Айтыс өлеңдері
Айтыс өлеңдері
Айтыстың түрлері
қыз бен жігіт айтысы
Дін айтысы
Жүмбақ айтысы
Ақындар айтысы
Біржан мен Сара айтысы
Айтыстың көркемдігі
Ұстазғалым
Ертеде жазу өнері болмаған к’езде қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы айтыс өлеңдері туды.
қазақтың айтыс өлендері жайында үлкенді-кішілі зер-ттеу еңбектер жазған С. Мүқанрв, М. әусзов, Е. Ысмайылов, қ. Жүмалиев, Т. Нүртазин тағы басқалардың айтуына қарағанда, айтыс деген сөз бірнешс мағынада қолданылған. Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген үғымды қамтыған. Айтыс қара сөз түріндс дс, өлең түрінде дс болған. әдебиет көлеміне өсетіндері жәнс әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да — осы өлең түріндс айтылған айтыстар.
Белинскийдің жоғарыда кслтірілгсн пікірінс сүйенген және оны қуаттаған қазақ әдебиетшілсрі, айтыс өлсндері халықтың жазу өнсрі болмаған кезіндс туғандыгын дәлелдей , түседі. “Бір кезде көшпелі тұрмыс қүрған слдердің, — дейді. Сәбит Мүқанов айтыс туралы жазган сңбсгінде, — сауаты аз болды, оқуы, мектсбі жоқтың қасы сді; мектебі, оқуы жоқ слдс ақынның күші аузына түсіп, басқа жанрлар сықылды, айтыс жанрын ауызша тудырды, ауызша айту жолымен өрксндстті”.
Демек, қазақтыц айтыс олеңдсрі халықтың қоғамдық өміріне, тұрмыс тіршілігінс байланысты жәнс жазу өнері болмаған ксзіндс туып, қалыптасқан. Оны тудыргандар да, дамытқан да ақындар болған. Бұл жагдай тск қазақта ғана смсс, ол қазақ пен ағайындас жәнс бір ксздс түрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас кслстін қыргыз, түрікпсн, қарақалпақ т. б. халықтарда да айтыс болган.
С. Муқанов. Айтыс, Ллматы, 1941; М.әуетов; Айтыс өлсіідсрі (Казақ әдсбистініцтарихыДтом, 1960);“ЖамбылдьщайтыстагыөІІсрі”(изв.ЛІІ.Каз ССР, №6,1948); Е. Ысмайылов. Ақьшдар, 1956; қ. Жумалиев. Казақәдсбиеті, 1949; Т. Т Тңуртазин. Айтыс өлсидері (дисссртация).
Айтыстың әдсбиеттік жағынан алғанда, айтыс өлең-
ТҮРЛЕРІ дерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі
түргс бөлуге болады. Біріншісі — ха-
лықтыңтұрмыс-тіршілігінс,әдет-ғұрыпсал-
тына байланысты туган айтыстар. Екіншісі — шын мәніндегі
ақындар айтысы. Соңғысы қазақ айтыстарының сң күрдслісі
болып табылады.
Айтыс өлсңдсрінің алғашқы үлгілері халықтың түрмыс-салтына, әдст-ғүрпына байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жсріндс, ойын-сауық үстінде шығарылған. Оларды шығарушы да ақындар сді. Бұл айтыстар жалпы айтыс өлсңдсрінің алғашқы үлгілері болғандықтан да өзіне тән срекшеліктері барлығын көрсстсді. Ең алдымен, ол ойын-сауық рстіндс, халықты көңілдендіру, күлдіру нсгізінде туғандығын аңғартады. Өлеңі жұрттың жаттап алып, айта беруіне лайықталған болады. Мұнда нағыз ақындар айты-сындағыдай тыңнан қозғалатын күрделі әңгімслер, оқыстан туған оқиғалар, буырқанып-бұрсынып шығатын сөз түйіндсрі ксздсспейді. Көбінссе жсңіл-жслпі айтылған әзіл-оспақ түріндс болып отырады. Екіншідсн, бұл айтыстарда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-гұрып салтына байланы-сты туған әр түрлі үғым, түсініктср араласа жүрсді.
Бұлайтылғандартұрмыс-тіршілік,әдст-ғүрыпсалтқабай-ланысты туған айтыс өлсндерінің кемшілігі смсс. Ол — айтыс өлеңдерінің қалай туып, алғашқы қалыптасу ретіндс нені сөз стксндігін аңғартатын срскшсліктері болуға тиісті. Және осы айтыстар ксйіннсн үлксн айтыс өлеңдерінің, яғни ақындар айтысының шығуына нсгіз салды, соның ба-стамасы болды дсп түсінсміз.
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туган айтыстарды мазмұнына қарай бірнсшс тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішіндс бастылары: “жар-жар”, “бәдік айтысы”, “қыз бсн жігіт айтысы”, “дін айтысы”, “жұмбақ айтысы”. Бұларды талдағанда “жар-жар” мсн “бәдік” айтысына тоқталып жатпаймыз. Өйтксні ол сксуін осы кітаптың алғашқы тарауында қарастырғанбыз. Бұл арада, қайталау түріндс, “жар-жар” мсн “бәдік” — айтыс өлсңцерінің сң сскі, алғашқы үлгілсрінсн саналатындығын ссксртпекпіз.
КЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫ
Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына- байланысты ойын-сауыкктар кезіңде айтылған және ойын- сауыкка жиналған
Журтты көңілдендіру, қүлдіру, әң мен өлен қызығына батыру негізінде түгаң.
. Мүның алғашқы үлгілсрін белгілі ақын
қыздар мен жігіттер шығарган. Олардың осы айтыстағы өлендсрін ксйіннен өлсң айтуға икемі бар, бірақ өздерінің ақындық өнсрі жоқ жастар жаттап алып, ойьга-сауық ксзінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты көбінссс қыздар мсн жігіттср бастап, солар айтатындықтан, халық оны “қыз бен жігіт” айтысы деп атаған.
Кыз бсн жігіт айтысы, әдсттс, екі жастың амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдсмі қалжың рстіндс айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққа лайықты жсңіл-желпі күлдіргі жайлар сөз болады. Айтыстың өлеңі ертеде шығарылған және жүртқа таныс, үйрсншікті, жаттамалы болғандықтан, оны ойын-сауық үстіндс өлсң айтуға икемі бар жігіт пен қыздың қайсысы да орындай бсргсн. *Бұл айтыстың мысалы төмсн-дегідсй:
Жігіт:
Көгілдірік, ендешс, көгілдірік, Көк дөнснгс жарасар өмілдірік. Осындай бірме-бірге ксз келгсндс, Айта гөр өлсңіцді төгілдіріп.
қыз:
Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ, Бау ағашта түрады бұлбұл сайрап. құдай айдап осыидай кез келгеидс, Өлеңінді айга гөр, тәуір сайлап1,—
деп, айтысқа түсксн қыз бсн жігіт бір-бірін өлеңгс шақырады. Бұлардың айтысы осылай басталып, үдей береді, жүртты күлдіру үшін әр нәрссні әдемі әзіл, қалжыңға айнал~ дырады. Бүл рсттс айтысушылар бір-бірінің бойындағы мін-ксмшіліктерді дс өлеңмсн күлкі ететіні болады. Мәселен:
қызға барған ол білсін атағыіны, Түзетіп ки мұнан соц шапанынды. қыздан көнілі қалмаған қу көкірск, қырғызсаншы бір қап жүп сақалыіщы… Сақалынды айнаға көрші қарап, Ту қүйрықтап маңызды төрт-бсс қадақ. Аулындағы бақалға күзеп сатсан Алты сабын береді, жеті тарақ , —
деп, жігіттің қаужиған сақалын күлкіге айналдырады. Бірақ жігіт оған дау айтып — “Сөздің көркі — мақал, адамның көркі — сақал”, — дегснді дәлелдейді. Және өз тарапынан қьіздың да мінін айтып, әзіл стеді.
“Айтыс” жинағы, I том, 52-бст, 1965. “Айтыс” жинағы, 58-59-беттер, 1941.
Айтысқа түсксн қыз бсн жігіт ксйдс көңіл сырын, бір-бірің ұнататындығын да білдіріп отырады. “Бұдан былай таныс болып, көрісіп жүрслік” — дсгендерді де өлсңгс қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке: “Кешке таман қозы қараган кісі болып, келіп-кстіп жүр”, — дсйді. Оған жігіт:
…қозы қарап, мсзгілсіз бара берсем, Итін қосар-ку әксц сорым қайнаи,—
дейді. Жігіттің бұл сөзінс қыз:
Ит түгілі қасқырдап қорықпас см, Дәл өзіндеи, дарига-, болсам жіпт ‘,—
деп жауап қайырады да, жігіттің намысына тис сөйлсйді.
“қыз бсн жігіт айтысы” ойын-сауыққа жиналғандарды көңілдендіріп күлдіру, қызыққа батыру тілегінен туғандықтан, айтысқа қатысушылар, бір-бірін жсңу, жүлдс алу мақсатын көздсмейтін сскілді. Ойын-сауьгқ дүкенін қыздыра беру үшін, олар өлснді жанынан шығарумен қатар, сл арасында айтылып жүргсн халық өлсңдерінің сөздерін де пайдаланатындығы байқалады. Мұны “Айтыс” атты жи-наққа енгсн “қыз бен жігіт айтысы” бөлімінсн көреміз. Онда “қаратаудың басынан көш келсді”, “қаратау ксйдс қарлы, ксйдс қарсыз”, нсмссс “әусдс ай болмаса, адасады” сияқты халык өлеңдсрі де қыз бсн жігіт айтысына айнал-ғандығын аңғарамыз.
“қыз бен жігіт айтысының” өлеңдік құрылысы көбіиссс халыққа белгілі он бір буынды өлсң түріндс келсді. Жәнс қазақ өлсңдерінің алғашқы түрлсріндс қайталау түрі көбірек ксздсседі. әсіресс, өлеңнің бастапқы скі жолын жігіт тс, ‘ қыз да қайталай отырып, өздсрінің айтайын дсгсн нсгізгі ойын өлсңнің үшінші-төртінші тармағымен білдірсді.
қорыта кслгендс, халықтың әдст-ғұрып ойын-сауық сал-тына байланысты туған “қыз бсн жігіт айтысы” қазақ ауыз әдсбиетіндс “айтыс” жанрының алгашқы үлгілсрінің бірі бо-лып табылады. Ол ксйіннен үлкен “айтыстың” шығуына негіз салған жанрдың бірінсн саналады.
ДІН АЙТЫСЫ Тарихшылардың айтуына қарағанда XVI—XVII ғасырға дсйін қазақ халқьі тұта-сынан бір діндс болмаған, тск XVII ғасырдан бсрі қарай ислам дінін толық қабылдап алған. Осы ксзден бастап ислам — қазақтардың да негізгі дінінс айналған.
1 “Айтыс” жинағы, 1941,57-бет.
2 История Казахской ССР, том I, стр 186,1957
Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлендерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақывдар арқылы үғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-үгіттерді таратқан . Дін иелері өздерінің қолына үстаған ақындарына әдейілеп тапсырып, жұрттың жиналған жерінде дін үгіттерін айттырған, не туралы және қалай айтуды алдын ала ескертіп те қойған. Осы негізде діни тақырыпқа арналған айтыс өлендері туған.
Дін айтысы скі ақынның бір-біріне берген сүрау-жауабы түрінде айтылады. Айтыстың негізгі тақырыбы дін әңгімелері, дін үгіті болады, соларга қараңғы халықты^иландыру, на-ндырып, сендіру жағы қарастырылады. Бұл ретте дін айтысы жаңалығы жоқ, бір айтқанын қайталай беретін өлеңге айна-лады. Дін айтысының үлгісін, мәселен, Болық пен Елентай дейтін ақындардың мына бір айтысынан көруге болады.
Болық:
Ақын жігіт атанғаи, Елентайым, Өперпаздың өнсрпаз білер жайын. Жауап бер, бір азырақ сөз сұрайын:
әуелі не жаратты бір құдаиым
Болық, маған белгілі сенің сырың, Біздерден артық емес айтқан жырың. Бұрынғы даналардан есітемін, Жер менен көк жаралды елден бүрын .—
Осыдан әрі қарай дін әңгімелері жаңағы екі ақын айты-сының негізгі тақырыбына айналады. қүдайдың алғашқы жаратқаны жер мен көк болса, сол жерді көтеріп түрған кім деген сүрауға: “Көк өгіз”, — деп жауап қайырады Елентай. Көк өгізді көтеріп тұрған балық, оны көтеріп тұрған су, ал суды көтеріп тұрған бу… деп өлеңге қоса, әгімесін соза береді.
Осы сияқты дін айтыстарында сұрау-жауап ретіндс аспан әлемі, жердің асты-үсті, табиғат көріністері, хайуанаттар дүниесі айтылады. Бүлардың барлығын жаратушы бір құдай скендігін айтып, халықты соған нандырмақ болады. Со-ндай-ақ, дін айтыстарынан бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа, үшір-пітір беру жайы да орын алады. Бүларды да дін айтысы халықтың “құдай тагаланың әмірін
1 С. Муқанов “Лйтыс”, 8-бет, 1941.
2 “Айтыс” жинағы, I том, 304-бет.
орындау, құлшылық ету” жагын көздеп әңгіме етеді; намаз оқыған, ораза ұстаған, қайыр-садақа берген адам ғана “жұмақтың” төрінсн орын алады, ал бұл шарттарды орын-дамағандар “тамыққа жанады деп қорқытады. Сөйтіп, дін айтыстары әртүрлі діни ұғымдарды елге тарату қараңғы ха-лықты дін насихаттарына сөзсіз бағындырып ұстау мақсатын көздеген қожа-молдалардың бір кезде үгіт-құралы етіп пайдаланғандығын аңғарамыз. Бұған дін үгіттерін араб тіліндс халыққа ұғындыра алмайтындығын, ол халыққа түсініксіз болатындығын білгсн қожа-молдалардың поэзияны дін насихатының қүралы еткендігі байқалады.
Ертс ксзде дін айтысы қазақтың ауыз әдебистінде бслгілі жанр болғандығы да байқалады. Бірақ, бертін келе, халықтың дүнис танудағы көзқарасы үлғайған жәнс діннің халыққа жат ексндігін түсінс бастаған ксзінде, дін айтыстарын бұрынғыдай құптап қарсы алу шылық жойыла береді; дін айты-стары өз алдына әдебисттік жанр болудан қала бастайды. Бұдан, әрине, кейінгі ксздегі айтыс өлендеріндс дінге бай-ланырты ұғымдар, дін үгіттері м^лдс айтылмайтын болды дсгсн түсінік тумайды. Ондай дши әңгімелер бергі ксздсгі ақындар айтысынан да орын алған. Мәсслен, Шөже мен Кемпірбайдың бір айтысында, Шөже әр нәрссні айта ксліп: “Уаттури ләззсйтуни”, — деген аяттың мағынасы не дсп сұрайды. Онысы ескі дін аңызы бойынша, Мүса пайғамбардың Син (Синай) тауына шығып, құдаймсн жауаптасқан сөздерінде нс айтылғанын шешіп бер дегсні еді. Бірақ, діни білімі шала Ксмпірбай бұған жауап таба алмай, жсңіліп қалады. Бұл мысал дін әңгімелерінің соңғы ксздегі ақындар айтысынан да орын алгандыгын аңғартады. әйткенмен ол таза дін айтысы емес • еді, өйткені бұл ксздс дін айтысы бұрынғыдай, өз алдына сақталған айтыс болмайтый.
Дін айтысы қазақтың айтыс өлевдерінс, оның қалыптасып дамуына зор ықпал-әсер жасаған айтыс емес. Бұл арада дін айтыстарын сөз қылып отырган ссбсбіміз қазақта айтыс жанрының алғашқы үлгілері қандай екендігін, онда не айтылғанын қарастыру жайын көздсгендіктен. Ал, өлендік жағынан алғанда, дін айтыстары үздік шыққан айтыс тобына жатпайды. Тек дін жайын сөз стстін қара дүрсінді өлеңдер түрінде келеді.
Ж¦МБАК АЙТЫСЫ
қазақ халқының түрмыс-тіршілігіне, әдет-салтына байланысты туған айтыс өлендерінің тағы бір түрі — жұмбақ айты-
сы. Бұл айтыс та ойын-сауық үстіндс, көпшіліктің жиналған
жерінде айтылатын болған.
