Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру
Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ:
1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы.
2. Тәрбие жүйелік сипатта болу.
3. Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушьшармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.
4. Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуі қажет.
Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие объектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субъектісі екенін түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезеңдерден тұрады: мотивтің қалыптасуы — оларды адамгершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларынын қалыптасуы — өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мінез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады.
Осылайша, мотивті қалыптастырып, білім беріп, іс-әрекетті ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы — окушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді.
Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді тандау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әрекет.
Басқару теориясы тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, олар:
1) тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.);
2) шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
3) шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
4) ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
5) жұмысты ұйымдастыру міндеттерін ынталы топ мүшелеріне бөліп беру;
6) мерекеге дайындық;
196
7) сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;
8) ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру;
9) тәрбиелік шараларды өткізу;
10) оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мөшелерімен) бірігіп өткізілген шараларға талдау жасау;
11) оқушылармен бірігіп алдағы жұмысты жоспарлау.
Тәжірибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткізуге болады.
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныппен немесе жеке бір оқушымен этикалық әңгіме өткізу ерекше орын алады. Өсіп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсіндіру, ересек адам тарапынан көрсетілген өз мезгіліндегі моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуі мүмкін. Өкінішке орай, көбінесе, этикалық әңгімелер үгіт-насихатпен алмастырылады. Мұғалімдер В.А. Сухомлинскийдің мұғалімнің сөзіне, оның оқушымен әнгімесіне зор мән берген пікіріне қосылады. Ал, бір жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттің осы бір саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалімнің мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.
Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасына «Өзін өзі рухани дамыту» курсын енгізу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесін біршама шешуге мүмкіндік береді, бірақ ол сынып жетекшісінің жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды.