Ертегілер
Ертегілер
қазақ ертегілерінің жииалуы және зерттелуі
Ертсгілердің халықтық сипаты
Ертегілердің қүрьшысы
Ертекші
Ертегілердің түрлері Киял-ғажайып ертегілер
“Ер Төстік”
Хайуанаттар. жайындағы ертегілер
Тұрмыс-салт ертегілері
Аңыз-әңгімелер
Алдар көсе
Асап қайғы
Жирсише
Ертегілердіңмәні
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алган және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шыгарган күрделі шьнармасының бір түрі — ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретівде’ айтылатын-дықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік қүру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс қүбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатын-дығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған.) (Халық шығармасының бүл түрі “ертегі” деп аталуының Ійі-ақ, онда айтылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын аңғартады).
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына,’ соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының түрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық-мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген. Бұл секілді жағдайларды қазақ ер-тегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз сткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмүны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жайын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізгс жеткен смес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге ұшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ертс заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олар-дың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осығанбайланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, башқүрт, қарақалпақ ха-лықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл-тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп снбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманга созылған экономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енгсн. Сөйтіп, қазақ халқы бұл сртегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген,.өзінің тума шығармасы стіп жібергсн. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз, қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл реттс Шоқан Уәлиханов, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, ә. Диваевтің (бұлардың қызметін кіріспе бөлімдс айтқанбыз) басқа бірнеше адамдардың айрықша сңбек сіңіргені байқалады. Олар А. Е. Алекторов, А. Васильев, Н. Пантусов, Бибіт Дауылбаев, Ташмүхамбет Сейфуллин, 0. әлжанов, Жағыітар Айманов, Б. Досымбеков, М. Ибрагимов, т.б.
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, қазанда, Астрахань мен Ташкенттс шығатын газет-журнал-дар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, нс қазақша басты-рады, кейді бір тілде ғана шығарады. Ертегілсрді қазақ тіліндс шығаратын болса (сөзі қазақша, әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материал-дары өткен ғасырдың жстпісінші жылдарынан бастап, “Дала уалаяты” газстіндс, “Торғай облыстық ведомосында”, “Ақмола облыстық всдомосында”, “Орынбор газстінде”, “Орынбор губерниялық ведомосында”, “Астрахань газетінде”, т.б. үзбей басылып тұрады. қазақ ауыз әдсбиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер — А. Алек-торов, Н. Пантусов, А. Васильев, Б. Дауылбаев, М. До-сымбековтар. Бұлар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарган. Мысалы, А. Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бір ғана жерден бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған сртегілерін кітап етіп 1898 жылы “Киргизская хрестоматия” деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.
қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде ‘асқан ұқыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алып отырады; жинаған материалдарын орыс тілінс аударады. Оның матерңалдары, көбінесе, “Дала уалаяты” газетінде (орысша аты “Киргизская степная га-зета”) екі тілде үзбей жарияланып түрады. Кейіннен ол “қазақ-қырғыз тілін үйренушілерге көмекші материалдар” және “қазақ халық әдебиетінің үлгілері” деген атпен 1899— 1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға қазақ ертегілерінен көп материалдар снеді.
қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі — А. Васильев. Оның жинаған материалдары “Дала уалаячы” газеті мен “Торғай облыстық ведомосында” екі тілде үзбей басылып түрады және “қазақ ауыз әдебистінің үлгілері” деген атпен 1897 жылы “Торғай облыстық всдо-мосының” елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер ба-сылады. Васильев жинаған “Үлгілер” 1898 жылы Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы “Дала уалаяты” газетінде “Бозжігіт”, 1901 жылы “қозы Көрпеш-Баян сұлу” жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А. Васильев болды.
қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде кеңестік дәуірде бырсыпыра жүмыстар істелді. Егер қазан революциясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, кеңестік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері қатысады, мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Мұнымен қатар, кеңестік дәуірде қазақ ертегілері жөнінде қазақстандық жа-зушы Л. В. Макеев пен ‘профессор В. М. Сиделышковтың ербектерін айрықша атауға болады.
қазан революциясына дейін қазақ ертегілерін ел ара-сынан жинап алушылар болса да, оны гылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Дива^ев, Мелиоранский, т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керектігін сөз етті.
қазақ ертегілерін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі кеңестік дәуірде ғана қолға алынады. Алғашқы кезде бұл мәселе га-зет-журналдық мақалалар көлемінде орта мектепке ар-налған оқулықтарда идеялық-көркемдік жағынан алып қарауға көңіл бөлінеді. қазақ ертегілерін зерттеу жайы осылай басталады да, кейіннен күрделі ғылыми еңбектер жазылады. Дегенмен, қазақ ертегілерін зерттеу жолында қате-кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Мұның ең бастысы — ертегілердің барлығын халықтық деп бағалау, таптық жігін, қоғамдық сырын ашпау, қай ертегі, қай таптың идеясын көрсететіндігін анықтамау негізіндс болып келеді. Осының нәтижесінде екі мәдениет туралы лениндік ілім бұрмаланды. Бүл қате-кемшіліктерді тузете отырып, халық ертегілерін бағалау, зерттеу жайында қазақ фольклористері жаңа еңбектер, зерттеулер жазды. Бұл жөнінде академик М.әуезовтің еңбегін атауға болады . М. әуезов қазақ ер-тегілерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет тарихынан алатын орнын анықтайды. Кейіннен ол қазақ ертегілерін зерттеу ісіне қайта оралады да, “Ертегілер” атты ғылыми еңбегін жазады . Онда қазақ ертегілерін жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік ерек-шеліктерін анықтайды.
1 Л. Макеев. Казахские народные сказки, Алма-Ата, 1940, 1952, В.Си-делышков. Казахские народные сказки, Москва, 1952, Алма-Ата, 1958.
2 Е. Ысмайылов. Казақертектерітуралы (“әдебиет және искусство” жур-налы, №1, 1940 ), Б. Кенжебаев. қазақ ертеплері туралы, 1941, (“Соц. қазақстан”, №139) т.б.
3 қ. Жумалиев. Кдзақ әдебиеті (оқулық), 1949.
4 қазақ әдебиетініц тарихы, I том, 1948, 1960.
5 “әдебиет және искусство” журналы, №2,3, Алматы, 1956.
ЕРТЕГІЛЕРДІң
ХАЛЫКТЫқ
СИПАТЫ
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танымы мен көзқарасы, т.б. көрініп отырады. Сондықтан да Белин-ский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. До-бролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс күйін, мінез-әрекеттерін білу үшін аса керекті материал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.
Халық өзінің ертегілерінде, қиял түрівде болса да, қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды ха-лық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді. Ер-тегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ бағасын беріп отырады; нені ұнататындығын, нені жек көретіндігін суреттейді. Мы-салға қазақ халқының түрмыс-салтына байланысты туған ертегілерін алайық. Бұл тақырыптағы ертегілерде үшан-теңіз мәселелер көтеріледі; үй ішіндік әңгімелерден бастап, қоғамдық мәні бар жайларды баяндауға дейін барады. Со-лардың бәрінде халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да, т.б. айтыладьг. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер және оны жасаушылар, ел арасын бүлдіріп жүрген ала аяқ қулар, т.б. халық ертегілерінде-жиренішті түрде орын алады. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді. Мүндай адамдардың атқарған қызметіне, ерлік ісіне сүйсінетіндігін аңгартады.
Ауыз әдебиетінің басқа эпостық түрлері секілді, ертегілердің де өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшілектері бар., қандай ер-тегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше басталуы, аяқталуы болады.
Ертегі ауызша айтылатын көркем әңгіме болгандықтан, оған әрбір ертекші айрықша мән береді, әңгімесін мәнерлеп айту, тывдаушыны қызықтыра түсу жағын ойлайды, кейде ертекшіәңгімесін:
Ертек-ертек ерте екен, қүйрық жүні үзын екен, Ешкі жүні бөрте екен, Мұзға жығылған екен, қырғауылы қызыл екен, Сирағы сынған екен,—
деп, немесе
Бар екен, жоқ екен, Бөрі бөкеуіл екен, Түлкі жасауыл екен…—
деп тақпақтай жөнеледі. Осыдан әрі қарай негізгі әңгіме оқиғасына кіріседі. Ал кейде ертекшілер айтатын әңгімесіне бірден кіріседі, ертегіге қатысатын басты кейіпкерлерімен бірден таныстырады (“Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты”… т.б.). Ертегілерде айтылатын оқиғаларды осы негізде баяндау — ертегінің құрылысына тән басты ерекшелігі болып табылады.
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп кұру, ЕРТЕКШІ бір әңгімеден екіншісін тудыру ер-
текшілердің шеберлігіне байланысты бо-лады. М. әуезов (жоғарыда аталған еңбегінде) пен Е. Ыс-майылов қазақ ертекшілерінің айтқыштық өнеріне ерекше мән береді. Олар ертекшіні де үлкен творчествоның адамы деп дарынды ақынға теңейді. Шынында да ертегі айту еріккеннің ермегі емес, ол творчестволық өнсрді, асқан шеберлікті ксрек етеді. Неше турлі ғажайып оқиғаға құрылған ертегілерді жігін бұзбай өрістете айту, әрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, сюжетін қызғылықты етіп баяндау, ертегілердің әрбір кейіпкеріне лайықты мінездемелер беру, олардың образдарын, көз ал-дына елестетерліктей портреттерін жасау әрқайсысының іс-әрекеттеріне қарай сөздік, тіл таба білу, т.б. ертегі айтушыдан мол өнерді, шеберлікті керек етеді. Демек, ертегінің тартымды болу-болмауы оның айтушысына бай-ланысты.
Ертекші творчествоның адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса үқыпты қараған. Орыстың халық еп-тегілерін жинап зерттеген А. Н. Афанасьев , Н. Е. Ончуков , М. К. Азадовский , Ю. М. Соколов , тағы басқалары: “Халық арасынан шыққан ірі ертекшілер ертегі айтуды үлкен твор-честволық еңбек деп түсінген және олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған”,— дейді. Бұл жай қазақ ертекшілерінің дәстүрінде де болған. Мұхтардың “Абай” ро-манында, Сәбиттің “Өмір мектебінде” және Есмағамбеттің “Ақындар” атты монографиясында қазақ ертекшілерінің творчестволық қызметін көрсететін аса қызықты матери-алдар берілген. Ел арасына атагы жайылған айтқыш-ер-
1 Е. Ысмайылов. Ақындар, Алматы, 1956.
2 А, Н. Афанасьев. Народные русские сказки, 1854—1864.
3 Н. Е. Ончуков. Северные сказки, 1908.
4 М. Е. Азадовский. Русская сказка, 1932.
5 М. Соколов. Русский фольклор, 1938.
текшілерді халық өтс жогары қадірлеген, оларды жыршы, ақындармен қатар қойған. Кейбір дарычды ертекшілер ел аралап, жүрттың жиналған жерінде ертегі, әңгіме айтатын болған және бір әңгімесін қайталай бермей тың, бүрын ел естімеген жаңа ертегілерді туғызатын. Ол үшін, бір жағынан, бұрын-совды айтылып жүрген ертегілерді өздерінше өңцеп менерлеген; екіншіден, сол халық ертегілерінің негізінде жаңадан тың сюжетті ертегілер туғызған. Осының негізінде кейбір ертекшілер бір ертегісін бірнеше күн бойына айтқан және алдыңғы айтқандарын қайталамай оның жалғасын кел есі күндері үзаққа созған, сөйтіп, бір ертегісін көлемі жағынан повесть, роман дәрежесіне жеткізген. Мұны Абай айнала-сындағы ертекшілердің творчестволық өмірінен байқауға болады.
Ертекшілер гскідён келе жатқан ертегілерді айтушы, орындаушы ғана болған жоқ. Олар ертегінің халықтық дәстүрін сақтай отырып, қоғамдық, таптық жағдайларга бай-ланысты жаңа ертегілср шығарған. Халық мүддесін көздеген ертекшілер өздерінің ертегілері арқылы еңбекшілерді езушілерді, қанаушы тап өкілдерін, олардың жауыздық іс-әрекеттерін әшкерелеп суреттеген, бұлардың жағымсыз об-раздарын жясаған. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамдарды қарсы қойған, еңбек иелерін ардақтап, жоғары дәрежеге көтерген. (Мүны “Аяз би” ертегісінен айқын көруге болады). Сөйтіп, ертегі айтушылар өздерінің таптық көзқарастарын білдіріп отырған.
‘қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ЕРТЕГІЛЕРДІң ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге ТҮРЛЕРІ бөлеміз. Солардың ішінде бастылары: а) қиял-ғажайып ертегілер; ә) хайуанаттар жайындағы ертегілер; б) түрмыс-салт ертегілері жәнс аңыздар.
Бүл топқа кіретін ертегілер ескі заманда туып, содан бері қарай келе жатқандығын аңғартады. Ертедегі адамдар табиғат және оның қүбылыстары туралы, адамның ең-бегі, тіршілік-кәсібі, күресі жайында, дүние-жаратылыс, қас псн дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял-ғажайып ертегі-әңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жау-лары жайында да, сол жауларды жеңу жолдары туралы да әр түрлі ертегілер шығарган. Оларды жалғыз көзді дәу, жын-пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаћар, абжылан, т. б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам баласына қастық жасаушылар, керемет ^сүші, айла-амалы барлар деп
ңИЯЛ-ғАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕРІ
түсінген. Ол түсініктері көбінесе мифтік үғымға, бүлдыр сезімге, ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдай-ларға байланысты болады. Ертегілердін оқиғасы фантазиялық түрде айтылады. Мүндай ғажайып ертегілердің туу себебі: “Тарихтан бұрынғы кезде экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына байланысты”,— дейді Ф. Энгельс.
Экономикалық дамудың төменгі дәрежеде болуы се-бебінен ертедегі адам баласы табиғат сырын және оның құпия құбылыстарын жетік түсіне алмаған. Сондықтан да бүл қүбылыстарда артықша жаратушы күш бар деп ұғынған да, соларға нанып, сенген. Сол күштерді танып білу және меңгеріп алу жайында қарастырған, оны қиял еткен. Бүл қиялдары, арманы ертегі-әңгімеге айналған. “Бүл ер-тегілерді,— дейді М. Горький,— мағынасы ертедегі жұмыс-шы адамдардың өз еңбегін оңайлатуға, оның өнімділігін күшейтуге, төрт аяқты және екі аяқты жауларға қарсы қолдануға талпынуда және де сөз күші арқылы “дуалау”, “арбау” әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық, адамға жау құбылыстарына әсер етуде еді. Соңғысы әсіресе маңызды, өйткені адамның өз сөзінің күшіне қалай қатты сен-гендігін көрсетеді, ал бұл сенім адамдардың әлеуметтік арақатынастары мен еңбек процестерін ұйымдастыратын сөздің айқын және мейлінше нақты пайдасын көрсетеді” .
Бүдан кейін М. Горький: “Еңбек процестері арқасында және ерте замандағы адам баласының әлеуметтік тұрмысы арқасында сөзсіз туған материалистік ойдың әбден айқын белгілерін алғашқы мәдениеттің тарихшылары мүлдем сөз қьшмаған. Бұл белгілерді біз ертегілер мен мифтер түрінде білеміз, бұл ертегілер мен мифтерден біз хайуандарды асы-ранды ету үшін істелген жүмыстың, емдеуге керекті шөптерді табу үшін, еңбек қүралдарын шығару үшін істелген жұмыстың белгілерін көреміз” ,— дейді.
Демек, қиял-ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен, әр түрлі қауіп-қатерлерден құтылу, тіршілік ету, табиғат сырын танып білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туган. Со-ндықтан да бүл ертегілерде ертедегі адамдардың еңбек про-цесінде аңсаған арман-мүддесі, жақсылықты болашақтан ‘күтуі, штимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек екен, жақсы ‘шат өмірге жетсек екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар
1 М. Горький. әдебиет туралы, 173-бет. 1954. ^Сонда, 173-бет.
өзінің қиялы арқылы ғана жеткен. Сол қиялдарын ертегі-әңгімеге айналдырған. Бүл жөнінде М. Горький былай дейді: “Тіпті атам замангы уақытта-ақ адам баласы әуеде үшу мүмкіншілігі жөнінде ойлаган, мүны… “Үшқыш кілем” туралы ертегі бізге айқын көрсетеді. Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы да ойлаған, мүны “Жүрдек етік” туралы ертегіден көруге болады, …өзен үстінде оның ағысынан гөрі жылдам жүруге үмтылғандықтың арқасында ескек пен желкенді ойлап шығаруга; жау мен хайуанды өлтіруге талпыну — пращты, садақты, садақ оғын ойлап шығаруға түрткі болды. Жіп иіру және бір түн ішінде бірталай кездеме тоқу мүмкіндігі туралы, тіпті “сарай” салу туралы, яғни жаудан қорғайтын пана салу туралы ойлап, жүрт осының арқасында еңбектің ең ерте заманғы қүралдарының бірі болған үршықты, тоқу үшін жабайы қол станогын ойлап шығарды” .
әрине, ертедегі адамдар алдына қойған мақсатына, ойына алған, қиял еткен арман-мүддесіне бірден жеткен жоқ. Олар бүл жолда талай қиыншылықтарды басынан кешірген. Оны ертегілерінде суреттеген. Бірақ ол адам баласының күшін, мәңгі жасайтынын білген, өзіне дүшпан күштердің бәрін де жеңіп шығатынына сенген. Бүл сенім қиял-ғажайып ер-тегілерінен де мол орын алған.
қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған мақсатына жету үшін, табиғат сырын танып-білу, тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ақырында, м^қсат-мүратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын үғына бастайды, қандай жаулары болса да талқандап жеңіп жүреді.
Ертедегі адамдардың дүние тану, еңбек-кәсіп ету, тіршілік жасау жайындағы сезім-түсініктерінен туған қиял-ғажайып ертегілері өзінің тақырыбы, оқиғасы жағынан әр түрлі болып келеді. Және ол қоғамдық экономикалық дамуға, адам ой-санасының өсуіне байланысты өзгеріп, үлғайып отырады, оқиғалары күрделене, нақтылана түседі. Бүл аталғандарды қазактың қиял-ғажайып ертегілерінен дс байқауға болады.
қазақтың қиял-ғажайып ертегілері есте қалмаған ерте заманда туып, талай ғасырмен бірге жасап біздің дәуірімізге жетті. Ол өзінің қалыптасу, даму жолында көптеген өндеу-өзгерістерге де үшырады. Бірақ, солай бола түрса
1 Сонда, 172-бет.
да, қиял-ғажайып ертегілері негізі тақырыбын жоймағаны, қайта оны жетілдіру, ажарлап айту үстінде болғаны байқалады. Мұхтар әуезовтің зерттеулеріне қарағанда, қазақтағы ‘ қиял-ғажайып ертегілерінің алғашқы тақырыптары аңшы-мергендер, бақташы-малшылар жайын-да болған . Адам баласы өзінің күн көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен күрескен, табиғаттың стихиялық күштеріне қарсы алыса атырып мал өсіру, әр түрлі жа-улармен шайқасу, оларды жеңу — асқан ерлік болып та-нылған. Ол кездегі адамдар өздерінің жеңістерінс шаттанған, ерлік жасаған батырлары жайында әңгіме-ертегіл ер шығарган. Мұндай адамдарды жағымды бейнеде алып суреттеген жәнс олардың істеріне ғажайып сипат берген.
қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды бейнеде алатын басты кейіпкері халық арасынан шыққан қарапайым адамдар болып келеді. Оларға көмектесетін, жәрдем беретін дос-жолдастары есебінде алып қарақұс, тұлпар ат жүреді. Ксйде жағымды кейіпкерге неше түрлі таусоғарлар, көлжұтарлар, желаяқтар, саққұлақтар жолдас болып, жақсылық жасайды, басты кейіпкердің мақсат-мұратына жетуіне көмектеседі. Бұлармен қатар, жағымды кейіпксрге неше түрлі қару-жа-рақтар; қырық құлаш семсер, ұшқыш кілем, тоқпақ, кездік, қазан, жүзік, дастархан, т. б. жәрдем беріп, әрекст етсді. Ал бұларға қарсы қиял-ғажайып ертегілерінің нағыз жау-ыздық, қара күш бейнесінде алған кейіпкері: жалғыз көзді жалмауыз, жеті басты жылан, мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаћар, қорқау қасқыр, т. б. күреседі. Сөйтіп, қиял-ғажайып ертегілерінің жанды, жансыз кейіпкерлерінің ара-сында мол тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жақсылық псн жаманшылық өзара арбасып алыса түседі.
Осындай арпалыс, алыс-тартыс күрестерде қастық жа-саушыларды талқандап шығатын, сөйтіп мақсат-мұратына жететін адам баласы болзды. қоршаған, күресетін жаулар қаншама мықты болса да, адам баласы оларды жеңіп отырады. Бұдан, М. Горький айтқандай, ертедегі адамдардың өз күшінс артықша сенетіндігі айқын көрінеді; еңбек адамдарының қажырлы қайрат, саналы ерлік қимыл иелерінің жеңетіндігіне нанады. Сондықтан олардың әр түрлі ғажайып жагдайда жа-саған істері халықтың ертегілерінен ерекше орын алады.
Ертедегі қиял-гажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері аңшы-мергендер, бақташы-малшылар десек,
Жоғарыда аталған еңбегін қараңыз.
олардың бәрі еңбек адамы болып суреттеледі. Бұларды халық ертегісі ақыл-айласы, асқан күші бар батыр етіп бейнелейді. Бірақ олардың өздері де, ерлік істері де “Батырлар жы-рының” немесс аңыз-ертегілердің адамына ұқсамайды. Олар-дың жаратылысы да, іс-әрекеті де басқаша, ғажайып жағдайда болады. Ең алдымен, олар жердің үстін ғана мекен етпейді, қиялдан туған дүниені кезіп жүреді; кейде жеті қабат жер астына түсіп кетеді, кейде алып қара құс немесе самүрықпен тоғыз қабат көк үстін аралайды. Олар, кейде адамзат білмеген от дариясының ар жағында, болмаса неше түрлі сырлы аралдао ішінде сайран салады. қысқасы, жердің ас-ты-үстін аралап шығады, талай-талай теңіз дүниссін кезеді. Соның бәрінде алуан-алуан гажайып күйге үшырайды. Бірақ ол өзінің ақыл-айласы, өнері, ерлік істерімен барлық қиыншылықтарды жеңіп, мақсатына жетіп отырады. Бүл айтылгандардың мысалы ретінде, “Ер Төстік”, “Керқүла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегілерін келтіруге болады.
қиял-ғажайып ертегілерінің ішінде неше “ЕР төспк” түрлі қызық оқиғаларды суреттеуге қүрылғаны —“Ер Төстік”. Ертегінің не-гізгі идеясы — адам баласына қастық жасаушы жауьйдық күштерге қарсы күресу, оларды қарапайым адамның қалайша жеңгенін көрсету.