“Жүмбақ айтысы” бүкіл айтыс өлендерінің ішіндегі ең қиыны секілді. Өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құры-лады. Сондыктан мұндай айтысқа түсу үшін ақынның өленді суырып салып айтуы жеткіліксіз. Бүған қоса ақын тапқыр, білгір және тез ойлап, шапшаң жауап беруге тиіс. Сонда ғана ол өзімен айтысқа түсіп отырған ақынның сынау максатымен оқыстан берген жүмбағын дүрыс шеше алатын болады. Бүл үшін жүмбақты берушінің де, оны шешушінің де әр нәрседен хабардар, көп мәліметті білуі шарт. “Жүмбақ айтысына” қатысушылар жүмбақ ететін нәрселерін көбінесе адамға таныс, деректі заттардан алады, бір затты екіншісіне салыстыру арқылы жүмбақ шыгарады. Бүл ретте жүмбақ көлеміне кіретіндер: аспан әлемі, жаратылыс дүниесі, хай-уанаттар, адам, оқу-білім, еңбек-кәсіп қүралдары, т. б.
қазақта айтысқа қатысқан ақындар көп болғанымен дс, олардан “Жүмбақ айтысына” араласқандары аз сияқты. Мүның өзі “жүмбақ айтысының” оңай еместігін аңғартады. Дегенмен, мүндай айтысқа Рысжан, әсет, Шөкей, Күңбала, Нұржан, Сапарғали секілді ақындардың қатысқанын білеміз. Олардың жүмбақ түріндегі айтыстары аталған ақындардың-ақындық өнерімсн қатар, тапқыр, білгір адамдар скендіктерін көрсетеді. Мысалға, Рысжан мен әсеттің айты-сын алайық. Бүл екеуі де ірі айтқыш, ел арасына атағы жайылған ақындар. әсет “айыр көмей, жез тандай, қаусырма жақ” атанғагі ақын.
Олар бір-бірін сырттай білгенімен де, жүздесіп айтыс-паған екен. Бір жылы көп елдің жиналған жерінде (бір деректергр кяряғанпа. олар бүрынғы қоянды жәрмеңкесінде кездескен секілді). Рысжан мен әсеттің қызу айтысы болады. Оны ел адамдары үйымдастырған деседі. Осы айтыста атақты скі ақын бір-бірінен ақындық өнер асырамыз деп зор тар-тысқа түседі. Бірақ жеңісе алмайды. Сонда әсеттің білгірлік шама-шарқын сынамақ болып, Рысжан бірнеше жүмбақ айтады. Оқыстан берілген жүмбақтарды әсет іркілместен табан аузында шешіп береді. әсет Рысжанньщ бірінші жұмбағын шеше отырып, сол замандағы әкімдерді, болыс-билерді мейліншс жамандайды, “Елубась?’ — қүзғын, стар-шин — қанға тояттаған қаршыға, онбасылар — күйкентай” деп көрсетеді. Рысжанның екінші жүмбағы — адамның дене мүшелері. Мүны да әсет әдемілеп шешіп береді. Ал үшінші жұмбагында:
Арықтап бір түйе өлді жстіп ажал, Алты батпан бұлы бар, безгенге сал
Сүйегі жерден, көктен табылмайды, Білдің бе, мұның өзі қайда өлген мал? —
дейді Рысжан. Бұл жұмбақты әсет:
Домбыра саған ерген бұлбұл екен, Рысжан қара сөзге қырғын екен. Арықтап оттай алмай өлген түйең Ақьшмен абайласам бір жыл екен —
деп шешеді және “алты батпан бұлы бар” дегені бір жылдағы алты ай жаз дейді. Сөйтіп, ол қыздың барлық жұмбағын табан аузында шешіп шығады, тез ойлап, шапшаң жауап қайырады.
Өз кезінде жұмбақ айтыстарының мәні зор болған. *0л ақынның көп ізденуіне, білмегенді білуіне талпындырған. Олай етпесе, айтыста жеңіліп қалатындығын білген. Мұның өзі кейінде жастардың білімге ұмтылуына әсер еткен.
қазақ халқының ертеде туған айтыс өлеңдерінің түрлері жоғарыда аталғандар ғана емес. Санай берсек, бұл алуандас айтыстардың түрлері өте көп. Мәселен, ерте кезде Жетісу жағында “Тау өлең”, “Жер өлең”, деген айтыстар да болған. Онда айтысқа түсетін ақындар өз елінгегі және өздері білетін тау, жер, суларды атап, өлеңге снгізген. “Тау өлеңінің” айтысына қатысатын ақындар өздері білетін тауларды атай отырып, олардың қандай ар-тықшылығы, қасисті, пайдасы барлығын көрсеткен. “Жео өлеңі”, “Су өлеңі” дейтін айтыстар да осылай айтылған . Мұндай айтыстар ақындардың білімі шарқын байқайтын сынға да айналған.
Сондай-ақ ерте кезде “Мал мен иесінің айтысы”, “Өлік пен тірінің айтысы” сияқты айтыстар да болған. “Мал мен иесінің айтысында” төрт түлікті өсіру үшін оның күтімін жақсарту, қорасын, жем-шөбін даярлау керектігі сөз бо-лады. Және ол әдетте шаруаға икемі жоқ, салақ, бейқам адамдарға арналады. Мұндай адамдардың малы- бағусыз, күйсіз келетіндігі айтылады. Мысалға осы тақырыптағы мына бір айтысты алайық:
Мал иесі:
Неғып жүрсің, қу жалшз шолақ сиыр, Сиырымен Айтақтьщ болдың үйір. Үй манында көдені жұлып жатпай, Сен шолаққа бір сойқан болды биыл.
1 “Айтыс”, Ітом, 353—354-беттер.
2 Л/.әуезов.қазақәдебиетінің тарихы,Ітом,684-бет, 1960.
Сиыр
Жасағашіын жарлығы тастан қатты, Сүмендетіп арыттын кср жорға атты. Үй қасында көденіц түк дәмі жоқ, Кара еленнін қамыспсн түбі тәтті , —
бйді. Содан әрі қарай сиыр иесіне көп кінәлар тағады. “ІЖалқауланып, жазда шөп шаппадың, қыдырумен уақыт өткіздің, мснің қысқы жем-шөбімді, қора-қопсымды қамдамадың, ақырында, арықтап, көршілерге телміріп өлетін болдым”, — деп айыптайды. “Мал мен иесінің айтысы” көбінесе осы тәрізді болып келеді. Малы мсн иссін айтыстыру арқылы айтыс өлсндсрі шаруа адамының қамын қарастырады, төрт түлікті өсіру срінбей еңбек стугс байланысты скендігін аңғартады. Бүл осы тақырыптағы айтыстардьщ негізгі сарыны болады.
Ал, әдебисттік жагынан алғанда, “мал мен иесінің айтысы” күлкі-сықақ түрінде айтылады, малға қарамайтын, шаруаға қырьг жоқ адамдарды сынға алады. Мұндай айтыстардың өз ксзіндс мәні-маңызы болғандығы сөзсіз. Ол бүл мәнін бүгінгі күндс дс жойған смес.
Жогарыда аталған “Өлік пен тірінің айтысы” да — қазақтың айтыстарынан орын алған әдсбисттік түрдің бірі. Бірақ бүл тектсс айтыстар сан жагынан алғанда көп емес. Соның ішіндс ауызға аларымыз “Боздақ пен Ақбаланың айтысы”.
қазақтың айтыс өлеңдері жайынан жазған еңбегінде Сәбит Мүқанов мынадай бір пікір айтады: “Ислам дінінің заңында,— дейді ол,— өлікке дауыс шығарып жылау, әсіресс әйелге жылау, “күнә” болған. Бірақ бұл “күнәны” қазак халқы сш уақытта тыңдаған смес, одан тыйилған да смес ”. Расында да, қазақ халқы нағыз діншіл, дін сөзіне жаң-тәнімен берілген халық емес. Өткен кезде қазақтар құдайды басына қиыншылық іс түскен жағдайда ғана ссінс алған, сол қиыншылықтан қүтқар деп жалбарынған. Кейде олар бір қуанышқа ие болса, соны құдай берді деп түсінген, қуаныш үстіндс құдайды есінс алып, шүкіршілік еткен. Ал басқа уақыттарда қазақтың қүдайға сиынуы да, табынуы да шамалы болған. Және ‘де сгер қазақтың ісі оңға баспай жатса, ауыртпалық үстінс ауырлық, азап түсе берсе, онда құдайға жалбарынудың орнына, сол құдайды ащы, ашулы сөзімен тілдсп те тастайтын болған.
‘ СәкенСейфуллин,қазақәдебиеті.Ікітабы, 107-беІ, 1932. 2 “Айтыс”, 8-бет, 1941
,Дін сөзіне онша сене қоймаған қазақ исламның^ заңдарын мүлтіксіз орывдаған да смес. Егср ислам дішт заңы бойынша, өлген адамды жоқтап жылауға болмайду делінсс, бұл завды қазақтар бұзған. Өлгсн адамын жоқта жылаған да жәнс сол адам жайында әдемі әңгімс-жырлгу шығарып, ссте қалдырған. Мұны ол айтыс өлеңдерінс енгізген. Бұіун “Боздақ пен Ақбаланың айтысы” дәлел. ОндЬ бір-біріне ғашық болған бірақ арманына жетс алмаған скі жастың сыры, көңіл-күйі, ауыр қайғысы бсріледі. Бұл айтыс сүйген қызы Ақбаладан айрылған Боздақтың сөзімсн ба-сталады.
Боздак:
әуеде ызылдайды жасыл сона, қалыпты жайлауьшда жалғыз мола. Жайлауың мен кеткснде Тсрек сді, Болмасын Ақбала қыз, манғаз бала.
Ақбала:
Жайлауы еліміздің құм болады, Базарға қой айдаса пұл болады. қайғырып тұсыма ксп өлен айтқан, Ей, жігіт, аты-жөніц кім болады?1,—
дсп басталған айтыс, екі жастың арасындағы махаббат сырын, арманы мен мұңын, көңіл-күйін білдіреді, жарасқан жастық кездерін еске түсіреді. Сөйтіп, бұл айтыс “өлік пен тірінің айтысы” деп атала тұрса да, сүйікті адамның сш уақытта да естен шықпайтынын аңғартады.
Өткендегі тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып салттарына бай-ланысты туған “айтыс өлеңдерінің” бастылары жогарыда аталғандар. Бұлар қазақтағы айтыс өлеңдерінің халғашқы үлгілері, кейінгі кезде туған үлкен айтыстардың, яғни ақындар айтысының бастамасы сді.
АКЫНДАР АЙТЫСЫ Айтыс өлендерінің ішінде ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан
күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері
— ақындар айтысы.
қазақтың айтыс өлеңдерін зерттегсн әдебистші-ғалымдардын айтуына қарағанда, шын мәніндегі үлкей айтыс, яғни ақындар айтысы, мөлшермен алғанда он тоғызыншы ғасырда туған. Бұлай деудің бірнеше себебі бар секілді. Ең алдымен, XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындары жайында
1 “Айтыс”, 1 Іом, 59-бет, 1965.’
өмірбаяндық дсрсктср дс. олардың айтыс өлсңдері де сақталмаған. Тіпті XVIII ғасырда өмір сүргсн ксйбір акындардың (Бұхар жырау, Көтсш, Жанкісі, Шал ақын т. б.) аттарын сстігсніміз болмаса, айтыс өлеңдерін толық білмсйміз. Олардың қай түрде, қандай көлемде айтысқандарын дәлелдеп айту қиын.
Ал он тоғызыншы ғасырда ақындар айтысына қатысқан адамдардың аты-жөні белгілі, кейбір айтыс өлеңдері де сақталган. Бұған қазақтың ғылым академиясында XIX ғасырда ақындар айтысына араласқан бір жүз елуден аса адам жайында өмірбаяндық матсриалдардың болуы және олардың айтыс өлендері жиналуы дәлел. Бұл материалдар өткен ғасырда ақындар айтысының мол дамығандығын, оған көптеген адамдар қатысқанын көрсетеді. Сонымен қатар, ол ақындардан қалған айтыс өлеңдер дс мол дүние екендігін білдіреді.
Демек, айтыстың күрделі, көлемді түрі, яғни шын мәніндегі ақындар айтысы, XIX ғасырдың бас кезінде туып, бсртін келс, молайып дамыған, халық әдебиетіндегі басты жанрдың бірінс айналған. Бүған көптсгсн ақындар қатысып, өздсрінің ақындық өнсрі, қызмстімсн зор үлес қосқан.
қазан рсволюциясына дейін жазу өнсрі болмаған қазақ сияқты слдерде ақындар айтысының алған орны, атқарған қызметі ерскше еді. Жазба әдебиет тумай тұрған кездс ақынға “ақын” атағын әпсретін де осы “айтыс” болған және ол ақындар үшін үлкен сын деп ссептелгсн. Сол сыннан өтіп, көпшіліккс ақындық өнерін танытқан адамды ғана халық “ақын” деп білген.
әрине, ақындар айтысына скі ауыз сөздің басын үйқастырып өлең шығарушылардың барлығы бірдей қатысқан смес. Ақындар айтысына ақындық беті ашылған, біраз даярлықтар жасап кслген, ысылған адамдар гана ара-ласқан. Бүл жөнінде Сәбіт Мүқанов “Айтыс және ақын” дейтін сңбегінде (1941 ж.), Жамбыл шығармаларының толық жинағына жазған кіріспесіндс (1946 ж.), Мүхтар әуезов “Айтыс өлендері” жәнс “Жамбылдың айтыстағы өнері” туралы жазған зерттеуіндс (1948 ж.), Есмағамбет Ысмай-ылов “Ақындар” атты монографиясында (1956 ж.), ғылым үшін мәні бар бірнеше фактілер кслтіреді. Олар шын мәніндсгі үлкен айтысқа түсушілсрдің қайсысы болса да аса көп даярлық жасағанын айтады. Мәсслен, жас ксзінде ақын болуды мақсат еткен Жамбыл ауыл-үй арасында, кіші-гірім ойын сауықтарда жанынан өлең шығарып жүреді, бірақ онысымсн үлкен “ақын” танылмайды. Сондықтан ол өзінің
ақындық өнсрін сынату және ақыл-ксңсс алу, ақындық өнсргс үйрсну мақсатымен сол кездсгі атақты ақьщ Суйінбайға кследі. Жамбылдың ақындық талантын таныған Суйінбай >жас ақынға көп ақыл береді, жақсы ақын болу үшін нс істеу ксректігін айтады. Көп уақыт Жамбыл аға ақынның қасында болып, одан сөз өнерін үйрснеді, үлгі алады және Сүйінбайды тәрбисшім, ұстазым дсп түсінсді. Кейіннен Жамбылдың ақындық қанаты қатқан шақта ғана, Сүйінбай оны айтысқа түсіп, ақын атағын алуына рұқсат етеді. Жамбылдың:
Мснін пірім — Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай, Сырлы сұлу сөздері Маган тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем. Сөз келсді бұрқырап Кара дауыл құйындай’,—
деуі тегін емес. Жоғарыда айтылғандар Жамбылдың “ақын” атағын алу жолында қандай даярлықтар жасағанын, ақындық алғашқы адымы недсн басталғанын көрсстсді.
Мұндай ақындық даярлықтарды жалғыз Жамбыл смсс, өтксндегі ірі ақындардың барлығы да жасаған. XIX ғасырда қазақ еліне ақындық аты шыққан Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Тоғжан, Орынбай, Балта, Біржан, әсст, Рысжан, Майкөт, Сабырбай, Сара, Ксншімбай, Нұрпсйіс тағы солар^ секілді жүздеген жүйріктср “айтыс” арқылы, ақындық үлсгі сыннан өту арқылы ақын атанған. Бұлардың бәрі дс өздср| үшін үлкен сын болып табылатын ақындар айтысына бірдек түскен емес; олар көп даярлықтар жасай отьтрып, ақындыга өнері кемеліне келген ксздс ғана айтысқа араласқан.
Айтыс — ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы] сөз майданы ғана смес. Ол — ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Ссн ндықтан да айтысқа түсстін әрбір ақын бұл жайды жақсь ұғынып, мол дайындықпен келстін болған. Бұл ретте айтыск түсстін ақындьг С. Мұқанов бәйгігс қосылатын тұлпарға» теңейді. М. әуезов “Жамбылдың айтыстағы өнсрі” туралыі жазған еңбегінде шапшаң айтқыш, суырып салма ақындьпі “қынаптан қылыш суырғандай жалт сткіш өткір өнер; иесі”,— дейді. Және: “Шабыты кслген ақпа ақын бабындағы қыранға меңзсс, томағасын тартқанда алғыр қыран бар өңірді сәтте көріп, шолып өтіп қимыл стксн шөп басын, қыбыр^і еткен тышқан жүрісін, қылт сткен түлкі түгін лсзде шалып қалғандай, айтыс ағьімындағы ақпа ақын да сондай көмсскіні көргіш, бұлдырды білгіш болмақ шарт. Бұл қасиет оңай
Жамбыл. Толықшығармалары, 1946.
