Аденоформ
Аденоформ – афазмидиелар – (Adenohorea — Aphasmidia) – нематодтар класс тармағы. Сезім мүшелері бүкіл дене бойы орналасқан (өсінділер мен папиллалар). Иіс сезу мүшелері амфидалар көлемді басының ек жағында (паразиттерде жоқ). Кейбір түрлерінде көзшелері бар. Фазмидалар жоқ. Зәр шығару қызметін қысқа өзегі бар мойын безі атқарады. Дене бойында гиподермальды бездер орналасқан. Құйрық безі бар ректальды бездері жоқ. 10 отрядтың 8000 түрі бар. Түрлерінің көпшілігі теңіздерде еркін өмір сүреді кейде тұщы суларда – топырақта кездеседі. Кейбір түрлері паразиттік өмір сүреді (тұқым. Мононхтар власоглавтар трихинеллалар).