“Ер Төстік” ертегісі төрт бөлімнен құралады. Бірінші бөлімінде — Ер Төстіктің тууы, ағаларын іздеп шығуы, Кенжекейге үйленуі және Бекторымен кездесу жайлары; екінші бөлімінде — Ер Төстіктің Бапыхан мен Темірханның елдеріне баруы; үшінші бөлімінде — Ер Төстіктің Шойынқүлақпен күресі; төртінші бөлімінде — Ер Төстіктің еліне қайтып келуі баяндалады. Төрт бөлімнен қүралған бұл ертегінің оқиға желістсрі бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Мүндағы — оқиғалар ертегінің бас кейіпкері Ер Төстік пен Кенжекей арқылы дамып, өрістеп отырады.
“Ер Төстік” ертегісінің өзіне тән бір ерекшелігі — оқиғалардың ғажайып халге, фантазияға қүрылуында, ер-тегінің кейіпкерлері жердің асты-үстін бірдей кезіп жүреді; әр түрлі қызық оқиғаларға кездесіп отырады. Осы ретте әр алуан күрделі образдар жасалады. Ертегінің негізгі идеясы кейіпкерлердің хал-жайын, олардың іс-әрекеттерін суреттеу арқылы дамиды.
Ер Төстік — ертегінің басты кейіпкері. Оның образы ертегіде әр түрлі жолмен жасалады. Белгілі мөлшерде Ер
Төстік батырлар жырының кейіпкеріне, батырға ұқсап ке-леді. Ол ертегінің алғашқы бөлімінде жолдасы да садақ, азығы да садақ болған мықты мерген батырдың бейнесіндс көрсетіледі. Ашаршылыққа ұшыраған әке-шешесін Ер Төстік құстың, аңның етімен асырайды. Мұны халық ертегісі Ер Төстіктің ерлігі, батырлығы деп дәлелдейді.
Ер Төстік өзінің қаңғып кеткен сегіз ағасын жалғыз іздеп шығады. Бұл жолда ол көп қиындықты басынан кешіреді де, ағаларын тауып әкеледі. Ер Төстіктің бұл ісі ертегіде батырлық әңгіме ретінде алынады.
Ер Төстіктің айдаћарды, Шойынқұлақты жеңуі оның батырлық бейнесін кеңінен аша түседі.
Дүниедегі ең күшті алып самұрық қүс қаншама мықты болса да, жыл сайын балапандарынан айырылып қала береді. Оның балапандарын айдаћар жеп кетіп отырады. Бір қанаты он күндік жерді алған, үшқанда қанатымен дауыл тұрғызатын алып қарақүс жаңагы айдаћарға қарсы амал жасай алмайды, одан балапандарын қорғай алмай жүреді. Сөйткен айдаћарды Ер Төстік ғана жеңіп шығады да, одан жас балапандарды қорғап қалады.
Ер Төстікпен алысатын Шойынқұлақ — әрі айлалы, ірі мықты жау. Ол өзінің жанын қайқы қарагер еліктің ішіне сақтайды, сондықтан да оны ешбір жан жеңс алмайтын болады. Шойынқүлақтың бұл сырын Ер Төстік біледі де, ең алдымен, оның еліктің ішіндегі жанын құртады. Содан кейін Шойынқұлақтың өзін жеңеді.
Сөйтіп, ертегі Ер Төстіктің осындай ерлік істерін суреттей-отырып, оның батырлық образын жасайды. Ер Төстікті әр түрлі жауыздық, зорлық жасаушы күштерге қарсы күресуші, жәбірленушілерді қорғаушы стіп көрсетсді. Бұл жөнінде оның көптеген срлік істсрі фантазиялық түрде берілгенімен, халықтың ойы, арманы жауыздықты жақсылыққа жеңдіру. Сондықтан халық өзінің осы сияқты ойларын фантазиялық ертегілері арқылы шсбер бейпслсгсн.
Халықтың ертегі, жырларында ерлермен қатар әйелдердің де жағымды образдары жасалған. Жағымды түрде алынған әйел образынан көбінесе ақылды, білгірліктің бсйнесі аңғарылады, әйелдердің дс ерлер тәрізді халық алдындағы борышын абыроймен атқара алатындығы суреттслсді. Мүны Кенжекей образынан да байқаймыз.
Кенжекей ертсгідс өзінің ақылды, білгірлік істсрімсн, жарға айнымас достығымен көрінеді. Мұнымен қатар, ол ертегіде сөз болып бірімсн-бірі үштасып, дамып отыратын әңгімел ердің шығуына себепкср, соларға тиек рстінде алынған.
Кенжекейдің ақылды, білгір адам екендігі ертегінің өне бойында суреттеледі. Ол Ер Төстікке қосылып, слінен аттанарда, әкссіне кісі жібереді де, еншісіне Шалқұйрықты, қүба інгенді, ақсырмалы сауытты сұратады. Бірақ әкесі қызының бұл өтінішін қабыл алмайды. Сонда Кенжекей орынды дәлелдер айтып: “Шалқүйрықтьт сұрағаным — сргс лайық ат еді, ер мінсін деп едім, құба інгенді сүрағаным
— ер қосын артсын деп едім, ақсырмалы сауытты сүраганым
— Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп едім”,— дейді. Сөйтіп ол әкесінен енші қалайды. Бүларды ол өз қара басы үшін емес, бәрін де батырга лайықты нәрселер дсп тауып, Ер Төстіктің қажеттігі үшін алады.
Көшіп келе жатып, Кенжекей өзінің қайын атасы Ер-назарға: “Сорқүдықтың басына көшін қондырмасын”,— деген ақыл салады. Бүл ақылды Ерназар қабыл алмай, Сорқүдыққа келіп қонады. Кенжекейдіңақылын алмаған Ерназар кейіннен қайғылы жағдайға тап болады. Бүл жерде халық ертегісі Ер-назарды сынайды да, Кенжекейдің ақьшды екендігін, батырға лайықты жар, жолдас бола алатындығын бейнслейді.
Кенжекей өзінің білгірлігімен Ер Төстікке де ақыл беріп отырады, ол шындықты жасырмай, турасын айтады. Неліктен Ер Төстікті әкесі жалмауызға бермек болғанын, егеуінің қайда қалғанын тура айтушы Кенжекей болады.
әкесінің жалмауызга қалдырған егеуін іздеугс Ер Төстік аттанады, жылқыдан алты аяқты ала атты мінеді де, жеті әяқты жирен атты жетегінс алады. Бірақ Кенжекей бүл аттардың алыс жолға жарамайтындығын, қиындық бола қалған жағдайда Ер Төстікке жолдас бола алмайтындығын біледі де:
Алты аяқты ала атын Кулық бие құлыны, Табанынан тас батса, Мандайьнан күн өтсе, Алты күнге жарамас.
Жегі аяқты жирснің Кәрі бис құлыны, Табанынан тас батса, Мандайынан күн өтсс, Жсті күнге жарамас,—
деп, білгірлік жасайды. Сонан кейін ол бүкіл әбзел, айыл-түрман, сайманымсн қамдаған Шалқүйрықты мінуді үсы-нады. Ол Шалқүйрықтың батырға серік бола алатындығына сенсді. Шалқүйрықтың қандай қасиеттері барлыгын ескертеді. Кенжскей баптап, тарту сткен Шалқүйрық кейіннсң Ер Төстікке көп қызмет стеді, батырдың сенімді серігі болады. Осындай даналықтарымен халық ертегісі Кенжекейдің жағымды образын жасап, Ер Төстіктің абыройын көтерген айнымас жары етіп суреттеп, Кенжекейдің образын то-лықтыра түссді.
Ер Төстік көп жыл бойына жер астында жүріп қалғанда, оның ел-жұрты енді Ер Төстік келмейді, жал-мауыздың қолында қалды деп күдер үзген. Бірақ батырдың күшіне сенген ақылды Кенжекей ғана Ер Төстік келеді деп үміттеніп оны күтумен болады. Бұл оның жолдастыққа адалдығын, кіршіксіз махаббат иесі екендігін көрсетеді.
Мал шар>ашылығымен кәсіп етіп, бір ксздегі күн көрісі соған байланысты болған халық өзінің әңгіме-жырларына, ертегілеріне төрт түлік малдың бәрін де енгізіп отырған. Төрт түліктің адам баласына істеген қызметін, келтірген пайдасын суреттейтін көптеген әдемі ертегі жырлар туған, халық ауыз әдебиетінде төрт түлік мал адам баласына тигізетін пайдасымен ардақталады. Мұны “Ер Төстік” ер-тегісінен де байқаймыз. Бұл ертегі көбінесе жылқы мен түйені қасиеттейді, олардың адам баласына келтіретін пай-дасының, — атқаратын қызметінің орасан көп скендігін сөз етеді. Осы негізде ертегіде Шалқұйрыққа зор мән беріледі.
Шалқұйрық — Ер Төстікке сенімді серік болған тұлпар. Оның басты қасиеті — жүйріктігінде, сан рет тар жол, тайғақ кешулердсн Ер Төстікті құтқарғандығында. Шалқұйрықтың осындай қасиетіне сүйсінгсн халық өзінің ертегісінде оған тіл бітіртеді, адамша сөйлетеді. Ол Ер Төстікке ақылшы ретінде суреттеліп, қандай жағдайда нс істеу керектігін айтып отырады. Мысалы, Ер Төстік жал-мауыздың қолында қалған сгеуін алуға келгенде де, жер астына түсіп қалғанда да, оған ақыл үйретіп, көмек көрсетуші Шалқұйрық болады. Темірханның дарияға та-стаған қазанын тауып әкелуші де, Шойынқұлақтың зында-нында жатқан Ер Төстікті құтқарьш алушы да — Шалқұйрық.
“Ер Төстік” ертегісінің қызықты боль^І, қиял-ғажайып әңгімелерге құрылуы жағымсыз кейіпкердің ісіне де байла-нысты. Ертегідегі фантастикалық әңгімелердің көбі осы жағымсыз кейіпкердің іс-әрекеттерінен, олардың жағдайларынан туып отырады.
Бұл топтағы ертегілсрдің қайсысында болса да, жағымсыз кейіпкерлер адам баласына жасаған қаскүнемдік, жауыздық іс-әрекеттері, сиқырлы-жәдігөйлік айла-әдістерімен, алдам-шы-аярлығымсн көрінсді. Олар неше түрлі ғажайып бей-нсде суреттеледі. Ең алдымен бұлар өздерінің қастық ісін жүзеге асыру үшін сан алуан түрге еніп, құбылып отырады, әр түрлі айла-амал жасап, адам баласымен жақындасады; адамға дос болғансып жүреді немесе адам баласының аяушы-лық білдіруін көздеп, сиқырлықпен бейшаралық халге
түседі. Ертегілің жағымсьп ксйіпкері — мыстандар адам баласына қастық жасау үшін, шырылдаған жас бала нсмссе қайыр сұраған кәрі кемпір болып келеді. Олар ксйде су үстінде қалқыған өкпе бсйнесіндс жүреді. Ал жағымсыз кейіпкерлердің екінші түрлері шыбын-шірксйден бастап, әр түрлі жыртқыш аңның бейнссіндс келеді. қиял-ғажайып ср-тегілерінің кейбір кейіпкерлері алып денелі болады, оларға атсаң оқ, шапсаң қылыш өтпейді. Өйткені бүлардың жаны өздерінен бөлек жерде сақталады, нс қырдағы киіктің немесе шүрегей үйректің ішінде, болмаса адам баласы бара алмайтын терең су түбінде жатады.
Жағымсыз кейіпкерлердің бұл секілді кескіндері, жау-ыздық іс-әрекеттері “Ер Тө»стік” ертегісінде де суреттслсді. Мұндағы Бекторы, Тсмірхан, Шойынқүлақ, Мыстандар адам эаласына қастық жасаушылар рстінде алынады да, бұ-лардың образы дараланып жасалады, әрқайсысыньщ өздеріне тән іс-әрекеттері,, айла-амалдары дараланып көрсетіледі. Жағымшз образдағылардың іс-әрекеттерін суреттей отырып, халық өздерінің ертегі-әңгімелерінде, жырларында сөз атетін жағымды образдағы ксйіпкердің бейнесін арттыра тұседі.
Ертегідеп Бекторы күндестік пен бақталастықтың бей-несін елестстеді. Ол — мықты жау, оған Мыстан да, Шой-ынқұлақта бағынышты. Олардың күшін, айла-амалын Бекторы өз мақсатына, адам баласына қастық жасау мақсатына пайдаланып отырады. Бірақ Бекторы қаншама күшті болғанымен, мақсатына жете алмайды. Өйткені адам баласына қастық жасаушылар халықтың ауыз әдебиетінде еш уақытта да өз мақсатына жеткен емес. Сондықтан да халықтың қиялынан туған Ер Төстік сияқтй батырлардан оның жаулары әр уақытта да жеңілуге тиісті
Жер астының ханы Тсмірхан скі жүздШктің, залым-дықтың бейнесіндс алынады. Бапының аманатын айта барган Ер Тәстікті Темірхан жақсы шыраймсн қарсы алады да, қызымды кімнің өнсрі асса, соған беремін деп уәде етеді. Осы ретте ол той жасайды. Сонда, барлық тартыста бәйгені Ер Төстік алып шығады. Бірақ солай бола тұрса да Тсмірхан Бапыға қызын бермей, Ер Төстікті өлтіру жайын қарастырады. Бірақ Темірханның айла-әрекеттерінен еш нәтиже шықпайды. Темірханның бұл әрекеті оның екі жүзділігін, уәдеде түрмай, жауыздық жасағандығын қөрсе-тсді. Халық ортегісі Темірхан образын фантастикалық түрде жасағанымен, өмірде болған сондай жауыз хандарды тұхпалдайды, олардың жиынтық образын береді.
Ертегідегі мыстан мен Шойынқұлақ жауыздықтың, қара күштің иесі болып суреттеледі де, адам баласына неше түрлі қастық жасайды және олар Бекторы мен Темірханның әмірін орындаушы, қол шоқпар ретінде бейнеленеді.
“Ер Төстік”— еңбек адамының ғажайып жағдайларда жасаған ерлік істерін суреттеуге құрылған ертегі. Оны бұл ретте батырлық ертегі деуге болады. Ертегінің оқигасы тұрмыс-салт әңгімелерінен басталып дами береді де, халық қиялынан туған сан алуан ғажайып оқиғаларды тізбектеп баяндайды. Бір оқиғадан екіншісі туып, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады.
Ертегінің оқиғалары өте шебер құрылып, басты кейіпкерлердің істерін баяндау жолымен дамытьшып оты-рады. Барлық әңгіме-оқиғалар ертегінің басты кейіпкері Ер Төстіктің іс-әрекеттері арқылы суреттеледі. Мүнымен қатар, ертегінің көптеген оқиғалары Кенжекейге байла-нысты айтылады. Егер Кенжекей болмаса, Ер Төстік Бекторымен, Бапы және Темірханмен, Шойынқұлақпен кездеспсс еді. Кенжекей — Ер Төстік арқьшы баяндала-тын оқиғалардың тууына басты себепкер. Кенжекей ер-тегідегі оқиғалардың тууына себепкср ретінде алынса, Ер Төстік сол оқиғаларды дамытушы, жүзеге асырушы — басты кейіпкср.
Мұнымен қатар, ертегінің әңгімесі диалог түріндс құры-лады. Ертегінің көптегсн әңгімелері екі адамның сөйлссуі арқылы өрістеп отырады. Кейде осы диалогтер арқылы күрделі образдар да жасалады. Темірханның еліне аттанған Ер Төстіккс жолшыбай Таусогар, Желаяқ, Көлжұтар, Саққұлақ, Көреген кездесіп, жолдас болады. Бұлардың әрқайсысында қавдай өнер барлығы диалог арқылы сипат-талады; олардың сырт келбетін көз алдыңа елсстетеді.
“Ер Төстік” — қара сөз жәнс өлең аралас құрылған, халық тіліне өте бай ертегінің бірі. Мұнда әдемі тёңеулер, метафоралар, сөз айшықтары өте жиі ұшырасады. Аз сөзге көп мағына сыйдыра айту, түймедейді түйедей етіп көрссту, әр түрлі әсірелеу, шендестіру әдістерін қолдану — бұл ертегінің өзіне тән көркемдік ерекшелігі болып табылады. Хабарсыз кеткен ағаларын іздеп шыққан Ер Төстік “Темір етіктен теңгедсй, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген белгс” кездсседі. Осы бір әдемі, әсірелеу түрінде айтылған аз сөзде қанша көп мағына жатыр! Бүдан Ер Төстіктің сан қиыншылықты басынан кешіргендігі, арып-ашып мақсатына жеткендігі көз алдына елестейді. “Самұрықтың үлкендігі сондай, жай-
ып жібергенде бір қанатының өзі айшылық жерді алып кетеді” деп, күрделі метафора арқылы үлкен портрет жа-сайды. Желаяқ жүгіргенде “құстай ұшып, құйындай ұйтқи” жөнеледі, жүрісіне шаң ілеспей қалады. Мүндай мысалдар “Ер Төстікте” өте көп. Оның бәрі ертекшінің халықтың тіл байлығын молынан пайдалана білгендігін дәлелдейді.
қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде Ер Төстік секілді ер жігіттер, батыр мергендер жайы — біркелкі молынан әңгіме болған тақырып. Солардың бірінде халық арасынан > шыққан қарапайым адамдардың ерлік істері, жауыздық пен жамандыққа қарсы батырлық күресі ардақталады. Вүл тақырып “құламерген”, “Жерден шыққан Желім батыр”, “Аламан мен Жоламан”, т. б. секілді ертегілерден басты орын алады.
Бүл ертегілерде суреттелетін құламерген, Желім батыр, Аламан мен Жоламан құралайды көзге атқан мергендер, ел-жүртын аңшылық кәсібімен асырап сақтаған ер жүрек, өжет жігіттер болып келеді. Бірақ оларга қарсы күресетін, андысқан қас жаулары жалғыз көзді жалмауыз, сырты момын, іші арамза мыстан кемпір бар. Бұлар алдамшы аяр немесе адам етіне жерік жалмауыз пішінде келіп қастық жасайды. “Аламан мен Жоламан” ертегісінде еңбек адамына жауыздық істейтін хан болады, ол өзінің қаскүнемдік әрекеттерін жүзеге асыру үшін мыстан кемпірді жүмсайды, оны пайдаланады, Мыстан Аламанға жас бала болып жабысады, мергеннің қару-жарағын, киім-кешегін сыпырып алады, мүшкіл жағдайға түсіреді. Бірақ бұл халден Аламанның қүтылып шыгуына мергеннің түлпа-ры, гажайып алтын жүзігі жәрдем етеді. “Жерден шыққан Желім батыр” ертегісі де осындай оқиғаға қүрылады. Мүнда Желім батырға қастық жасаушы жалғыз көзді жалмауыз болады.
Адам баласына қастық жасаушылар қаншама күшті айлалы болса да, алдына қойған мақсаттарына жете ал-майды,-жеңіледі. Оларды қарапайым адамдар, еңбек ерлері, аңшы-мергендер талқан етеді. Халық ертегілеріндегі бүл секілді әңгімелер жауыздықты әрқашан да жақсылық жеңеді деген идеядан туған. Бұл идея неше түрлі тартыс, шие-леніскен оқиғалар арқылы бейнеленеді. Сонымен қатар, бұл ертегілер жауыздық істі халықтың дүшпандары ғана жасайды, олар ,әр түрлі айла-әдіс қолданады деген ойды
да білдіреді, содан сақтандыруды және оған қарсы қалай күресу, нендей амал қолдану керектігі жайын аңғартады.
Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек. адамдарының да ерліктері мол орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі гажайып жағдайда жасаған ерлік істері суреттеледі. Бұған мысал етіп “Керқұла атты Кендебай” дейтін ертегіні алайық. Бұл ертегінің әңгімесі екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімінде Кендебайдың тууы, халқы үшін жасаған қызметі айтылады. Екінші бөлімінде оның ерлік істері баяндалады. Бұл ертегінің оқигасы басты кейіпкер — Кендебай арқылы дамып отырады.
Ертегінің басты кейіпкері — Кендебай қазанқап деген кедейдің жалғыз баласы. Кендебайдьщ әкесі құс атып, балық аулап күн көреді, шешесі ау тоқып, жамау» жамайды. Күндерде бір күн қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, тоғыз ай, тоғыз кү;: толғакда әйслі толғатып, босаныпты, торсық шекс аппақ үл туыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты.
Кәрі ата-ананың қуанышы бола туған Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда алпамсадай жігіт болыпты. Ер жетіп, алып күшке ие болған Кендебай шаруашылықпен айналы-сады, әкс-шешесінс көмектеседі. қару-жарақ асынып, аң аулайды, ауыл-үйіне арқар мен киікті, қүлан мен маралды үйіп тастайды. “қара судың бойында, қара үйлі кедейлерді қарқ қылады” деумен ертегі Кендебайдың халық үшін туған батыр екендігін аша түседі.
Кендебай — мықты батыр. Оның батырлық істері ер-тегідегі бірнешс ғажайып әңгімелер арқылы дәлелденеді. Ол жеті басты алып дәуді, жалмауызды, арыстанды жеңеді. Бұл аталғандар халықтың мазасын алған жаулар болатын. Халықтың мал-мүлкін тонап, адам етіне жерік болып, слге шабуыл жасаушы да солар. Міне, оларға қарсы аттанған Кендебай барлығын жеңіп шығады.
Халық ертегісі Кендебайды хан балаларымен де салыс-тырады. Бірак хан балаларынан Кендебайдың ақылы, адам-гершілігі, батырлығы артық болып шығады. Хан балалары жылқы күзетіне барғанда үйықтап қалып, қадірлі биесінің алтын қүйрықты құлынын жыл сайын самүрық құсқа алдыра береді. Олар әкесіне “бие құлындаған жоқ” деп өтірік айту-мен жүреді. Бұлардың айтқандарының өтірік, шаруашы-лыққа орайы жоқ тоғышар екендігін жұрт алдында Кендебай әшкере етеді.
Сөйтіп, ертегі Кендебайдың жағымды образын жасайды да, қиял-ғажайып ертегісінде сүйкімді кейіпкердың бірі етіп бейнелейді.
Кендебайдың ерлік-батырлық істері көп жағдайда оның сүйікті түлпары Керқүлаға байланысты болады.
Керқүла “көзді ашып-жүмғанша айшылық жерді ал-ты-ақ аттайтын” түлпар ғана емес. Ол, ең алдымен, адам баласының досы, жолдасы ессбінде алынады. Сондықтан да оған халық ертегісі тіл бітіріп, адамша сөйлетеді. Кендебай жауларымен жалғыз алысқанда, оған жәрдем беріп, жау-ларды қалай жсңудің рстін айтушы Керқұла болады. Кен-дебай жеті басты дәуді Керқұланың ғана көмегімен жеңеді.
