ӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ МАРКС-ЛЕНИН ІЛІМІ
Ғылми социализмнің ірге тасын қаларан Карл Маркс пен Фридрих Энгельс материалистік зстетиканы да бүтіндей жаңа сапаға көшіріп, шын мәніндегі әдебиет тану ғылымының даңғыл жолын салып берді.
Жаңа сапа, даңғыл жол дегенде біз Маркс пен Энгельстін, өзекті эстетика-лық мәселелерді диалектикалық және тарихи материализм тұрғысынан байыптағанын немесе Көне дәуірден Жаңа дәуірге дейінгі ықлым ғасырлар бойындағы сан сала сөз өнерінін, өсу-өрбу сипаттарын жаңаша қопшылағанын ғана айтып отырған жоқпыз. Жаңа сапа, даңғыл жол дегенде біз Маркс пен Энгельстің, өз тұстарында өркен жайған бүкіл буржуазиялық өнерді халық-аралық жұмысшы қозғалысының міндеттеріне сәйкес революциялық сынға алып, болашақ социализм үшін күрестер кезеңіндегі жұмысшы табының өз әдебиетінің қалыптасу заңдылығын, сол арқылы жалпы прогресшіл әдебиеттің даму жолдарын жаңаша белгілегенін айтып отырмыз.
Маркстің де, Энгельстің де ертеректе өлең жазғандары, сөз өнерімен әжептәуір айналысқандары, философия мен публицистикаға кейін көшкендері мәлім. Сондықтан болуға тиіс, Маркс суреткерлік таланттың табиғатын нәзік түсінген; докторлық диссертациясында (Демокрит пен Эпикур натурфилософ-ияларына байланысты) көтерген көне дүние көркемөнерінін. эстетикалық проблемаларын өз алдына қойғанда, 1842—1843 жылдардағы публицис-тикалық мақалаларының өзінде самодержавиенің әдебиетке қысымын сынап, творчествоның бостандығын қорғап, шын суреткерде тек өзіне ғана тән жазу машығы мен мәнері болуы шарт екенін атап көрсеткен, сонымен бірге жазушының қоғам алдындағы жауапкершілігін айрықша өскерткен.
Маркстің қырқыншы жылдардың бірінші жартысын-да (1842—1844) “Рейн газетінде” жарияланран мақалаларынын, әдебиет ғылымына қажет дәні мен мәні оның өнер мен дінді өзекті байланыста деп жұрттың басын айналдырып келген өзіне дейінгі дәстүрлі түсініктерді тас-талқан етіп, жерден алыс аспандары әлдеқалай өлі, бұлыңғыр, жалған бірдеқелерді сүреңсіз, сырдаң уағыздаран салқын дін мен жер үстіндегі тірі өмірдің ақиқат шындығын, асыл сырын, асқан сұлулырын отты сезімге
бөлөп, адамның жанын тебіренте суреттеген ыстық өнер ешқашан “өзекті байланыста” болмағанын, керісінше, әрқашан антагонистік қайшылықта болғанын ұтымды дәлелдеп, терең түсіндіруінде жатыр. Дәл осынау тың диалектикалық түсінік, материалистік көзқарас кейін — сол қырқыншы жылдардың екінші жартысында (1844— 1848) Маркс пен Энгельстің тізе қосып, бірге қалыптастырған маркстік философиясы мен социологиясына не-гіз, маркстік эстетикасына арқау болған еді.
Энгельстің эстетикалық көзқарастары өзінің мектептес жолдастарына жазған хаттарында (1838—1841) немістің кертартпа романтиктерінің “қыз мінез” қылтың стилін сынаудан басталады да, “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы” (1845) атты кітабында пролетариаттың әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-күйін жан-жақты зерттей келіп, капитал үстемдігі мен таптық қанауды ғана жойып қоймай, қоғамның бүкіл рухани тұт қасын өз қолына ала алатын бірден-бір құдіретті күш иесі — жұмысшы табы екенін пайымдаған даналық тұжырымдарына ұласады. Маркспен бірге маркстік эстетиканың іргесін қаласуға Энгельс өзінің осындай мығым дайындырымен, мықты көзқарасымен келген болатын.
