Суреткер
Суреткер. Әдебиет — өнердін, бір түрі, сөз өнері дедік. Ал өнер жайлы сөз қозғай, сол өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды.
Әрине, бұл — тым күрделі мәселе. Мұны жай-жақты сөз ету творчествоның психологиясын байыптау болып табылады. Ал творчествоның психологиясы — өз алды на жеке пән (предмет). Демек, әдебиеттін, теориясы мен творчествоның психологиясын шатастырмау керек.
Дегенмен суреткер кім, оның қоғамдық тұрпаты, тұлрасы қандай? Талант табиғаты деген не? Мұны жауапсыз қалдыру жәнсіз.
Талант атаулы қашаннан халық құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген. Айталық, қазақ халқы атам заманнан бері қарай ел ішінде ақыны мен әншісін айрықша қадірлеген. Өнер иесін қасиет тұтып, киелі санаған жұрттар да бар. Айта берсек, сонау көне дүниенің аңғырт ұрымы суреткер талантын кейбір таңдаулыларға тартқан кұдайдың сыйы деп білген. «Құдай сыйы» хақындағы ұғым бағзы заман ғана емес, кейінгі дәуірлерде де көп айтылған: біреулер идеалистік астармен көрер көзге өтірік айтса, біреулер әшейін айшықты сөз ретінде лепіріп айтқан. Әйтпесе, талант тасасында тұрған мұншалық құпия сыр да, сипат та жоқ екені ешқандай дә-лел қажет етпейді. Сөйте тұра, суреткер болу үшін адамға тума қабілет, табиғи дарын қажет екенін кім-кім де мойындауға тиіс. Әңгіме сол қабілет пен дарынның қалай тәрбиеленуінде, қалыпт асуында және дамуында жатар болар.
Ақын туралы Евг. Евтушенко былай дейді:
Ақыл-ойға маза-тыным бермеген,
Асыл арман көкірегін кернеген,
Азаматтық ары, қалғып көрмеген,
Адам ғана ақын болмақ орыста1
Өте дұрыс айтылған. Суреткер сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастаған жөн.
Тума көркемдік қабілет кез келген кісіде бар. Олай болмаса, кез келген кісі көркемөнерді де, көркем әдебиетті де жан-жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Дегенмен материалистік эстетика нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талдап, сол арқылы талант табиғатын сипаттайды.
Қандай ерекшеліктер?
Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындырына бейтарап қала алмай, тербеле тебірену, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату,— бәрінен бұрын,— ақынға тән қасиет. Ал суреткер,— бәрінен бұрын,— ақын. Бұл ерекшелікті «Гетенің қазасына» деген өлеңінде Баратынский дәл сурёттеген:
Жасыл шөптің тілін ұғып кезінде,
Жапырақтың сәл дірілін сезінген,
Жұлдыздармен жымыңдасқан, ымдасқан,
Жал толқынмен ақылдасқан, мұңдасқан,
Жаратылыс-табиғатпен бір туған
Жан еді ол кеудесіне нұр тұнған.
Одан бүгін қалған адам сыры жоқ!
Мұншалық тамаша эмоция ірі таланттың табиғатындағы аса мағыналы сипат екені даусыз: Данте мен Шекспир, Рафаэль мен Рембрандт, Пушкин мен Толстой, Бетховен мен Чайковский, Абай мен Шевченко — бәрінде де сондай ерекшелік болған.
Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұның танытпақ.
Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял — таланттың серігі. Мұның өзі ой-дан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде, жалпы, әдеби шығарма болуы мүмкін емес. Гегель: «…суреткердің творчестволық фантазиясы — ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы»,* — десе, Ленин де фантазияның барлық творчествоға тән сипат, ұлы қасиет екенін айтқан: «Тіпті, ен, ‘бір дәл ғылымның өзінде де фантазия атқарар роль зор екенін жоққа шығару бекер»…**.
Төртіншіден, интуиция. Мәселен, өлең жазу — есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең—ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.
Бесіншіден, өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да
күшті, мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» болатынын Ибсен біліп айтқан.
Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа, биікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Бүгінгі буржуазиялық эстетика бұған қарсы, суреткердің. саналылығын емес, сәбилігін жақтайды, өмірдің қайшылығын көрмеуін қалайды.
Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық — еңбек сүйгіштік. Талант — еңбек деп те те-гіннен тегін айтылмаған. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ -жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол — еңбек, диле-танттыққа — халтура. Шын шебер шёберленген сайын кинала, терлей түсуге тиіс. Ал шеберлік шексіз. Бұл туралы әйгілі жапон суретшісі Хокусаи былай деген: «Ал-ты жасымнан-ақ айналамнан не көрсем, сонын, бәрінің суретін сала беруге талпындым. Жарты жүз жыл ғұмыр сүріп, көп гравюра жасадым, бірақ біріне көңілім толған жоқ. Құстың, балық пен өсімдіктің дәл түр-тұрпаттары қандай болатынын жетпістің үшеуіне келген соң ғана аздап ұға бастадым. Сондықтан жасым сексенге жетпей өнерім өсіп-жетіліп болар емес. Тек тоқсан жаста ғана күллі дүние құпияларын тереңірек түсіне алсам керек. Өзім жүзге жеткенде ғана өнерім әбден жетілер деп жүрмін, ал егер жарық дүниеде жүз он жыл жасадым бар ма, қаламым тиген жердің бәрі аумаған өмірдің өзі болады да шығады».*
Сегізіншіден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық — қабілетсіздік, қабілетсіздік — дарынсыздық, дарынсыздық — талантсыздық. «Ең арғы жағы геометрияға да шабыт керек» (Пушкин). Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады. Өйткені нағыз шалқар шабыт, творчестволық құлшыну мен құштарлық, славский айтқандай, суреткердің өнердегі өзін сүюінен емес, өзіндегі өнерді сүюінен туады.
Суреткер бітімін, талант табиғатын байыптағанда жоғарғылар секілді өнерліге тән жекелеген ерекшеліктерге назар аудара тұра, сайып келгенде, онын, жеке өз басының дара қасиетін, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескінін, дүние танымы мен қоғамдық қызметін, білімі мен мәдениетін ескермеуге тіпті де болмайды.
Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, белгілі бір қоғамдық коллективтің, мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Бұл даусыз шындық! Жалғыз-ақ, осы шындықты әр көзқарастың өкілі әр түрлі түсінуі ықтимал. Мәселен, Хемингуэй. Ол әлгі шындықты мүлде мо- йындағысы келмейді. Оның түсінігінше, қоғам — белгілі бір мемлекеттік жүйеге, белгілі бір үкіметке тәуелді нәрсе. «Менің ойлайтыным,— бәрінсн бұрын өз жайым, өз жұмысымның, жайы,— деп жазды Хемингуэй,— содан соқ семьямның қамы. Қала берсе, көршіме көмектесем. Ал мемлекет дегенде менің, жұмысым жоқ» *. Хемингуэйдің мұнысына құлақ қоймасқа да болмайды. Империалистік Американың, қоғамдық құлқы, Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік мінезі, Хемингуэй айтқандай, «тек қана әділетсіз алым-салыққа» негізделгенін жоққа шығару мүмкін емес. Алайда оның «жазушы да бір — цыган» дей келіп, жазушыны өз топырағынан, өзі өмір сүріп отырған дәуірі мен қоғамдық ортасынан бөліп әкететін қияс байлауы-на қосылу қиын. Керісінше, Хемингуэйден жүз жыл бұрын айтылған Белинскийдің «Ақын,— бәрінен бұрын, адам, содан соң, өз жерінін, азаматы, өз дәуірінін, перзенті» деген қағидалы сөзі — әлгіден гөрі әлдеқайда әділ, дұрыс, әлгіден гөрі әлдеқайда прогресшіл пікір. Демек, тағы да айтамыз, суреткердің, қоғамдық қызметін пайымдау оған тән дүниетаным, күрделі және әр қилы көзқарас мәселесін қоса қозғау болып табылады. Және бұл мәселені қозғау — әшейін игі ниет немесе жалаң белсенділік емес. Бұл мәселені козғау — суреткер тіршілігі мен творчествосының ең түбегейлі мағынасын талдау, керкем әдебиеттін, өмір сүру факторын толғау. Өйткені суреткердің дүние танымы мен әлеуметтік көзқарасы — эстетиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.
Бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнер тарихына көз жүгіртсек, ренессанстың Боккаччосы мен Микеланджелосы, Дюрері мен Раблесі керек пе, ағарту дәуірінің Бомаршесі мен Хогарты. Гойясы мен Лессингі керек пе, XIX ғасырдың Стендалі мен Делакруасы, Бетховены мен Шеллиі, Домьесі мен Курбесі, Вердиі мен Золясы керек пе, тіпті, өзіміздің отандас халықтардың Пушкині мен Гоголі, Крамскойы мен Репині, Толстойы мен Чеховы, Глинкасы мен Мусоргскийі, Абайы мен Райнисі, Шевченкосы мен Абовяны, Горькийі мен Әуезові, Станиславскийі мен Қуанышбаевы керек пе, бәрі бір,— осынау алып суреткерлердің бәрі де ең алдымен өз дэуірінің ұлы, өз қоғамының маңдай алды азаматы, өз халқының Орухани таяныш-тірегі, өз тұсының ең биік арманы мен тілегіне жалынды жаршы болған таланттар. Бұлардың ең асыл мұраты — халық мүддесі.
Ал қазіргі біздің, дәуірімізде, Ленин партиясы, Совет үкіметі мен халық мүддесі ұштасып кеткен жағдайда суреткердің қоғамдық ролі мен орны мүлде ерекше.
Ф. Энгельс бір кезде данышпан Гетенін, өзін «кейде орасан ұлы, кейде ұсақ; кейде еш нәрсеге бас имейтін, мысқылшыл, дүниені талақ ете жаздайтын дана, кейде көлеңкесінен сескенетін, не ‘болса соған риза, күйкі филистер» * деп сынай отыра, суреткердің осы құлқының өзін ол өмір сүрген қоғамдық ортадағы қиындық пен қыңырлықтың кесірінен көрген-ді.
Біз өмір сүріп отырған социалистік қоғамдағы жағдай мүлде басқа. Бүгінде әрбір өнер иесінің творчестволық бітімін оның адамдық, азаматтық келбстінен ажырата қарау мүмкін емес. Әрбір өнер адамынан, бәрінен бұрын, жан сұлулығын, адам-гершілік мінез, мол білім және биік мәдениет талап етеміз. Ө м і р д е б і р х а л д е, ө н е р д е б а с қ а б і р к ү й д е к ө р і н у г е б о л м а й д ы.
Қоғамдық мүддеден аулақ өз жеке қара басының қораш тіршілігінің шеңберінде қалып, тоғышарлыққа түскен актерлерді найзамен түйрегендей сынап:
— Немене? — деп ашуланған еді К. Станиславский.— Сіз өз-өзінен қылтың-сылтың еткен қылжима пасық сахнаға шығып, адам атаулыға рух беретін, игі қасиет дарытатын дархан сезім мен ой айтсын демексіз бе? Сіз шымылдық сыртында күйкі мещандыққа ғана қауқары жететін қасиетсіз әлдекім сахнаға шыға бере Шекспир-мен бой теңестіріп, бір дәрежеге көтерілсін демексіз бе?
Бұл сөздерде терең мағына жатыр.
Совет жазушыларының Бүкіл одақтық екінші съезін-де Константин Федин Совет әдебиетінің тарихы жазушылардың аға буыны Азамат соғысында қандай ерлік жасағанын, Қызыл Армия сапында қалай тұрғанын, жаңа құрылған жұмысшы мен шаруа мекемелерінде қайтіп қызмет атқарғанын әңгімелеуден басталуға тиіс екенін ескерткен-ді. Совет жазушыларының үлкен ұрпағы, шынында да, революция дауылдарында қалам мен қаруды қатар ұстаған қаһармандар болатын: Маяковский мен Сейфуллин — революционер, Фадеев пен Мұқанов— партизан, Фурманов — комиссар, Островский — жауынгер, Гайдар — солдат, Вишневский — моряк… Бұл биік дәстүр Отан соғысы тұсында одан әрі жалғасып, жаңа сапаға көшкені мәлім.
Ал бейбіт күндерде біздің елдің ішкі-сыртқы тіршілігінде совет жазушылары араласпайтын сала кем де кем. Мұның бәрі суреткер — қоғам қайраткері екенін көрсетеді. Бұлай болмайтын реті де жоқ. Қаламгерлік іс — қоғамдық іс; көркем әдебиеттің қоғамдық мәнін, әлеуметтік мазмұнын еш нәрсемен салыстыруға да, ауыстыруға да болмайды.