орнамайды, ол шын ақпа ақын өнсрінс бейім болған күнде де ұзақ сонар жол кешіп, сан айтыста сілкісе жүріп, сан рет жаға жыртып, тон тоздырып барып келеді”,— дейді . “Айтысқа түсетін ақындардың мұндай ақындық дәрежегс же-туі үлкен даярлық, көп ізденудің нәтижесінде болмақ”,— дейді. Е. Ысмайылов “Ақындар” атты еңбегіндс.
Айтысқа ақындардың көп даярлықпен келуінің екінші бір себебі бар. Айтыс халықтың жиналған жеріндс өткізіледі және айтыс не туралы, қандай тақырыпта болатындығы ақындарға алдын ала белгісіз болады. Айтыстың тақырыбы сол айтыс үстінде туады. Сондықтан әрбір ақын өзімен айтысатын ақындарды қай ретпен жеңу, неден сүріндіру жайын қарастыра, соған даярлана, ойлана келеді.
әдстте, айтыс екі ақынның амандасьш керісуінен бас-талады да, содан әрі қарай үдей берсді, көптегсн мәселелсрді көтеретін болады, бір тақырыптан скіншісінс ауысып оты-рады. Мәселен. Балта ақын Шөжемен айтысқанда сөзін:
Шөжс ақын, сен де шешен, мен дс шешсн, Салғанда қара алдына мен бір көсем. Екеуіміз скі жақтьщ жүйрігіміз Күйлі, жайлы жүрмісіц амаи, есен?
деп бастайды.
Бірақ айтысқа түскен ақындардың көпшілігі айтысты амандық-саулық сұраудан бастай беруді дәстүр стпейді. Көбінесе олар, жекпе-жек ұрысқа шыққан батырлардай бір-біріне айбар шеге, күш көрсете келеді. әрқайсысы өздерінің мықтылығын айтып, бірін-бірі ығыстыра, үрей-лендіріп қорқыта сөйлейді, сескендіріп үркітпек болады. Мәселен, Шәріпжамалмен айтысқа түсксн әжек ақын: “Мён саған біле білсең; келген тажал”,— деп қыр көрсетсді. әсет ақын Рысжанға:
Айыр көмей, жез таодай қаусырма жақ, Алты арысқа білінген әкең менмін ,—
дейді. Бірақ әсеттің айбарынан қымсынбаған Рысжан өзінің де осал ақын еместігін айтып:
Ақынныц тура келмей данасына, Соқтықтым жанып түрғіш шаласыиа4,—
М. әуезов. “Жамбылдың айтыстағы өнері”, Е. Ысмайыловтыц “Лқындар” атты кітабынан алынды, 23—24-беттер, 1956. ‘
С. Ссйфуллин.қазақтыңескіәдебиетнұсқалары,130-бЬт.
3 Айтыс, 1 том, 343-бет, 1965.
4 Сонда, 344-бет.
дейді де әсетті кеміте сөйлейді. Кемпірбай ақын Шөжег
Жолықпай дүр ақынға жүр екенсің, Берейін сыбағаңцы әлдеқайдан ,—
деп асқақтайды. Шөжеден өзінің ақындық өнері ар-тықтығын айтып қорқытпақ, үрейлендірмск болады. Ал белгілі Жанақ ақын Түбск ақынмен қағысқанда, салған бет-тен:
Біздерді “шу” дегеиде өлең басты,
Өлец айтсақ, аруағьщ сенің қашты.
Сенімен он сегіз күн тартысармын, ‘
Одан ары жап маған шыдамас-ты ,—
деп ойқастайды.
Кейдс айтысқа түсксн ақындар өздерінің мықтылығын ғана айтып тфймайды. Сонымен қатар, кслген жерінің, сл-жұртының, шыққан ордасының да мықтылығын білдіріп қыр көрсетсді. Бұларды айтумен де айтысып отырған ақынды қорқытып, қобалжыту, ығыстырып алу жағын қарастырады.
Осы рстпен айтысқа кіріскен ақындар үзақ арпалысады; дауласа, салғыласа отырып, әр алуан әңгімслерді ортаға са-лады. Бұл ретте олар әшейіндс айтпайтын тұрпайы сөздерді айтуға дейін барады. Бірақ қызу айтыс үстінде ондай сөздерге кешірім етілетін болады. Сонымен қатар, айтысқа түскен ақындар кейде бір-бірін жеңу мақсатымен әрқайсысының бойындағы мін, кемшіліктерін де қазбалайды. Мәселсн, Шөжемен айтысқан ақындардың барлыгы оны жасытып жасқандырмақ болып, Шөженің соқырлығына тиіседі. Балта ақын Шөжсге:
Өз сөзің дәл өзіңе жөи бс, соқыр,
Ел кемітіп жүруің жөн бе, соқыр?
қараөткел, Көкшстауды жсген, соқыр,
Ел түзеуші, тсргеуші ссн бс, соқыр3,—
дейді. Бірақ бұдан Шөже қымсынып қысылмайды да. Со-ндай-ак, айтыс үстіндс Біржан Сараның барғалы отырған күйеуі Жиснқұлды қортық деп кемітсді, әшейіндс айтпайтын, сөзін айтады. Омарқұл Тәбияға айттырып қойған күйеуін{ “Жидіген таз”,— деп мысқылдайды. Мүның бәрі қарсы айты-1 сып отырған ақындарды жеңу үшкін қолданылған айла-амал,; құрылған тұзақ секілді болса да, олар одан мүдіре қоймайды.|
‘ С. Сейфуллин.қазақтың ескі әдебиет нұсқалары.З^-бет.
2 С. Сонда,138-бет.
3 Сонда, 131-бет.
Жалпы алғанда, айтысқа түскен ақындар мұндай нәрселерден немесе өлең шығара алмағандықтан жеңілмейді. Олар екі мәселеден жеңіліс табады. Біріншісі, ақынның білім көлемі тайыз келсе, әр нәрседен мәліметі, хабары болмаса, айтыс үстінде оқыстан қойылған сұрауларға табан аузында жауап қайыра алмай қалса, онда ақын жеңіледі. Ақын өзінің жеңілгендігін мойындап, сөзді доғаратын болады. Екіншісі, ақын әлеуметтік мәні бар мәсслелерден жеңіледі. Айтысқа түскен кейбір ақындар өз елінің байлығын, байларын, биі мен болысын, дін иелерін, сл басқарған адамдарын мақтап, дәріптей келеді. Бұған қарсы ақын дәлелді дау айтады, жаңағы мақталған адамдарды қатты сынга аладьт, олардың халыққа жасаған жауыздық істерін әшкерелейді. Алғашқы ақын бүл сынға қарсылық білдірс алмаса, жеңілген болып шығады. Ол қаншама дауласам дегенімен шындықтан асып ксте алмайды. Бұл ретте Жамбылдың құлмамбетпсн, До-смагамбстпен айтысын алайық.
Жамбыл мен қүлмамбеттің айтысы 1881 жылдар ша-масында болган. қүлмамбет сөзге жүйрік, алғыр ақын скен. Сондықтан да ол “құлан-аян қүлмамбет” аталыпты. Ол өзінің әдеті бойынша бүл жолы да Албан руындағы бай-лардың атынан сөйлеп, оларды мейлінше мақтайды. Мүндай байлар сенің еліңде жоқ деп, Жамбылды мүқата сөйлсйді. Бір-ақ Жамбыл өзін байлардың сойылын согып, солардың сөзін сөйлсп жүрген ақын еместігін ссксртеді дс, халық ақыны, халықтың жыршысы скендігін айтады. Сонан кейін жаңа ғана құлмамбет мақтаған байлардың жексұ.рындық си-патын жирснішті түрдс сурсттеп береді. Бұл байлар еңбекші халықты езу, қанау арқылы байығандығын айта келіп:
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, қарьшбайдай сараіідар толып жатыр, Оны мақгап әурс болмай жөпіңе қайі!1—
дейді. Және сол қарынбайлардың шашбауын көтеріп, сөзін сөйлеп отырған қүлмамбсттің аузын ашырмай, жсңіп шығады. Ақынның міндеті байлардың жыршысы болу смес, халықтың жырын жырлаушы болу скснін, адамдықты, ерлікті, халық ісі үшін күрескен адамдарды жырлау сксндігін көрсетіп береді. Жамбылдың орынды сөзінс жа-уап қайыра алмаған қүлмамбет жеңіліп қалады.
Жамбыл Досмағамбетпен айтысқйнда да халықты қанаушы бай, молдалардың еңбскші елге істеп отырған оз-
Жамбыл.Толықжинақ, 1946.
бырлық, обырлық істерін әшкере етсді. Сол қанаушы таптың сөзін сөйлсп отырған Досмағамбетті дс сынға алады. Дос-мағамбеттің молдалық құрып, елді алдап жүргенін Жамбыл былай суреттейді:
Молда смессің, соқырсың Зікір айтып зарлаған, Жаназа оқып өлгснгс, Псдия алып жалмаған. Шариғат жолы мынау деп, қаранғы надан халықты
Көзді жүмып алдаған. Кедей өлсе үйіне, Күңіре шауып бармаған. Аттатана шауып бай өлсе, қирағаттап құранды, Күні-түні сарнаған’,—
дсйді. Халық атьшан айтылған бұл шьшдыққа Досмағамбет жауап қайыра алмай жеңіледі.
Айтысқа түскен ақындардың жеңу-жеңілуі, негізінде, жоғарыда аталған скі жағдайға байланысты дей отырып, кейде кейбір алғыр ақындардың болмашы нәрседен жеңіліп қалатындығы барлығын байқаймыз. Мәселен, бір рсттс Жанақ ақын қатарынан он алты ақынды жсңіп шығады. Бірақ ол он жетінші болып айтысқан бала ақын Сарыбайдан жеңіліс табады. Сондай-ақ, жаңагы Сарыбай ақын ұзақ жылдар бойына ақын қыз Тойбаламсн айтысып, тартысып жүреді. Шаң ілеспес алғыр ақын атанған бұл екеуі бір-бірінокеңісс алмай андысу, қапысын тауып мұрттай ұшыру жайын қарастырып жүреді, бірақ жсңісс алмайды. Ақырында Са-рыбай Тойбалаға түрпайы бір қалжың айтам деп қалпақтай түседі, жеңіледі.
Айтыста жеңілген ақын “жсңілдім” дсп ашу шығармаған. Жеңілгсндігі үшін ашулану ақынға лайықсыз, ол жаман-дықтың белгісі деп түсінген. Жәнс де жеңілген ақындар ксйіннсн қандай жағдайда, кімнен жеңілгйщігін өздері айтып та жүргсн. Жанақ Сабырбайдан, Ксмпірбай Шөже-дсн, Сүйінбай Күңбаладан қалай жсңілгсндіктерін ұрпаққа мәлім стіп, жырлап бергсн. Мәселсн, Ксмпірбай Шөжедсн қалай жсңілгендігін.
• Келіп ем осы тойға өктемдоліп,
Жүруші см қу соқырдан секдемделіп Бағасы жоқ соқырмен айтысам деп, Жығылдым төрт аяғым көктеп келіп2,—
дсйді. Мұндай мойындаулардың өз кезіндс жас ақындар үшін мәні де болған. Олар ақындардың нсдсн жсңілетіндігін, қай рсттс сөздсн ұтылатыядыгын сскс алып, одан өздері үшін қорытынды жасап отырган. Бұл ретте көптсген айтыс
Сонда.
С. Сейфуллин. Казақтыңескіәдсбиетпұсқалары,137-бсг, 1931.
өлеңдері сол жеңілген ақындардың айтуымен сақталған секілді.
Жоғарыда айтыс өлеңдерінің тақырыбы өте көп және айтыс үстіндс туатындығын ескерткснбіз. Шынында да, айтысқа түсетін ақындардың алдын ала белгілі бір тақырыпты даярлап әкслетіндері аз секілді. Өйткені, болашақ айтыста кімнің не туралы айтысары, қандай мәсе^лснің төңірсгінде сөз қозғайтындары күні бүрын мәлім болмайды. Айтыстың қызықтылығы да осында. Егер айтысатын ақындар алдағы тартыс тақырыптарын алдын ала білетін болса, онда айтьтс казсктесіп өлең айтумен бір болар еді. Бірақ айтыста мұндай жағдай болмайды. Айтыстың тақырыбы скі ақынньщ жауаптасып, қағысуынан туады, үлкен әңгімслер тосыннан, түтқиылдан шығады да, әрі қарай бір әңгімсдсн скіншісі туып, дами береді. Айтысқа түскен ақындар ұсақ-түйск қалжывдардан бастап күрделі сөзгс кслтіретін: дау тудырып айтысатын, қыздыра, үрлсй түсстін жағдайларға дейін ба-рысады. Бұл ретте олардың көбірек көңіл бөлетіні, үңілс қарап, ақтара жырлайтыны ру мен ру арасындағы қарым-қатынастар жайы болады.
қазан революциясына дсйін үстсмдік еткен қазақтың бай-лары мсн болыс, билсрі ел билсу ісінде халыққа жат саясатты қатты қолдап, соны жүзегс асырып кслді. Олар қазақ қауымын руға бөліп ^жіктсу, ру намысын қорғаған болып, сл арасында ұрыс-жанжал шығару, бір руды скіншісінс айдап салу, араз-застыру, шапқыншылық жолымсн барымта алдыру, т. б. арқылы өз дәрежслсрін көтсрс түсуді көздеді, пайда та-буды -мақсат стті. Халыққа жат бұл саясатты жүргізу, ру тартысында сөз сойылын соқтыру үшін, айтыс ақындарын да қол шоқпар стугс тырысты; ксйбір ақындарға азын-аулақ ақы бсріп, сөз барымташысьт рстіндс пайдалану әрскстін жасады. Ондай жалдамалы ақындарына олар өздерінің ру-ларьщ, байларын, бслді дсгсн адамдарын мақтатып, қарсы жақты жамандатып отырды.
Бірақ айтыс ақындарының ішінсн бірсн-сараны болмаса, көпшілігі қазақ байларының сойылын соғып, солардың ру намысын қорғаушысы болган смсс. Рас айтысқа түсксн ақындардың ру мәсслссінс соқпай кетстіні жоқ. әцгімс ру мәселссін айтысқа қосуда смсс, оны қалай және қай тұргыдан қосуда ғой. Біздің байқаумызша, ру жайын сөз қылған ақындардың көпшілігі бүл мәсслені халықтық түрғыдап қозғайды; рудың белді адамдарын, болыс-билсрін, байларын зор дәрежсгс көтсріп мақтай бсрмсйді; қайта олардың жа-уыздықіс-әрекеттсрін, жағымсыз қылықтарын ашьга айтады,
баса айтады, оны сл алдында әшкерс стсді, Бұған мысал стіп жоғарыда талданған Жамбыл айтыстарын қоспағанда Кеншімбай мен Ақсұлудың, Шөже мен Балтаның, Майкөт пен қүлмамбеттің, Сүйінбайдың т. б. айтысын алуға болады. Ксншімбай Ақсұлумсн айтысқанда өз еліндегі Мырқы, Нұрске, Жүсіпбек, әлі секілді байларын, болыс-билерін жер-көкке сыйғызбай мақтап сөйлейді. Бірақ оның мақтап отырған адамдарын Ақсұлу мына түрдс әшкере стсді:
Жаппасым, мақтан бсрмс Мырқынызды, Алдымсн Мырқы бұзган шырқыцызды. Байлықпсн бар адамын әлек қылып, Неше жыл бүлііідіргсн жұртыңызды. Нурске, Жүсіпбск псн әлім болыс, Біздсргс үшеуі дс мәлім болыс. Сүгір мсн Батырбайды үстап бергсн, Ары жок адамдықтан зәлім болыс… Жаппастың штаты бар жәнс қызық Штатқа жиналады өншен бүзық. Біреуі-беруіне пәлс салын, Жатқаны күні-түні қағаз сызып. Патшаға мақтанбаққа үстап берер, Айдатып азаматын қойдай тізіп…
Сөзден ұтылмаудың қамын ойлаған Кеншімбай Ақсұлу-дың еліндс де “қылығын құдай сүймегсн” жауыз адамдардың бар екенін айтады. Ол:
Патшаға қапан болыс үстап бсрген,
Кшәсыз Боранқұлдыц бес баласын.