әринс, мүндай әңгімелер тек қазақ ертегілеріне ғана тән нәрсе емес. Оны орыс халқының қиял-ғажайып ертегілерінен де кездестіреміз. Орыс халқының қиял-ғажайьш ер-тегілеріндегі көкжал бөрі, тарлан көктер де Керқүла секілді өздерінің иелеріне қызмет еткен, неше түрлі қиын-қыстау жағдайлардан қүтқарысып алған жануарлар болатын. Сондықтан да әрбір халық мұндай жануарларды өздерінің ертегілеріне жагымды бейнеде қосып отырған.
“Керқүла атты Кендебай” қазақ ертегілерінің ішінде өзінің тілі жағынан да, көркемдік ерекшелігі жағынан да елеулі ертегінің бірі болып саналады. Ертегінің тілі — тар-тымды да көркем. Мүнда халық тілінің зор байлығы то-лығынан пайдаланылғандығы көрінеді. Ертегінің тіл ерекшелігі — аз сөзге көп машна сыйдыра айтып, сөз айшығын жасауында, бай тілмен көркем образ жасауында деуге болады.
Кендебайдың ер жетіп, халыққа қызмет еткен кезін ертегі: “Ол, мейлінше қайрымды болыпты, жылағанды жүба-тыпты, қысылғанға жәрдем беріпті, өзімдікі дегенді білмепті, жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ большты” деп суреттейді. Мүндай сөйлемдер ертегіде жиі ұшырайды. Бүл ертегінің көп заман бойына қалыптасып шынайы-ланғандығын, әдебиеттік тілдің дәрежесіне көтбрілгендігін дәлелдейді.
қиял-гажайып ертегілерінің тағы бір тақырыбы малшы-бақташылар жайында болып келеді. Онда мал өсіріп кәсіп еткен еңбек адамдарының ісін жағымды түрде бейнелеп, өздерінің адал еңбегі, ақыл-өнері арқасында мақсаттарына жеткен шаруа адамдарының образын жаеайды. әрине, олар мақсаттарына бірден жете қоймайды, көп қиыншылықтарды, түрлі ғажайып жағдайларды басынан кешіреді. Содан кейін ғана олар армандарына жететін болады.
Мәселен, “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісінде қарапайым бақташы шаруаның ғажайып ерліктері суретте-леді. Ертегінің бас кейіпкері — қойшы бала. Оның істері бір жақты алынбай, хан мен уәзірлерге қарама-қарсы қою ретінде жан-жақты көрсетіледі. Халық өз арасынан шыққан қойшыны, оның ақылын, батылдық қимылдарын, өжет өнерін жоғары бағалайды; хан мен уәзірден артық екендігін айқындайды. Ертегіде айтылатын әңгімелердің бәрі де қойшы баланың төңірегіне топтастырылып, оның еңбегін, ерлік істерін тізбектеп баяндауға құрылған.
қойшы бала ертегінің алғашқы бөлімінде мал бағумен кәсіп еткен шаруа өкілі болып көрінеді. Үй ішін, ағайын-туысқандарын адал еңбегімен асырайды. Сөйтіп жүріп ол алтын мүйізді шұбар киікті ханға тарту етеді. Мүнысы ханнан сыйлық алу, ханға жағымпаздану емес, ханды сынау ниетінен туады.
Баланың тартуға әкелген алтын мүйізді киігін алған хан қойшы балаға разылық білдірудің орнына, оны неше түрлі қиын-қыстауғажұмсайды. Хан: “Киіктіңастынақоятыналтын тақты әкел, әйтпесе басынды алам”,— деп әмір етеді. Бала мал-мүлкін сатып, ханның әмірін орындайды. Бірақ хан бүған да разы болмай, баланы тағы да қиын істергс аттандырады.
Ертегінің осыдан былайғы әңгімелері қойшы баланың тапқырлық, ерлік істерін баяндауға құрылады. Ол ханға алтын ағашты да жеткізеді. Ақырында, хан баланы күн астындагы Күнікей қызды әкеліп беруге жүмсайды. Бұл өте қиын сапар болады. Бірақ айласымен ақылына, ба-тырлық-ерлік күшіне сенген қойшы бала Күнікейді іздеуге аттанады. Ол бұл жолда өзіне серік етіп Таусоғар дәуді, Көлжұтарды, Желаяқты, Саққүлақ тыңшыны ертіп алады. Солардың жәрдемімен ол барлық ғажайып бөгеттерді жеңіп, күн астындағы Күнікей қызды алып қайтады.
Халық ертегісі адал еңбегімен кәсіп еткен, қилы-қилы ғажайып жағдайда ерлік көрсеткен қойшы баланың образын өте сүйкімді етіп жасайды да, ерлік істерін аса жоғары бағалайды. Ертегінің соңында алтын мүйізді киікті, алтын тақ пен алтын ағашты халық адал еңбектің иесі болған қойшы баланың өзінс береді, күн астындағы Күнікей қызды да қосады. Сөйтіп, халық сртегісі қойшы баланы мақсат, мүддесіне жеткізеді.
“Күн астындағи Күнікей қыз” ертегісінде қойшы баланың образы жағымды болып жасалса, оған қарама-қарсы хан мен уәзірдің жексұрындық іс-әрекеттері суреттеледі. Хан да, уәзір де халықтың жаулары екендігі бейнеленеді.
Ертегідегі хан мен уәзір образы бір бүтіннің екі жағы болып келеді. Бірақ өзара айырмашылықтары да бар. Хан байлыққа көзі тоймайтын озбырлыктың бейнесінде алы-нады. Ал уәзір — асқан күншіл, пейілі тар, қытымыр адам. Ханды азғырып, қойшы баланы әр түрлі қиыншылықтарга жүмсайтын да осы уәзір. Оның образы арқылы еңбекші халықты, шаруа адамдарын жек көретін қанаушы тап өкілінің жауыздық, жексұрындық әрекеттері суреттелген. Ертегінің соңында хан мен уәзірді еңбекші адамға жауыздық жасай бергені үшін жазага бүйырады да, ханды қасқыр, уәзірді түлкі етіп жібереді. Халық екеуін де адамшылық бейнеден арылдырып, аң етеді.
қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде ертедегі адамдар-дың еңбек процесінде аңсаған арман-мүддесі, жақсылықты бо-лашақтан күтуі, жалпы кәсіп, түрмыс жайындағы көзқарасы да көрініп отырады. Ертедегі ауыр еңбекті жеңілдету , жаңадан кәсіп қүралдарын ойлап шығару жолдарын қарастырады, бұл жөніндегі ойын, қиялын ертегі арқылы болса да жүзеге асыруға тырысады. Осы негізде М. Горький айтқандай, “Үшқыш кілем”, “Жүрдек етік”, “Керемет дастарқан”, т. б. туралы ертегілер туады. Бұл ертегілерден халықтың “білмегенді білсем, ауырды жеңілдетсем, көзді-ашып жүмғанша әлем дүниесін араласам, қүстай үшып самгасам, дүниенің асты-үстін араласам, үлан-байтақ даланы гүл-бақшаға айналдырсам, жақсы шат өмірге жетсем сксн…” дегендей шарықтаған қиялы, ой-арманы, тілегі көрінеді.
Халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезшде ауызша шығарған кітабы — ертегілеріндегі осы сияқты ой-арманының өз кезінде айрықша мәні болғанын айта келіп, Ф. Энгельс “Немістің халық кітаптары”, аталатын еңбегінде былай дейді: “Халық кітаптарының міндеті күні бойы ауыр жүмыс істеп, арып-талып қайтқан шаруаның көңілін көтеру, ойын ояту, ауыр азабын үмыттыру, оған озінің тастақ даласын жұпар аңқыған гүлбақшасы етіп көрсету болады. Халық кітаптарының міндеті колөнерші үстаның іс дүкенін, жапа шегіп жүрген ұста шәкіртінің лашық үйін жүмақ етіп, олар-дың жүпыны әйелдерін таң-тамаша сүлу етіп, патша қызындай көрсету болады. Сондай-ақ халық кітаптарының міндеті… олардың сана-сезімін, ықылас-жігерін, правосын, бостандығын аңғарту болады” .
Демек, қиял-ғажайып ертегілерінің көпшілігі халықтың жоғарыда айтылған қиялынан, аңсаган арман-мүддесінсн
К. Маркс пен Ф. Энгельс. Об искусстве, том 2, стр 559, 1957.
туған. Мұны қазақтың “Үшқыш кілем”, “Агаш ат”, “Үш өнерпаз”, “Жеті өнерпаз” т. б. секілді ертегілерінен көреміз. Рас, қазақтың бұл тақырыптағы ертегілерінің біразы халқымыздың өзіндік тумасы болса, кейбіреулері көрші елдерден, әсіресе орыс халқынан, ауқысандығы байқалады. Соңғылары қазақ халқыньщ көрші слдермен әр түрлі саяси шаруашылық, мәдени қарым-қатынастар жасау негізінде ен-ген деген академик М. әуезов. әйткенмен, біз бұл ертегілердің қайсысын болса да қазақтың ауыз әдебиетіне ертеде қосылған, сіңісіп кеткен, өз тумасы болып кеткен шығармалары деп қараймыз.
Аталған тақырыптағы қазақ ертегілерінде халықтың ерте кезде арман сткен қиялы, көксегені мен көздегені су-реттеледі, осы жолда неше түрлі қиыншылықтарды басынан кешіріп, мақсатына жеткен өнерпаз ерлері үлгі етіледі. Олардың ертегісінс қоса отырып, халық “солардай өнерлі-өршіл бол, іздеген табады, қуған жетеді” дейді. Және осы топтағы ертегілердің жағымды кейіпкерлері бір-бірінен өнер асырып, алға ұмуылады. Олар халықтың қиял еткен арманын орындаушы да болады. Мәселен, “Жеті өнерпаз” дегсн ертегіде ел-жұрттан өнері асқан өнерпаздардың жайы айтылады. әрқайсысының жұртты тандандырған ғажайып өнері болады. Бірінші өнерпаз кішкене ғана тақиясына мініп алып дүние жүзін аралап шығады; екіншісі, қай жерде не болып жатқанын хабар алып отырады; үшіншісі, көлде балықтай жүзеді; төртіншісі, көзді ашып-жұмғанша бір көлдің суын екінші көліе құяды; бесіншісі, тау-тасты қопарып тастап, оның орнына алтыннан сарай орнатады; алтыншысы, қүлазыған даланы қалың орман, гүл-бақшаға айналдырып жібереді; жетіншісі, күн жайлатады, қыс пен жаз мезгілдерін қолдан жасайды.
Бұл ертегінің әңгімелері халық қиялынан туған болса да, оның негізінде щаруа адамының аңсаған арманы жатқандығы айқын. Жеті өнсрпаздай болу, соған талпыну керек деп аңғартатыны да аян. Ал осы тектес кейбір ер-тегілерде әнерпаздардың өнер жарысы жұмбақ түріндс аяқталатыны да бар. “Үш өнерпаз” дегсн сртегіде өнсрлі үш жігіттің ғажайып істері әңгімслснеді. Оның біріншісі — көрегсн, екіншісі — мерген, үшіншісі — ұшқыш болады. Бұлар өздерінің өнерін сынатпақ болып бір елге келсе, қалың жұрттың абыржып отырған үстінен шыгады. Мүның мәнін сұрастырса, бір адамның аяулы қызын алып қарақұс аспанға көтеріп әксткен сксн. Осыған барлық сл-жұрт қайғыруда скен. Осыны ссти сала жаңағы үш өнерпаз іскс кіріседі. Көреген алып қарақұстың қай жерде ұшып бара
жатқанын айтып, Мергенге жөн сілтейді. Көрегеннің сілтеуімен Мерген садағын атып жібереді; қызға тигізбей алып„қарақүсты қақ айырады; қыз аспаннан төмен қарай құлдырап түсіп келе жатады. Осы сәтте үшінші өнерпаз аспанға үша көтеріліп, қызды жерге түсірмей қағып алады. Бүлар қызды аман-есен ауылына алып келеді. Жиналган жүрт зор қошемст көрсетсді; бірақ бас бәйгіні үш өнер-паздың қайсысына беруді білмей аң-таң болады. “Бас бәйгі маған лайық”,— дейді Көреген,— алып қарақүсты мсн көрмесем, оның қалай қарай кстіп бара жатқанын айтпасам, қызды ешкімде айырып ала алмаған болар еді”. Сонда Мерген түрып былай дейді: “Көрегеннің сөзі дәлел смес. Егер алып қарақүсты мен атып түсірмесем, Көрегеннің көргенінен не пайда? Мен болмасам, Көреген алып қарақүсты көргенмен, оған жете алмай, қызды алып қарақүе әкете берер еді. Сондықтан бас бәйге маған тиісті”. Ендігі сөзді үшінші өнерпаз айтады: “Көреген мен Мергеннен де мёнің өнерім артық. Аспаннан қүлап келе жатқан қызды үшып барып қағып алдым. Егер қызды мен қағып алмасам, онда қыз тау-тасқа құлап, күлпаршасы шығар сді. қызды қарақүс әкетті не, қүлап өлді не, бәрі бір — одан ел тірідей айырылған болар еді. қыздың аман-есен қалуына мен себепкер болдым. Ендеше бас бәйгі менікі”. Бас бәйгіні бір-бірінен өнсрін асырған үш жігіттің қайсысына беруді білмей жүрт аңтарылып қалады. Ертегі: “Бас бәйгі менікі дсп үш өнерпаз осы күнгс дейін таласуда, оны сіздер қайсысына ұйғарар едіңіздер?”,— деп, сөз салмағын тыңдаушы көпке тастайды. Бұ жігіттердің өнеріне сүйсінген халық сртегісі басқаларды да солардай өнсрлі болуға үндегендей болады.
“Ағаш ат“> дейтін ертегідс де бүрынғы адамдардың ас-панда үшу мүмкіндігін қиял еткендігі әңгіме болады. Онда он саусағынан өнер тамған бір шебер ағаштан ат жасап, әр түрлі қүралдармен жабдықтайды. Ағаш аттың оң қүлағын бүрап қалса, аспан әлеміне көтерілс жөнеледі; сол қүлағын бүраса, жерге түседі; көзді ашып-жүмғанша айшылық жерді бір-ақ аттайды.
Сондай-ақ, “Ер Төстік” пен “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегілерінде айтылатын Таусогар, Жслаяқ, Көлжүтар, Саққүлақ, т. б. халық қиялының жемісі болатын. Бүларды ертегі еткен халық осылардай өнерлі, тау-тасты талқандайтьш күшті адамдар болса екен, қас қаққанша алыстан хабар алдыратын немесе алыс жергс бірақ жеткізетін қүрал болса екен деп қиялдайды. әрине, мүндай қүралдардың қалай жасалатындығын халық ертегісі ашып
ХАЙУАНАТТАР
ЖАЙЫНДАғЫ
ЕРТЕПЛЕР
айта алмайды, тек арман етсді, аңсайды, “болса екен” деп болжау айтады және сондай құралдың болатындығына сенім білдіреді. Ертегілердің осы бір оптимистік сипатын байқаған М. Горький “Тақырыптар туралы” жазған еңбегінде және Жазушылардың бірінші съезінде жасаған баяндамасында ха-лық қиялының техникалық прогреске жетуге түрткі салғанын ерекше атап өтеді.
Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік үғым-түсініктер ойлап шығарған. Табиғат сырын, жаратылыс құбылыстарын түсінс алмаған ертедегі адамдар әрбір хайуанаттың жара-тушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған. Бұл реттс К. Маркс былай дейді: “әрбір мифологая табиғат күштерін қиял бойынша жеңіп, бағындырып, дегеніне жүргізеді, сол арқылы бау-райды, ал сол табиғат күштерін анық шынымен жеңіп алған заманда ол мифология жоғалады”1.
Ертедегі адамдардың хайуанатттар жайындагы әр түрлі мифке байланысты туған ескі ұғым-түсініктері, бертін келе, экономикалық дамудың, қогамдық сана-сезім өсуінің нәтижесінде жоғала бастайды. Адамдар хайуанаттарды өзі бағындырып алған кезде, ерте заманда мифтік үғымдарға, қиялға негізделіп туған және ертегі-әңгімелеріне қосылған үғым-түсініктері, көзқарастары өзгере бастайды. Олар өздерінің ертегілерінде хайуанаттарды реалистік түрде алып, адам баласына келтірілген пайда-зиянын, атқаратын қызмстін көрсетуге талпынады.
Бұл айтылғандарды хайуанаттар жайында шығарьшған қазақ ертегілерінен де көруге болады. Аталған тақырыптағы ертегілердің ерте кездегі мифтік үғымдарға байланысты туған үлгілсріндс, кейбір хайуанаттарды жаратушы, жарылқаушы, керемет күш бейнссінде алынгаңдығы, ертедегі адамдардың оларды ие тұтып табынғандығы байқалады. Мұны “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар”, т. б. сртегілерден көреміз.
“Аққасқыр” ертегісінен ертедегі адамдардың қасқырды жарылқаушы ие деп түсінгендігі көрінеді. Бұл түсінігін
1 К. Маркс пен Ф Энгельс. Об искусств, том I, стр., 135, 1957.
дәлелдеу үшін ертегінің сюжеті түрлі-түрлі ғажайып оқиғаны бейнелеуге қүрылады. Ертегінің оқиғасы мал өсіріп кәсіп еткен елдің тұрмысын, қыс кезінде қос шығарып жылқыны далада бағатын жайын суреттеуден басталады. Осыдан бы-лайғы оқиға фантазия аралас дами береді.
қар кетіп, көктем шығады, жылқының қысқы тебіннен қайтатын мезгілі жетеді. Бірақ жылқыдан да, жылқышылардан да хабар болмайды. Бүған абыржыған жүрт жылқыны іздеуге бірнеше жігіттерді аттандырады. Олар жылқышылардың қосына, қысқы тебінге кез болады. Айнала жым-жырт, жылқы да, жылқышылар да жоқ, Енді бір сәтте олар өліп қалган жылқышылар мен жылқылардың өлімтігіне кездеседі. Оларды мұндай қыргынға үшыратқан қасқыр екендігін аңғарады. Бір уақытта анадай жерде жай-ылып жүрген бір үйір жылқыны көреді, өздерінің жылқысы екенін таниды. Оған келсе, бір ту биені көкжал қасқырдың алқымдап жатқан үстінен шығады. қасқыр қаша жөнеледі, жігіттер қуып береді. Көкжалға басқа жігіттер жете алмай кейін қалып қояды, тек астында тұлпары бар жылқы иесі жігіт жетеді. Ол көкжалды сойылмен соғуға ыңғайлана берген кезде, қасқыр адамша сөйлеп, тіл қатады: “Мені өлтірме, қызымды берейін”,— дейді. Жігіт аң-таң болып түрып қалады. Артынан келген жолдастарына қасқырдың сөзін айтады. *Бұган олар сенбейді де: “қорқақ екенсің, астындағы тұлпарды бізге бер, қасқырды согып аламыз”,— деп қайрайды. Жолдастарының шаншу сөзінен ұялган жігіт, қасқырды тағы қуады, тагы шегінеді. Ақырында қасқырдың соңынан еріп кете береді, бір таудың үңгірінс жеткен кезде көкжал қасқыр аунап түсіп адам ксйпіне енеді. Бұлардың алдынан шығып, жігітке қарай үмтылған қасқырларга бас-тапқы көкжал: “Арсылдамаңдар, қыстайғы жегендерің — осы жігіттің жылқысы. Енді ол бізгс күйеу болды. Атынан түсіріп, қызмет етіндер”,— дсйді.
Ертегінің бұдан былайғы әңгімесі қасқырдың адам бала-сына істеген жақсылықтары, жарылқаунн суреттейді. Ба-сында жылқысын іздеп шыққан жігіт, көкжал қасқырдың қызына үйленеді, қырық күндей үңгір ішінде өмір сүрсді. Содан кейін ол келіншегін (ақ қаншық қасқырды) ертіп еліне қайтады. Жүрер алдында ене қасқыр ақыл беріп: “қырық күнге дейін келіншегіңнің кебінін шешпе. Сөйткен күнде ол саған әр уақыт жақсылық көрсететін, ақыл-жәрдем беретін жар-жолдасың болады”,— дейді. Енесінің осы айтқанын жігіт отыз тоғыз күнге дейін орындап кследі. Бірақ ағайын-туыс, жора-жолдастарының ащы әзіл, ашуөкпе сөзіне шыдамай, жігіт енесінс берген уәдесін орын-дамайды, қырық күн толуға бір-ақ күн қалғанда ксліншегінің кебінін отқа жағып жібсреді. Ақ қасқыр ай дссе аузы, күн десе көзі бар тамаша сұлу келіншек келбетіне түссді.
Осы ксзде қасына нөкерлерін ертіп аң аулауға шыққан ханның қаршығасы үшып кетеді де, жігіттің ссігіне ксліп қонады. Үй ішіндс отырған келіншек қаршығаны ханға алып береді. Келіншсктің сұлулығын көріп, хан талып қалады. Есін жиып ордасына қайтқан хан, келіншеккс ғашык болып қалғанын айтады. Сонда бас уәзір ақыл беріп, келіншеккс қалай үйлсну жайын тусіндірсді. “Келіншсктің күйеуінс қолдан келмсс тапсырма беріңіз де, алыс сапарға жұмсаңыз, одан қайтып жігіт келмейді, өледі, сонан ксйін келіншекке сіз үйленссіз”,— дейді уәзір. Бұл ақыл ханға қона кетсді де, жігітті шақырып алып: “Баяғыда бабамның ат басындай алтыны жоғалған, соны тауып әкслесің, әйтпесе басыңды аламын”,— дсйді. Ханның бұл бұйрығын естіген жігіт, қапаланып үйінс қайтады, болған әңгімені әйслінс мәлімдейді. “Бұл халден құтқарып аларлық күш мендс жоқ,— дейді әйелі,— өйткені ссн снеңс берген уәдеңці орындамадың, кебінімді мезгілінен бұрын шештің. қырық күнгс шыдағаныңда мұндай істергс өзім-ақ көмек беретін едім. Ендігі амалын енеңнсн сұра, сол бірдемс етпесе, басқа лажы жоқ”. Жігіт енесінс келсді, болған оқиғаны айтады. Енссі жігітті қырық күнгс шыдасаң, барлық көмекті әйелің бергсн болар еді деп сөгеді дс, ханның бұйрығын қалай орындау жайын түсіндірсді.
Енесінің ақылы бойынша, жігіт ат басындай алтынды тауып алады да, ханға -апарып бсреді. Бұдан кейін хан жігіткс тағы да қиын тапсырмалар жүктсйді. Бірінде: “Ата-бабамның құланға қосылып кстксн жылқыларын тауып әксл”,— деп, скіншісінде: “Бабамның асына сойылған көк айғырды әкеп бер”,— деп бұйырады. Жігіт өзінің қасқыр енссінің көмегімен ханның барлық бұйрықтарын орындап шығады да, ақырында өлімнен құтылып, мұратына жстсді.
