынан биік болады және т.б.
Аталык. Қалыпты жағдайда аталық екі бөліктен тұрады — аталық жіпшесінен жөне тозаңқаптан (тозаңдықтан).
Аталык жіпшесі өсімдіктердің көпшілігіңде қарапайым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, өртүрлі формада, бүйірлік өскіншелер жетіледі немесе бұтақтанады . Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы аталықдеп атайды.
Тозаңқап өдетте «текалар» деп аталынатын екі жартыдан тұрады, ал ол жартылары бір-бірімен дәнекер арқылы біріккен. Кейде дәнекерді аталықтың жеке бөлігі ретінде қарастырады, бірақта микроскоппен қарағанда оның ұлпасының тозаңның ұлпасынан айырмашылығы болмайды. Әрбір тека екі ұядан немесе тозаңкаптан тұрады . Тозаңқаптың сыртын бір қабат эпидермис қаптап тұрады. Бұл микроспорофиллдің24 қалдығы болып табылады. Тозаңқаптың тереңдеу орналасқан ұлпалары микроспорангияға жатады. Эпидермистің астында жатқан қабатты (субэпидермальный слой) эндотеций деп атайды. Эңцотецийдің клеткалары, клетка ішілік тірі заттарын ерте жоғалтады, олардың қабырғаларынан тозаңқаптың жарылуына мүмкіндік жасайтын фиброзды белдікшелер бөлінеді. Эндотецийдің астыңдағы, жас тозаңқапта, ортаңғы қабат және төсеніш қабат (тапетум) орналасады. Төсеніш қабаттың клеткалары ірі, цитоплазмасы қою және бірнеше ядросы болады. Әрбір қяның ортасыңда спора түзетін ұлпа болады, оның клеткаларынан алдымен микроспоралар, содан соң тозақ түзіледі. Тозаңқап піскен кезде төсеніш қабат пен ортаңғы қабаттың клеткалары жойылады, өйткені олардың клетка ішілік заттарының барлығы өсіп келе жатқан микроспоралар мен тозаңдардың түзілуіне жұмсалады. Тозаңдардың құрылысы бірдей, бірақ оның жабынының (спорадермасының) морфологиясы алуан түрлі болып келеді.
Өсімдіктердің кейбір түрлерінің аталықтарының бір бөлігінің, тозаңдығы болмайды және олар жіпшелер түрінде ғана беріледі. Мұндай стеридді аталықтарды стаминодийлер деп атайды (зығырда), олар көп жағдайда шірнеліктерге (нектарники) айналып кетеді. Кейде стаминодийлер ашық түске боялып, күлте жапырақшаларға ұқсас, жалпақ тақталардың формасына келеді (каннада).