Білемін Дербісәлі, Есқожаады
Шспдсрін ср қүнына сатып алған… —
дейді. қапан, Дербісәлі, Есқожа сияқтьг болыстардың ха-лықты қысып отырганын, олар патшадан шен аламыз дсп, слдің ер ұлдарын асып, атқанын, айдауға жібергенін әшкере етеді. Сөйтіп, айтысқа түсксн екі ақын, скі жақтың байлары мсн әкімдерін халық алдында жамандап шығады.
Немссс Шөжс мен Балтаның айтысын алайық. Бүл айтыс қаракссск Шанжар деген кісінің асында айтылады. Асқа көп жерден кісі кслген скен, ішіндс атақты ақын, әншілср де болыпты дсйді. Асқа келген аға сұлтан құнанбай Шөжс мсн Балта ақынды айтыстырады. Сол жердс Балта Шөжсгс түтқиылдан тиісіп, айтыс бастайды; Шөженің соқырлығына жармасады. Бірақ айылын жимаған азулы ақын Шөжс Балтаға қарсы шабуыл жасай отырып, оның озіне де және қолдап отырған қүнанбай мен Алшынбайға да біраз мін тағады. құнанбайдың да соқырлығын, Алшынбайдың па-
1 “Айтыс”, 1 том, 331,334-беттср, 1965.
2 “Айтыс”, 1 том, 331-334-беттер, 1965.
рақорлығын, Балтаның ұры екендігін айтып салады. Және дс Шөженің соқырлығын айтып қоймаған Балтаға:
Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса, құтылсайшы мына отырған қүнанбайдан,—
дейді. Шөжс. Азуы алты қарыс қүнанбайды жұрт алдында мазаққа айналдырып, келеке етеді. құнанбай мен Алшын-байды жеміт иелері, жебірлер деп, жыртқыш қүстарга, қүзғындарға теңейді және:
Үры, шіркін қорқа ма бір құдайдан, Кісі өтпес пара жеугс Алшынбайдан,—
дейді.
Шөженің бұл сөзіне шыдай алмаған Алшынбай азулы ақынға қамшы жұмсайды. қамшымен жуасытып алмақ бо-лады. Бірақ Шөже алған бетінен қайтпайды да, Алшынбайға қарап:
Япырмай, бұл немене тарсылдаған
қаншық смес, төбет қой арсылдаған.
Тепкілей бер, сабай бер — өлтірмессін,
Ашуыіщы бас, бірақ сеп қалшылдаған.
Ақ серкесі Бошанның, Алшынбай таз,
Жаз шілдеде ұшады ит ала қаз.
Екі сөздіц бірінде соқыр дсйсін,
қасиетің бар болса, басыоды жаз! —
дейді, ащы ашудан шыққан сынын бұрынғыдан бетср үдетіп жіберсді. Өздерін сл “ағасы”, сл “жақсысы” деп білстін қүнанбай мсн Алшынбайды Шөже ақын халық алдында масқара стіп шығады, сл сңсесін түсіріп отырган әкімдерге деген халықтың әрі турашыл, әрі ызалы сөзін сстіртсді.
Айтыстарда халық ақындарының сл билеген бай, болыс, төре, сұлтан, әкімдердің сңбекші слгс жасаған зорлық-зом-былығын, парақорлығын әшкере стіп сынаудың мысалы жоғарыда аталғандар ғана смес. Мұндай сын Сүйінбай ақынның Тсзек төремен айтысында да орын алғанын көреміз. Бүкіл Жстісу өлкесін билеген Тезек төре аса айбарлы, қатты, залым жәнс жұртты қорғалатып, ығыстырып үстаған адам болыпты. Мүның үстіне оның қарамағында үры-қарылары бар екен. Тезск төрс сол ұрыларын аттан-дырып, әр жердсн мал үрлатып алдырып отырады екен. Бір күні төренің найманға аттандырған екі жігіті жылқы ала алмай таяқ жеп қайтып келіпті. Олардың әрі олжасыз, әрі соққыға жығылып қайтқанына ашуланған төре ұрыла-рына ұрсып-зскіріп жатқан үстіне Сүйінбай ақын кіріп келеді. Сүйінбайдың рұқсат сұрамай, үйге кіріп келгсніне
қазақәдебиетініцтарихы, Ітом, 702-бет.
төре қатты ашуланады. Төре тұқымдарының заңы бой-ынша, сұраусыз кірген адамның ат-тоны айыпқа алынады екен. Тезек төре осы жазаны Сүйінбайға да қолдану туралы жігіттеріне бұйрық береді, олар ақынды шешіндіре бастайды. Сонда Сүйінбай:
Ассалаумағалайкүм, Тезек төре, Елден жылқы қоймаған, кезеп төре,—
деп сөзін бастайды да:
Төрені келіп едім көрейін деп, Сәлемін пайғамбардың берейін деп, Аттандырган ұрысы қолға түсіп, Хан ием отыр екен өлейін деп’,—
дейді. Тезек төренің елге істеген жауыздықтарын ақтараі айтып, қыза түседі. Төреден әмірші әкім екен деп имен-беген, қайта одан өзін жогары санаған Сүйінбай халықтың ( ызалы ашу-кегін тасқындатып жібереді. Елгс “кезеп” аты жайылған төрені қылқындыра жерлейді.
Бұл келтірілген мысалдардың барлығын нағыз халық ақывдарының еңбекші ел намысын, соның жырын жыр-лағанын, мұны айтыстары арқылы да білдіргенін көрсетеді. Олар байлар мен болыс-билердің, сұлтан, төрелердің сой-ылын соққан кейбір жалдама ақындар секілді шындықты жасырмайды, турасын айтады. Еңсесі түсіп езілген халықтың атынан сөйлеп, қалың көпшіліктің көзқарасын білдіреді.
Ақындар айтысына жігіттермен қатар ақын қыздар да қатысқан. Тойбала, Күңбала, Тоғжан, Сара, Ақсұлу, Дәме, Ақбала, Манат, Шөкей, Ажар, Тәбия, Айқын, Хадиша, Рысжан, Ш^ріпжамал, Үлбике сияқты ақын қыздар сан жүйріктермен салғыласа отырып, жұрт алдьшда ақындық өнерін танытқан. Олардың кейбіреулері өздерімен айтысқа түскен ақын жігіттердсн ақындық өнерін асырып та жүргсн, жігіттерді жүндей түтіп, сөзбен буған кездері де болған.
Жігіттермен қатарласа айтысқа түскен ақын қыздар өздерін еркін ұстайды, есілс сөйлейді. Олар сөз май-данына шыққан шақта жасқаншақтық жасамай, жарқылдай келеді. Айтысқалы отырған жігіттерді үрейлендіре, қорқыта сөйлеп, ақындық өнерінің күштілігін айта, айбат шегеді. Біржанмен айтысқан Сара, Кеншімбаймен арпалысқан Ақсұлу, әсетпен сөз қағыстырған Рысжан т. б. осы әдісті қолданады, жігіттерді баса жуасытып алмақ болады.
қазақәдебиетінін тарихы, 704-бет.
Ақын қыздардың ақындық өнерін халықпсн бірге ақын жігіттер де жоғары бағалаған. Шәріпжамалмен айтысатын әжек ақын: “Даңқты сен сықылды болмасам да”,— деп ақын қыздың өнері артықтығын мойындайды. Рысжанмен айтысқан әсет ақын:
Сөзінің қайран қалдым кірін таппай, Кенедей лебізінің мінін таппай, Жүйрік ем жеке шапсам жан салмайтын, Адастым айтар сөздің бірін таппай’,—
деп Рысжанды сүйсіне ардақтайды. Ал Кеншімбай Ақсұлудың ақындық өнерін сырттай естіп қүмартады, көп елге даңқы шыққан ақын қызбен көрісуді, айтысуды арман етеді.
Ақын жігіттердің қайсысы болса да, ақын қыздарды кемсініп мұқатпайды, оларды өз қатарлы өнер иесі деп бағалайды. Солай бола тұра, жігіт ақындар сөз майданында ақын қыздарды жеңу үшін әр алуан әдіс қолданады. Соның ішінде ең бастысы — қыздың барғалы отырған күйеуінің жамандығы, атақты ақын қызға тең еместігі. қалың малы алынып, сүймеген біреуге атастырьшып қойған қыз “мықты болсаң, жаман күйеугс барма” деген сөзден тосылады. Бұдан кейін ақын қыз айтысып отырған ақын жігітке дау айтпай, мұңын шағады, ел алдында көңіліндегі қайғы-шерін зар етеді. қыз қайғысына ақын жігіт те ортақтаса отырып, аяушылық білдіреді. Атақты әнші, алғыр ақын қыздардың сүйген жігітіне бара алмай, теңіне қосыла алмай арманда болып отырғанын ақын жігіттср де тебірене жыр етеді. Мұндай аяулы, ардақты қыздардың бақытына тұсау болған ескі әдет-ғүрып, қалың мал екендігін қатты сынға алады және бұларды зорлықпен қолдаушыларды жерлей тарпиды. Осы ретте қазақтың ақындар айтысында күрделі тақырып болып әйел тендігі мәселесі көтеріледі. Бұл тақырыптың “Біржан мен Сараның”, “Омарқұл мен Тәбияның” айтыста-рынан басты орын алғандығын байқаймыз.
Ақындардың айтысын сөз еткенде жоғарыда айтылғандарға қоса тағы бір-екі мәселені қарастыра кетелік. Ақындар айтысы тек ақындар үшін ғана мәнді, маңызды болған емес. Ол қазақ халқының мәдениеті тарихынан елеулі орын алады, қазақ поэзиясының қалыптасып даму тарихын, көркемдік дәрежесі қай кезде қандай болғандыгын білдіретін көрсеткіштің бірі болып табылатындыгын “айтыс” жанрын зерттеушілердің барлығы да айтады. қазақтағы ақындар айтысы,— дейді олар,— әуел кезде түре айтыс, сонан кейін
1 “Айтыс”, 228-бет, 1941.
сөре (сүре) айтыс түрінде туды. Екі ақынның кезектссіп бір шумақты өлеңмен жауаптасуын түре айтыс деген. Ал, екі ақынның көп әңгімені қамти, дамыта және бірнеше. шумақпен ұзағынан сөйлеп кстетін жауаптасуларын сүре айтыс деп атайды. Мұнда ақын айтайын деген ойын кеңінен толгап жырлайтын болған. Сүре айтыс ақьшдар айтысының өскелең дәрежеге жеткен кезінде туған . әдебиеттік түр жағынан алғанда, түре айтыс — жалпы айтыс жанрының қалыптасу, өсу-өрлсу кезсңдерін, тарихын ‘ баяндайтын [ көрсеткіштің бірі.
Айтыс өлендерінің идеялық бағыты біркелкі болмауы | сияқты, оның көркемдік дәрежесі де әр түрлі. Айтыс өлеңдерінің ішінде олпы-солпы құрала салғандары, көркемдігі төмендері де бар. Бүған қарап оларды “өлсң емес” деуге де болмайды, олар да өлсң, халық әдсбиетінде ! ауызша шығарылған өлең үлгілері. Мұнымен қатар, айтыс өлевдерінің ішінде нағыз ақындық шабыттан туған асыл-дары, әсерлі-әдемілері, жазба поэзияға бара-бар келетіндсрі бар. Кемпірбайдың әсетке айтқаны, Біржан мен Сараның айтысында жиі кездесетін айшықты, маржандай тізілгсн әдемі шумақтар мұның мысалы бола алады. Оларды шын мәніндегі көркем, нағыз шебсрдің ақындық қиялынан шыққан асыл қазына деп қараймыз.
БІРЖАН МЕН САРАНЫң АЙТЫСЫ
қазақтағы айтыс өлеңдерінін ішіндегі айрықша орын алатыны, көркемдік дәрежесі жоғарысы Біржан мен Са-раның айтысы. Жоне ол қазақ еліне ертеден таныс, көп тараған айтыстың бірінен саналады. Бұл айтыстың идеясында аздаған қайшылық-кемшіліктер бола тұрса да, революцияға дейінгі қазақ поэзиясының ең сұлу, асылдарының бірі.
қазан революциясына дейін казақ ақындарының айтыс өлевдері негізінде ауызша сақталып келді. Бірен-сарандаған айтыстар болмаса, көпшілігі баспа жүзін көрген емес-ті. Сол кезде өз алдына кітап етіп басылып шыққаны Біржан мен Сараның айтысы (1900 және 1912 жылдар басылған). Ал кеңестік дәуірде бұл айтыс бірнеше рет басылып шықты да, халыққа көптеп тарады.
Біржан мен Сараның айтысына талдау берместен бұрын, қысқаша түрде осы екі ақынның кім екендігін баяндай кетелік.
1 М. әуезов, С. Мүқанов, Е. Ысмайылов, К, Жүмалиев, Т. ІІүрпгазин, т. б. жоғарыда аталған еңбектсрін қарацыз.
Біржан қожағүлұлы Көкшетау облысына қарасты Еңбекшілдер ауданындағы Жөкей көлінің жағасында — қазіргі Степняк жерінде 1834 жылы туған. (Жөкейге кұятын көп бұлақтың бірі “қожағұл бүлагы” деп аталады.) Ол Біржанның аталарының қонысы болған.
Біржанның әкесі Тұрлыбай (қожағұл Біржанның атасы) кедей шаруа екен. Біржанның “Мың жарым жылқы біткен қожағүлга” деуі ақындық шалқу үстінде айтылған сөз, анығында қожағұл да, Тұрлыбай да әлді-ауқатты кісілер болмапты. Тұрлыбайдың Ержан, Нұржан, Біржан атты үш баласы бар екен.
Алдыңғы ағалары болғандықтан, Біржан шаруашылықпен айналыспайды, шаруа жайын Ержан мен Нүржан басқарады. Біржан жас кезінен-ақ өлең мен әнге үйір болады. қайда ойын-сауық болса, ол соган қатысады; асқан әнші, өлеңші, домбырашы атанады. Ол қай жерде де халықтың, әсірссе жастардың, құрметтейтін, сағынып • күтетін адамы болады. Ол әнді де, өлевді де өзі шығарып жүреді. Өлеңінен гөрі әншілігі, ән шығарғыштығы басым келеді. ән мен өленді сүйгіш, соған құмар жастар осыдан былай Біржанды аға түтады, атақты әнші, әрі композитор, әрі ақын Біржаннан жас өнерпаздар көп үлгі, өнеге алып отырады. Сол кездерде елге атағы шыққан Ақансері, Жарылғапберді, қүлтума, Иман Жүсіп, Мәди, Балуан Шолақ, Мұса сияқты әнші, ақындар Біржан айналасына жинала бастайды.
Біржанның әншілік, ақындық даңқы қазақ еліне жайыла, тарай береді. Ол енді ақын Біржан, әнші Біржан, сал Біржан, қысқасы, барлық өнер бойына жиналған өнерпаз атанады. Ол ел аралап, жер таниды, жүрген жерінің бәрінде оның өнеріне сүйсінген халықтың алғысын алып отырады. Бір кезде ол Абайдың аулында болып, ұлы ақынмен дидарласады. Көркем өнерді артықша түсінетін Абай Біржанның өнерін аса жоғары бағалайды, екеуі айнымас дос болып кетеді. Және Абай Біржанға достық көңілмен көптеген ақыл-кеңес береді. Біржан творчествосының жаңа бағытта дамуын, халық тілегін орындай беру үшін не істеуі керектігін айтады. Осыған орай ол өз творчествасына асқан үқыптылық, жауаптылықпен қарап, бір әнінен екіншісін асыра шығаруға, халықтың эсте-тикалық тілегін орындай беругс үмтылады.
Ел ардақтаған, халық қадірлеген Біржанды қазақтың бай-лары, қожа-молдалары, болыс әкімдері көре алмай, күндейтін болады. Бір-ақ оларды Біржан адам екен деп
Біржансалқожаеулулы- Өлсцдер (Кіріспе сөзіи Е. Ысмайылов жазған), Ллматы, 1967.