қызық, ғажайып халгс құрылған “Ақ қасқыр” ертсгісі сртсдсгі адамдардың қасқырды жарылқаушы ис дсп түсінгендігін көрсстеді. Мұндай әңгімелер сскі заманда мифтік ұғымға байланысты туған орыс ертегілеріндс жәнс ертедс аңшылықпсн кәсіп сткен слдерде де кездсссді. Олар-дың сртсгілері адамды жарылқаушы бейнссіндс аюды су-реттейді .
1 Э. В. Помераіщев. Сказки, см. Русское народное поэтичсское творчс-ство, под ред проф. П. Г. Богатырепа, стр. 243, 1954.
“Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Көкжал” секілді ертегілер де ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындагы ескі наным-сезімдерін елестетеді. Бүларда да “Ақ қасқыр” ертегісіне ұқсас келетін ұғымдар, бұлдыр түсініктер беріледі. Ал “Сырттандар” дейтін ертегіде сол ескі үғым, түсініктердің жойыла бастағаны көрінеді.
“Сырттандар” сртегісінде қасқырдың, иттің, адамның сырттаны, аттың тұлпары тартысады. Адамдардың тым ер-тедегі үғымында қасқыр жарылқаушы бейнесінде алынса, бүл ертегідс оның қаскүнемдігі, адамға дос емес, жау екендігі айтылады. Адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. Баланың әкс-шешесі, бүкіл ауыл-аймағы болып қатты сасады: қасқырдың баланы тірі қоймасын біледі. Сол кездс бала өзімен бір күнде туған түлпарына мініп, қасқырдан қаша жөнеледі. “қүтқарам” деп түлпар тартады: “қг.йда барсаң да қүтқармаймын, қайтсе де жеймін”,— деп жалмауыз қасқыр қуады. Осы түста адамның досы түлпар мен қасқырдың сырттаны жарысқа түседі. Ақырында бала адамның сырттанына келіп жстеді. Оның сырттан иті бар екен. Сол жерде адамның, иттің сырттандары жалмауыз қасқырға қарсы үмтылады. қатты айқасу-алысу-дан кейін олар жалмауыз қасқырды өлтіреді.
Бүл ертегіде жалі-іауыз қасқыр адам баласына қастық ойлаушы мол жауыздықтың, қара күштің бейнесіндс алы-нады. қасқыр жайында айтылып келген ескі мифтік үғымдардың снді өзгсрс бастаганын көрсетеді. Ертегінің өзіншс түйіндегсн философиялык көзқарасы жігіт сырт-танының мына бір сөзімсн берілгсн болады: “қасқыр атаулы адам баласына қас еді. Егер ол осы алыста адам баласын жсңс қалса, онда қасқыр адамға қожалық стсдін сді. Бірақ біз оны жсңдік. Бүдан былай қасқырға қожалықты адам баласы жасайтын болады”,— дсйді жігіт. Оның бүл сөзінен адамдардың қасқыр жайындағы жаңа көзқарасы көрінсді. Енді адам қасқырды бұрынғыдай жарылқаушы дсп түсінбсй, оны қастық, жауыздык иссі дсп үғынғанын аңғартады.
Мұнымсн қатар, бүл сртсгідс ит пен жылқыны дәріптсйтіндік байқалады. Жылқы мен ит адам баласына жақсылық жасайды, қауіп-қатсрден қүтқарысады, адамга пайда кслтіреді дсп көрсстеді. Оларды қасқыр жайында сртсдс туған мифтік ұғымдарды жоққа шыгару үшін алган болады.
Сөйтіп, хайуанаттар жайында шығарылган ертегілердің алғашқы үлгілерінсн сртсдсгі адамдардың, “жанды-жансыз табиғат турасындағы бұлдыр түсініктсрін байқаймыз. Ондай
ертегілер хайуанаттармен байланысты туған мифтік, діндік түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсінікті аңғартады” . Ал бертін келе эко-номикалық, қоғамдық жағдайлардың және сана-сезімнің да-муына байланысты бұрынғы бұлдыр түстініктердің ыдырап, жойыла бастағанын көреміз.
Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуа-наттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа ксйіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы реттс хай-уанаттар жайы екі турде алынып, қазақ ертегілерінс қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуандары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың скінші тобы (жыртқыш авдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленсді. Бұл соңғысы, кейде, халықтық сатираға айналады және сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік сткс» қауымның жағымсыз қылықтары әңгімелснеді ; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке күлкісі түрінде ке-леді; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады.
Төрт түлік мал және үй хайуандары қазақ ертегілерінің көлеміне енгенде, сң алдымсн, олардың адам баласына кслтірер пайдасы, атқарар қызметі қандай екендігі сурст-теледі. Өйткені бұлардың шаруашылық үшін мәні, адам өмірінде алатын орны аса зор еді. Төрт түлік мал шаруа адамына, бір жағынан, көлік күші болса, екіншіден, ішстін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық төрт түлік малды, үй хайуандарын өзінің ертегісіне қосқанда, олардың қызметін даралап көрсетуге мән береді. Ертегі оқиғасын тартысы мол нақтылы сюжетке қүрады; фантазия мен ре-алистік болмыс шындығын шебер араластыра отырып, жұрт қызығып тыңдайтын кссеіс шығармалар тудырады. Төрт түлік мал жайындағы қазақ ертегілеріндс халыктың ерекшс көретіні жылқы мен түйе. Оның мәні Осы екі түліктің халық тұрмысында срекше қызмет атқарғандығында. Мұны біз “Алтын сақа”, “Тепең көк”, “Боз інген”, “Жақсылық пен жамандық”, т. б. ертегілерден көреміз.
“Алтын сақа” ертегісінің оқиғасы мал өсіріп, кәсіп сткен халықтың өмірінен алынған. Ертегінің негізгі желісі — шаруа адамына қастық жасаушы жалмауызды жсңу жолында пайдасың тигізген жануардың қызметін суреттеуге құрылған.
Ертегінің бірінші бөлімінде адам стіне жсрік болған жалмауыздың қасқүнемдік жайы айтылады. Шаруа адамына
М.әуезов, жоғарыда аталған еңбеп, 97-бсІ.
ол осал жау емсс, әрі күшті, әрі айлалы жау. Жалмауыз окпс бейнесінс түсіп, суда қалқып жүреді. Суатқа келген жылқыларды үркітеді. Ақырьщда ол мал иесінің жағасына жабысып, ендігі жсрдс оның өлімнен қүтыла алмайтын-дығын айтады. Жалмауыздан зәрссі ұшқан бай оған барлық малын ұсынады. Бірақ жалмауыз оған көнбейді: “Жалғыз балаңды бсресің, соның етін жеймін, сонда ғана өлімнен қүтыла аласың”,— дсйді. Жалмауызға қарсы күресуден қорыққан бай жалғыз баласын өлімге қияды да, оның сақасын сскі жүртқа тастап, сртеңіне жаңа жүртқа көшіп кетсді.
Ертсгінің осыдан былайғы жеріндс жалмауызға қарсы күрес сурсттеледі. Алтын сақасын іздеп, сскі жұртқа келген бала жалмауызбен ксздеседі, жалмауыздан жердегі сақасын алып бсруді сүрайды. Бірақ жалмауыз: “Отырсам түра ал-маймын, тұрсам отыра алмаймын”,— дсп, сақаны алып бермсйді. Сонда түлпар бетегсден биік, жусаннан аласа бола қалады, бала алтын сақасын іле жөнеледі. Баланьщ соңынан жалмауыз да түра-ұмтылады. Балаға жетс алмасын білгсн жалмауыз бір тісін суырып алып, тұлпардың оң жақ артқы аяғын атып түсіреді. Тұлпар үш аяқтап шаба береді. Жалмауыз тағы бір тісімен түлпардың скінші аяғын ұшы-рады. Сол кездс үлксн бір бәйтеректің түбіне жсте, тұлпар қүлайды. Балабәйтсрсктіңбасынашығыпкетсді, артынша-ақ жалмауыз да ксліп жстеді. Ол тістерін күрек қылып бәйтерсктің түбін опыра бастайды. Бала қатты сасады. Осы кездс баланың қасына қарлығаш келеді. Оған бала мүңын айтып, үйімдегі төбеттсрге хабар бср, мені жалмауыздан құтқарсын дейді. қарлығаш төбеттерге баланың сәлемін айтады. Төбеттср келіп жалмауыздың быт-шытын шығарып өлтіреді де, баланы өлімнсн қүтқарады.
“Алтын сақа” — қызық оқиғаға құрылған халық ертегісі. Мұнда адам етінс жсрік болған, шаруа иесіне қастық жа-саушы жалмауыздың жексүрын образы жасалған. Жалма-уызға қарсы күрссіп, оны жеңу жолында адамға пайдасы тигсн жануарлардың қызметі суреттелгсн. Жалмауыздан ба-ланы құтқарып әкстксн тұлпардың жүйріктігі, қарлығаштың жәнс төбсттердің балаға деген достығы тартымды түрде бейнеленгсн. Ертсгі бұл жануарлардың адамға пайдасы көп скендігін айта ксле, оларды өсіру, күту керсктігін ескс салады. Сөйтіп, халық ертегісі шаруа адамына пайдалы жануарлардың ісін сүйкімді стіп бейнелейді.
Жануарлар жайында шығарылған халықтық сртсгілердің көбіндс жылқы малының шаруашылыққа тигізген пайдасы,
атқарган қызметі мол әңгіме етіледі. Мүны “Тепең көк” дейтін ертегіден көруге болады. Бұл ертегіде ашыршылыққа үшырап, қайыршылық халге жеткен ағайынды үш жігітті өлім тырнағынан құтқарып алған тұлпар жайы айтылады.
Жануарлар жайындағы ертегілерде жылқымен қатар, түйенің де маңызы зор. Көптеген ертегілердің сюжеті түйенің еңбек адамы үшін қызметі молдығын, шаруашылыққа қолайлы екендігін көрсетуге құрылған. Түйені мінсе — көлік, шөлдесе — сусын, кисе — киім деп түсінген халық оны нелер әдемі ертегі-әңгімелеріне қосқан. Мұны “Боз інген” жайындағы ертегіден айқын көруге болады.
Еңбекші халықтың шаруашылығында, тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік малдың басқа түрлерінің де айрықша маңызы болған. Сиыр, қой, ешкі жайында да көптеген ертегілер туған. Бұған мысал етіп “Екі жетім” дейтін ертегіні алуға болады. Онда мынадай әңгіме баян-далады. Баяғыда бір байдың әйелі өледі де артында екі баласы қалады. Оларға байдың соңғы алған әйелі күн көрсетпейді, киім бермейді, тамаққа жарытпайды және оларды мал соңына салып қояды. Бір күні балалар қарны ашып жылап отырса, қасына бір көк қошқар келеді де: “Неге жылап отырсыңдар?”— дейді. Балалар мұңын айтады. Сонда қошқар: “Жыламандар. Менің төбемнен бір тал жүнді жүлып алывдар, тілеген тамақтарың дайын бола-ды”,— дейді. қошқардың айтқаны расқа шығады, балалар күн санап тойына бастайды. Мұны байдың әйелі біліп қояды да, өтірік ауырады. “Көк қошқардың етін жесем, жазыламын”,— дейді. Бай балаларды жұмсап: “Көк қошарды соямын, алып келіндер”,— деп жібереді. Балалар қошқарға келіп, болған әңгімені айтады. Сонда қошқар: “Ренжімендер, менің етімнен сендерге олар еш нәрсе та-тырмайды. Сондықтан сүйегімді жинап алып, белгілі бір жерге көміңдер. Күн сайын сол жерді ашып та-мақтаныңдар”,— дейді. қошқар сойылады, оның сүйегін балалар жинап алып көмеді, Байдың әйелі “ауруынан” жазылады да, балаларға тағы да күн көрсетпейді, үратын, ұрсатын болады және “Кешке дейін иіріп әкелесіңдер, әйтпесе менен жақсылық күтпеңдер”,— деп, бір қап жүн береді. “Енді не істейміз?” деп, жылап отырған балалардың қасына бір ала сиыр келеді. Ол балалардың хал-жайын біледі де: “Жүндеріңді маған беріңдер, мен оны жүтамын да, иіріп қүсамын”,— дейді. Айтқандай-ақ бір қап жүнді ала сиыр сол заматта иіріп шығарады. Сөйтіп, балалар жазадан қүтылады.
Бұл ертегіде туған әке мен өгей шешенің өз балаларына жасаған қиянаты, көрсеткен жәбірі сынға алынады. Соны-мен қатар адам баласына жақсылық жасап көмектескені үшін сиыр мен қойды ардақтайды.
Төрт түлік малды адам баласына бағалы етіп көрсету үшін халық ертегілері оларды артықша бейнеде суреттейді, адамша сөйлетіп қояды: кейде оларды адамның қайғысына ортақтасатын, қуанышына шаттанатын етіп те әңгімелейді. Неше түрлі тұлпарлар, атан, желмаялар адамға дос, жәрдемші ретівде ертегіге қосылады. Бұлардың қызметін сүйсіне әңгіме еткен халық оған ертегілік сипат береді. Мұның өзі ертегі оқиғасының қызықты болып құрьшуына негіз салады. Осы жөнінде қай ертегіні алсақ та, халықтың төрт түлікті өсіру, бағу жайындағы көзқарасы айқын көрініп отырады.
Төрт түлік малдан басқа үй хайуандарының ішінен халық ертегісіне ит пен мысық енеді. Бүлар да адам баласы үшін жасаған әр алуан жақсылық, достық қызметімен алы-нады. “Жігіт пен сиқыршы әйел” дейтін ертегіде суреттелетін Сарышолақ ит өзінің иесіне тамаша қызмет атқарады. Ол ұры-қарыға қорадан мал алдырмайтын болады және қойшы орнына қой бағады. Сонысы үшін Сарышолақты бүкіл ел болып қадірлейді.
Үй хайуандары жайындағы ертегілердің кейбіреулері жеңіл, күлкілі әңгіме түрінде балаларға арналған. Мұндай ертегілердің оқиға желісі балалардың өздері күн сайын көріп жүрген нәрселерді суреттейді. Олардың оқиға-әңгімесі айтушыға да, тындаушыға да жеңіл, ыңғайлы, ықшам келеді. Бұған мысал етіп “қотыр торғай”, “Мақта қыз бен мысық”, “құйыршық”, “Күшік пен мысық”, т. б. ертегілерді алуға болады.
“қотыр торғай” ертегісінде қотыр торғай “қотырымды ауырттың” деп шеңгелге ашуланады да, оның үстінен ешкіге шағым етеді: “Шеңгелді жеп қойшы,— дейді. Бірақ ешкі оның тілін алмайды. Сонан кейін қотыр торғай ешкіні қасқырға айтады, қасқырды жылқышыға, жылқыны байға, байды шешесіне, шешені желге шағады. Ақырында ертегінің кейіпкерлері бір-бірін қуыса бастайды, ешкі келіп шеңгелді жейді. қотыр торгайдың кегі қайтады.
Осы секілді күлдіргі жай “Мақта қыз бен мысық” ер-тегісінде де бар. Онда қыз жерден мейіз тауып алады да, мысығын шақырады. Мысық келмейді, сонан соң қыз өзі жеп қояды. Мысық- келіп: “Неге шақырдың?”— дейді, қыз айтпайды. Сонда мысық; “қатығыңды төгем,— дейді. Оған
қыз: “қүйрыгынды кесіп алам”,— деп жауап қайырады. Мысық қүйрығын сұрап жалынады, қыз: қатығымды төле,— дейді. Мысық сиырға барып сүт сұрайды. Сиыр: “Жапырақ әкелсең, сүт берем”,— дейді. Жапырақ су сұрайды, сушы қыздар сағыз, дүкенші тұқым (жүмыртқа), тауық тары сұрай-ды. Ақырында мысық тышқаннан тары әксп тауыққа береді. Осыдан ертсгінің кейіпкерлері қайталап, тізбектелсді де, мысық қүйрығьш, қыз қатығын алады.
Үй хайуандары жайындагы ертсгілсрдің балаларға ар-налған әңгімелері оқиғаны көбінесе тізбектеп айтуға құры-лады. Бір оқиғаның кілтін скіншісінсн іздеу, осы рстпсн барлық әңгімені қысқа түрде тізбектсп айту әдісін қолданады. Оны балаларға арналган сртсгілердің өзіндік қурылысы, ерекшслігі деуге болады дейді М. әусзов. Бұған жоғарыда келтірілген “Мақта қыз бен мысық”, “қотыр торғай” ср-тегілері оқиға әңгімесін баяндауда осы әдісті қолданғандығы дәлел. Мұның мәнісі оқиғаны ауырлатйай, балаларға жсңіл, әрі күлкі, әрі түсінікті стіп әңгімелеуді ойлағандықтан туған сскілді. Сондай-ақ, балаларға арналған сртегілсрдің көлемі шағын кследі, ксйде өлең, диалог түрінде айтыльш оты-рады.
Хайуанаттар жайында шығарылған қазақ сртегілерінің екінші тобы хайуандарды өз бейнесінде, нағыз хайуан кескінінде алады. әрқайсысының өзіне тән мінезі, қылығы, ісі суреттеледі. Бұл рстте қаэақ сртегілеріне жыртқыш андардан молырақ енгені арыстан, қасқыр, түлкі, аю болады. Халық ертегісі бұлардың әрқайсысына лайықты мінездемс береді. Арыстан — асқан күштің, зорлықтың, қасқыр — қомағайлық пен қорқаулықтың иссі болып кейіптслсді. Ал түлкі — айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаның бәрінс дүшпандық жа-саушы, сырттай дос, іштей қас болып келсді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсск таратып күндеуші де, жоқ жерде пәлә бастаушы да — түлкі. Бұлармсн қатар, қазақ сртегілеріндс» ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жүрттың бәріне маЗақ, күлкі ретінде маймыл қатысады.
Бүл топтағы сртегілердің оқиға құрылысына дәнекср жәнс ертегіге оқыстан қатысатын аңдардың басын қосып, оқиганың дамуына себепкер болатын да — түлкі. Мұны “Арыстан, қасқыр, түлкі және түйе”, “Маймыл мсн түлкі”, “Түлкі, тасбақа, кенс”, “Түлкі, аю, қойшы”, “Түлкі мен бөдсне” секілді сртегілердсн көреміз. Бүлардың қайсысын алсақ та, ондағы оқиғалардың тууына, дамуына ссбспкср түлкі ексндігін аңғарамыз.
Арыстан, қасқыр, түлкі және түйе” дейтін ертегіде аталған аңцардың өзіне тән мінезі, ісі суреттеледі’. Бұл ертегіден тәкаппар, асқақ қүшті арыстанды, қомағайлығы жер қаптырған қасқырды, жауырыны жерге тимес айлакер, жанындағы жолдастарының барлығын жардан құлатқан түлкіні, момындығынан қаза тапқан түйені көреміз.“Май-мыл мен түлкі” дейтін ертегі де осындай халді суреттейді. Онда басқа аңдар жайын баяндай отырып, түлкінің ебін тауып, есебін қайырған қулық, айлакерлік істері айтылады. Айлалы түлкі маймылдан: “Патша болдың” деп сүйінші сұрайды, алдап қақпанға түсіреді де, жемге салынбаған ба-лықты өзі жейді және де ол маймылға “Екі бақ болады, бірі басқа, бірі аяққа қонады. Сенің аяғыңа тепкілесең кет-пейтін темір бақ қонды”,— деп мазақтайды, әжуа етеді. Түлкінің осындай мінезін білген басқа аңдар одан қауіптеніп те жүреді, сондықтан да олар “түлкім-түлкім” деп жағымпазданатын болады.
Түлкі қаншама айлакер, қу болса?да, үтылып қалатын, алданып соғылатын жерлері бар. Бұл ретте оны орға жығатын қорқақтығы болады. Мүны “Түлкі, тасбақа, кене”, “Түлкі мен бөдене” деген ертегілерден көреміз. Алғашқы ертегіде түлкі, тасбақа, кене үшеуі қосылып тары егеді. Тарысы шығып, түсімін жинаган кезде, түлкі: “Жарысалық, үлесті қай озғанымыз алайық”,— дейді. Жарыста кене озып келеді,.. түлкі зорлық жасай бастағанда, тасбақа аңшылардың келе жатқанын айтады, түлкінің зәресі ұшып қаша жөнеледі де, мазақ бслып қалады. Соңғы ертегіде түлкі беденені үстап алады да, тістеп түрып: “Балапандарывды шақыр, жеймін”,— дейді. Бөдене оған көнеді де, балапандарының қасына әкеледі. “Менің дауысыма салып шақыр”, дейді түлкіге. “Не деп шақырайын”,— деген түлкіге: “Маңғыт”,— десең балапавдарым келеді деп жауап береді. Түлкі: “Маңғыт”,— деп аузын ашып қалғанда, “Аузыңа саңғыт”— деп бөдене үша жөнеледі де, түлкіні мазақ етіп кетеді.
Аталған тақырыптағы қазақ ертегілерінің барлыгы бірдей, андар мен хайуанаттарды тура өз мағынасында әңгімелеп қойған жоқ. Кейде қазақ ертегілерінің ішіндс аң, хайуан кейіпкерлер арқылы қоғамдық, таптық жайларды сурет-тейтіні болады. Мүның өзі ертегілерде белгілі бір әдіске айналғандығын байқатады. Бұл жөнінде М. Горький және қазақ ертегілерін зеттеген, пікір айтқан ДО. әуезов, С.Мұқанов, қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, т. б. әдебиетші-ғалымдар былай дейді: өткен кезде, қанаушылар үстемдік еткен заманда, ауыз әдебиетін шығарушылардың көпшілігі
ауыр халде, езілуде, правосыз, қорғансыз болды; олар қанаушылардың халыққа жасаған жауыздықтарын өздерінің шығармаларында ашықтан-ашық суреттеп көрсете алмады, олай етсе, жазаланатын еді. Сондықтан ауыз әдебиетін шығарушылар әр түрлі тұспалдау, ишарат жасау әдістерін қолданады, осылар арқылы қанаушылардың жан түршігерлік жағымсыз іс-әрекеттерін сипаттайды.