Маркстік эстетика мен әдебиет теориясының негізгі принциптеріне келсек, бәрінен бұрын, көркем әдебиеттің қоғамдық сананың өзгеше бір түрі ретіндегі тұрлаулы түсінігінің өзін түңғыш рет Маркс пен Энгельс белгілегенін білуіміз қажет. Осыған орай олар қоғамдық адамның барлық материалдық һәм рухани қабілеттері, оның жалпы сезімі мен санасы қоғамның дамуымен тығыз байланысты қалыптасатыньш анықтап берді. Адамға тән эстетикалық қабілет те сондай. Дүшгені көркем игеру, яки өмірдегі шындықты өнердегі шындыққа айналдыру — бәрі де қоғамдық адамның еңбегі арқылы белгілі бір қоғамда болатын процесс. Демек, осының өзі — тарихи категория. Осыдан келеді де, Маркс пен Энгельс көркем творчествоның мазмұны мен пішіні ешқашан бір қалыптан өзгермейтін, катып қалған әлдене емес, әрқашан қоғаммен бірге өзгеріп, өсіп отыратын нәрсе екенін дәлелдеді. Өйткені әрбір жаңа тарихи дәуірдегі қоғамдық қатынас эстетикалық идеал мен көркем творчествоның өзге тарихи дәуірлердегі қоғамдық қатынастар тұсында қайталанбайтын, тек өзіне ғана тән өзгеше сипатын белгілейді.
Өздері қалыптастырған осынау материалистік эстетиканың өзекті мәселелерінің бірі ретінде Маркс пен Энгельс көркем әдебиет пен өнердегі реализмге айрықша мән беріп, жазушыны “мінсіздіктің арғы жағындағы шыншылдықты, Шиллердін, тасасындағы Шекспирді ұмытпауға” * шақырса, суретшіден тек қана “риясыз Рембрандт бояуын”** талап етті. Осының бәрі, қала берсе олардың “Адам әжуасындағы” Бальзакқа тән ащы шындық жайлы пікірлері, ақыр аяғында Энгельстің, жалпы шыншылдық пен шынайылық туралы ережеге айналған әйгілі қағидалары — біздің, бүгінгі реализм теориясына ірге тас болып қаланды.
Маркс пен Энгсльс жалпы қоғам тарихының ғылми кезең-кезеңдерін белгілегені мәлім. Мұның өзі әдебиет зерттеушілеріне дүние жүзілік әдебиет тарихын маркстік-материалистік негізде құрып, байыптауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Маркс пен Энгельстің көне дүние әдебиеті мен өнерше, Ренессанс, Қлассицизм, Ағарту дәуірлеріндегі әдебиет пен мәдениетке, XVII—XVIII ға-сырлардағы буржуазиялық революциялар дәуірінін, өнеріне, XIX ғасырдағы Батыс романтиктері мен реалистеріне, “…тамаша романдар туғызған” орыс жазушыларына, әсіресе Добролюбов пен Чернышевский сынды “социалистік лессингтерге”*** берген творчестволық мінездемелері мен эстетикалық бағалары — біздің бүгінгі историографиямыздағы классикалық ойлар мен толғамдар — жалпы адамзат мәдениетінің тарихындағы аса қымбат қазына.
Көркем әдебиеттің қондырмалық сипатын түсінуде әр түрлі талас пікірлер болғанын біз осы еңбектің бірінші тарауында айттық. Ал Маркс өзінің “Қосымша құн теорияларында” өндіріс қатынастарындағы антагонизмге негізделген базис бірыңғай, не бір тұтас қондырма туғыза алмайтынын, керісінше, бір-біріне қарама-қарсы, таптық жағынан әр тарап антагонистік идеологиялық қондырма туғызуға мәжбүр екенін қолға ұстатқандай анықтап берген еді. Осыған орай марксизм негізін салушылар ешқандай таптық жіктелулерді бастан кешірмеген алғашқы қауымдық қорамдағы идеологиялық қон-
* К Маркс пен Ф. Энгельс, Шығ., 2-басылуы, 29-том, 494-бет.