те есептемейді, халық арасында жүріп, барлық өнерін халыққа арнайды. Бұған ызаланған болыстар мен әкімдер Біржанның сарай ақыны, сарай әншісі болмай, халық жағына шығып кетуін қорлық деп есептеп жүреді. Сондықтан да олар өздерінің күштілігін білдіріп, Біржанды жуасытып алу жағын қарастырады. Бұл ойдың іске асатын сәті түсе кетеді. Бір жылы бір үлкен ас беріліп оған көп ел жиналады. қасына ыгай мен сығайларын, әкімдерін ертіп, асқа Жанбота, Азынабай сияқты болыстар да келеді. Жиналған ел ішіне Біржан да барады, ол асқақтаган әдемі әндерімен халықты сүйсіндіріп отырады. Осы кезде Азынабайдың почтовойы болыстардың намысын қорғамақ болып, Біржанды қамшымен сабап, домбырасын тартып алады, ардагер әншінің үнін өшірмек болады. Елден асқан бұл қылыққа шыдамаған Біржан табан аузында өзінің ызалы әнін шығарады.
Жанбота, осыма еді өлген жерім, Көкшетау боқтығына көмген жерің? Кісісін бір болыстың біреу сабап, Бар ма еді статьяда көрген жерің,—
дейді. Біржанның бұл әні, кейіннен “Жанбота” атанып^ елге тарап кетеді.
Осы сияқты, Біржанның “Ләйлім” дейтін әнінің де шығу тарихы бар. Ол былай, Жанбай, Көлбай дейтін агайынды байлар болыпты, жас жағынан олар Біржанмен қүрдас екен. Байлық дәрежесіне сүйенген Жанбай мен Көлбай Біржанды менсінбей, өздерінен кем тұтып жүреді. Және олар Біржанды өсектеп, сөздер таратады. Мұның бәрінен хабары бар Біржан бір күні жаңагы екі байдың аулына келеді. Біржанның келе жатқанын көріп, ұнатпаған Жанбай мен Көлбай үйлерінен “етіп қалады. Біржан басқа біреудің үйіне барып түседі. Ол менменсіген екі байды есінен кет-пестей етіп масқаралаудың жайын қарастырады, қалай тиісерін білмей аласүрады. Ертеңіне атқосшы аттарына ке-теді, Біржан есік алдына шығып қарап тұрса, Жанбай мен Көлбайдың қарывдасы Ләйлім су әкеле жатады, о да Біржанмен салқын ғана амандасады. Осы кезде Біржанның атқосшысы келіп, атының шідері жоғалғанын білдіреді. Жан-бай мен Көлбайға қалай тиісу амалын таба алмай тұрған Біржанды бұл хабар қатты қуантады. Сол жерде Біржан Ләйлімге тесіле қарап тиісе кетеді, шідерімді ұрладың деп жабыса түседі. Шырқалған әнге ел жиналып қалады. Көлбай мен Жанбай да келеді. Сонда Біржан ол екеуіне қарап:
Ар жақта отыратын Көлбай, Жанбай, Шідерімді кім алды Ләйлім алмай?
Балага шідерімнің алтын еді, Асығьістан барамын сұрай алмай…
дейді. Ләйлімге де тиіседі, шідер әңгімесі сұлу қызға тілдесудің тиегі болады. Көлбай мен Жанбай Біржанның аяғына жығылып, кешірім сұрайды. Бұл ән “Ләйлім” атанып елге тарайды.
Біржанның шығарған әндері бұлар гана емес. Ол — әнді көп шығарган композитор. Оның “Көкшетау”, “Жамбас сипар”, “Айтбай”, “Адасқақ”, “Тентек” тағы бірнеше әндері бар. Ол әндеріне текстік өлеңді дө өзі шығарған.
Барлық композиторлық, ақындық талантын халыққа ар-наған Біржан өмірінің соңғы кезінде қалың қасірет-қайғыға душар болады: “Жынданды, есінен ауысты”,— деген өсек-әңгімелер көбейеді. Соның салдарынан ағайын-туыстары Біржанды үйден шығармай қол-аяғын байлап тастайды. Осындай ауыр күйге түскен Біржан қүрбы-құрдас, жолдас-тарына арнап:
Ал, дүние өтеріңді біліп едім, Білдірмей серілікпен жүріп едім. Бүл күнде арық қойдан багам кейін Үш жүзді сайран қылған Біржан едім,—
деп зарланады, көңіліндегі қайгы-мүңын шағым етеді. Теміртас, Асыл, Ақық атты өзінен туған балаларына:
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті, қинауга салады екен адамзатты. Үкідей желпіндірген қарақтарым, Шешсеңші, білегіме арқан батты…,—
деп, мұңын айтып көмек сүрайдьг. Осыдан ауыр қасіретке үшыраған, үш жыл бойына қол-аяғы байланған, қазақ халқының үлы әнші-ақыны Біржан, алпыс үш жасывда 1897 жылы азаппен қайтыс болады. Оның денесі өзінің туған жеріне атасы қожағұлдың қасына қойылады.
Ал Біржанмен айтысқа түскен Сара жайында баспа жүзіне шыққан өмірбаяндық материалдар онша көп емес, тек әңгімелері бар. Олардың айтуына қарағанда, Сара әрі әнші, әрі алғыр ақын, сан айтыстарга қатысып жүлде алған жүйрік атанған. Сараны 1911 жылдар шамасында қайтыс болған дессді.
Біржан мен Сараның атақты ақын екендіктерін олардың айтысы көрсетеді. Бірақ бүл айтыс жайында әлі ғылымда дәлелденбеген, тек ел аузында жүрген бір әңгіме де бар. Оған құлақ түрсек — Біржан мен Сара айтыспапты, оны әріп Тәңірбергенов деген ақын шығарыпты-мыс, әріптің белгілі ақын екені рас, оның Біржан мен Сара айтысын естуі, білуі де мүмкін. әйткенмен әріптің осы айтысқа қатысы қандай, ол жинаушы немесе баспаға даярлап беруші ретінде қатысты ма, ол арасын айту қиын. Сондықтан біз мұны Біржан мен Сараның шығарған айтысы деп қараймңз. Сон-дай-ақ бұл айтыс алғашқы қалпын сақтаған ба, ксйінгілсрдің қосқан, өңдеген жері жоқ па, дегенді айта алмаймыз. Өйткені, өткен заманда ақывдар айтысы табан аузында жазылып алынбаған. Айтыстардың қай-қайсысы да ақындардың кейіннен өз айтуымен тараған, кейде айтыс < кезінде болып сстігендер, оны ұғып алушылар таратқан. Ал “Біржан мен Сара айтысы” айтыстың болып өткен кезінен көп кейін 1897 жылы Сараның өз аузынан жа-зылып алынған.
“Біржан мен Сара айтысын” зерттеушілердің қай-қайсысы да, бұл айтыстың шынында да болғандығын дәлелдейді. Ол былай: Найман — Матайда (қазіргі Тал-дықорған маңында) Сара дейтін әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші екендігін Сара да естиді. Бұлар бір-бірін көріп біліспесс де, сырттай таныс дидарласып көрісуді арман етіп жүреді… Бір жылы қасына бірнеше жолдастарын сртіп, Сараның сліне Біржан келеді, ондағы ойы: атақты ақын қызбсн танысу, өнер салыстырып айтысу, ақындық-әншілік күш байқасу. Біржан келсе, Сара үйінде жоқ ексн. Біржанның алдынан Сараның шешссі мсн сіңілісі шығады, олармен бір-скі ауыз сөз қағыстырады. Олар Сараньщ қажы ауылына кеткснін айтады. Сараны іздеп сол ауылға Біржан да тартады.
Бұл ксзде Сара жиналган көцшіліктің алдында, қажы атасына:
. .Сіз мені айып стпо зарлағанға, Тұнғиық сырым тсрсн барлаганға. Мінски он жстіге биыл келдім, Сан жүйрік ілесксн жоқ самғағанда… қажеке, сізге айтарлық арызым сол, қапамын бастан билік алмағанға. .,—
деп, мүңын шағып отыр ексн. Осы тұста Біржан келіп: “Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бсрі”,— деп хабар салады. жұрт жиналып қалады, скі ақынның айтысы басталып кетсді. Біржанның:
Адымым күні бүпн қалыбында, Екі жыл отыз беске келгенімс,—
деуіне қарағанда, Біржан Сарамен отыз жеті жасында айтысқан. Е. Ысмайыловтың айтуынша, бұл айтыс 80-жыл-дары болған.
Біржан мен Сара әңгімені амандасып көрісуден бастап, ұзақ айтысады, екеуі де елге атағы шыққан алғыр, азулы ақын екендігін таныта, бір-бірін қорқыта, үрейлендіре сөйлейді:
Біржан:
…қырандай аспандаймын желді күнгі, Даусымның көтерілер шықса тері. Болжаған жер шарасын майталманмын, Жасымнан маған мәлім қыз ие дері. Алтын менсн күмістің нақысыидай, Міні жоқ бізден шығар сөз бедері… Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес, Кен қолтық арғымақпын алқымы іспес,—
деп, өзін көкке самғаған көк дауылпаз қыранга немесе алғыр ағынды ақ иыққа теңейді. Енді бір сәтте “аққумен аспандағы” ән қосады, тағы да шырықтап жогары көтеріледі, “қанды көз, май жеп алғыш ақ иықтай” суылдайды. Ол өз өнерін, ақывдық-әншілік күштілігін осылай суреттей отырып, Сараның адымын аттатпай, аузын ашырмай ап-шысын қуырмақ болады, ақын қызды сескендіре сөйлейді. Бірақ Сара Біржанның айбарынан үрейленбейді, одан өзінің, ақындық-әншілік өнерін артық болмаса кем деп білмейді. Сарамен айтысқалы отырған жалгыз Біржан емес. Ол бұдан бұрын да талай ақындармен: “Бәйгімді шаппай бер”,— деп ірілік көрсете келген сан жүйріктермен кез-дескен болатын. Солардың бәрін есінен қалмастай етіп жеңген де еді. Мұны еске алған Сара:
Арыстан, сал Ниязбек іздеп келіп, Шошынған жүгірістен танбағаиға… Жанақ та қобызбенен түк қылған жоқ, Онай ма сендей сорлы бишараға. Орынбай іздеп ксліп, кеткен қаңғып, Женген жоқ Кеншімбайын о да аңдып,—
дейді. Айтыста осынша ақынды жеңген Сара Біржанға да күштілік білдіреді. “Келгенің жақсы болды, әйтпесе өзім іздеп барғалы отыр едім”,— дегенді ескерте келіп:
…Найманда скі жүзді нар кескенмін, Желкенді қимақ үшін қойған саптап. Тозанын анда-санда бұрқ-бұрқ етер, Сабасам бейпіл тілді екі жақтап…
Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес, Болатпен екі жүзді алмас кеспес,—
дейді Сара.
Айтыс майданында бір-бірін осылай шошытпақ болып сөз бастаган екі ақын, айтыс дәстүрі бойынша, енді бір сәтте әрқайсысы өз еліндегі бай мен болыстарды, әкімдерді мадақтайды. Оларды халық қамын ойлаған адамдар етіп көрсеіуге тырысады. Бұл, әрине, тарихи шындықты бұрма-лаушылық, қанаушы тап адамдарын рақымшыл, халыққа жаны ашитывдар етіп көрсетуге тырысушылық. Айтыста аталған: Мұса, Шорман, құнанбай, Кенжеқұл, Байтоқы тағы басқалары үстем тап өкілдері болатын. Бұларды мақтап, дәріптеу “Біржан мен Сара айтысының” басты қайшылығы — кемшілігі еді. Осы аталған адамдардың қасына Абайды апарып қосулары айтыстың тағы бір кемшілігі деп ұғыну керек. Рас, алдыңғыларына қарағанда, Біржан Абайды бөліп алады. Ол Абайды:
…Ыбырай жас жолбарыс журектенген,
Дұспанға арыстандай білектенген…
Ей, Сара, кісің бар ма оған жетер,
Өнерін көрген жанның есі жетер…
Орта жүз Абай қойды атын батпай,
Үйіне ояз кірмес жауап қатпай…
Зейіні түпсіз дария көзің жетпес…
Дос көрген олар заћит ғалымдарды,
Момынға зәбір, жапа қыласың деп,
Жіберген жер аударып залымдарды,—
деп ардақтайды. Абайдың халық ұлы, елдің ер-азаматы екендігін суреттейді. Үлы ақынның адамгершілігін, ақылын, білімін, халық қамын ойлап қызмет етушілігін мақтан етеді. Айтысқа түскен екі ақын бірін-бірі жеңу, мүдіртіп, мерт ету мақсатымен көп алысады, орай шауып оза тартады. әр жерде түйреп, шабуыл жасайды. Бірақ тал бойларынан мін, сөздерінен сынық табылмайды, бір-біріне ақындық-әншілік өнері барабар келеді. Сараның сұлулығына, ақындық-әншілік өнеріне көңілі толып, оны жоғары бағалаған Біржан:
Жарайды, жаным Сара, осы сөзің, Тас түлек түрымтайдай екі көзіқ… Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін. Канатын күн шалмаган ақ тұйғынның Жапалақ иемденер басқан ізін… Кемітер дұшпан шіркін қай жерінді, Адамзат озар емес бір басыңнан,—
деп сүйсіне мақтайды.Біржан Сараны ардақтай, мақтай отырып, осындай өрелі өнері бар ақын қызды агайын-жүртының қалай бағалайтынын, өзі секілді теңіне берген-бермегенін білу мақсатымен үлкен бір әңгімені бастап кетеді. Елден ерен шыққан ардақты Сараны ағайын-жұрты қандай адамға күйеуге бергелі отырғанын айқындамақ болады. Біржанның мұнысы Сараны мұқатып жеңу үшін емес, оның ағайын-туысын сынау ойынан туған. Осы мақсатпен ол Сараға:
Шақыртып, осында алдырт күйеуінді, Көрейін таңдап қосқан сыңарынды,—
дейді. Сан жүйрікті сөзбен буған Сараның қауіптенетін жері де осы еді. “Күйеуіңді алдырт”,— деген Біржан сөзі Сараға атылған оқтан кем тимей, жауап сөзден тосылып қалады. Сараның ағайын туыстары қалың малды матап алып, Сараны Жиенқұл дейтін бір жаманға атастырып кояды. Бұған Сара аса наразы, өз басында теңдік жоқтығын сүйме-ген қортыққа байлаулы болганына ызаланып жүретін. құрбы-құрдастарымен әзілдескенде де, ақындармен айтысқанда да, Сара сол Жиенқұлдан қорлана беретін. “Күйеуінді алдырт, ағайын-туыстарыңның таңдап атастырған адамын көрсет”,— дегенде Сара қайғыға үшырайды да, өзін малға сатқан, теңіне қоспаған туыстарына қарап, ыза-мен:
қажеке, күні қүрсын ұргашының,
Билігі болмаған соң бір басыньщ.
Берген соң тері-терсек ит те алады,
Пұлындай берекесіз арбашының…
Адамға жол бермеген есіл тілім,
Күн өтпей желпіп ұшқан қызыл гүлім,
Сіздерден үялғаннан жүруші едім,
Есекке қосақтаулы өтті күнім.
Өзі білер деуші едім жақсылардың,
Ақыры қайғьі болды енді мүным…
Сіздерге сенетұшн сорлы басым,
Келгенде Жиенқүлга шықпайды үнім…
Жиылған қаптағайдың жақсылары,
Олжама айырып бер өз басымды,—
деп, қатты қамығады, басына теңдік беруін сұрайды. Бүл жалғыз Сараның ғана мүңы-шері, қайғы-зары, тілегі емес еді. Ол сол кездегі қалың малға сатылған қазақ қыздарының қасіреті еді.
Сараның аянышты халіне Біржан да көңіл аударып, аяушылық білдіреді. Сараның қайғы-зары оған да қатты батады; елгедаңқышыққан, ақыл-ойыозат, ақындық-әншілік өнері асқан Сараның теңіне бара алмай, бір жаманға қосақталып отырғанына Біржан да ауыр күйінеді. Сондықтан да ол Сараның-қайғысына ортақтаса отырып:
Обалың Есімбек пен Тұрысбекке, Күйеуің жаман екен, ей, бишара,—
деп аяушылық білдіреді. Сараның ауыр күйзеліске түсіп І отырғанын білген сезімтал Біржан жығылған үстіне жұдырық болмасын деген оймен: “Жиенқұлды алдырма, Сараның тыр-нағынан садаға кетсін”,— дейді. Және ол Есімбек пен Тұрыс- | бекке: “Сараны жылатпай, тсңіне қосындар”,— ардақты ақынның обалына қалмаңдар деп ақыл айтады.