Осы негізде туған қазақ ертегілерінің кейіпкерлері ары-стан, қасқыр, түлкі, т. б. болып келгенімен, олардың шын мәніндегі хайуавдар емес, қанаушы тап адамдары екендігін аңғарамыз. Бұл тектес ертегілерде суреттелетін түлкі — ел арасын бүлдіруші, жұртты алдаушы, өсекшіл, күншіл, қара басының дәрежесі үшін неше түрлі айла-амал жасаушы ала аяқ қулардық бейнесін елестетеді және оны солардың жинақталып берілген образы деуге болады. Арыстан бей-несінен үстем таптың азулы, талайды қан қақсатқан, жұртты жәбірлеуші адамдарын, хандарды көреміз. Сондай-ақ, ер-тегілерде суреттелетін жыртқыш аңдар арасындағы ала ауыз-дық, бір-біріне қастық жасаушылық әрекеттерінен қанаушылар арасындағы қарым-қатынасты, бір-біріне жа-сағанаңдысу, қаскүнемдіктердібайқаймызжәнеде, М. әуезов айтқандай, мұндай ертегілер халықтық сатира, қанаушы тап адамдарын күлкіге айналдырып сынау, жекеұрын қылықтарын шенеп-мінеу түрінде келеді. Бұл айтылғандардың мысалы етіп, “қасқырдың қойдан қорыққаны”, “Үш жігіт”, “Түлкі мен арыстан”, “Түйе неге артына қарайды” секілді ертегілерді алуға болады.
қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбы мен оқиға-әңгімелерінің аса мол түрі тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілср. Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана-сезімі, арман-мүддесі суреттеледі де ергегінің оқиғасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял-ғажайып немесе хайуанат-тар жайындағы ертегілерде фантастика басым болып отыр-са, тұрмыс-салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялынан туған әңгімелерден гөрі өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондай-ақ, тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері жалғыз көзді дәу, мы-стан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ, т. б. бейнесінде емес, нақты адам бейнесінде болады; сол қарапайым адам-дар жайы айтылады.
ТҮРМЫС-САЛТ ЕРТЕППЕРІ
Тұрмыс-салт ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс-тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге қүрылады. Бұлардың бәрі халық ор-тасынан шыққан, ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адамы арқылы баявдалады. Неше түрлі қиынпШлық, кедергілерді, ауыр халдерді андыған, алысқан жау амалдарын жеңетін де, сөйтіп мақсатына жететін де қарапайым адам болады. Бұдан, М. Горький айтқандай, халықтың қоғам өмірінде, еңбекте өз қүшіне және сол күштің жеңіп шығатывдығына сенгендігі көрінеді. әрине, халық ер-тегілерінде қарапайым адам айналасындагы өмірден бөлек алынбайды, ол сол өмірдің ішінде жүреді, соған белсене араласып отырады; ол, өмір шындыгында кездесетіндей, бірде жеңіп, бірде жеңіліп те жүреді. Бірақ жеңілісіне ңа-лымайды, үрейленіп сары уайымға салынбайды, қайта қайраттана түседі, “бүгін жеңілсем, ертең жеңем” деп өрше-лене, талаптана түседі. “Батар күннің атар таңы бар” де-гендей жақсылықты болашақтан күтеді, сол үшін күреседі. Сондықтан да халық ертегілері осындай қарапайым адам-дарды жағымды бейнеде алып, оларды ардақтап әңгіме етеді.
Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол талай ғасырдың жемісі. Бұл ертегілердің ішінде көне заманда, феодалдық қарым-қатынастар кезінде және соңғы дәуірде тугандары да бар. Олардың бәрі ауызша айтылып, ауызша тарағандықтан көптеген тарихи кезендер, талай таптық, қогамдық орта тудырған әр түрлі көзқарастарды, сан алуан ұғым-түсініктерді бойына жинастыра келгендері белгілі. Бірақ солай бола тұрса да, халықтық ортада туған ертегілер өзінің халықтық сипатын жойған жоқ. қайта, оны әрбір жаңа дәуір, жаңа кезең жағдайларына қарай өзгертіп, шывдап, жетілдіріп отырганын, өткірлеп мәнерлегенін байқаймыз.
әрине, ауыз әдебиетініңбасқа түрлері секілді тұрмыс-салт ертегілері де идеялық жағынан біркелкі емес. Таза халықтық, еңбек елінің идеясын білдіретін ертегілермен қатар, халыққа жат кертартпалық сипаты бар ертегілер де кездеседі. Мүндай ертегілер үстемдік еткен ортада туған, сонын идеясын уағыздайды. Сондықтан да біз ондай ертегілерді емес, ха-лықтық ертегілерді сөз етеміз.
Халықтың түрмыс-салтына байланысты туған ер-тегілерінде басты тақырып еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Бұл ретте қарапайым адамдарды халық ер-тегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі,
ақылы, өнсрі, адамгершілігі хандар мен байлардан әлдсқайда артық деп сурсттсйді. Мұны біз көптеген ер-тегілерден, соның ішінде әрі көрксм, әрі терең идеялысы “Аяз биден” көрсміз.
“Аяз би” — қазақ халқына ертеден таныс, мазмұнды, көркем ертегінің бірі. Ертегінің негізгі идеясы — шаруа адамының ісі мсн ақылын ардақтау. Бұл сртегіден халықтың нені арман сткенін, нені көксегендігін көреміз.
Ертегінің оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынады да, оны қоғамдық мані зор тартыстардың төңірегіне құрады. қанаушы мен езілгсн сңбек адамдарының арасындағы таптық қарым-қатынастар, алыс-тартыс күрестер суреттеледі. Бұл күрестерге халық атынан белсене араласатын, халықтың сарқылмас ақыл-ой даналығын көрсететін Аяз би болады. қанаушы таптың және оның үстемдігін жүргізуші хандар мен уәзірлердің жауыздыгын, елдің еңсесін түсіріп езгендігін халық ертегісі өзінің сүйікті кейіпкері Аяз би арқылы әшкере етсді, Халықтың ойынша, ел билеген әділетсіз, залым хандардың, билер мен уәзірлердің орнына еңбекші бүқараның өкілдері болса, елді осылар билесе,— заман түзелмек, әлеуметтік теңсіздік жойылмақ, халықтан шығып “хан болғандар” сңбск адамдарының мерейін үстем етпек; әділ, турашыл болмақ. Бүл ретте халық ертегісі еңбекші бұқараға жиірксніп қарайтын, тіпті оны адам санына қоспайтын хандар мен уәзірл ердің топастыгын әшкере ете отырып, оларға қарама-қарсы өз адамын қояды, бір-бірінс салыстырулар жасайды. Барлық сыннан мүдірмей өтксн, ақылы мен адамгершілігі ханнаң да, оның күншіл уәзірлсрінен дс асып түскен Аяз биді ардақтайды.
Ертегінің оқиғасы адал еңбегімен кәсіп еткен шаруа ада-мын ардақтау идеясынан туады. Ертегіде айтылатын барлық әңгіме осы идеяға бағындырыла дамиды; жағымды, жағымсыз кейіпкерлер арасындағы тартыстарды суреттсу ақылы ұлғая түседі және ол ертегінің шарықтау шегіне жеткенге дейін үзілмейді. Бұл идеяны халык ертегісі таптық тұрғыдан аша-ды, екі таптың адамын салыстыра отырып, кімнің артық, кімнің кем екендігін көрсетеді.
Мол сюжетке қүрылған жәнс оқиғаны басты кейіпкср арқылы баяндауға негізделген “Аяз би” ертегісі, салған бет-тен-ақ әңгімені таптық тұрғыдан қозғайды. Бірден-ақ ер-тегідегі кейіпкерлерді екіге бөліп даралай суреттейді. Ертегінің оқиғасы байлық дәрежесінс, сән-салтанатына ма-саттанған, сңбекші адамды келеке-мазақ етпек болған Мадан ханның қарамағындағы қырық уәзірінс шөптің, құстың, адам-
136ның жаманын тауып әксліңдер деп бұйрық беруінен баста-лады. қаћарлы ханның бұйрығын орындауға шыққан уәзірлер шөптің жаманы деп шеңгелді, құстың жаманы деп қырғауылды алады. Адам жаманын таба алмай сандалған шақта, бір таудың етсгінде қой бағып жүрген, үстінде жыртық тоны, басында тері тымагы бар, қол-аяғы жарылган, үсқынсыз адамға кез болады. Уәзірлер оған келген шаруасын айтады да, “адам жаманы осы болар” деп жаңағы “жаманды” ертіп алады. Жаман уәзірлергс шеңгел мен қырғауылды тастатады да, олардың орнына қара қоға мен сауысқанды алдырады.
Ертегініңосыдан былайғы әңгімесі хан мсн уәзірлер жаман деп таныған адамның жаман еместігін, ол ақылды, адам-гершіліктің иесі екендігін көрсетугс арналады. Бүл жолда ол халық алдында аса көп сындардан өтсді. Жаманның ақылы ханнан да, оның уәзірлерінен де артық болып шығады.
Уәзірлері әкелген адамды “мүнан жаман кісі дүниеде жоқ шығар” деп бағалаған Мадан хан: “Адамның жаманын дұрыс тауып әкелгендеріңмен, қүстың, шөптің жаманын таба алмапсыңцар”,— дсп ашуланады. Ханның қаћарынан зәресі үшқан уәзірлер қырғауыл мен шеңгслді алдырмаган Жаман екснін айтады. Сонда Мадан хан Жаманды шақырып алып, қырғауыл мсн шеңгслді алдырмау себебін сұрайды.
Өмір бойы еңбегімен күн көрген және бүл жөнінде өмірден алған тәжірибесіне сүйенген Жаман, ханның сүра-уына орынды жауап қайырады. Киім жыртатын, мал же-мейтін шеңгелдің адамға пайдалы отын екендігін, қырғауыл сиықсыз болса да, адал құс екендігін айтады. Бүл екеуін жаман демей, жақсы деп түсінетіндігін білдіреді. құстың жаманы сауысқан деу себебін: “Сауысқанның жүні ала болғаны сияқты өзі де ала, бірлігі жоқ, екеуі бірігіп үшпа’ған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын арам құс еді”,— деп дәлелдейді. Ал шөптің жаманы қара қоға екендігін: “қара қоғаны алып отқа жақсам, жанбайтын еді; үрлесем жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйді алып кететін еді. Отқа жанбаған соң, апарып малға салсам, сиыр екеш, сиыр да мүрнын шүйіріп жемейтін. Сосын қара қоға тіпті пайдаға келмейтін шөп деп ойлаушы едім. қара қоғаның жамандығын содан білдім”,— деп дәлелдейді. Сөйтіп, бұл әңгімеде қүс пен шөптің жаманы жайында шаруа адамының түсінігі еңбекпен кәсіп етпеген хан мен уәзірлердің түсінігінен әрі артық, әрі шындық екендігі айтылады.
Мадан хан Жаманды сынамақ болып, тағы бірнеше сүраулар қояды. Ол өзінщ тұлпарын, гауһар тасын сынатады. Жаман бұл сындардан да мүдірмей өтеді, жиналған жұрт алдында ақылы асқан данышпан адам екендігін та-нытады. Жаманның жауаптарына көңілі толған хан енді: “Өзімді сынашы, мен неше атамнан бері хан екенмін”,— дейді, ал бұл сын Жаманға оңай соқпайды, жамандығын көрсетеді деп ойлайды. Бірақ Жаман оган да мүдірмейді және хан алдында тұрмын деп именбейді, “қасықтай қанымды кешсеңіз, айтайын” деп жалтақтап жалынбайды, тайынбас қайсар, өжет өткірлігін білдіреді; Маданньщ қандай хан екендігін іркілмей айтып салады.
“Мен жаман-жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы аузыңызға жал мен жая түспей, нан мен көже түсіп, мені келісімен асбазшыға жібердіңіз… Сіздің аталы хан емес екендігіңізді осыдан байқадым”— дейді.
Осыдан былай бұрынғы Жаман халық алдында хан мен оның уәзірлерінен ақылы асқан, адамгершілігі мол, ер жігіт, өжет азамат, білгір данышпан атанды. Мұны ол Меңді қыздың жүмбағын, қойшы шалдың ханға айтқан түспал сөздерін шешуімен де анықтай түседі.
Бір кезде хан мен уәзірлері жаман деп таныған, кейіннен Аяз би атанған Жаманның абырой-атағы ел арасына жайыла бастайды, оны халық құрметтеп қадірлейтін болды. Аяз бидің мұндай дәрежеге жеткенін көре алмаған уәзірлер оған қастық ойлайды, ханға шагыстырып, өсек таратады. Уәзірлерінің сөзіне еліктеген хан, енді Аяз бидің көзін қүртып, Меңдіні әйелдікке алу жайын қарастырады. Бұл үшін ол өтірік сылтау-себептер айтып, Аяз биді “барса-келмеске” жүмсайды. Ханның залымдықпен жасаған бұл ойын Меңді біліп қалады да, қарсы амал қолданады. Ақырында, Мадан хан ұтылады да, айыбын мойнына алып, Аяз бидің алдына бас иеді. Бірақ уәзірлердің Аяз биге деген қастыгы тоқталмайды, қайтсе де көзден тайдыру ниетінен қайтпайды. әйткенмен, олардың бұл ойынан еш нәрсе шықпайды, жүрт алдында өздері масқара болып, жеңіліс табады. Ақыл-ойы сергек Аяз би ханның уәзірлерін тірідей жерлейді. Ол уәзірлерге қарап: “Киімдеріңді алып отқа жаққаным — білдірмей жүлғаным, аттарыңды сойғаным — күйдірмей пісіргенім, сендерді алдыма салып жалаңаш, жаяу-жалпы айдап әкелгенім — қан шығармай сойғаным”,— дейді. Сөйтіп, ол жауыз уәзірлерден кек қайырады және оларды ел алдында масқара-мазақ етеді.
Аяз би білгір ғана емес. Ол, сонымен қатар, адамгершілігі күшті, уәдеге берік, серттен таймайтын жан. Өзінің уәдесі, серті үшін өлуге бар, бірад айтқанынан бас тарту, қатерден қорқып үрейлену онда жоқ. Ол дарға асылып, демі бітіп бара жатқан кезде де сыр шашпайды, жан сауға сүрамайды, Мендіге берген сертінен айнымайды. Тек Меңдінің өзі келіп рүқсат еткенде ғана, ханға сырын айтады.
Сөйтіп, халық ертегісі Аяз биді әрі ақылды, әрі адам-гершілігі жоғары, турашыл, ер-азамат етіп көрсетеді. Ха-лыққа тән даналық, батылдық, әділдік сияқты жақсы қасиеттердің бәрі де Аяз би арқылы беріледі. Ақырывда ертегісі Аяз биді хандық дәрежеге көтереді. Мұнысы ха-лықтың өмірді түсінетін қарапайым адамдар хан болса екен, елді көпшіліктің ортасынан шыққан адамдар басқарса екен деген арман-мүддесін көрсетеді. Аяз биді хандық дәрежеге жеткізе отырып, халық ертегісі оған қалың көпшілік атынан ақыл-кеңес береді: “әділ, турашыл бол, баймын деп аспа, ханмын деп таспа”,— дейді.
Тұрмыс-салт ертегілерінің ішінде идеясы халықтық, мазмұны мол оқитаға құрылғаны “Аяз би” десек, соған орай оның көркемдік дәрежесі сай екендігін байқаймыз. Басқа ертегілерге қарағанда, “Аяз бидің” өзіне тән ерекшелігі оқиғаны жұмбақ түрінде құруында деуге болады. Бүл әдіс әңгімелерді біден айтып салмай, тавдаушыны қызықтыра түсу, “енді не болар екен” дегізіп ынтықтыру үшін қолданылған. Жаманның қырғауыл мен шеңгелді неліктен алдырмағаны немесе ханның өзін, түлпарын, гаућар тасын білгірлікпен сынаган жаманның өзі кім екендігі оқиғалардың шарықтау шегіне жеткен кезінде ғана ашылады. Сондай-ақ, Меңдінің жүмбағында, қойшы шалдың түспал сөздерінде кандай сыр жатқандығын ертегіні тындаушы алғашында аңғармай да қалады, олардың мәні кейіннен баяндалады.
қазақтың тұрмыс-салт ертегілері қарапайым шаруа ада-мын ардақтай отырып, еңбек-кәсіп ету жайына аса көңіл бөледі. “Жатып ішер жалқау болма, ерінбей еңбек ет, өжеттен де, өрге үмтыл” деген сияқты халық ойы ертегіге қошлады. хБұл ретте халық ертегісі ақыл-өсиет түрінде келеді және оларды өмір жолына енді түсе бастаган жастарға арнайды; оларды пайдалы еңбек арқылы тәрбиелеп, қоғамға керекті ер-азамат етіп шығару жайын қарастырады. Мүндай ертегілерде халықтың гасырлар бойына жиып-терген өмір тәжірибесі, тұрмыстан алынған, шығарған қорытындысы да айтылады. Соның бәрін ертегіге айналдырып, жастарга үлгі боларлықтай түйіндер жасайды.
Бұл тақырыптагы ертегілер, М. әуезов айтқандай, адамға пайда келтіретін ақыл-өсиет түрінде келеді. Оны жастарға айтушы көпті көрген, өмір тәжірибесі мол кәрия немесе қарт әке болады және бұл ақыл-өсиет кейде жұмбақ түрінде айтылады. Оны ол бірден түсіне қоймайды, түсінсе, теріс ұғынады. Содан ол көптеген қиыншылық халге ұшырайды, азабы мол ауыртпалықтарды басынан кешіреді. Ақырында оның қателерін көрсетіп, түзу жолға салатын да жаңағы кәриялар, әкелер болады.
“қарттың үлына айтқан өсиеті” дейтін ертегіде дүние салғалы жатқан қарт әке баласын шақырып алып бақұлдасады да, өлер алдывдағы өсиет-аманатын айтады. Ол ұлына: “қала сайын үй салдыр, ішкен-жегенің жал мен жая, қазы мен қарта», шекер мен бал болсын, жұма сайын әйел ал”,— дейді. қарттың мағынасы терең және тұспал-жұмбақ түрінде айтқан бұл өсиетін баласы теріс түсінеді. Ол әкесіне берген уәдесін орындамақ болып іске кіріседі де, қала сайын үй салдырады, ертеңді-кеш жегені қазы-қарта, жал-жая болады, жұ.ма сайын әйел алады. Ақырында барлық мал-мүлкінен айрылып, қайыршылық халге ұшырайды.
Тұрмыстан алған тәжірибесі жоқ, өмір соқпағына жаңа түсе бастаған жас жігітті осындай ауыр халден екінші бір кәрия қүтқарады. Ол қарт әкенің жұмбақ түрінде айтқан өсиет-аманатын шешіп береді және жігітке былай дейді: “әкең ақылды адам екен, бірақ сен оның өсиетін теріс түсініпсің. әкеңнің қала сайын үй салдыр дегені — әр жерде жақсы көретін жолдасың болсын дегені; ішкен-жегенің жал-жая болсын дегені — еңбек ет, еңбекпен тапқан азығың жал-жаядай, шекер мен балдай көрінеді дегені; жұма сайын әйел ал дегені — басқаға көз салма, сүйген келіншегіңмен жаңа қосылғандай тату-тәтті бол дегені”. Жүмбақ түрінде айтылған және терең мағынаға қүрылған бұл ертегінің өз кезінде жастарды тәрбиелеуде зор мәні болғаны сөзсіз.
Жоғарыда мысалға алган ертегіде жастарға ақыл-өсиет айтатын туған әке болса, енді бір ертегілерде оны бөгде адам айтқан болады. Мұны “Үш ауыз сөз” дейтін ертегіден көреміз. Бүл ертегіде былай делінеді: баяғыда бір байдың жалғыз баласы болады, ол жылқышы екен. Бір күні ол жігітке ақ сақалды шал келеді де: “Үш ауыз сөз үйретейін, бірақ ақысына бір айғырдың үйірін бересің”— дейді. Жігіт келіседі. Шалдың үш ауыз сөзі былай екен: “Жүрген жеріңде қастық қылма, таңертеңгі асты тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын”. Ертеңіне жігіт үйіне келген соң болған оқиғаны әкесіне айтады. Баласының бұл ісіне қарт әке қатты ашуланады, “Малды шаштың” деп
ұрсады, үйінен қуып жібереді. Жігіт қаңғып кете барады. Ол көп жыл бойына шетте жүріп, талай қиыншылықтарды басынан кешіреді. Кейбір ауыр халдерден оны баяғы шалдың үйреткен үш ауыз сөзі алып шығып отырады. Ақырында, жігіт үйінс қайтып келіп, мүратына жетеді.
Оқиғасы тұрмыс-тіршіліктен алынган, кейбір әңгімесі ескі нанымға негізделген бүл ертегіде ерте кездің көзқарасын білдіретін бірнеше мәселе көтеріледі. Жігітке үш ауыз сөз үйреткен кәрияның әрбір сөзі мол әңгіменің жекетақырыптары ретінде алынады және оларды тұрмыста кездесетін оқиғалармен дәлелдейді. Жақсытұрмыс, ынтымағы жарасқан отбасын қүру үшін еңбек, адалдық, достық керек деп қорытынды жасайды. Бұларды ертегінің кейіпкері жас жігіттің басынан кешірген халдерін суреттеу арқылы өмір жолына жаңа түсе бастаган жастарға ақыл ретінде аңғартқан болады.
Ақыл-өсиет түрінде айтылатын ертегілердің кейбіреулері қоғамдық, таптық жайларды қарастырады. “Ал-пысқа келгеннен ақыл сүра” дейтін ертегіде халық қанын судай ағызған жауыз ханның жан түршігерлік істері әшкере болады. Өзін жер үстінің құдайымын деп есептейтін бүл хан, жасы алпысқа келгендерді қыру туралы бүйрық береді. Оны орындамағандарды дарға асып өлтіретінін ескертеді. Хан жарлыган естіген жұрттың есі кетеді, ел басына қара түнек орнайды. Кейбіреулер алпыстағы ата-анасын алып, басқа жаққа көшіп кетеді. Өзгелері амалсыздан хан бүйрығын орындауға кіріседі. Бірақ бір жас жігіт алпыстағы әкесін өлтіруге қимай, жасырып кояды. Осы кезде бүл ханға қарсы екінші бір хан жорық ашып, йабуыл жасайды. Оған қарсы аттанғандардың ішінде жаңагы жігіт те болады, ол ала өгізгс мінгізігі, қапқа салып әкесін де ала шығады. қатты соғыста хан жеңіліп, сау қалған әсксрлерімен шегіне қашады. Бүлар шөлге кездеседі, судың жоқтығынан адам да, ат та қырыла бастайды. Бүл халді білген жігіттің әкесі баласына өз тәжірибесін айтып, су тауып береді. Кейіннен ол алтын жүмыртқаның көлде емсс, бәйтеректің басында екенін айтады. Ақырында, суды, алтын жүмыртқаны тауып берген алпыстағы шал екенін хан біледі де, бүрынғы бұйрығының терістігін мойындап, оны бұзады жәнс жігіттің әкесінен кешірім сүрап, аяғына жығылады.