** Сонда, 7-том, 280-бет. *** Сонда, 18-том, 522-бет.
дырмалар ғана бір тұтас, барлық тайпаларға бірдей ортақ екенін, өйткені адам санасының қандай түрі болма сын (оның ішінде әдебиет пен өнер де) тікелей адамның шаруашылық кәсібінен, қоғамның экономикалық жүйесінен өрбіп отырғанын, өнердің тілі тура “ақиқат өмірдің өз тілімен” өріліп кеткенін, ал адамдардың еңбек процесімен мұншалық біте қайнасқан ой-сана әрі нақты,! әрі затты — шын мәніндегі материалистік ой-сана болатынын дәлелдеді. Бұл пікірлер, бір жағынан, бүкіл дүние жүзілік әдебиеттің даму тарихындағы бұралаңдарды, яки гүлденулер мен құлдырауларды дүрыс түсінуде,! марксизм негізін салушылардың өздері ерекше әңгіме! еткен Көне дүние мен Қайта өрлеу дәуірлеріндегі әдебиеттердің әдемі ажарын абайлауда, “капиталистік өндіріс рухани өндірістің белгілі салаларына, мысалы, өнер мен поэзияға дұшпан” * дей тұрғанмен, дәл осы дәуірдің өзі не сөбепті әдеби мұралардың небір әсем үлгілерін қалдырғанын білгірлікпен байыптауда, екінші жағынан, жалпы әдөбиет пен өнердің генезисін анықтауда айрықша роль атқарды. Маркс пен Энгельстің осы іліміне сүйенген Г. В. Плеханов адам қоғамының сәбилік дәуірінде көркемөнердің қалай пайда болғаны жайлы мынадай тұжырым жасайды: “Тапқа бөліну дегенді білмейтін алғашқы қауымдық қоғам тұсында адамның өндірістік қызметі оның дүние танымы мен эстети-калық талғамына тікелей әсер етеді. Өрнек өнері өз бедерін техникадан табады; осы қоғамның ең басты өнері тәрізді би әшейін еңбек үстіндегі қимылдарды қайталаумен тынады. Бұл жайт біз білетін экономикалық даму атаулының ең төменгі сатысында тұрған аңшылар қауымынан әсіресе айқын аңғарылады… Ал тапқа бөлінген қоғамда осы қызметтің идеологияға тікелей әсері соншалық анық аңғарыла бермейді”**. Көне дүние адамдарының ой-санасындағы заттылық жайлы бұл тұжырымды кейін А. М. Горький былай өрістетіп әкетті: “Еңбек процестері арқасында және атамзаманғы адам ба-ласының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі арқасында тікелей пайда болған материалистік ой-сананың айқын белгілерін алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттеушілер мүлде сөз қылмаған. Бұл белгілерді біз ертегілер мен
* К Маркс, Қосымша құн теориялары, I том, 261 бет.
** Г. В. Плеханов, Шығ., XVIII том, 223-бет.
мифтер түрінде білеміз; бұл ертегілер мегі мифтерден біз хаюандарды асыранды ету үшін істелген жұмыстың, емге керек шөптер табу үшін, еңбек құралдарын ойлап шығару үшін істелген жүмыстың белгілерін көреміз. Тіпті сол Көне дәуірдің өзінде адам баласы әуеде үшу мүмкіндігі жөнінде ойлаған,— мүны фаэтон жайлы, Дедал және оның баласы — Икар жайлы ертегі, “Ұшқыш кілем” туралы ертегі көрсетеді. Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы да ойлаған,— мұны “Жүрдек етік” жөніндегі ертегіден көруге болады; жылқыны асыранды етті; өзен үстінде оның ағысынан гөрі жылдам жүруге ұмтылғандықтың арқасында ескек пен желкенді ойлап , шығарды; жау мен хаюанды өлтіруге талпыну — сақпанды, садақты, жебені ойлап шығаруға түрткі болды. Жіп иіру және бір түн ішінде бірталай кездеме тоқу мүмкіндігі туралы, бір түн ішінде жақсы үй салу туралы, тіпті “сарай” салу туралы, басқаша айтқанда, жаудан қорғайтын пана салу туралы ойлап еді, осының арқасында еңбектің ең ерте замандағы құралдарының бірі болған ұршықты,тоқу үшін жабайы қол станогын және Дана Василиса туралы ертегі ойлап шығарады.
Атам заманғы мифтер мен ертегілердін, бәрі де Тантал туралы мифпен аяқталатын сықылды: Тантал кеңірдегіне дейін су ішінде тұрып, шөлдеп діңкесі құриды, бірақ сусынын қандыра алмайды, бұл — өз айналасындағы жаратылыс құбылыстарын тани алмаған көне адам” *. Өнердің, өмірлілігі туралы, яғни өмірдің өнерге, сол секілді, өнердің өмірге айналуы жайлы, са-йып келгенде, өнер атаулының пайда болуы жөніндегі мүншалық нұсқалы және терең пікірді Горький тек қана маркстік эстетиканың әдебиет пен өнер генезисі туралы даналық қағидаларына сүйеніп айтты.