Сөйтіп, “Біржан мен Сара айтысы” атақты екі ақынның і өнер жарысы, сөз шарпысуы ғана болмай, бүкіл қазақ ауыз әдебиетінде әлеуметтік мәні бар тың тақырыпты, яғни әйел теңдігі мәселесін көтерген айтыс болды. Бұл айтыста қазақ қыздарының аянышты ауыр халі, сүйгеніне бара алмай жас өмірін қайгы-зармен, жылаумен өткізгені, ескі әдет-ғұрыптың құрбаны болғаны суреттеледі. Олардың мұндай ауыр халге түсуіне феодалдар, байлар, қажылар кінәлы, оған: Есімбек, Тұрысбек сияқты жуандар айьшты екендігін көрсетеді.
Айтыста Сара сөзден ұтылып, ақындық өнерден жеңілген жоқ. Біржан да оны жеңіп жықтым демейді. Бұл айтыста жеңілгендер — Сараның ағайын-туыстары. Сара сияқты саңлақты малға сатқан, теңіне бермей бір жаманға қор қылған Есімбек, Түрысбектер жеңілді. Айтыста соларға деген халық қарғысы айтылады. қазақ қыздарының бас бо-стандығына тұсау болған, сор болып жабысқан қалың мал екендігі жиіркенішті түрде әшкере етіледі. Айтыстың әлеуметтік мәні де осында. Сондықтан да біз “Біржан мен Сара айтысын”, аздаған қайшылығы бола тұрсада, халықтық сипаты мол көркем айтыстың бірі деп қараймыз. !
АЙТЫСТЫң КӨРКЕМДІГІ_Ақындар айтысының ішінде ең көркемі, КӨРКЕМДІГІ ақындық тілге байы, сұлуы да “Біржан мен Сараның айтысы”. Бұл жағынан ал-ғанда, ол шын мәніндегі көркем шығарманың бірінен сан-алады. Айтысқа қатысқан екі ақынның қайсысы болса да халықтың тіл байлығын молынан пайдалана отырып, неше түрлі әдемі теңеу, сөз образдарын жасайды, айтайын деген ойын әрі ашық, әрі терең маіыналы етіп жеткізеді.
Бұл айтыстан үздік теңеу, әдемі сөз айшықтары, эпитет, метафоралар жиі ұшырасып отырады:
Ақ иық мүзбалақпын жерге түспес, Кен қолтық арғымақпын алқымы іспес,—
немесс:
қырандай желді күіігі аспандаймын,—
дейтіндер әдемі эпитет, метафора болып табылады. Мүнда ақын өзін “желді күнгі қыранға”, “кең қолтық арғымаққа” балай отырып, үздік эпитет, әдемі метафора жасайды. Бүл ретте оның өзіне тән бір ерекшелігі күрделі метафора, яғни метафораның ұлғайған түрін жасауында . Мәселен:
Жорғамын шаршы топта самғайтүрғын, Бәйгі аттай серпінімді шалмайтұғын, әнімді он екі звод жіберейін, Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын. Ежелден құлаш мойын көк айылмын, Ылауға алты күнге талмайтүғын. Болатпын екі жүзді, жетем қүрыш Шапса да қара тасқа таймайтүғын… Ой желке, қамыс құлақ, қара көкпін, Түнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын,—
деп, Біржан әрі күрделі, әрі ұлғайған метафора тудырады. Мұндай үздік метафоралар, сөз образдары, теңеулер Са-раның сөздерінен де орын алады. Сара өзін сипаттағанда:
Тамағым жас баланың білегіпдей,
Иығым тік сандалдыц тірегіндей.
Бет алдым кеудесіндей қоңыр қаздың,
Тал бойым жолбарыстыц жүрегіндей,—
дейді.
Біржан мен Сараның ақындық тіліндегі ерекшелік бүл ғана емес. Олар ақындық тілдің бір түрі болып табылатын ирония мсн сарказмды да орынды және әдемі қолданады . Мәселен, осы ирония, сарказм арқылы Жиенқүл бейнесі шебер суреттеледі. Мысалы, Біржан: “Жиенқұлды шақырт”,— дегенде, Сараның айтқан сөзі ирония ^Іен сар-казмге құрылады. Онда Сара:
Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ қүйрық көніл ашар шай секілді. Үсынса қол жетпейтін, арғымағым, Біржанға баламаймын тай секілді… Асылым, қүдай берген өз бағыма, Тенелмес жеті Біржан тырнағына.^ Найманда үлы дария саяткерім, Балық боп ілінгемін қармағына,—
‘ қ. -Жүлголиев.қазақәдебиеті, 1949ж., 125-бот.
^ қ. Жумалиев, жоғарыда аталған кітабын және Абайдың ақындЬІқ тілі туралы монографиясын кдраңлз.
дейді. Бұл үзіндіде, сырт қарағанда, Сара Жиенқұлды мақтап отырған сияқты. Бірақ ол мақтау смес. Жиенқұлды кекетіп, шенеу, ирония арқылы оның кескін-пішінін әжуа етеді. Иро-] нияның өзі бір нәрсенің жаман екендігін мақтау арқьшы білдірстін құрал болады. Ал сарказм олай емес. Мұнда ой ашық, турасынан айтылады. Сара Жиенқұлды жаны | сүймейтіндігін, жек көретіндігін жасырмайды, ашып айта-ды:
Кұнжиып мінер құла жорға барса, Келе алмас, ол шірігің қорғаласа, Рас, бізді масқара қылар сонда қорс етіп, “бармаймын” деп үйде қалса, Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ, Ербиер есіз тауға шыққандай-ақ, Жиенқұл күжірейіп келер ме екен. Он мата арқасына тыққандай-ақ,—
деп, Жиенқұлдың кім екендігін сарказм арқылы ашып айта-ды.
қорыта келгенде, “Біржан мен Сара айтысы” айтыс өлендері ішінде елеулі орын алатын күрделі, көркем айты-стың бірі болып табылады.
қазақтың айтыс өлеңдерінде әйел тендігі және қалың мал мәселесін бірінші рет “Біржан мен Сараның айтысы” көтерсе, кейіннен басқа ақындардың да көңіл аударған, сөз еткен тақырыбына айналады. Бұған бір мысал етіп Омарқұл мен Тәбияның айтысын айтуға болады.
Сәбит Мұқанов ақындар айтысы туралы жазған мақаласында: “Омарқұл Итақұлы бұрынғы қастек (қазіргі Жамбыл ауданы, Алматы облысы) ауданында туған, руы Шапрашты ішінде Жолсейіт, ал Тәбия қазыбекқызы қазіргі қаскелең ауданына (Алматы облысы) қарасты Шамалған деген жерде туып өскен”,— дейді . Омарқұл мен Тәбия ел арасында ақын жігіт, ақын қыз атанады. Жас шағында олар бірін-бірі сүйеді. Бірақ, Омарқұлдың қалың малға төлейтін малы жоқ, сондықтан қызға берген уәдесін орындай алмайды. Ақырында Тәбияны ағайын-туыстары малы көп, ағайынды тоғыз таз жігіттің біріне бермек болады. Тәбиядан күдер үзген Омарқұл бір пұшық қызға үйленіп қала береді.
Бұлардың айтысы Тәбияның күйеуге аттанар тойында болады. Тойға келген Омарқұл Тәбияға қүтты болсын айта отырып, екеуінің арасында жастық шақтағы біраз жайды еске түсіреді; бір-біріне беріскен уәделеріне жете алмай, арманда қалғанын сөз етеді. Бұл армандарының орындал-
“әдебиет майданы”журналы, №1,136-бет; 1939.
0мауы, сүйіскен екі жастың қосылыса алмауы — қалың малға байланыстЬ, әрі талай жасқа обал жасаған да қалың мал деп, соны к|нәлайды. әзіл-оспақ әңгімеден басталган бұл айтыста екі ^ жас көңіл сырын шертеді. Тәбия баргалы отырған күйеуіне көңілі толмайтындыгын, амалгыздың күнінен бара жатқанын білдіреді.
Жаман ба деп ойлаймын сол шіркіиді, әйтеуір көңілім осыган бір толмайды’,—
деп мүңайған Тәбияға Омарқұл есіркеу айтады. “Бір жаманға тимеймін деп бір апаң арқанға асылып өлген еді, сен оның жолын құшпа”,— дейді. Оның мәнісін анықтағысы келіп, Тәбия Омарқұлды ашық сөйлеуге шақырады. Сонда Омарқұл Тәбияның бара жатқан күйеуі басынан іріңі аққан жидіме таз екендігін және ол тоғыз ағайынды таз екенін айтады. Бұл сөзден шошынған Тәбия:
құрт жайлап, ол шіркінді құдай алса, Ашылар ма екен деймін екі көзім ,—
деп, күйеуіне өлім тілейді. Бүған Омарқұл: Тым асып сөз сөйлеме, замандасым, Алпысқа өлмей жасың аман барсын; Іні өлсе аға мұра, өле берсін Таз бастың тоғызын да тамамдарсың ,—
деп, Тәбияны шошындыра түседі. Бірақ басына түскен бүл қайғыдан құтыла алмасын білген және сөзден жеңілуді намыс көрген Тәбия Омарқұлға қарсы дау айтады:
Жүрегім айнығандай қүсық болды, Аузыма секем алып, ұшық болды; Бағыма менің қүдай тазды жазды, қатының сенің неге пұшық болды!4—
дейді де, Омарқұлдың алып отырған әйелінің пұшықтығын мысқылдайды. Және: “Мен әйел болғандықтан құ.рылган тұзақты үзе алмадым, ал сен жігіт басыңмен уәденде тұрма-дың, қорқып бұғып қалдың”,— деп дау салады. Бұған Омарқұл:
Секілді тауға біткен жалғыз арша, Таздарға жарар еді пұшық барса,
Айтысжинағы, 1-том, 363-бет, 1965.
Бұл дасонда.
Бұл дасонда.
Айтыс жинағы, 1 том, 366,367,368-беттер, 1965.
Менде жоқ сағаи жстер қалың дәулст, Сонда да сен жоқ маган, амал қанша1,—
арманда
деп жауап қайырады. Екі жастың қосыла ал кетуіне қалың мал кінәлы деп жалтарады.
Осыдан былай қарай, айтысқа түскен екі аХын кедейлік, қырсық жөнінде сөз қозғайды. Тәбияның ешынша, сңбек етпеген жалқау адам ғана кедейлік пен қырсыққа жолығады, сондықтан оның: еңбек ет, мал тап. Бұл сөзін ол Омарқұлға емес, жастарға арнайды. Сүйгенін алып, теңіне қосылу қалың мал дәуірлеп тұрған “опасыз жалғанда” мүмкін еместігін ескертеді. қалың малсыз қыз алатын, жігіт пен қыз өз еркімен сүйіп қосылар заман болар ма екен деп аңсайды, арман етеді. Бұл ретте “Омарқұл мен Тәбия айтысы” Біржан мен Сараға үн қосады. Бәрі дс қалың малды сынай, оған лаганет айта отырып, жастардың бас бостандығы болуын көксейді, ескі әдет ғұрыпқа қарсьшық білдіреді.
Сонымен, жалпы айтыс өлеңдері жайында жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келгенде, оның қазақ әдебиеті тарихынан зор орын алатынын көреміз. Ол алғашқы үлгілерінен бастап бергі кездегі ақындар айтысына дейін даму, өсу үстінде болады.
Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-педагог, жазушы-публицист Мәлік ғабдуллшшің бүкіл ғылыми шығармашылық қызметгнсгізінен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиетін зерттеуге арналган.
1948 жылдың көктемінде әскери қызметтен босап, Ал-матыға қайтып оралған Мәлік ғабдуллин қазақстан ғылым академиясы Тіл және әдебист институты директорының орын-басары, кейін директоры қызмстін атқарды. 1951—1963 жыл-дары қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында ректор, соңғы он жылдай уақытта М. 0. әусзов атындағы әдебиет және өнср институтында қолжазба және тскстология, фольклор бөлімдерін басқарды.
Педагог ғалым қоғамдық жүмыстарға да белсенс аралас-ты. Екі дүркін КСРО Жоғарғы Кецссінің, бірнешс рет жер-гілікті кеңестердің депутаттығына сайланды. Еңбек қызыл Ту ордені мен медальдарға ис болды.
Шығармашылық жолын мектеп, институт қабыргасынан бастаған талантты жас согыс жылдарында да қару мен қаламды қагар ұстап, өзінің майдандас достары туралы деректі очерктер жазып жүрді. Бұл игілікті жүмысты соғыстан кейін де жалгастырып бірнеше жинақ шығарды: “Менің майдандас достарым”— 1947, “Алтын Жүлдыз” — 1948, “Майдан очерктері” — 1959, “Ел намысы — Ер намысы” — 1966, “Сұрапыл жылдар” — 1972.
М. ғабдуллиннің әскери мемуаршы, дарынды очеркші, жалынды көсем сөз шебері ретінде қазақ әдебиетіне қосқан үлссі арнайы зерттсуді қажет стетін дербес тақырып. Сон-дай-ақ туған әдебиеттің тарихы мен сынына, оқу-тәбрие жұмыстарына қатысты еңбектері де елеулі.
“қобыланды батыр” жыры Мәлік ғабдулиннің аса сүйікті тақырыбы болды. Бүл оған отыз жыл бойы әлдснеше рет оралды. Соңғы зерттеуі Т. Сыдықовпен бірлесіп жазған
“қазақ халқының батырлық жыры” (1972) монографиясында жарияланды. Мұнда жырдың айтушылары, жариялаушыла-ры, зерттеушілері жөнінде кеңінен тоқталып, ертеден мәлі болған нұсқаларды салыстыру арқылы пікір қорытады. Жыр-І дың идеялық сарыны, көркемдік сипаты сюжет, компози-І циялық құрылымы, ондағы эволюциялық өзгерістер, даму* сатылары жан-жақты сөз болады.
Монографияда “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, “қамбар ба-тыр”, жырлары да жеке тарау көлемінде берілген. “Ал-памыс батыр” Т. Сыдықовтың көп жылдар зерттеген тақырыбы. Бұл байсалды да, байыпты зерттеу. Ал “Ер Тарғын” мен “қамбар батыр” бұлардай емес, қысқа тұжы-рымды жазылған. “Арнаулы жанр — арнаулы сөз” деп аталған алғашқы тарауда қазақ эпосын жинауға, жариялауга, зерттеуге атсалысқан орыс және басқа ұлт ғалымдарының еңбегіне ілтипатпен баға берілген. Көршілсс халықтарға ортақ “қыпшақ эпосы”, “Ноғайлы циклі” аталатын батырлар жырының пайда болу, даму ерекшеліктеріне тоқталған. Эпи-калық жырлардың біразы (“Алпамыс”, “құламерген” “Ақ Кебек”) көне дәуірдегі аңыздардың негізінде жасалған. Өйткені басқа халықтардың эпикалық шығармалары сияқты қазақтың батырлар жыры да өмір құбьшыстарын жырла-удан, реалистік бейнелер жасаудан басталған жоқ, тұрмыс-тіршілік көріністерін мифтік үғымдармен сипаттап, аңыздаудан басталған. Осындай “Батырлық ертегі”, әңгіме-хикаяларда ертедегі рулар мен тайпалардың салт-санасы көрініс тапқан. Бұл тектес шығармалар өңделіп, өзгерістерге ұшырап ақындардың жырына арқау болған. қоғамдық құрылыстың, әлеуметтік ой-сананың өсіп жетілуіне, өзгеріп жаңаруына байланысты эпикалық жыр-дың сюжеті, композициясы, идеялық сарыны, көркемдік деңгейі де жетіліп, дамып отырған. Авторлар осы пікірді нақтылап тұжырымдайды.
“Көне дәстурдің көрнекті жалғасы” аталған соңғы тарау батырлар жырын осы заманға жеткізуші ақын-жыршылардың репертуарына, XX ғасырдың елеулі оқиғаларына байланысты туған қаћармандық дастан-поэмаларга арналган. Эпосты жырлаушылардан Мұрын Сеңгірбаев, Рахмет Мезқожаев, өзі шығарып айтушылардан Жамбыл бастаған бір топ халық ақындарын тілге тиек етеді. Эпостануға үлес қосқан ғалым-дардыңеңбегінетоқталып, М. әуезов, ә. Маргұлан, қ. Жұма-лиев, Е. Ысмайлов, М. ғұмарова, С. Садырбаев зерттеулерін шолып өтеді. 1916 жыл оқиғасы, қазан төңкерісі, азамат соғысы, Отан соғысы тақырыбын арқау еткен тарихи жыр-
дастандарды бүрынғы эпикалық жырлардың жалғасы деп қарайды. “Сөйтіп бүгінде қазақтың дәстүрлі батырлар жы-рының үлгілері де ауыз әдебиетінің белгілі жанры ретінде эпикалық поэма, дастан түрінде, дамып, өркен жайып отыр” — деп түйеді.