Бүл ертегіде, бір жағынан ханның жауыздық істері әшкере етілсе; екіншіден, оған қарама-қарсы шаруа адамының білгірлігі ардақталады, еңбек адамыныд елге түтқа екендігі көрсстіледі. Жауыз ханның жағымсыз образын бере оты-рып, халық ертегісі қанаушылардың қалың бұқараға жасаған
қаскүнемдігін бейнелейді, хан атаульщан халыққа жақсылық жоқтығын аңғартады. Мұньщ өзі еңбекші халықтың таптық сана-сезімі ояна бастағанын білдіреді.
Тақырып жағынан алғанда, қазақтың тұрмыс-салт ер-тегілері ақылды жігіт пен ақылды қыз жайын әңгіме еткен,— дейді М. әуезов.
— Бұлай, деудің реті бар. Өйткені, қай халықты алсақ та, ол жастардан көп үміт етеді; қоғам өмірінде болсын, жеке түрмыста бөлсын жастардың атқаратын қызметі, орын-дайтын міндеті орасан зор екендігін біледі. Ел қорғайтын батыр да, жойқын еңбек етіп шаруашылықты ретке келтіруші де, ел-жүрпы асырап-сақтаушы да, өнердің өріне өрле-уші де — жастар. Халықтың “Асыл тастан, ақыл жастан шығады” дейтіні осыдан. Солай болғавдықтан халық жас-тарды ардақтамай, олар жайында әдемі ертегі-әңгіме шығармай отыра алмайды.
әрине, халықтың тұрмыс-салтына байланысты шығарған ертегі-әңгімесінде жас атаулыны шетінен ардақтай бермейді. Жастардың ішінен зерек, ақылы барлары, халық үшін игілікті істер жасағандары ертегіге қосылады; кейінгі ұрпаққа соларды үлгі етеді. Ал, әділін, турасын айтатын халық, өзінің ертегісіне тек жігіттерді ғана емес, олармен қатар қыздарды да енгізеді. Бұлардың қайсысы болса да, өздерінің ақылдарымен, білгірлігімен көрінеді, халықты сүйсіндіріп отырады. Сондай-ақ, кейбір ертегілерде қыздар мен жігіттер жайы, олардың арасындағы достық, махаббат сыры сурет-теледі. Бұл ретте ақылды жігіт, жақсы қыз бір-біріне ғашық болып қосылады, мүратына жетеді. Өткен заманда, жігіт сүйген жарына немесе қыз ұнатқан жігітіне көбінесе қосыла алмайтын кезде, халық ертегісі сол ескі әдет-гұрыптан туған жол-жобаға қарсылық білдіреді, жастар теңіне қосылуы керек деген идеяны таратады.
Осы аталған тақырыптағы ертегілердің үлгісі ретінде “Жақсы әйел”, “қарт пен тапқыр жігіт”, “Ханның кесір қызы мен тазша”, “Жалайдархан мен Сағат”, т. б. ертегілерді атауға болады. “Жақсыәйел” деген ертегіде қыздың ақылы, адамгершілігі ғана суреттеліп қоймайды, сонымен қатар әйел қауымының аянышты халі, халық түгіл өз баласына қиянат жасаған озбыр хан суреттеледі. Ертегіде айтьшатын хан бір күні шаңыраққа қарап отырып, ұшып бара жатқан қаздарды көреді де, уәзірлерін шақырып алып: “Алдыңғы қаз соңғы қазға не айтты, біліп беріндер”— деп бұйырады. Уәзірлер сасады. Хан қызына өздерінің қысылып тұрғанын айтады, төнген қауіптен құтқаруын өтінеді. Хан қызы:
“Алдыңғы қаз соңғысына: “Жақсы әйел жаман еркекті түзейді”” деген еді, бірақ “мүны тапқан кім?” деп әкем сұрар, сонда “өзіміз таптық” деп айтыңдар”,— дейді. Уәзірлер ханға барып, алдыңғы қаздың соңғы қазбен не деп сөйлескенін айтып береді. “Мүны өздерің таптыңдар ма, әлде басқа біреу үйретті ме”,— деп уәзірлерді тағы да қысады. Уәзірлер қорыққанынан: “Мұны бізге үйреткен сіздің қызыңыз”,— деп айтып қояды. Хан әміріне қарсы келген өз қызына да сол арада мейрімсіздік жасап, адамның жа-манына күйеуге беріп жібереді.
Ертегінің осыдан былайғы әңгімесінде қайырымсыз әкенің қаћарына душар болып, “шірік жүмыртқа” атанған қыздың жаман адамды қалай тәрбиелегені айтылады. Бір кезде хан және оның уәзірлері жаман деп таныған, адам деген атынан айрылып “жаман” саналған жігітті ақылды, өжет қыз қатарға қосады, тең-қүрбысынан өнерін артқызып, абырой-атаққа ие етеді.
Бүл’ертегіде де “Аяз биде” айтьшатын халықтық сарын бар. Ол — қаналушы таптың, хан мен уәзірлердің еңбекші халыққа жиренішпен жаман деп қарағандығын, халыққа мейрімсіздігін әшкере етуінен көрінеді және олардың жаман дегені асқан ақылды, білгір адамдар болып шығады. Соның бірі жаман деп әке берген қыз болады. Бұл ретте ол хан қызы деген аты болмаса, хан қызы емес, халық қызы, “жамандардың” ақылды қызы болып кетеді. Екіншіден, ер-тегінің халықтық сипаты — феодалдар үстемдік еткен за-манда әйелдердің аянышты халде болғандығын көрсетуінен байқалады. Феодалдық қауым әйелдерді адам қатарына қоспаса, адам деп санамаса және әйелдерден де ақылды, білгір адамдар шығатынын мойындамаса, бүған халық қарсы екендігін білдіреді. Ақылды, білгір адамдар әйелдерден де шығатынын осы ертегісінде де дәлелдейді. Сондай әйелдерді ардақтап, мақтан етеді.
Осындай ертегілердің енді біреулерінде ақылды, білгір жігіттер жайы әңгіме етіледі. Олар көбінесе қалың ортадан шыққан қарапайым адамдар болады. Бұлардың ақылын, білгірлігін көрсету ақылы ертегілерде халық даналығы, халықтың ғасырлар бойы жиып-терген, өмірде сыналған тайғагы жоқ тәжірибееі жинақталып беріледі. Мүны “қарт пен тапқыр жігіт” ертегісінен көреміз. Онда жігіттің ақылдылығы бірден аңғарылмайды, жүмбақ түрінде келеді. Алғаш кезінде ол ақылы шолақ, есі ауысқан адам секілді болып көрінеді. Ол өзімен бірге салт келе жатқан қартқа “Арқаласайық”,— деп тіл қатады.
Жігіттің бүл сөзіне
түсінбеген қарт: “Арқаласайық дегені нссі, атты кісі қалай арқаласады”,— деп ашуланады. Олар жолшыбай өлген кісіні көміп жатқан адамдарға кездессді. Одан аттана беріп: “Жаңағы кісі өлмеген скен”,— дейді жігіт. Бұған қарт тағы ашуланады: “Өлген кісіні өз қолымыздан көмістік, оны бұл қалай өлмеді деп айтады, тегі мына жігіт жыи-данған адам болу керек”,— деп ойлайды. Енді бір мсзгілдс бұлар егін жинап жатқан орақшыларға жолығады, астық өнімі мол-ақ екен! Олардан өте беріп: “Егіншілердің еңбегі зая кеткен екен, астыгы желініп қалыпты”,— дейді. Жігіттің бүл сөзінс қарт тагы да ренжиді, мұндай адаммен жолдас болғанына өкінеді.
Жігіттің қандай адам ексндігі қарттың уйінс келгенде мәлім болады. қарт өзінің қызына: “Мына жігіткс ас-суыңды тезірск бсріп жөнелт, өзі есі ауысқан ақымақ екен”,— дейді. әкссінің бұл сөзіне қайран қалған қыз жігітпен тіл қатысады, жігіт оған да жолда көргендерін жұмбақ стіп айтып шыгады. қыз да ақылды, дана ексн. Ол жігіттің жұмбақтап айтқан сөдерінде терең мағына бар скенін, оның “ақымақ, жынды” еместігін әкссінс айтып түсіндірсді жәнс өзі жігіткс тең жар болып қосылады. Сөйтіп/халық ертегісі ақылды жігіт пен білгір қызды мақтаныш етеді, “Ақыл жастан шығады” деп қорытынды жасайды.
Халық арасынан шыққан айлакер, ақылды, өнерлі жас-тарды, қарапайым еңбек адамдарын жәнс олардың ісін ел ертегісі сүйсіне әңгімс сткенде, оларды өршіл талап иесі етіп суреттейді. Олар талай қатал сындардан мүдірмей өтіп, бас бәйгіні алып жүреді.“Ханның кесір қызы мен Тазша” дейтін ертегіде осы әңгімс айтылады. Жасы отыздардан асқан хан қызы күйеу таңдайды. Оған үйленеміз деп дәмеленген ығай мен сығай мырзаларкеледі. Бірақ олардың бәріне қыздың •қоятын бір ғана шарты бар: “Кімде-кім әңгіме айтып, менің басымды төсектен үш рет көтерсе, соған тиемін”,— дейді. қыздың бүл шартын ешкім орындай алмайды. Сол кезде хан ордасына тазша жігіт келіп, қызбен тілдеседі. Кесір қыз оның сөзіне жауап бермей жата береді. Тазша әңгімесін бастай жөнеледі. Бірінші әңгімесінде “ағаштан түйін түйетін шебер, зергер және молда үшеуі жолдас болады, шебер ағаштан қыздың бейнесін жасады, зергер оны әдемілеп киіндірді, молда жан бітірді.” Сонан соң осы сұлу қызды “мен алам, мен алам” деп үшеуі таласқа түсті, әрқайсысы өз өнерін дәлелдеді. “Енді осы қызды жаңағы үшсуінің қайсысы алуға тиісті?”— деп сұрайды тазша. Бүл сүрауға кесір қыз жауап бермей, жата береді. Сонда тазша тұрып:
Бүл сұраудың жауабын беру сізге қиьтн болғанмсн бізге оңай. қызды ағаш шсбері алуы керек”,— дейді. “Ой, ақымақ, соны да білмегенің бе, қызды жан бітіргсн молда алуы ксрек”,— дсп, кесір қыз төсектен басын көтеріп алады. “Ханша, үмытпаңыз, басыңызды төсектсн бір рет көтердіңіз”,— дейді тазша.
Тазша скінші әңгімесінде үш өнерпаздың (көреген, мерген, қағып алғыш) жайы” айтады. “Алып қарақүстан құтқарылған қыз осы үш өнерпаздың қайсысына тиісті”,— дсйді тазша. Кесір қыздан жауап болмаған соң: “Ол қызды мергсн алуы ксрек”,— деп өз үйғарымын сстіртеді. Сонда кесір қыз: “қағып алгышқа лайықты”,— деп басын екінші рет көтереді. Тазша үшінші әңгімесінде екі үры жайын әңгімелсйді де: “Осы екеуінің қайсысы өнерлі?”,— дсйді. Кесір қыз, бүған да жауап қайырмайды. “Бұл сұраудың жауабын беру сізгс қиын болғанымен бізге оңай. Біздіңше күндізгі үры өнерлі”,— дей бергендс, кссір қыз: “Түнгі үрының өнері артық, ол нагыз ерлік жасады”,— деп төсек-тен басын үшінші рет көтереді.
қазақ сртегілерінде сүйкімді бейнедс әңгімеленетін ақылды, айлакер тазша, ханның кесір қызын осылай жеңеді де, оған үйленсді. Ол бүл қызға ғашық болған, оған үйленсміз деп дәмеленген мырзалардан өнерін асырып кетеді.
Түрмыс-салт ертегілерінен халықтың діни үғымы, на-нымы мен түсінігі дс орын аладьі. Аталған тақырыптағы ертегілерде қараңғы адамдардың дінге сенімі, әр түрлі мифке байланысты көзқарастары да айтылады. Сонымен қатар, бұл тақырыптағы ертсгілсрдің көпшілігі ащы мысқыл, өткір әжуа, мазақ-күлкі түрінде келеді.
Ондай ертегілерде дін иелері тарататын діни үғымдар мен діни үгіттергс сын айтылады, олардың шындығына шүбәланады жәнс бекерге шығарып та отырады. Мүны біз “Адам өмірі”, “қыдыр, бақ, ақыл”, “Бақа” дсйтін ср-тегілерден көреміз. Бүларда, бір жағынан, дін иелері айта-тын әңгімелерді келекс, әжуа-мазақ сту, бекерге шығару болса; екіншіден, ақылды, еңбскті ардақтаушылық, жақсы өмір, шат түрмыс қүру еңбекке, адамның ақыл-ойына бай-ланысты деп түсінушілік бар.
Дін иелері, дүниені, жанды, жансыз табиғатты, хайу-андарды, адамды, т. б. жаратушы қүдай деп үгіт айтатын жәнс олар құдайдың барлығына шек келтірмсй, әр түрлі әдіспен жүртты иландырып, нандыруға тырысатын. Біреудің бақытты, біреудің бақытсыз болуы, біреудің аз, бірсудің көп жасауы қүдай тағаланың әміріне байланысты дейтін.
қысқасы, өмірде болатын сан алуан құбылыстардың бәрін олар бір құдайдың бұйрығынан деп дәлелдейтін. Дін иелерінің бұл секілді үгітіне қазақ халқы өткен уақытта, қараңғы надавдық жағдайда жүрген кездің өзінде де, шын ықыласымен түгелдей сеніп кете қойған жоқ. Олардың қараңғы елді алдау үшін шығарған кейбір үгіт-әңгімелеріне сын айтып, күлкі-мазаққа айналдырғаны, бекерге шығарғаны бар. Мұны ол өзінің ауыз әдебиетінде, соның ішінде ер-тегілерінде, суреттеп көрсеткенін білеміз.
Халықтық сатира түрінде айтылатын “Адам өмірі” дейтін ертегіде былай делінеді: құдай тағала өзі жаратқан хайуандарды және адамды шақырып алып, әрқайсысының қанша жыл өмір жасайтындығын белгілейді. Ең алдымен адам барады. Оған құдай отыз жыл өмір беретіндігін айта-ды. құдаймен таласуға болмайтындығын білетін адам, басқаларға қанша жылдан берер екен деп түра береді. Екінші болып есек барады, оған қүдай қырық жыл өмір береді және де: “Адамға қызмет етесің, адам не бүйырса, соны орындайсың, ұрса шыдайсың, өзің үшін көретін қызығың аз болады”,— дейді. құдайдың бұл үкіміне есск көнбей үрыс шығарады: “Адам азабында жүрсем, маған берген өмірің көп, жартысын қайтып ал”,— дейді. Есектің тілегін құдай қабылдайды да, жиырма жылын шегереді. Сонда есектің қасына адам келіп: “құдайға қайырып берген жиырма жылыңды маған алып бер”,— деп өтінеді. Есек қүдайға қайта барып, қалған жиырма жылын адамға әпереді. Бұдан кейін құдай алдына ит оарып, отыз жыл емір алады. Оган да: “Өз рақатың аз, адамға қызмет етесің”,— дейді құдай. Ит қүдайдың бүл үкіміне дау айтып, өзіне берілген отыз жылдың он бесін шегертеді. Иттен қалған онбес жылды адам таіы сұратып алады. Ақырында, құдайға маймыл ба-рады. қүдай оған алпыс жыл өмір береді және: “Көркің сиықсыз болғаны сияқты, өмірің де сиықсыз болады. Ба-ла-шағаға күлкі болып жүресің”,— дейді. Маймылда құдай-мен дауласып, отыз жылын шегертеді. Мұны көріп тұрған адам маймылды құдайга жүмсайды, маймылдан қалған отыз жылды адам өзіне қостырып алады.
Күлкілі әңгімеге құрылған бұл ертегінің өзінше түйіні, шешімі де бар. Ертегінің айтуынша, есектен, иттен, май-мылдан алғандарын қосқанда адамның жасы тоқсан беске келмек. Мұның ішінде адамның алғашқы өз жасы (отыз жыл) — жастық, жігіттік кезін көрсетпек. Есектен алған жиырма жылда адам еңбек етеді, қажымай жұмыс істейді, иттен алған он бес жылда бұрынғы жиған-тергевдерін
корыған, оны басқалар алып қоймаса екен деп әркіммен ұрсысып-қағысқан кезі болады. Ал маймылдан алған отыз жыл — бұл адамның қартайған кезі. “қарга адым жер мүң болған” кезін көрсетпек және оның әрбір қылыгына бала-шаға күліп қарайтын шағын аңғартпақ дейді ертегі. Сөйтіп, бұл ертегі дін иелерінің айтатын үгітін де келеке-күлкіге айналдырады.
Осы тақырыптағы ертегінің тағы бір үлгісі ретінде “қыдыр, бақ, ақыл” жайындағы ертегіні алуға болады. Дін иелерінің айтуынша, адамның бақытты не бақытсыз болуы да құдай тагаланың бүйрығына, тағдырға байланысты; қүдай тағала жарылқаймын деген адамына қыдыр дарытады, бақ қондырады-мыс. Ақыл-ойы сергек халық бұл үғымға да сезіктене, сенімсіздікпен қарайды. Оны осы аталған ертегіден де аңгаруға болады.
Бүл ертепде қыдыр, бақ, ақыл үшеуі қайсысының күшті екендігін сынаспақ болып келе жатса, алдарынан жер жыр-тып жатқан егінші кездеседі. Оған қыдыр дарып кетеді де, жыртқан жерін алтын етіп жібереді. Көп алтынға ие болған егінші саудагерлер арқьшы ханмен жақындасады, ханның қызына үйленбек болады. Осы кезде ханның еліне жау тиісіп, шабуыл жасайды, жүрт соғысқа аттанады. Жауға қарсы соғысқа шыққан егіншіге тағы бақ қонады. Ол алып дәу кейпіне түседі де, жауды жеңіп қайтады. Сонан кейін оған хан қызын беріп, тойын өткізеді. Бірақ жігіт хан қызын күнде сабай береді. Бүған ашуланған қыз әкесіне арыз айтады, хан жігітті дарға асып өлтіру туралы бүйрық береді. Дарға асылып, қылғынып бара жатқан шақта жігітке ақыл келеді. Ақылдың арқасында жігіт өлімнен қүтылып, мұратына жетеді.
Ертегінің айтайын деген ойы, идеясы — қыдыр мен бақты дәріптеу емес, ақылды ардақтау. Бүдан көрінетін халықтық нысана: ақылды, есті адам ғана мүратына жетеді, қандай қиыншылық, қауіп-қатерден болсын, өлімнен бол-сын адамды ақыл ғана қүтқарады; ақылдыға азу да, тозу да жоқ, ал қыдыр мен бақ дейтіндер дін иелерінің ойлап шығарғаны, ондайлар болған күнде де адамды ақыл секілді абыройға жеткізбейді; адам баласына өлім қаупі орнаган кезде, дарға асылып, демі бітіл бара жатқан шақта, қыдыр мен бақ еш нәрсе де істей алмады, тек ақыл ғана арашашы болды, демек, сөйтіп, ертегі бақ пен қыдыр жайындағы діни ұғымды бекерге шығарады.
Бүл тақырыптағы ертегілердің кейбіреулерінде ескі на-ным-сенімге иланудың өзі ойдан жасалған бояма нәрсе
екендігін әжуалап көрсететіні де бар. Бүған “Бақа” дейтін ертегіні алуға болады. Ертегінің бас кейіпкері Бақа атты шал — “көріп кел, біліп кел” қасиеті жоқ адам. Бірақ, ол ойламаған жерде, кездейсоқ жагдайларға байланысты бақсы-балгерлік, әулиелік қызмет атқарады. Байдың үйіне қонып отырған Бақа мүшкіл халге ұшырайды, саудагерлердің жоғалган кездемесін “ұрлаған сен, қайдан тапсаң, онан тап” деп бай қысады. Басына түскен пәледен құтылмақ болған Бақа ұрланған нәрсені таппақ болып амалсыздан көнеді. Сөйтіп ол түн ішінде далаға шықса, саудагердің матасын ұрлап, тығып жатқан бай баласының үстінен шығады, жоқ табылады. Осыдан былай Бақаның “әулиелігі” елге жайы-лады. Кездейсоқ жағдайлардың арқасында ол бидің жақсы көретін түйесін де тауып береді. Ақырында ол осы “әулиелігі” үшін өлермен жағдайға кезігеді. Бірақ одан Бақа деген аты құтқарып алады. Сөйтіп, әрі уайым, әрі күлкі халге қүрылған “Бақа” ертегісі “көріп кел, біліп келі бар әулие” деген ұғымның қолдан жасалғандығын әжуа етеді.
Тұрмыс салттан туған ертегілердің тағы бір тақырыптары — үй-іші, отбасы, жақсылық пен жамандық, ұры мен аярлар жайында болып кслсді. Бүларды ертегіге айналдырған халық өзінің қандай көзқарасы барлыгын айқын түрде аңгартып та отырады. Үй-іші, отбасы жайын ертегі еткенде халықтың көздейтіні татулық болады. Жарасқан ынтымақ, тәтті та-тулық бар жерде жақсы отбасы құрылады, ондайдың жогы табылып, өшкені жанады дейді. Ал үй ішінде, отбасында мұндай жағдай болмаса ұрыс басталады, ырыс шайқалады, қайғы-қасірет көбейеді, бүтіні бөлінеді деп түйіндейді. Халықтың осы ойы “Жігіт пен сиқыршы әйел”, “Ақылды стікші” секілді ертегілерден көрінсді. Бұл сртегілердің оқиғасына белгілі мөлшерде қиял-ғажайып әңгімелер де араласады. Бірақ негізгі оқиға түрмыс-салтта кездесетін шындықтарды суреттеуге құрылады.
Жақсылық пен жамандық, қиянат псн зұлымдық, қомағайлық пен сарандық жайларына да қазақ ертегілері көңіл бөледі. Жақсылықтан басқасының бәрін жиіркеніш сезіммен суреттейді. Адамды мұратқа жеткізетін жақсылық деп бейнелейді және де жақсылық деген ұғымның мағынасы терең, мазмүны көп екендігі, сан алуандаған ертегілерде дәлелденеді. Мүны біз “Жақсылық пен жамандық”, “Хан мен уәзір”, “Айлалы тазша” сркілді ертегілерден көреміз. Бұл ертегілерде суреттелетін жаманшылық иелері, қиянат пен зұлымдық, қомағайлық пен сараңдық, жамандық пен
қастық қаншама күшті болса да, оларды жақсылық жеңіп, жазалап отырады.
Осы ретте халық ертегілерінде алдампаз аярлар мен ұры-қарақшылар суреттеледі; ұры-қарақшылар мен аярлар-ды халық ертегісі жазаға бұйырады, ел алдында абыройын төгіп мазақ етеді. Мүны “Момынбай мен жеті қарақшы”, “Үры мен аяр”, “Үш үры” дейтін ертегілерден көреміз.