Маркс пен Энгельстің көп томды философиялық, экономикалық және саяси еңбектерінің өн бойына тұтаса тарап, әр тұсынан әдемі кездесіп отыратын эстетикалық толғамдарына қаншалық талғампаз әдебиетші көзімен үкіліп қарасақ та, олардың, жоғарыда айтқанымыздай, суреткерлік таланттың табиғатын және әдеби құбылыс “құпияларын” соншалык нәзік түсінетініне қайран қалмасқа болмайды. Мәселен, Маркс пен Энгельс, Лассальдың,
“Франц фон Зикинген” трагедиясын
М. Горький, Әдебиет туралы, А., 1939, 153 бет.
әшейін идеялық тұрғыдан ғана бағалап қоймайды; Маркс пьесаның композициясы мен ситуациясын тексерсе, Энгельс ондағы характер мен конфликтіні талдауға дейін барады; Маркс әдеби шығарманын эстетикалық құнын оның оқырманды баурап әкетер эмоциялық жылылығынан іздесе, Энгельс ондағы адам мінездерінің оқырманға наным туғызар психологиялық дәлелдерінен іздейді. Ол — ол ма, өзінің Минна Каутская мен Маргарита Гаркнесске жазған хаттарында Энгельс тіпті творчествоның психологиясына еркін және терең сүңгіп кетеді. Оның тип пен характер, стиль мен әдіс жайлы түйіндеген жұртқа мәлім қағидалы пікірлерін айтпағанның өзінде, “автордың өз қаһарманына өзі тым тамсана бермеуі керектігін” * ескертуі, “автордың көзқарасы неғұрлым молырақ жасырылса, өнер туындысы үшін соғүрлым жақсы” ** екенін аңғартуы, ал нағыз реалист жазушы, өзі қаласын, қалама-сын, бәрібір, “жеке өз басының таптық ықыластары мен саяси нанымдарына қарсы баруға мәжбүр” *** болатынын түсіндіруі — суреткерлік хақында басқа кісінің айтқаны емес, құдды нағыз суреткердің өз творчестволық лабораториясын ашып танытып отырғаны тәрізді. Дұрысын айтсақ, әдебиет туралы маркстік ілімнің жалпы эстетика тарихындағы бүтіндей жаңа кезен, тың белес болу себептерінің бірі — Маркс пен Энгельстің қаламгерлік хақындағы байыптауларына тән дәл осы нәзіктің пен тереңдік екені даусыз..
Әдебиет туралы ғылымның одан әрі дамуы Владимир Ильич Лениннің есімімен байланысты.
В. И. Ленин де, К. Маркс пен Ф. Энгельс сияқты, көркем творчествоның табиғатын терең таныған, әдебиет пен өнердің өзекті мәселелерін кең толғап, шебер талдаған. Осы тұста атап айтатын бір нәрсе — Лениннің әдебиетке байланысты ариаулы еңбектер жазғандығы: атақты “Партиялық ұйым мен партиялық әдебиеттен” бастап, Герцен мен Белинский, Чернышевский мен Салтыков-Щедрин, Горький мен Маяковский шығармалары жайлы пікірлеріне ұласатын, одан ұлттық мұра мен тіл, әдебиеттегі халықтық пен реализм туралы ойларына то-
* К. Маркс пен Ф. Энгепьс, Өнер туралы, М, 1957, I том, 9-бет.
** Сонда, 11-бет.
*** Сонда, 12-бет.
ғысатын сала-сала еңбектерін өз алдына қойғанда, бір ғана Лев Толстой хақында арнайы жазған жеті мақаласы — көркем творчествонын, ең бір шиеленіскен қиын кұпияларын мейлінше нәзік түсініп, дұрыс және әділ шешудің үлгісі.