Монография ғылыми жүртшылықтан жогары баға алды. Белгілі фольклоршылар Р. Бердібаев, 0. Нұрмағанбетова бұл еңбекті қазақ фольклористикасына қосылған елеулі үлес деп бағалады . “қазақ халқының батырлық жыры”— үлттық фольклор тану ғылымында бірінші болып, Республиканың мемлекеттік сыйлығына ие болды.
* * *
Мәлікғабдуллиннің “қазақ халқының ауыз әдебиеті” атты оқулық-монографиясының ғылыми мәні ерекше. ғалымның қазақ фольклоры саласында үзақ жылдар бойы жүргізген зерттеу жүмыстары осында жинақталған деуге болады. “Оқушыларға үсынып отырған “қазақ «халқының ауыз әдебиеті” атты еңбегіміз 1958, 1964 жылдары басылып шыққан еді,— дейді автор алғы сөзінде.— Содан бергі жерде бүл кітап туралы баспасөз бетінде біраз пікірлер айтылды, “еңбектің келесі басылуында еске алынсын” деген тілектер, нақты ұсыныс, ақыл-кеңестер болды. Айтылған пікірлерді ескере отырып, кітаптың бүрынғы басылгандарына • мүмкіндігіне қарай кейбір өзгертулер, қосындылар енгіздік” . Өкінішке орай, автор бұл кітабының соңғы үшінші басылымын көре алмады, ол 1974 жылы жарыққа шықты.
Оқулықта фольклордың және оның жанрларының анықтамасы, ерекшелігі, идеялық, көркемдік сипаты түсіндіріледі. Бүлардың бәрі де оқу бағдарламасына сәйкес жазылады. Одан тыс мәселелер, тақырыптар қамтылмайды. Мысалы, оқулықта шешендік сөздер, тарихи жырлар, жұмысшы жырлары туралы айтылмаган. Бұлар 1960 жылы шыққан томда жеке тарау көлемінде зерттелген. Демек, оқулыққа ғылыми түрғыдан әбден тұжырымдалған, халыққа кең тараған, бұқаралық сипат алған жанрлар ғана кіреді. Осы тұрғыдан қарағанда М. ғабдуллин монографиясы өзіндік ерекшелігі бар соны ізденістер нәтижесінде туған тың туынды екені даусыз.
^ М. ғабдуллин, Т. Сыдыков. Казақ халқының батырлық жыры. 1972, 328-бет.
*Р. Бердібаев, қазақ эпосы, 1982, О. Нұрмағанбетова. Казахский геройческий эпос қобыланды батыр, 1988. 3 М. ғабдуллин. Казақхалқыныңауызәдебиеті. 1974,2-бет.
Оқулық “Ауыз әдебисті туралы түсінік” деген кіріспс тараумен басталады. Бұл өте орынды. Өйткені студенттер алдымен ауыз әдсбиетінің анықтамасын, мән-мағынасын, жалпы табиғатын біліп алуы ксрек. Ол туралы ғылым да бірден қалыптасқан жоқ. Батыс, орыс фольклорында “мифтік теория”, “ауысып алу теориясы”, “тарихи мсктеп” сияқты әр түрлі тсориялар, ағымдар болған. ғалым бұлар жайында да қысқаша түсінік береді. Ауыз әдебистінің жазба әдебиеттен айырмашылығы дсгсиде оның авторсыздығын, көп вариант-тылығын, тұрақты текстердің (формул) қайталанып отыра-тындығын жәнс фольклор шығармасын орындаушылардың жан-жақты таланты бар әмбсбап (ақын, жыршы, әнші, т.б.) өнерпаз болып келстіндігін (синкрстизм) тілге тиек етеді.
Оқулықтың бірінші тарауы “Түрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар” деп аталған. Бүл топтағы өлең жырлар ауыз әдебистінің көне нұсқаларына жатады. Алайда әр заманньщ өз салт-сана, әдет-ғұрпы бар, соған байланысты туған шы^армалар да көп. Демек, бүл үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып ксле жатқан жанр. Автор осы саладағы шығармалардың бастыларын ғана атап көрсетеді. Олар: 1. Төрт түлік мал, еңбск кәсіп жайындағы. 2, Үйлсну салтына байланысты. 3. Діни ұғымға байланысты. 4. Көңіл-күйін білдіретін өлендср. Бірінші топқа аңшылық жайындағы өлендер де қосылады. Наурыз жырлары да осы тақырыппен қарастырылады. Бұлар орынды. Бірақ, автордың бссік жыры мен жаңылтпашты да осы топқа жатқызуы қисынды емес сияқты. Себебі, бала тәрбиссіне байланысты болғандықтан мұндай жырлар.еңбек-кәсіптен гөрі әдет-ғұрыпқа жақындау ғой деп ойлаймыз. Сондай-ақ, өтірік өлеңцср, мысқыл-мысал түріндегі халық өлеңдсрінің тобына жатады. “қазақ әдебиеті тарихында” (1-том, 1-кітап, 1960) жәнс бслгілі фольклоршы Бекмүрат Уахатовтың “Халық өлеңдері” (1974) монографиясында да осы соңғы пікір айтылады. әрине, оқулық авторы өзі ескерткендей, тұрмыс-салтқа байланы-сты өлеңдерді ішкі жанрларға ажыратпай, топтап, түйдек-теп әңгімелеген. Сондықтан бажайлап талауды қажет деп таппаған.
Үйлену салтына байланысты туған өлендер (жлр-жар, той бастар, сыңсу, жұбату, беташар) діни ұғымдаргг бай-ланысты өлеңдер (бәдік, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны) ғылыми дәлелді, ұғымды баяндалған. Келтірілген мысалдар, түсінік-тұжырымдар, ешқандай күдік туғызбайды. Төртінші топқа жатқызылған қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау өлевдері басқа авторлардың зерттеулерінде “Мұң-шер
өлеңдері” деп аталатын. әринс, халық өлсңдсрінің бәрі де көңіл күйінің айнасы екені рас. Дегенмен М. ғабдуллин жіктеуінде мұң-шерден, қайғы-қасіреттен туған шығармаларды “Көңіл-күйін білдіретін өлендер” деп атауы ерсі көрінбейді. Өйткені, бұл топтағы өлендер түрмыс-салт жырларының басқа түрлері сияқты көбінесе жаттанды, тұрақты текст емсс, нақты жағдайға, белгілі адамға байла-нысты айтылатын арнау болып келеді. Сондықтан бүл шығармалар тікелей айтушының көңіл күйінен туады. Айту-шы кейде түрақты тсксті қолдануы да мүмкін. Дсгенмен көп ретте өз жанынан сөз қосады немесе тыңнан шығарады.
Екінші тарау —“Мақал-мәтел, жүмбақтар” жайында. Бұлар фольклордың үсақ жанры дссек тс, қамтитын тақырыбы, мәселесі жағынан ауқымды да жан-жақты шымыр туындылар. қазақтың мақал-мәтелдері алғаш рст 1874 жылы Орынборда басылып шыққан. Содан бері толықтырылып әлденеше рет баспа жүзін көрді. Автор мақал-мәтел, жұмбақтардыңжиналу, жариялану тарихынатоқталып, оның үстіміздегі ғасырда кең өріс тапқанын айтады. М. әусзов, Ө. Түрманжанов, т.б. еңбегін айрықша атайды. Мақал мен мәтелдің үқсастышн, айырмашылығын айта келіп, бұларға ғылыми анықтама береді. Мақалдар мен мәтелдердің басты тақырыбыхалықтыңәдет-ғүрпы, салт-дәстүрі, дүниетанымы, әлеуметтік көзқарасы, кәсібі мен шаруашылығы, қысқасы өмірдің алуан түрлі қүбылыстары, көріністері болып ке-леді. Соган байланысты халықтың тәжірибссі, ақыл-өсиеті, үкім-тұжырымы түйіп айтылады. Еңбекші бүқараның көкейкесті арман-мүддесінен туған мақал-мәтелдер адал-дыққа, ерлікке, отаншылдыққа, сыпайылыққа, тазалыққа, ынтымаққа, білімге, еңбекке үндейді. Сонымсн бірге жа-рамсыз мінез-қүлықтан, жөнсіз іс-әрекеттен сақтандырады, Мақал-мәтелдің ескірмей қай заманда болмасын рухани өмірімізге қызмет ете беретіні де сондықтан.
Жұмбақ та мақал-мәтелдер сияқты тақырыбы жан-жақты болші келетін шығарма. Бүл да адамға игі қасиеттерді орнықтыру мақсатынан туады. Адамды, әсіресе жастарды білімге, тапқырлыққа үйретеді. Табиғат қүбылысынан ба-стап, заттың, өсімдіктің, жан-жануардың бәрі де жұмбаққа тақырып бола береді. Өнер-білім, техникаға байланысты кейінгі замандарда пайда болған жұмбақтар да көп. Жүмбақтар өлең немесе ұйқасты қара сөздср түрінде көбірек кездеседі, Сондықтан есте сақтауға, жаттап алуға ыңғайлы болады. Оның тапқырлықтан басқа бір ерекшелігі
— нақтылық. Түспалдау, салыстыру, теңеу, бейнелеу арқылы түсіндіреді. қорытындыда жұмбақтың әлеуметтік маңызын, өмірге деген көзқарасты білдіретін қоғамдық сипатын, жаңадан туып, молайып, дамып отыратын өміршең қасиетін сөз етеді. Жұмбақтың дамыған түрлері ақындар айтысында, дастандарда, аңыз әңгімелерде бар. Ав-тор бұған белгілі халықтық шығармалардан мысалдар келтіреді.
Үшінші тарауда ауыз әдебиетінің прозалық жанры — ертегілер сөз болады. Бұл да өзге жанрлар сияқты ерте заманда пайда болган, тіршілік, қоғам өзгерістеріне бай-ланысты шытырман оқиға — тартысқа құрылған көлемді шығарма болғандықтан өлең-жыр сияқты оны екінің бірі жаттап айта бермейді. Ертегінің желісін есінде сақтап, мәнерлеп жеткізетін адамдар болады. Міне осындай ер-текшілердің шығармашылық ерекшелігі де осында баян-далған.
Автор қазақ ертегілерін мазмұнына, тақырыбына қарай ішкі жанрларға жіктейді. 1. қиял-ғажайып ертегілері. 2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер. 3. Тұрмыс-салт ер-тегілері. 4. Аңыз-әңгімелер.
қиял-гажайып ертегілеріне тән сипаттарды жүйелеп ба-яндағаннан кейін олардың ішінен “Ер Төстікті” даралап талдайды. “Керқұла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күне-кей қыз”, “Жеті өнерпаз”, “Ағаш ат” тәрізді ертегілерге тоқталады. Халық қиялынан туған ғажайып оқиғалар, об-раздар бұқараның ілгерішіл мұратын, игілікті аңсарын білдіреді. Ол әлеуметтік өркениетке, техникалық процеске түрткі, мұрындық болады. Автор қиял-ғажайып ертегілердің осындай ерекшеліктерін ұтымды көрсетеді.
Ал, хайуанаттар жайындағы ертегілердің көне заман-дарда туган нұсқаларында мифтік сарын көбірек ұшырай-тыны мәлім. Ертедегі адамдардың ұғымында қасқыр жарылқауніы бейнесіндегі (“Ақ қасқыр”, “Көкжал”, “Жігіт пен қасқыр”, т.б.) алынса, кейінірек пайда болған ертегілерде (“Сырттандар”, т.б.) жыртқыш кейіпінде суреттеледі. Ер-тегілердің нерұрлым бертінірек шыққандарында өмір шын-дығы айқынырақ көрініс табады. Ол төрт түлік мал мен жыртқыш хайуанаттарды қарама-қарсы кейіпте суреттеу арқылы да беріледі. Үй жануарлары ұнамды бейнеде су-реттеледі. әсіресе, жылқы мен түйе адамға қамқор, ақылды түлік болып есептеледі. Автор бұл жерде “Алтын сақа”, “Бозінген”, т.б. ертегілерді мысалға алады. Жыртқыш, айла-кер бейнесінде суреттелетін қасқыр, түлкі сияқтылар адамның жауы ретінде көрсетіледі. Бұл да белгілі дәрежеде халықтың әлеуметтік көзқарасын аңғартса керек.
Түрмыс-салт ертегілері қашаннан бергі халық өмірінің айнасы секілді. Одан халықтың, қогамдық дамудың әр кезіндегі сана-сезімі, мақсат-мүддесі, тағдыр-талабы аңғарылады. Мүндай ертегілердің оқиғасы нақты өмір бол-мысынан алынады. Автор пікірін дәледдеу үшін “Аяз би”, “қарттың өсиеті”, “Үш ауыз сөз”, “Жақсы әйел”, “қарт пен тапқыр жігіт”, “Хан қызы мен тазша”, “қыдыр, бақ, ақыл”, “қаңбақ шал” тәрізді белгілі ертегілерге жүгінеді. Бүл жерде үстаз ғалымның жастарға тағылымы мол ер-тегілерді әдейі таңдап алғаны да байқалады. Үлағатты өсиет, мысқыл күлкі, сықақ түрінде айтылатын қызықты оқиғалы ертегілер қашанда тәрбие-тәлімдік мағынасын жоймақ емес. Автор осы орайда салмақты ой түйеді.
Аңыз әңгімелерді М. ғабдуллин ертегілерден оқшаулаңқырап алады да “Оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып, ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы” деген анықтама береді. Бұл бүрынғы зерттеушілерден өзгешелеу, неғүрлым нақтылап айтылған айқын түжырым. М. әуезов “Ертегілер” атты монографиясында аңыз әңгімелерді салт ертегілерінің қүрамында қарастырғаны белгілі (“қазақ әдебиетінің тарихы”, 1-том, 1-кітап, 1960, 280—283 беттер). М. ғабдуллин Алдар көсе, Жиренше, Асан қайғы, қожанасыр сияқты тарихта қашан болғаны, нақты өмірбаяны белгісіз тұлғалар жөніндегі аңыздардың да өмірді өзінен алынғанын, оқигаларының нанымды екенін тілге тиек етеді. Халық өзінің сүйікті перзенттерін немесе қиялдан туған кейіпкерлерін дәріптеп, кейінгі үрпаққа үлгі етіп отырган. Аңыздың сюжеті де, көлемі де ертегідей күрделі емес, шағын да шымыр болып келеді. Ертегілер мен аңыздар жазба әдебиетіміздің, оның ішінде проза жан-рының тууына ықпал жасағаны анық. Сюжет қүру, образ жасау, тіл байлығы, көркемдігі жағынан ертегі-аңыздардан үйренбеген қаламгер кемде-кем болса керек. Жазушылар оған әрдайым зер салып көңіл бөліп отырады.
Оқулықтың тортінші тарауы —“Батырлар жыры”. Бүл ғалымның бүкіл ғылыми қызметінде қадала зерттеген қастерлі тақырыбы. “қобьіландьгбатьірды>>былайқойғанда, “Батырлар жыры” жинақтарының (үш томдық) алғы сөздері, эпосты зерттеу проблемаларына арналган мақалалары, “қазақ
М. ғабдуллин. қазақ халкэіныңауыз адебиеті, 141-бет.
халқының батырлар жыры” кітабы сол ұзақ жылдардың жемісі болатын.
Батырлар жырының ел өміріндегі тарихи оқиғаларга қатысы туралы мәселе де көптеген талас пікірлер туғызып жүрген проблема болатын. Бұл жайында автор қазақтың ертедегі батырлар жыры тарихи кезеңдердің, ұлы оқиғалардың елесін беру негізінде туып қалыптасқанын, яғни оның деректі құжаты смес, көркем бейнесі екснін айтады. Бұл пікірін ол тарихи оқиғаларды және оған байланысты пайда болған жанрларды салыстыру арқылы дәлелдейді. әрине, жыр бір І оқиғаға байланысты туғанымен жылдар өте ақындардың қиялымен оған жаңа сюжсттср қосыла бсреді. “Жеке қысқа аңыздардан эпостың бір тұтас түрін жаслуда қазақтың даңқты ақындарыныңүлкенеңбектеріболды” —дегенШ. Уәлиханов пікірі де осыған саяды.