“Момынбай мен жеті қарақшы” деп аталатын сртегіде үры-қарақшылардың шаруа адамына жасаган қастығы және сол үшін олардың ел алдында масқара болғаны әңгімеяенеді. Үры-қарақшылар қаншама зымиян болса да, ақырында жаза көреді, еңбек адамы олардан ақыл-айласын асырып кетеді. “Үш үры” ертегісі де осындай оқиғаға қүрылады. Ондағы бау кеспелер жарлының жалғызын ұрламақ болып көп әрекеттенеді, бір сәтте сол мақсатына жеткен де болады. Бірақ кейіннен үрлықтары әйгіленіп көп айып, ауыр жаза тартады. Сөйтіп, халық ертегісі “Үрлық түбі — қорлық” екендігін суреттей отырып, адал еңбек, кәсіп ету керектігін ескертеді. Адал еңбек абырой әпереді деген қорытынды жа-сайды.
Түрмыс-салт ертегілерінің оқиғасы, қүрылысы жағынан өзіндік ерекшелігі бар түрі — күлдіргі ертегілер. Бүл топтағы ертегілер,— дейді М. әуезов,— үлкенге де,. кішіге де бірдей ортақ, тапқыр күлкіге, қызықты жеңіл түйіндсрге қүрылған әңгімелер. Алдымен мүндай ертегілердің аты, басты кейіпкерлерінің өзі ерекше күлкі болып келеді. Ертегілердің “қаңбақ шал”, “Үр тоқпақ”, “Ши бүт, қағанақ бас, қыл тамақ”, “Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек”, т. б. болып ата-луының өзі-ақ күлкілі жайларды аңғартады. Бұлармен қатар, бүл топтағы ертегілер тазшаларға арналады, олардың тамаша күлкілі істерін сүйсіне әңгіме етеді.
Күлдіргі ертегілердің өзіндік ерекшелігі — оқиғаны шындық өмірден ала отырып, тапқырлыққа қүруында және оқиғаға қиыннан қиыстырып, өмірде болғандай етіп фан-тастикалық әңгімелерді шебер түрде қосуында. Сонда “Күлкілі, оқыстан туған, келте қайырылған тар жердің тәсілі, үйқы-түйқысы тәрізді болады,— дейді М. әуезов, — оқиғалы, тартысы күлкі болғандай, ойда жоқ күлкі хал көп қимыл әрекеттер туғыза келіп, бірінің үстіне бірі қат-қабаттап үйіле, жүмарлана түссе, сонда күлкі әңгіме жетісе түсіп, күлкісі, қызығы үдей береді”.
Оқыстан туған, қызщқ оқиғалы, қырғын күлкілі ер-тегілердің бәріне қарапайым адам араласады; олардың адам нанғысыз істері және қоғам өмірінде кездесетін әр алуан
жағымсыз қылықтары, шайпау мінездері және халық сүймейтін нәрселер суреттеледі. Бұлардың бәрі қысқа түрде күлкілі оқиғаға құрылады. Мүнымен қатар, қиянат пен зор-лықты, жаманшылықты жеңу, жою туралы халық арманы ертегінің жағымды кейіпкері ретівде алынған қарапайым адамдар арқылы аңғарылады.
“қаңбақ шал” дейтін ертегіде қаңбақтай қураған ба-лықшы шалға түлкі өшігеді де, дәулерді жіберіп, өлтіртпек болады. Жел үрлесе ұшып кеткелі тұрған шал, дәулер кел-генде қорыққандығын білдірмей, қулық жасайды; өзінің алып батыр екендігін айтады. Және де: “Айқасып алысқан батырлық емес, жердің ішегін шығарған, қара тастың майын ағызған батырлық”,— дейді. Осыдан кейін олар өнер са-лыстырады. Алдын ала айла-амал жасаған қаңбақ шал, жердің ішегін шығарады, қара тастың майын ағызады. Мұндай өнер қолынан келмеген дәулер, шалдың алып батыр екендігіне көздері жетіп, онымен дос болады. Бірақ шал бұл дәулерден мүлде құтылу жайын ойлайды да, оларды ертең үйіме келіндер деп қонаққа шақырады.
Ертеңіне дәулер шалдың лашығына келеді. Шалдың кемпірі, күйеуінің үйретуі бойынша, дәулер келгенде: “Бұларға не асамын”,— деп сұрайды. Сонда шал: “Жоғаргы дәудің басын ас, төменгі дәудің төсін ас, ортаншы дәудің өзін ас”,— дейді. Кемпір қолына пышақ алып үмтыла бергенде, дәулердің зәресі ұшып, қаша жөнеледі. Олардың алдынан баяғы түлкі шыға келеді. Шалдың қулық жасағанын айтып, дәулерді қайтадан әкеле жатады. Осы кезде шал айқайлап: “Түкім-түкім, жақсыеттің, жаңабұлдәулерқашып кетіп еді, қайтып әкеле жатқаның оңды боды”,— дейді. Мұны естіген дәулер: “Бізді құртқалы келе жатыр екенсің,— деп түлкіні бір соғып өлтіреді де, өздері қаша жөнеледі.
Сөйтіп, қаңбақтай шал адам баласына қастық ойлаушы алып дәулерді, алдампаз аяр түлкіні жеңіп шығады. Оларды күшімен емес, ақыл, айла-амалымен, тапқырлығымен жеңеді. қаңбақтай шалдың адам нанбас ерлік жасап, алып-тарды жеңуі, қысылған жерде ебін тауып айла мен өтірікті қүрал етуі ертегі оқиғасының күлкілі құрылысын көтере түседі.
Күлдіргі ертегілердің кейбіреулері жансыз заттардың ойда жоқ жерде жасаған қызық әрекеттерін суреттеуге құры-лады. Бұл алуандас ертегілер көбінесе балаларға арналған. Мұның мысалын “Үр тоқпақ”, “Піс қазан” секілді ер-тегілерден көреміз. Алғашқы ертегіде бір кедей шалдың тұзағына түсіп қалған қаз жайы айтылады. қазды шал
босатып жібереді, сонысы үшін қаз оған бірнеше сыйлық тартады. Соның бірі — үр тоқпақ. қаз берген сьшлықтарын шал жолшыбай үрлатып алады. Бірақ үр тоқпақ қырғын-қызық әрекеттер жасап, оларды шалға тауып береді.
қазақтың күлдіргі ертегілерінщ ішінде өркеші биік, оқшау тұратыны — тазшалар жайындағы әңгімелер. Бүл ертегілерде тазшаның • халық арасынан шыққан алғыр, ақылды, айлалы, тапқыр-талапкер, ер көңілді өжет жігіт екендігін аңғарамыз. Ол өзінің ақыл-өнері, қайраты арқасында нешелеген қиын-қыстау жағдайдан, ауыр халден аман-есен қүтылып жүреді, сан алуан сындардан мүдірмей өтіп, жүлдеге ие болады. Өзі жалғыз атты кедей болса да, хан, уәзір, жендеттермен айқас, арпалысқа түседі, оларды ел алдында күлкі, әжуа, мазақ етеді. Оның осындай істеріне сүйсінген халык “қу тазша”, “Ақылды тазша”, “Айлалы тазша” деп ертегісіне қосады.
Тазшалар жайында шығарылған және мол күлкіге қүрылған халық ертегісінің ең бір әдемісі деп “Тазшаның қырық ауыз өтірігін” атауға болады. Бүл ертегінің шеберлігі — барлық оқиғаны қиыннан қиыстырып, өтірік әңгімелерге қүра білуінде. Ханның: “қызымды мүдірместен қырық ауыз өтірік айтқан өтірікшіге берем”,— деген хабарын есітіп, талай байдың хан қызынан дәмелі мырзасы келеді, бірақ бірде-бір қойылган шартты орындай алмай, сол үшін жазаға тартылады. Бүл шартты тек тазша бала ғана орындайды. Ол әңгімесін: “Мен анамның қүрсағында жатқанда, тумаған ту атамның жылқысын бақтым”,— деп бастайды да, адамға таныс жанды-жансыз табиғат дүниесін аралап кетеді. Бар-лық әңгімесіне бір ауыз шындық қоспай, бір оқиғадан екіншісін тудыра, қисыны келіскен өтірік етіп шыгарады және де айтып отырған өтірік әңгімелерінде асқан тапқырлықпен күлкілі халдерді суреттейді. “Бүл әңгімелерді әдейі даярлап әкелгендіктен, желісін бұзбай айтып отыр” деп ойлаған хан, Тазшаны мүдіртпек болып оқыс сұраулар да қояды. Ханның: “Бәйтерегің қысқа шығар”,— деген сүра-уына: “Болса болар, түбінен таңертең үшқан күйкентай басына кешқе жетіп қонушы еді”,— дейді. “қүдығың тайыз шығар” дегенде, “Болса болар, ертемен тастаған тас түбіне кешке әрең жететін еді”,— деп, “Күн қысқа шығар” дегенде, “Болса болар, таңертең қашқан қашар, кешке бүзаулаушы еді”,— деп өтірігін үдетіп жібереді.
Тазшаның қырық ауыз өтірігінің өзіне тән ерекшелік қасиеті — адамға таныс нәрселерді, жанды-жансыз табиғат көріністерін мол фантазияға қүра отырып, кестесі келіскен,
адам нанғысыз өтірік хал туғызуында. Мұның өзі халық сртсгісінің шеберлік » дәрежесін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар, көп жылдар бойына шывдалып жетілгендігін де аңғартады.
Тазшалар жайындағы ертегілердің енді біреулерінде — хан мен уәзірлерді әжуа, мазақ ету арқылы олардан халық кегін қайырушылық әңгімелері де айтылады. Бұл оқиғаларділң ортасында жүретін де тазша бала болады. Ол халық намысын қорғаушы, өзінің ақыл-айла амалдарымен қанаушыларға қарсы күресуші бейнесінде суреттеледі. “Айлалы тазша” дейтін сртегіде хан баласы тазшаға қастық жасайды, жұрт алдында тазшаны мазақ етіп жамандауды көздейді. Бірақ хан баласының бұл қулығын біліп қалған тазша, қарсы амал жасап, ханның баласын да, хан мен бақсыны да күлкі-мазақ етіп кстеді.
Жалпы тазшалар жайындағы ертегілерге тән ерекшелік — “Айлалы тазшада” да бар. Ертегі оқишсы оқыстан туіан және тапқырлық әрекеттерге құрылған. Айлалы-епті тазша жұрттың бәрін күлкігс батырып, дегеніне жетіп жүреді. Оның күлкісінде ащы мысқыл да жатады. Ол еңбек адамына қастық жасамақ болған хан әулетін және оны қолдаушыларды сол күлкісімсн-ақ жерлеп отырады. Сондықтан да осындай тазшаларды ардақтап халық ертегісіне қосады.
Оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып аурзша, шығарған қазақ
халқының көркем шығармаларының еле-улі бір саласы — аныз-әңгімслер. Аңыз-әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаган әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте ксзде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тск халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.
Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы дсректергс негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын аңыздарына айналған. Бұл әңгімелер бертін келс әр түрлі қоғамдық жағдайларға, халық тілегіне сәйкес өзгсріп, жаңара берген, оған бергі заманның өмір шын-дығынан туған жаңа оқиғалар, көзқарастар қосылған. Со-лардың бәрінде жаңағы адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып, соңғы ксздің тілектерін көрсететін аңыздарда туған. Мысалға, Алдар Көсс жайындағы қазақ аңыздарын алсақ, оларца әр заманның ізі жатқанын байқаймыз. Онда хандар
билеген заманның да, бертінде байлар мен саудагерлср әкімдік еткен дәуірдің дс елестері бар. Бұдан, бір жағынан, Алдар Көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғандығын аңғарсақ; екіншіден, бергі кездің де жай-жапсары суреттелгенін көреміз. Ел қиялы ертедегі Алдар Көсені бергі заманға алып келгенде, бұрынғы аңыздардың кейіпкерлері арқылы соңғы кездің суретін беруді мақсат еткен деуге болады.
Аңыздардың әңгімесі тарихта больш өткен адамдар жай-ынан алынады дегенді біз шартты түрде айтамыз. Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын Алдар Көсе, Асан қайғы, Жиренше туралы тарихи деректерден гөрі аңыз-әңгімслер көп. Олардың қай ғасырда жасағанын да дәлелдеп айту қиын. Бірақ солардай адамдар тарихта болуы мүмкін. Ерте кезде жазу-сызуы болмаган халық жаңағы адамдар жайында тек аңыздар қалдырған, онда тарихи адамдарды ауыз әдебиетінің кейіпкері стіп жіберген.
Алдар Көсе қазақ арасында туған аңыз-әңгімслсрдің
бірсыпырасы Алдар Көсе жайында айты-
лады. Бүлардың бірінде ол халықтың ақыл-
ды-айлалы ұлы, тапқырлығына қулығы сай, ер көңілді,
өжет жігіті болып суреттеледі.
Алдар Көсеге байланысты аңыз-әңгімелер тек қазақта емес, ағайындас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен сл-дерінде дс бар. Осы елдерде айтылатын аңыздардың бәріндс Алдар Көсе халық үлы, көпшілік атынан күрескс шыққан, қанаушы тап адамдарымен алысып өткен азамат бейнесінде келеді.
қазақтың аңыз-әңгімелеріндегі Алдар Көсе дс сондай ер жігіт. қазақ аңыздарының қайсысы болса да оқиғаны күлдіргі халге, өткір мысқыл, ащы әжуаға құрады, олардың бәріне Алдар Көсе халық өкілі ретінде белсене араласып жүреді. Халықтың әңгіме-аңыздарының сүйікті кейіпкері болған Алдар Көсе топас ханды, сараң байды, елді жегідсй жеп жүрген саудагерді, әр түрлі діндар адамдарды мазақтап, күлкі етеді, олардың жағымсыз қылықтарын жүрт алдында жиренішті ғып көрсстсді. Осыған сәйксс аңыз-әңгімелерде халықтық тұрғыдан оның жағымды образы жасалады; Алдар Көсені қалың көпшілік ортасынан шыққан және сол көпшіліктің мүддесі үшін күресксн адам рстіндс бейнелейді.
Алдар Көсе жайында қазақ арасында айтылатын аңыз-әңгімелердің тақырыбы, мазмүны әр алуан болып келсді. Соның бәрі еңбекші бүқараның тұрғысынан айтылады. Мұны біз “Алдар Көсе мен Алаша хан”, “Алдар Көсе мсн шық
бермес Шығайбай, “Алдар Көсе мен саудагер”, т. б. аңыз-ертегілерден көреміз. Осы аңыздарда аталатын хан, бай, саудагерлерді Алдар Көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласы арқасында алдап соғады, ел алдъшда мазақ, күлкі етеді. Оларды Алдар Көсе қара басының пайдасын көздеп ал-дамайды, халықтың намысын қорғау үшін, еңбекшілерді езіп келген қанаушылардан кек қайыру үшін алдайды.
Күлкілі сюжетке құрылған “Алдар Көсе мен Алаша хан” дейтін аңыз-әңгімеде ел билеген хандардың топастығы мен қомағайлығы мысқылға алынады. “Алтын десе арын сататын, Алаша хан атты хан бар” дегенді естіп, оның үйіне Алдар Көсе келеді. Ол ханға алтын егіп өсіретін өнері барлығын және биыл тұқымы жоқтықтан, егінге шыға алмай отырғандығын айтады. Сонан кейін Алдар Көсе ханнан ат басындай алтын алады, оны егіп күзге қарай екі есе етіп қайырып бермек болып, кетіп қалады.
Күз де жетеді, бірақ Алдар Көседен хабар болмайды. Бүған тынышсызданған хан Алдар Көсенің үйіне жігіттерін жібереді. Олар келсе, Алдар Көсе үйінде жоқ болып шығады. “Ағаң қайда кеткен?”— дейді жігіттер Алдар Көсені үйінде отырған қарындасына. (Бірақ олар қыз болып отырған Алдардың өзі екенін аңғармайды.)
“Ағамның еккен алтыны биыл шықпай қалып еді. Ханнан ұятты болдым деп, ағам алтын іздеп кетті,— дейді қыз. Бұл хабар ханға жетеді. Хан жарлық беріп Алдар Көсенің қарындасын сарайына алдырады, Алдар Көсе өзгеден кет-се де, қарындасынан кетпейді. Ол келгенше қарындасы менің екі қызыма қызметкер бола тұрсын”,— дейді. қыз түрінде хан сарайына енген Алдар Көсе ханның екі қызына қызметкер болып тұра береді. Еріккен хан қыздары: “қүдай тағала үшеуіміздің біреуімізді жігіт етпеген екен”,— деп өкінеді. Сол-ақ мұң екен, Алдар Көсенің “қарындасы” дұға оқиды және хан қыздарына: “Тілекті құдай бере көр дей берівдер”,— дейді. Оның дұғасы қабыл болады.
Сол шақта көрші бір хан Алаша ханға кісі жіберіп, үлкен қызын: “Балама берсін, құда болайық”,— дейді. Ол ханды Алаша хан менсінбейді екен. Сондықтан оның ба-ласына өз қызын емес, Алдар Көсенің қарывдасын беріп жібереді. Келін болып түскен Алдар Көсенің қарындасы отыз күн ойын, қырық күн тойы өткеннен кейін күйеуін алдап соғады, оның ат басындай екі алтынын алып Алаша ханға қайтып келеді. Есіктен кіре бере, ханнан кешірім сұрай: “Еккен алтыным биыл шықпай қалды, сізге ұятты болмайын деп алтын іздеп кетіп едім, соны жаңа ғана
тауып әкелдім”,— дейді. Бүған разы болған хан: “Маған ренжімессің, сені өзіме санап, өзің жоқта қарындасынды күйеуге беріп жібердім, құтты жеріне қондырдым”,—дейді.
Осы бір кезде құда ханның елінен шапқыншы келеді: “қызың бәрімізді масқара етіп қашып кетті”,— дейді Алаша ханға. Бұл хабарды естіген Алдар Көсе жер-көкті басына көтеріп байбалам салады: “Менің қарындасым ешқайда да қашып кеткен жоқ, оны өлтіріп тастады”,— деп өкіріп жылай береді. Алаша хан сасады. қүда ханның баласына үлкен қызын беріп разы етеді, ал Алдар Көсе ханның кіші қызын және ол өзі әкелген ат басындай екі алтынды алып жөніне кетеді.
Күлкілі әңгімелерге қүрылған бүл аңызда да Алаша хан қатты алданып қалумен қатар, жүрт алдында әжуа, мазақ болады. Бұл аңыз, бір жағынан, феодалдық қауым шығарған “қырық кісінің ақылы ханда болар” деген нақылдың терістігін көрсетеді; екіншіден; хандардың топас келетіндігін сурет-тейді.
Алдар Көсе жайында қазақ арасында шығарылып, көпке тараған аңыз-әңгіменің күрделісі — “Алдар Көсе мен шық бермес Шығайбай”. Бүл аңыз да сараң, қалтырауық, пейілі тар байлар жөнінде халықтың сыны, көзқарасы қандай екендігін айқындайды және де Шығайбай аңыз-әңгіменің жекелеп алған жексұрын кейіпкері ғана емес, ол сонымен қатар, өзі секілді ішетін асқа, киетін киімге жарымаған, сілкіп саларға сырмағы жоқ, ертедегі қазақ бай-ларының кескін-келбетін, олардың өрісі тар, өресі аласа ой-жүйесін көрсетеді.
Ертедегі сасық байлардың өкілі ретінде алынган Шығайбайда, ең алдымен, адамгершілік қасиет жоқ. Ол малмен өріп, малмен жусаған тірі жан. Оның адам деген аты болмаса, сол атқа сәйкес сәні де, салты да жоқ; бар арманы; “Ішпей, жемей байысам екен”.
Өзінің сараңдығы, пейілі тарлығы, қалтырауық қасиетімен елге жек көрінішті болған Шығайбайды халық аңызы Алдар Көсе арқьшы онан әрі масқаралай түседі. Шыгайбайдың қандай жан екендігін ел әңгімесінен естіп білген Алдар Көсе енді оған өзі аттанады. Ол осыдан былайғы әңгімелерге араласа отырып, Шығайбай жайында ел арасында айтылып жүрген сөздерді растап шығушы ғана емес, сараң байдың адамгершілік қасиеттен айрылып қалғандығын айғақтаушы да болады.
Шығайбайга келген Алдар Көсе жабықтан қараса, бай-дың өзі қазы тіліп, бәйбішенің нан илеп жатқанын, қызы
тырнаның жүнін жұлып, тоқалы бас үйтіп отырғанын көреді. “Осыдан дәм татпасам, Алдар атым құрысын” деп ол үйге кіріп келгенде, үй иелері қолдарындағы нәрселерін астарына тыға қояды. Келген адамға сыр білдірмеуге ты-рысқан сараң бай, “қулығымды асырам” деген оймен, әңгімеге кіріседі. Алдардан: “Не көрдің, не білдің”,— деп сұрайды. “Естіген — өтірік, көрген — шындық”,— деп Алдар, жаңа ғана өзінің көргендерін тұспалдап әңгімелейді, жолда үлкен сары жыланмен соғысқанын айтады. “Осы айтқандарым өтірік болса, байдың астындағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, тырнадай жұлы-найын, бастай үйтілейін”,— дейді.
Осыдан былайғы әңгімелер шық бермес Шығайбайдың сараңдығын аша түсуге қүрылады да, өрістей, өрлей береді. Алдардан қулығын асырмақ болған Шығайбай әр түрлі әрекеттер де жасайды. Бірақ олары өз сорына құрылған түзақ болып шығады, ет орнына сірі жейді, атынан және қойнына тыққан наны мен айранынан, қызынан айрылады. Дүние қоңыз, сараң байды Алдар Көсс осылай алдап соғады. Шығайбай жұрт алдында мазақ-күлкі болып қалады, оны алдаған Алдар Көсені халық өзінің аңыз-әңгімелеріне қосып ардақтай түседі.
Алдар Көсе елді жегідей жеп жүрген саудагерлерді, қожа-молдалар таратқан діни ұғымдарды да мазақ, күлкі етіп жүреді. Олардың да сорақы қылықтарын масқаралайды. Мәселсн, бір саудагер өзінің барлық байлығын бәйгсгс тігіп, жұрт алдында Алдарға былай дейді: “Екеуіміз бәйгі тігіп алдасайық. Егер алдасаң, менің бәйгіге тікксн барлық бай-лығымды ұтқаның, алдай алмасаң, ұтылғаның. Бірақ сен мені алдай алмайсың, мен алдатпаймын”,— дейді. Сонда Алдар Көсе: “Рас, мен сені бүгін алдай алмаймын, алдауыш таяғым үйде қалыпты. Оны барып әкелетін көлігім жоқ”,— депті. “Менің жорғама мін де, алдауыш таяғыңды алып кел”,— дсп, саудагср атын берсді. Алдар Көсс саудагердің атына мініп, олай бір, былай бір шауып өтсді де, қайтып келіп: “Алдады дсгсн, мінс, осы”,— дейді. Менменсіген саудагер ұтылып, жүрт алдында күлкі, мазақ болады.