Маркстік сын тарихында Ленин еңбектеріне дейін Л. Толстой творчествосы мен дүние танымы айтарлықтай сөз болған емес. Осы ғасырдын, оныншы жылдарына дейін тек Плеханов қана тиіп-қашып, Толстой — “дворян ұяларының” тұрмыс-тіршілігін шебер суреттөп көрсеткен данышпан жазушы екенін атап өткен-ді. Ал В. Поссенін. “Граф Л. Н. Толстой және жұмыскер ха-лық” (“Жизнь” журналы, 1902, № 6) дегені секілді өзге мақалалардьщ көбі ұлы жазушының “бірыңғай кертартпалығын”, революцияны түсіне алмағанын сынағансып, оны біржола “істен шығаруға” арналған-ды. Осындай қым-қиғаш жағдайда революция көсемінің өзі белсеніп шығып; “Лев Толстой — орыс революциясынын, айнасы” атты мақаласында ең алдымен жұрт алдына ап-ашық сұрақ койып: “Революцияны көріне ұғынбаған, революциядан бойын көріне аулақ салған ұлы суреткердің есімін революциямен салыстыру ә дегенде ерсі, жасанды болып көрінуі мүмкін. Құбылысты анық, дұрыс көрсетпейтін нәрсені айна деп атау жөн болмас?” — деп алады да, бұл сұраққа өзі жауап беріп, осынау революцияның өзі екінін біріне игерте қоймайтын орасан күрделі, киын қүбылыс екенін, керек десеңіз, “оны қолма-қол жасаушы, оған қолма-қол қатысушы бұқараньщ арасында осы құбылысты көріне түсінбеген, оқиғалардын, барысы өздерінін, алдына қойған нағыз тарихи міндеттерден бойын аулақ салған әлеуметтік элементтер де көп” екенін түсіндіре келіп, ақыр-аяғында мынадай даналық қорытынды жасайды: “Сондықтан біздің алдымыздағы адам шын ұлы суреткер болатын болса, рево-люциянын, тым болмағанда кейбір маңызды жақтарын ол өзінін, шығармалар-ында көрсетуге тиіс”*. Мұндай тұрлаулы тұжырымды көркем творчествоның мінез-құлкын дәл танып, жіті байқайтын шын мәніндегі сарабдал эстетик қана жасай алады.
Лев Толстойдың өз еңбектерінде “соншалық ұлы мәселелерді” батыл әрі байсалды көтеріп, асқан шёберлік-
* В. И. Ленин, “Лев Толстой…”, А., 1955, 3-бет.
пен жинақтап, айта қалғандай көркемдік шешімге жеткізу әрекеті үстінде бір ұлттың, не бір алуан ел-жұрттың ғана емес, “бүкіл адам баласының көркемдік дамуында алға қарай адым” жасағанын заңды мақтанышпен атай тұра, Ленин аты шулы “толстойшылдықпен” тіпті ымыраға келген жоқ. Керісінше, оның жат “ілімін дәріптеуге әрекет етудің қандайы да,— деп жазды “Л. Н. Толстой және оның заманы” деген мақаласында,— оның “қарсыласпауын”, оның “рухқа” шағынуларын, оның “адамгершілік жағынан өзді-өзін жетілдіруге” шақыруьш, оның “ар” жөніндегі және жалпы адамды “сүю” жөніндегі доктринасын, оның аскетизм мен квиетизмді уағыздауын және т. с. ақтауға немесе жұмсартуға әрекет етудің қандайы да барынша тіке және барынша зор зиян келтіреді”*. Лениннің жазушы творчествосын мұншалық әділ һәм адал талдап-бағалауы казіргі социалистік реализм эстетиктері үшін барды — бар-ша, жоқты — жоқша айтудың, көркем шығармадағы жетістік пен кемшілікті қатар көрудің, ұната тұра сынай білудің, сынай отыра ұната білудің үлгісі болып қалды. Бұл — бір.
Екіншіден, Лениннің Толстой туралы еңбектері лениндік “сәулелену теориясын” көркем әдебиетте қолданудың іс жүзіндегі үлгісі болып табылады.
Мәдениеттің қандай саласы болмасын, соның ішінде әдебиет пен өнердің табиғатын зерттеп-танудың философиялық негізі — Лениннің даналық “сәулелену теориясы”; мұнда өнер қайнары — өмір, шығарм’а арқауы — шындық екені ғұлама білімдарлықпен жан-жақты дәлелденгені мәлім.
Біліктің Ленин ашқан “сәулелену теориясы”—маркстік философиялық материализмнің ең қымбат қазынасы. Бұл теорияға сүйеніп, психиканы ленинше түсіну — идеализм, фидеизм, попшылдық атаулының бәріне қа-рама-қарсы, Мах пен Кантқа, қала берсе, кантшыл Плехановтың иероглифтер теорнясына қарама-қарсы,— адам баласының түйсігі объективтік дүниенің субъективтік бейнесі деп білу! Заттың ойдағы сәулесі — объективтік нәрсенің көрінісі, көшірмесі, дәл суреті, нобайы; ақиқат туралы Ленин дамытқан ілімнің негізінде дәл осындай диалектикалық материалистік ереже жатыр. Бұл ереже
В. И. Ленин, “Лев Толстой..”, А., 1955, 3-бет.