Оқулық авторы батырлар жырының құрылысына тән негізгі белгілерін де атап көрсетеді. Мысалы, кейбір жыр-ларда оқиға батырдың тумай тұрған кезінен әңгімеленеді немссе оның дүниеге келгенінен бастап жырланады. Басқа бір жырлар батырдың алғашқы қимыл-әрекетінен, ерлігінен басталады. қайткен күндс де оқиғасыз, сюжстсіз, ерліксіз батырлар жыры болмайды. Оқиғаны тізбектеп, бірінен-бірін туындатып, шұбырта жырлайтын дастандар да немесе шегініс жасалып, орағытып баяндайтын шыгармалар да бар. Зерттеуші осылардың бәріне дс нақты мысалдар келтіріп әңгімелейді.
М. ғабдуллин қазақтың дәстүрлі халық поэзиясында адам образын жасаудың алғашқы үлгісі батырлар жырынан бас-талады деген пікір айтады. Негізгі тұлға — батырдың образын жасаудың бірнсшс тәсілдері бар. Ақын батырдың кескін-кеңпін, мінез-құлқын, қуат-күшін табиғат құбылыстарымен салыстырып та, мифтік ұғымдарға көтеріп тс бейнелсйді. Кейде батырдың өз сөзі немссс басқа біреудің монологы арқылы да қаћарманның болмыс-бітімі, қадір-қасиеті көрініс табады. Десек те, батырлар жырындағы, ертегілердсгі адам образын көркем әдебиеттегі толымды бейнелермен салы-стыруға болмайды. Автордың батырлар жырындағы образ жасау жолдары туралы пікірлері осылай тұжырымдаладаі. Ал, қаћармандық дастандардың тәрбиелік мәні жөнінде пе-дагог ғалым тебірене әңгімслейді. Отанды, халықты сүюге, патриотизмге, жалпы адамгершілікке үндейтін батырлар жырынын мәңгілік маңызын жоймайтын себебі де осында.
1 Ч. 7. Валиханов. Сочинение СПб, 1904, стр. 226
Студенттер батырлар жыры туралы мағлүмат алғаннан кейін оның таңдаулы үлгілсрімен танысуы ләзім. Бұл реттс автор “Алпамыс”, “қобыланды”, “Ер Тарғын”, “қамбар”, жырларын таңцап алған. Алпамыс — әрі көне, әрі көп халыққа ортақ жыр. Оның озбск, қарақалпақ, башқұрт, алтайлықтардағы нүсқалары үқсастығ,ы да, айырмашылығы да бар қызықты қүбылыс. Және өзгс жырлардан көбірек зерттелгені де осы дастан. Автор басты ксйіпксрлерінс де, жырдың оқиға желісімсн тіл көрксмдігінс дс едәуір тоқталған. “қобыланды” дастаны жөніндс де осыны айтуға болады. Мүнда “жырды орындаушы Марабай қүлбайүлы (1841—1898), Мүрын Сеңгірбайүлы (1860—1945), Айса Бай-табынүлы (1875—1946) туралы мәлімсттер берсді.
“Лиро-эпостық жырлар” кітаптің бесінші тарауында тал-данады. Зерттеушінің бергсн анықтамасы бойынша батырлар жырының басты тақырыбы сл қорғау болса, лиро-эпостық мазмүны ғашықтық, үйлсну салтына нсгізделсді. Ілгсрі за-манда ғашықтардың сүйгснінс қосылу әрсксті көпшілік жағдайда қиыншылыққа, тіпті қайғылы халгс душар сткені белгілі. Тіпті ғашықтар мүратына жетксннің өзіндс дс қаншама машахатты бастан ксшіреді. Осындай шым-шы-тырық оқиғалы, әрі қызықты да көрксм лиро-эпостардың ішінен автор “қозы Көрпеш-Баян сүлу”, “қыз Жібск”, “Айман-Шолпан” жырларын бөліп алып талдайды.
“қыз Жібек” жыры да XIX ғасырдың соңгы ширсгіндс бсс рет баспа жүзін коргсн. Оқига жслісі скі жастыц ғашықтығы,оларғадсгснқастандық,жігіттіңқызганышқүрба-ны болып, қыздың әмеңгсрлік жолы мен сүйгсн жарының-інісінс күйеугс шығуымсн аяқталады. Бүл жырдың да оқиғаны өзіншс өрбітксн бөлск нүскалары бар. Ксзіндс “қыз Жібскті” дс сынаушылар болды. Олар мүнда ксдсй табының мүддссі айтьуімайды, байлардың балаларының ара-сындағы сүйіспсншілік, көш, той салтанаты, әмеңгсрлік салт сурсттеледі дсп айыптады. Оқиганың болған уақыты жөнінде де талас туды. М. ғабдуллин тарихшылар мсн әдебиетшілердің пікірлсрін саралай ксліп, “қыз Жібек” жы-рының XVII ғасырда болган оқиға нсгізіндс шыққанын жәнс оның халықтық сипатын қисынды дәлелдсйді. Жырды шығарушылар мсн одан ксйін толықтырылып, жетілдіріп айтушылардың оқиға жслісін, тартыс шислснісін қүруда, образ жасауда қандай шебсрлік көрссткенін талдап бсрсді. Тіл байлығын еркін игеру мсн неше түрлі бсйнслсу тәсілдерін қолдану арқылы жасалған жарқын образдарды сгжсй-тсг-жейлі әңгімелсйді.
“Айман-Шолпан” 1896 жылы жарық көрген. Бірақ оны жырлаған ақынның аты-жөні мәлім емес. Жырдың оқиғасы өмір шындығынан алынған. Ондағы басты кейіпкерлер — Көтібар мен Арыстан тарихта болған адамдар. Зертте-ушілер жырдың оқиғасы XIX ғасырдың жетпісінші жылда-рында болған деп жорамалдайды. Бұған сол кездегі болмыстың суреттелуін, тарихи адамдардың өмір сүрген уақытын дәлел етеді. Мұндағы басты кейіпкер Айман — өзге ғашықтық жырлардағы қыздардай емес, әлеуметтік мәселелерге араласып, елдің тыныштығын сақтауға себепші болған қайраткер дәрежесіне көтерілген ерекше тұлга, қазақ әдебиетіне енген жаңа образ.
Соңғы, алтыншы тараудың үлесіне айтыс өлеңдері тиген. Автор айтыс туралы үлкенді-кішілі зерттеулер жазган М. әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, қ. Жұмәлиев, Т. Нұртазин есімдерін атай келіп, бұл жанр да қазақтын, қоғамдық өмір-тіршілігіне байланысты жазу-сызуы жоқ кезінде ауызша туып, қалыптасқанын айтады. М. ғабдуллин айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі топқа бөледі. Біріншісі — халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі — ақындар айтысы. Алғашқы топқа жататындар жар-жар, бәдік айтысы (бұлар көбінесе жаттанды түрде, дайын шу-мақтарды айтып берумен шектеледі), “қыз бен жігіт айты-сы”, “Жұмбақ айтысы” (мұнда тыңнан өлең шығарып айтады) және “Діни айтыс” (мұнда діннен басқа, аспан әлемі, табиғат құдіреті, қиял-ғажайып сарынды жәйттер де айтыла береді). Айтысты зерттеушілердің бәрі де, оның ішінде осы оқулық авторы да тұрмыс-салт айтыстарын ерте заманда пайда болган көне түрге жатқызады. Бұл кейіннен айтыстың күрделі түрлерінің, мысалы, ақындар айтысының туып, қалыптасуына себеп болды дегенді айтады. Соңғы ақындар айтысын сүре айтыс, түре айтыс деп екіге бөледі. “Екі ақынның кезектесіп, бір шумақты өлеңмен жауаптасуын түре айтыс деген. Ал, екі ақынның көп әңгімені қамти дамыта және бірнеше шумақпен ұзағынан сөйлеп кететін жауаптасуларын сүре айтыс деп атаған”1
Зерттеуші қыз бен жігіт айтысына, бәдік айтысына, жұмбақ айтысқа тиісті анықтамалар беріп, олардың өлевдік құрылысына, ұйқасына, тіліне талдау жасайды. Айтыстардың үлгілерінен мысалдар келтіреді. Бұлардан басқа “Тау өлең”, “Жер өлең”, “Су өлең” деген тақырыптық айтыстар да
1 М. ғабдуллин. қазақ халқынын ауызә дебиеті, 307—308-беттер.
болшн. Мұнда ақындар жер-су, тау-тас, табиғат жағдайын өлеңге қосып, өздерінің қаншалықты көп білетіндіктерін көрсетуге тырысқан. Сондай-ақ “Мал мен иесінің айтысы”, “Өлі мен тірінің айтысы” тәрізді айтыстар да болган. Тақырыбы айтып тұрғандай, бірі шаруашылыққа, екіншісі бақи мен фәни өмірдің әңгімесіне байланысты жәйттерді қозғайды. Дін айтысы қалың бүхара арасында дінді уағыздау мақсатында туғанын автор дүрыс пайымдаған. XX гасырдың әлеуметтік қогамдық саясаты дінге көзқарасты өзгертуіне байланысты бүл айтыс дамымай қалған.
Айтыстың тақырып ауқымы кең, ол қашанда халықтың ой-арманы мен тілек-талабын өзек етеді. Бүл ұлттық мәдениетіміздің алтын қорынан орын алатын, уақытпен үндесіп өмір көшіне ілесе беретін өміршең жанр, Автор осы ойды бекіте түседі.
“Ауыз әдебиетін тудырушылар халық арасынан шыққан таланттар, жыршы-жыраулар, ақындар десек, соларға айрықша көңіл бөлу, қамқорлық жасау қажет. Олардың еңбегін жинау, тандаулы шығармаларын баспа жүзінде шығару, газет-журнал, радио мен телевизия арқылы жа-риялатып отыру, үлкенді-кішілі мақалалармен қатар көлемді ғылыми зерттеулер жазу керек. Жергілікті жер-лерде халық таланттарының, ақындар мен жыршылардың слеттерін, творчестволық мәжілістері мен конференцияла-рын өткізіп отыру жөн. Және бүл жүмыстарды біз жос-парлы түрде үзбей жүргізіп отыруға тиістіміз” Халық шығармашылығының үлкен жанашыры айтқан бүл сөздер бүгінгі және болашақтағы істеріміздің айқын бағдарламасы болып қала береді.
Халықтың жаппай сауаттануына, жазба әдебиетіміздің жетілуіне, радио, теледидар жүйесінің елді түгел қамтуына, тағы сол сияқты мәдениетіміздің өсуіне байланысты фоль-клор бірте-бірте жойылады деген пікірдің жаңсақтығын дәлелдеп, ғалым — көрнекті жазушы Сәбит Мүқановтың “Халық бар жерде оның ауыз әдебиеті бар. Ауыз әдебиетін халық жасайды, халық арасынан шыққан таланттар туды-рады. Халық мәңгі жасайды. Ендеше оның ауыз әдебиеті де мәңгілік болады” деген түжырымын қолдайды. “Халқымыздың ауыз әдебиеті бүдан былай да жаңа бағытта, жаңа мазмүнда дами бермек”,— дейді ол. қазақ фолькло-рьгаың алдында түрған проблемаларды, атқаруға тиісті міндеттерді атап-атап көрсетеді.
1 қазақтыңқазіргіхалықпоэзиясы, 1973,32-бет.
2 Сонда, 35-бет.
Мәлік ғабдуллин қазіргі фольклорымыздың көркемдік сапасына қатаң талан қоя білді. Ақынмын дегеннің өлсңсымағының бәрі де “фольклор қорына” қосыла бер-мейтіндігін оған халықтың өскелсң эстетикалық талғамы түрғысынан қарау керек скендігін мықтап сскертті. Сонымен біргс халық ақындары шығармаларын іріктеп, басқа тілдерге аударып жариялау, сөйтіп әлсмгс таныту мәселесін де атап айтты.
Дарынды ғалым алпысыншы жылдардың ақырында қазақ фольклорының жиналуы, зерттелуі мәселесіне айрықша көңіл аударды. Оған арнайы жинақ шығаруды жоспарлады. Өзінің шәкірттеріне, өзі басқарып отырған фольклор бөлімінің қызметкерлерінс тақырып беріп, қазақ фолькло-рының жиналуы мен зерттслуін жеке жанрлар бойынша, ал көрнекті фольклоршылардың өмірі мен қызметін твор-честволық портрет түріндс жазуды ұйғарды. “қазақ фоль-клористикасы” деп аталған осы кітап ғалымның көзі тірісінде 1972 жылы “ғылым” баспасынан жарық көрді. Монографиялық тұрғыдағы бұл жинақ қазақ фольклортану ғылымы саласындағы тұңғыш көлемді еңбек еді.
Мәлік ғабдуллиннің басшьтлығымен шыққан “қазақ фольклористикасы” жинағында ол қазақтың ауыз әдебиетін зерттсугс үлсс қосқан ссгіз жазушы мен гальшның шығармашылық портрстін бсруді ұйғарды. Біз, фольклор бөлімінің қызмстксрлсрі жинақтың қамтитын материалда-рын талқылағанда Мәксңнің өзі туралы да жазып, осы жинаққа снгізуді ұсындық. Бірақ, ол біздің ұсынысымызды қабылдамай, өзі туралы жазуға қатаң тыйым салды. Одан ілгсрірскте 50 жасқа толган кезіндс (1965) газет-журнал-дарға мақала жазуға, мсрей тойын атап өтуге қарсы болғаны бар. Білімдар ғалымның қарамағьгада бірнеше жыл қызмет істеген, оның жетскшілігімен зсрттсу сңбсктер жазған маған жәнс менің әріптестерімс ардақты аға, ұлағатты ұстаздың өзінс қатал, өзгегс мейірбан, адал жанды,- ақжарқын мінез-қасиеті ұмытылмас өнеге болып қалды.
Мәлік ғабдуллин фольклорист ғана емсс, әдебиет зсрт-тсушісі, сыншы, псдагог болганы мәлім. “Абай романы совет әдсбистінің зор табысы”, “қараганды қазақ әдебиетінде”, “қазақ совет поэзиясындағы әйсл образы”, “қазақ әдебиетінің оқулықтарын жазу туралы”, т.б. байсалды мақалалары, ре-цснзиялары кұнын жоймайтын зерттсу сңбектер. ғалымның “Мұхтар әусзовкс хат” дсп атаған мақаласы да осы заманғы поэзияның көкейкссті проблемаларына арналған. Бұл фактілср фольклоршы ғалымның бірьщғай дәстүрлі ауыз
әдебиетіне емес, күнделікті әдеби процесті де жіті қадағалап, оның ділгір мәселелеріне сергек үн қатып отырганын аңгартады.
Ол ғылыми-зерттсу, педагогтік қызметтерімен қатар ұйымдастыру жұмыстарымен де тиянақты айналысқан ғалым. қазіргі халық шығармашылығының даму процссіне (1970), Жамбылтану проблсмаларына (1972) арналган ғылыми-теориялық конференцияларды өткізудің басы-қасында болуы, қазақ қолжазбаларының көптомдық ғыльши сипаттамасын шығаруды қолға алуы осының айғағы. Ол қайтыс болғаннан кейін жарық көрген “Көрұғлы” даста-нының (1973), “қобыланды батыр” жырының (М. 1974) ғылыми басылымдары да ғалымның қолғабыс, ксңесімен бас-пага әзірленгсн болатын. Сондай-ақ, қазақ тарихи жырла-рының ғылыми очеркін жазуды жоспарлаған да М. ғабдуллин еді. қазақ ауыз әдсбисті үлгілерінің көптомдық басылымын шығару ғалымның ізгі арманы болды. Бұларды шәкірттері жүзсгс асырып келсді.
Мәлік ғабдуллиннің жетскшілігімсн филология, педаго-гика, психология ғылымдары саласында көптеген канди-даттық және докторлық диссертациялар қорғалды, ғылыми еңбектер жазылып, жарық көрді.
қазақстан үкіметі көрнскті ғалым, ұлағатты Мәлік ғабдуллиннің есімін мәңгі ссте қалдыру мақсатымсн арнайы қаулы қабылданды. Оның ссімі Алматы, Көкшстау қалаларындағы көшелергс, туған облысындағы шаруашы-лықтарға, мектептер мен кітапханаларға бсрілді. Көкшс-тауда және ол туған қойсалған ауылында қаћарман ғалымның мүражайы ашылды, есксрткіш орнатылдьг. Оның 60, 70, 80 жасқа толған мүшсл тойлары рсспублика көлеміндс салтанатпен атап өтілді.
КӨБЕЙ СЕЙДЕХАНОВ, филология гылымыпыц кандидаты.