Дін иелері халықты ығыстырып, надандық пен қараңғылықтыңторындаұстауүшінәртүрлідіниүгіт-әңгімелер таратқан болатын. Нешс түрлі жын-псрі, шайтандарды айта отырып, солар арқылы адам баласын қорқыту және олардан құтылу үшін дінгс мүлгу керектігін сскертетін. Дін иелері айтатын осы үгымдарды Алдар Көсе бекергс шығарады. Мұны “Алдар Көсенің шайтанды алдауы” деген аңыздан көреміз.
Алдар Көсснің халық ұлы, көпшілік мүддесін көзде-гсн адам екендігін қанаушылар да білген. Олар ел алдында Алдар Көсенің абыройын түсіру, халыққа жек көрінішті адам етіп көрсету жайын да қарастырған. Осы ретте “Алдар Көсе мен қойшы”, “Алдар Көсс мен егінші” дейтін әңгімелертуған. Бүл аңыз-әңгімелер халыққа жат, феодалдық орта тудырған шыгармалар еді. Сондықтан да олар халық арасына көптен жайылып кете де қойған жоқ.
Сонымен, халықтың Алдар Көсе жайындағы аңыз-әңгімелері таптық, қоғамдық қарым-қатынастарды, халыққа жат, жексұрын қылықтарды сынап-мінеу, әжуа-күлкі етуге құрылады. Еңбекші бұқараның ортасынан шыққан айлакер, ақыльі сергек, мысқылшы Алдар Көсе арқңлы халық әңгімелері ханды, байды, саудагерді т. б. жагымсыз түрде бейнелейді.
қазақ арасына ерте кезде тараған және әртурде айналып келген аныз-әңгімелердің
бір тобы Асан қайғыға арналады. Халықтың
аңыз-әңгімелері Асанды да елдің ср жігіті, көпшілік қамын
ойлаған ақылды азаматы етіп бейнелейді.
Асан қайғыны сөз еткенде, кейбір ғалымдар оны тарихта болған адам жәнс Жәнібек ханның (XV ғасыр) түсында өмір сүрген деседі. Бірақ бүған кслтірер тарихи дәлел, дсрек аз. Сондықтан да біз Алдар Көсс сскілді, Асан қайғыныдааңыз-әңгімелердіңжағымдыкейіпкерідепаламыз.
Халықтың аңыз-әңгімелері Асан қайғыны, ең алдымсн, сл үшін қызмет еткен, халық қамын ойлаған ср-азамат, әрі әнші, домбырашы, әрі талапкер, тапқыр, әрі құралайды көзге атқан мерген етіп көрсетеді.
Асан қайғы жайында шығарылған аңыз-әңгімслер т Іқырыбы жағынан болсын, мазмүны жағынан болсын әр ; луан жәнс мол дүние. Бұлардың ішінде халықтық ортада гуғаны да, оған кейіннен фсодалдық қауым қосып та-?атқандары да бар жәнс бүл ексуінің Асанды бейнелеуі де ?кі түрлі. Халықтың аңыздарында Асан ел сүйген, көпшілік ^амын ойлаған ср азамат болып келсді. Осы тұрғыдан оның халық үшін жасаған істері сурсттеледі. “Асан мен Ежен хан” дсйтін аңыз Асанның жігіт кезін елестстсді. Бұл кезде ол әнші, ақын, домбырашы, әрі мсргсн атанған талапкер
1 қазақ ССР тарихы, 1957; М.әуезовтін жоғарыда аталган енбегін қараныз ‘/. Валиханов Соч., т. I, стр. 251, 358; X. Суйіншәлиев. қазақ әдсбистінің қалыптасу кезендсрі, 77-бст, Алматы, 1967, М. Магауин. қобыз сарыны, 19 — 30-бсттер. Алматы, 1968.
жігіт. Ол өзінің әні, өлеңімен халықты сергітіп жүреді. Ит жүгіртіп, құс та салады, аң аулайды, кәсіп етеді. Осы іс, мінездерімен елге жағады. Осы кезде, бүрынғы қазақтың көп жерін тартып алған қалмақ ханы Ежен зілді жарлық шығарып, қазақтарға: “Жылқыларыңды кісінетпеңдер, маза-мызды алдырмаңдар, бұл бұйрығымды орындамасаңдар, қатты жазалаймын”,— дейді. Ел сасады, жылқыларды қайтіп кісінетпеу жолын таба алмай дал болады. Сол уақытта Асан қысылған халықты “бұл қатерден құтқарам” деп қасына екі-үш жолдас алып Еженнің еліне тартады.
Еженнің еліне ене бергенде, алдарынан үріп шыққан иттерді Асан қырып отырады. Бұл хабар ханға жетеді. Алдына келген Асаннан: “Иттерімді неге қырдың?”,— деп сұрайды хан. “Оның себебі бар. Мен қой бағып жүрдім, бір күні алдымдағы қойыма қасқыр шапты. Сол кезде мен айқайлап, ауылдағы иттерді шақырдым. Бірақ бірде-бір ит келмеді. Сонан кейін ит атаулыға өш болдым, қай жерде ит көрінсе құртармын деп өзіме-өзім ант берген едім. Сіздің елдің иттерін де қыру себебім осы еді”— дейді Асан. “Ей ақымақ, сенің алты қырдың астынан айқайлаған дау-ысыңды иттер қайдан естісін”,— Дейді хан. “Я тақсыр, дұрыс айтасыз. Алты қырдың астында отырған сіздің елге біздің жылқыларымыздың кісінеген даусы қалай жетсін?”— дейді Асан. Хан сөз таба алмай, жеңіліп қалады, сөйтіп Асан қаћарлы ханның жазасынан ел-жұртын қорғап қалады.
Асан жайындагы халық аныз-әңгімелерінің ең магыналы, маныздысы — оның мал өсіріп кәсіп еткен еңбек еліне шұрайлы жер, кең қоныс іздеуіне байланысты туған. Бұл ретте ол халық қамын ойлаған, шаруаға жайлы жер іздеген адам болып әңгімеге қосылады. Желмаясына мініп алып, Асан қазақ жерін шарлап шығады. қай жердің қандай қасиеті барлығын, қай түлікке қай жер қолайлы екенін ақыл ретінде айта, бағалай отырады. Нүра өзенін көргенде: “Алты күнде ат семіртіп, мінетін жер екен”; Шідертіні көргенде: “Мына шіркіннің топырағы асыл екен, алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойгандай тоқтайтын жылқының жері екен”; Торғай өзенін көргенде. “Ақ шабағы май татыған, ағар суы бал татыган жер екен”; қызыл тауды көргенде: “Тау-тасы кеш болғанда ыңыранып жатады екен, тоқтысы да қысыр қалмайтын қойдың жері екен”,— деп бағалайды.
Бірақ бұл жерлер қаншама жақсы, төрт түліктің жай-ылымына қолайлы болғанымен Асанды қанағаттандырмайды. Ол “суы — сүт, жағасы — балқаймақ” өзенді аңсайды,
шаруаға жай, жанға рақат жерді іздейді. Осындай жерді оі> өзінің қиялымен ғана тапқан болады. Оның аты — “Жер үйек”. Асанның қиялынан туған “жер үйек” — шаруа •үшін аса қадырлы қоныс, көк орай шалғынды өріс, мыңға мекен болатын жер деп танылады.
Ол осындай жерді қиялы арқылы таба тұ-рса да, оның шындығында болмаганына өкінеді. “Жер үйектей” жер болса, шаруаға ырыс бітер еді деп арман етеді. Бұл арманына ол кезде жете алмайтындыгына қайғыланады, қапаланады. Осыдан барып, оның Асан атына “қайғы” деген сөз жалғаи ІДы да, “Асан қайғы” атанады . Асанның қайғысы күйзеліп күңіренуден, сары уайымға салынып түңілуден туған қайғы емес еді. Оның қайғысы — жақсы үміт, бола-шақтан күткен арман есебінде келеді. “Жер үйектей” жер бүгін табылмаса, ертең табылады деген ойдан туады. Бұл ретте оның қайғысын оптимистік қайғы деуге болады.
Халықтық ортада туған, аңыз-әңгімелердің бәрінде Асан жайы осылай баяндалады. Асанды ел қамқоры деп ар-дақтайды. Оның алга қойған мақсатына жетс алмауын халық сөкпейді, қайта Асанның арманы бүгін болмаса, болашақта жүзеге асады деп сенім білдіреді.
Асан жайындағы халықтық аңыз-әңгімелердің мәнін қанаушы тап та, кейіннен, ұлтшыл-байшылдар да төмен-детуге тырысты. Олар халықтың ардақты азаматы болған Асанга жала жабуға дейін барады, Асанды хан сарайының жоқшысы етпек те болады және де олар: “Асан қайғы айтып-ты” деген атпен халық мүддесіне жат әңгімелер шығарады. “Асанның Жәнібек ханга айтқаны” дейтін әңгімеде немесе Бұхар жыраудың толғауында Асанды хандық құрылысты қорғаушы, соның қаймағы бүзылмауын көксеуші, яғни өз адамы етіп, көрсетушілік орын алады. Асан жайында фе-одалдық ортада туған бұл әңгімелерді халыққа жат және қанаушы таптың қоспасы деуге болады.
Сонымен, Асан жайында бір-біріне қарама-қарсы бағытта шығарылған аңыз-әңгімелер бар екенін көреміз. Мүның ішінде көркемі де, күрделісі де халықтікі. Олай болса, біз сол халық шығарған аңыздарды, халық ардақтаған Асанды аламыз.
1 М.Өуезов. қазақ әдебиетінің тарихы I том, 1948.
ЖИРЕНШЕ Халықтың тарихында еңбекші бұқараныц
ортасынан шығып, адал ниет, шын
көңілімен халқына қызмет еткен талай
ер азаматтар, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шс-
шендср болып өткен. Соның бірі — Жиреншс шешен.
Жиреншенің қай кезде өмір сүрген адам ексндігін айту қиын. Оның аты, ісі тек халықтың аңыз-әңгімелерінде ғана сақталған. Сол аңыздардың айтуынша, ол сңбекші халықтан шыққан адам, оның “сауып ішергс малы жоқ, төссгі — тулақ, үйі —қара лашық болған”. Ол өзінің өршіл өнері, тапқырлығы мсн шешендігі арқасында, слдің ер-азаматы атанған.
Жиренше жайындағы аңыз-әңгімслср оның ақылын, тапқыр-шешендігін, ел дауын екі ауыз сөзбен бітірген, тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін жасаған адам скендігін көрсстуге құрылады. Сондықтан да оны халық аңыздары ел басқарған ханмен қатар қояды. Бслгілі мөлшердс ол ханға жолдас та болады. Бірақ халық аңызы Жирсншсні ханмсн жолдас сткендс, ханға қызмет сту, ханның айтқанын орындату үшін смес, ханның залымдық, жауыздық істерін, ақымақтығын, слгс жасаған қиянатын әшкерслсу үшін жолдас стсді.
Ол хан қасында бола отырып, ханға қарсы алысады, жұрт алдында ханның сорақы қылықтарын көрсстеді, ханды акымақ стіп шығарады. Мұның өзі ксйіннсн үлксн тартысқа айналады.
Хан мсн Жиреншснің арасындағы тартыс, сл аңыздарыныңайтуынша, “Ханның қарашаш сұлуға үйлснбск болуы” депсн аңыздан басталады да, үдеп, дами бсреді. Бір күні,— дейді жаңағы әңгімеде,— хан қасына нөксрлсрін ертіп аңға шығады. Жолшыбай бір ауылдың қасынан өтс бергенде бис сауғызып тұрған қызды көрсді. Оның кім сксндігін біліп ксл дсп, хан бір жігітін жібереді. Жігіт қызға тиісс сөйлсйді, “Ақ қолтық қашар кордің бс?”— дсйді. “Бағанағы әзірдс көріп сдім.’ Артына сргсн көк бұқасы бар еді, қашардың жүрісі ширақ еді. Оған бұқаның жстер-жстпссі бслгісіз сді”,— дсйді қыз. Бұл сөздсрді жігіт ханға айтып барады. қыз сөзіндс ханды мазақтау барлығын түсінсді дс: “Ссн қызды тоқалдыққа алмасам, хан атым құрысын”,— деп ант стсді. Ордасына келісімсн “құда болып келіңдер”,— дсп, қыздың үйінс кісі аттандырады.
Ханның адамдары қыздың ауылына кследі. қыздың ата-анасына жолығып, ханның сәлемін айтады. Кемлір-шал қатты сасады, жалғыз қызы қарашашты ханға тоқал етіп беруге қиналады, бсрмсйін десе, “шауып әкстсді” дсп ханнан
қорқады. Бүл істің мән-жайын білген қарашаш құдаларға жауапты өзі қайырады: “Ханға сәлем айтыңыздар, мен оған тоқал болып баруға разымын. Бірақ қалың мал санын өзім белгілеймін. Осыган хан разы болса, ертеңнен қалмай жауабын жеткізіңдер”,— дейді. қарашаштың жауабын естіген хан, қатты қуанады. “Өзі қалап маған тоқал болғысы келіп отырған қарашаш қалың малды көп сұрамас”,— деп ойлаған хан, разылығын айтып кісі жібереді. Сонда қарашаш қалың малға: он бес лақ-теке, жиырма бес тоқты-қошқар, отыз құнан-бұқа, қырық бес бесті-айғыр, елу бес бура, алпыс ат, жетпіс атан сұрайды.
қарашашқа үйленбек болуды арман еткен хан оған ке-ректі қалың малды зорлықпен елден жинай бастайды. Осы кезде ел аралап қайтқан Жиренше, хан ордасына бармастан, қара лашығына келіп жатып қалады. Ол екі-үш күнге дейін ханмен хабарласпайды да. Бұған таң қалған хан Жиреншені шақыртып алып, мән-жайын сүрайды: “Бұрын сен ел аралап қайтқаныңда, алдымен маған келіп амандасатын едің, көрген-білгеніңді айтатын едің. Бұл жолы олай етпеу себебің не?”— дейді. Жиренще ханның бетіне тура қарап, тайсал-мастан:“қырық кісінің ақьшы ханда болар” деген сөз бекер ексн. Сен нагыз ақымақ, ақылсыз хан екенсің. қарашашқа үйленем деп, едден қалың мал жинадың да жұртқа мазақ, күлкі болдың. қарашаштың қандай оймен қалың мал санын белгілегенін сен түсінбедің. Өзгесін былай қойғанда, алпыс ат, жетпіс атан дегенінде мән жатқанын білмедің. Онысы: Алпысқа келгенде ат болдың, жетпіске келіп атан болдың, сөйте тұрып мені қалай аласың дегені еді,— дейді Жи-ренше. Хан өзінің ақымақ болғандығын сонда ғана біледі де, қарашашқа үйленуден бас тартады.
Аңыз-әңгімелердің айтуынша, қарашаштың асқан ақылды, білгір қыз екенін байқаған халық, оны өз теңі деп Жиреншеге қосады. Осыдан былай ел әңгімелерінде бірі халықтың еүйікті ұлы, екіншісі ардақты қызы болып су-реттеледі. Бүлардың ақылы, білгірлігі ханнан асып жатады. Мүны хан да түсінсді. Сондықтан ол Жиреншенің көзін жойып, кұрту амалын қарастырады. Жиреншеге нешс түрлі қиын жүмыстар тапсырады. Егер оны орындай алмаса, Жи-реншенің өлім жазасына бұйырылатынын да ескертеді. Сөйтіп, хан мен Жиреншенің арасында күрес басталады. Бұл күрес екі адамның бақ таласы емес, ол ханға қарсы халық наразылығының елесі секілді болып отырады.
Ханға қарсы халық атынан алысатын Жиренше бүл ретте халықтың даналығына және өзінің сүйген жары
Карашашқа сүйенеді де, нелер қиын-қыспақ жағдайдан қүты-лып шығады. Жиреншені құрту мақсатымен хан оган он еркек қой беріп: “Осыларды қырық күнде қоздатып бе-ресің”,— деп бұйырады. Бұл жарлықты қалай орындарын білмей қысылған Жиреншеге: “Сіз бұдан саспаңыз. қойларды алып кел де сой, азық ете берелік. Жауабын ханға кейін өзім -берем”,— дейді қарашаш. Белгіленген қырық күн толған кезде, қарашаш Жиреншені төсекке жатқызады да, үй ішіне бақан қүрып қояды. Бір мезгілде хан келіп, қарашаштан Жиреншенің қайда екенін сұрайды. қарашаш Жиреншенің жас босанып жатқанын айтады. Сонда хан: “Ол заманнан бүл заман, еркек те туушы ма еді?”— дейді. “Я, тақсыр, еркек тумайтын болса, еркек қойды қоздат » деп неге бұйрық бердіңіз?”— дейді қарашаш. Хан не айтарын білмей, сөзден жеңіліп, жұрт алдында күлкі болады.
Жиреншеге өшіккен хан, қайтсс де оны құрту, ең болмағанда абыройын түсіріп масқаралау ниетінен танбайды. Бүл үшін әр түрлі айла-амал жасайды. Мәселен, бір күні ханның аспазшылары пісіргсн қаз етін әкеп ханның алдына қояды. Сонда хан Жиреншсге бұйрық беріп: “қазды өзімс, ханымға, екі балама және өзіңе бөл, біреуге артық жібермей, біреуге кем жібермей тең бөліп бер. Егер бірімізге бір мысқая артық, не кем бөлсең, өзіңді қатты жазалай-мын,— дейді. Жиренше қолына пышақ алады да: “Тақсыр, сіз біздің басымыз едіңіз”,— деп қаздың басын ханға тартады, “Хан ханымсыз болмас, қүс мойынсыз болмас”,— дсп, қаздың мойнын ханымға бөледі, “Екі балаңыз сіздің екі қанатыңыз”,— деп, скі қанатын оларға бөлсді, “Мен өзім, бас та смес, аяқ та смес, орташа ғана адаммын, мына қаздың орта денесі маған лайық”,— дейді.
Тағы бір реттс хан анда жүріп, айдалада дөңгелеп бара жатқан қаңбақты көрсді де, Жирсншені сүріндіру мақсатымен: “Жиреншс, ана қаңбақ қайда бара жатыр сксн, біліп кслші”,—дсп бұйырады. Жирсншс қаңбақты тоқтатып, қасына азғантай кідірсді де, ханга қайтып келсді. “Жиреншс сұрадың ба, қаңбақ нс айтты?— дейді хан. Сонда Жиреншс мүдірмсстен: “Мснің үшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Осыны сұрай кслген сен ақымақ па, сүратып жіберген хан ақымақ па?””,— деп айтты дейді. Бүл сөзден тосылған хан жүрт алдында тағы да масқара болып қалады.
Жиренше жайындагы халықтық аңыз-әңгімелердің көпшілігі мінс осылай келіп отырады. Бұлардың қайсысы болса да Жиренше мсн хан арасындағы тартыстарға таптық сипат береді. Осындай шиеленісксн, көпкс созылған айқасуларда Жиреншс жеңіп жүреді. Оған бұл жолда жәрдем
беретін, көмек көрсететін, тіпті көптеген қауіп қатерден құтқарып алатын қарашаш болады. Сондықтан да халық аңыздары қарашашты да ардақтайды, оның ақылы мен білгірлігін сүйсіне әңгіме етеді. Бұдан әйелдер жайындағы халықтың турашыл, әділ көзқарасы да көрінеді.
Халық аңыздарында Жиренше мен қарашаш ақылы, білгірлігі, адамгершілігі жағынан бір-біріне тең, айнымас дос, сенімді серік ретінде бейнелейді. Кей кезде қарашаштың білгірлігі Жиреншеден асьт та түседі. Жауыз ханның қастық ойын аңдаушы да, ақырында, ханға өзінің емшек сүтін беріп “бала стуші” де, сөйтіп, көп пәледен құтқарушы да қарашаш болады.
Жиреншс мсн қарашаш жайындагы халықтың аңыз-әңгімелерін сңбекші бұқараның қанаушыларға қарсы қолдан-ған қүралы дсугс болады. Солар арқылы езуші таптың халыққа істегсн жауыздық, зұлымдық, қаскүнемдік іс-әрекеттері әшкере болып, сынға алынады. Сондықтан да еңбекші халық осындай адамдарын ардақтап, өзінің аңыз-әңгімелерінс қосқан және оларды көпшіліктің сүйікті кейіпкері етіп суреттеген дейміз.
Жиреншс мен қарашашқа арналған аныз-әңгімслердің қайсысы болса да мағынасы терең, мәні зор қысқа сюжеттерге құрылады. әңгімені әріден бастамай, нақтылы тартысқа, тапқырлыққа құрады. Дәлелін келтіріп, қорытындысын бірдсн шығарады жәнс оқиғаны ұзақ сонарға салып баян-дамай, барар жерін нақ айтады. Бұл оның өзіне тән ерск-шелігі болып табылады.
Біз жоғарыда, шолу түрінде болса да, ЕРТЕПЛЕРДІң . қазақ ертегілерінің әр алуан түрлерімен МәНІ танысып өттік. Бұдан: ертегілердің халық өмірінс, сңбек процесіне байланысты ту-ғандығын, қоғамдық даму жағдайларына сәйкес өсіп ұлғайғандығын, халықтың арман мүддесін, дүние танудағы ой-өрісін, таптық көзқарасын, тұрмыс-тіршілік жәнс қоғамдық салт-сана жайларын, т. б. бейнелегендігін байқадық. Бұлардың бәрін халық ертегілері әр алуан оқиғаларды суреттеп жәнс басты кейіпкерлер арқылы ба-яндағанын аңғардық.
Мұның өзі халық ертегілерінің мәні зор ексндігін көрсе-теді. М. Горькийдің “халықтың өтксндегі тарихын, тұрмыс-тіршілігін, көзқарасын, ой-санасын білуіміз үшін ертегілер көп материал береді” деуі осыдан.
Халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезде туған ер-тегілерменәдеміаңыз-әңгімелердіңәдебиеттарихынаналатын орны да, мәні дс үлкен. Халық ертегілері сюжет құру,
образ жасау, тіл байлыгын қолдану жөнінде жазба әдебиетінін алғашқы үлгілеріне көп әсер етті. Жазба әдебиетінің шеберлері осы күнде де халық әдебиетінен тіл байлығын үйренетіні, кейде оның сюжетін пайдаланғандығы белгілі. Бұдан халық ертегілерінің әлі де мол екені көрінеді. қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан ертегілерінің ең әдемі, әсерлі үлгілері, халықтың тұрмыс-тіршілігін, ар-ман-мүддесін, қоғамдық өмірін суреттейтін жоғарғы идеялы үлгілері — бүгінгі мәдениетімізге қосылған мол қазына болып табылады.