бойынша, адам ақиқат өмірді танығанда ылғи ғана білмегенді білуге, азырақ білгенді көбірек білуге, шартты шындықтан нақты шындыққа қарай келе жатады. Бұл әрекеттің санадағы қимыл-қозғалысы да күрделі әрі қызық: таным тікелей байқаудан абстракт-ойлауға көшеді, абстракт-ойлаудан практикаға келеді. Ойдың объектімен дәл осылай түйісуін Ленин процесс деп білді. Ал енді “ой (адам) ақиқатты жым-жырт тыныштық күйінде ғана, өңсіз (көмескі),екпінсіз, қозғалыссыз сурет (бейне) күйінде ғана көрмеуі керек”*, керісінше, бар бұралаңымен, кере қар қайшылығымен, шиеленіскен тартыстарымен, әрқашан күрделі қозғалыс қалпында көруі керек.
Әрине, лениндік “сәулелену теориясы” — таза философиялық мәселе. Дей тұрғанмен, оның теориялық аргументтерінің байыбына бара түссек, әдебиет пен өнер — адам санасында ақиқат шындықты сәулелендірудің айрықша түрі екенін, өнерде өмірді сәулелендіру процесі қым-қиғаш қиын әрі күрделі екенін, көркемдік қабылдау — тым. белсенді процесс екенін, өнер — өмірді өзгерту құралы екенін, өнердегі шыншылдық өлшемі — өмірдің өзі екенін терең. дәлелдеп танытатын, эстетика үшін ауадай қажет түйін-тұжырымдар жасауға болады. Лениннің “сәулелену теориясы” әдебиет тану үшін де, міне, дәл осы тұрғыдан керек.,
В. И. Лениннің сөз өнеріне деген көзқарасына, өнер адамдарын бағалауына, өнер туындыларын талдауына, жалпы көркем творчествоны тануына келсек, бұл — сан иірім сыр. Айталық, И. Армандқа жазған хатында Ленин әдеби шығарманың құны, жазушы еңбегіндегі “күллі гәп” — адам образында, адам мінезін, яки “типтер психикасын даралай білуде” деп ұқса, “Правдаға” жазған хатында Демьян Бедныйдың “адам ретіндегі әлсіздігіне жабыса ‘бермеу” керектігін ескерте кеп, “талант — тым сирек нәрсе, оны әрқашан ұқыппен қолдау”, төзіммен баптау қажет деп білді. Бұл — даналық өсиет.
Орыс әдебиеті мен дүние жүзілік классика жайлы, көп ұлтты ‘совет әдебиеті мен әдөбиет теориясы жөніндегі лениндік пікірлер бүгінде әдебиет туралы ғылымның қағидалы ережелеріне айналып отыр. Біздегі халықтардың, көне мұрасына көзқарас — лениндж көзқарас; пролетариат мәдениеті хақындағы ұғым — лениндік
* В. И. Ленш, Философиялық дәптерлер, М., 1947, 167-бет.
ұғым; әдебиеттің таптыш, халықтығы, партиялылыгы; жайлы түсінік — лениндік түсінік.
“Экспрессионизм, футуризм, кубизм, тағы басқа толып жатқан “измдерді…” түсінбейтінін, олардан ешқаңдай рақат таба алмайтынын” айта тұра, дүние жүзіндегі күллі прогресшіл әдебиет үлгілерімен жан-жақты таныс! Лениннің жеке жазушылар, олардың әр алуан шығармалары, олардағы адам образдары туралы айтқан пікірлері тағы да сала-сала. Герценді, Белинскийді, Чер-нышевскийді қалың қауымға “орыс социал-демократиясының тұңғыштары” ретінде танытса, “Не істеу керек” романын бір жазда бес рет оқып, оқыған сайын жаңа сыр, соны сипат тауып отырғанын айтты.
Суреткер еңбегін әділ бағалаудың үлгісін Ленин тек Л. Толстой шығарма-ларын талдау арқылы ғана көрсетіп тынған жоқ. Мәселен, Достоевский творчествосындағы бөтен, бөгде сарындарды қатал сынай тұра, оның өз тұсындағы қоғамның сырқат жақтарын көре білген “шын мәніндегі данышпан жазушы” екенін мойындады. Горькийдің халық үшін көп қызмет көрсеткен және одан да көп қызмет көрсете алатын “пролетар өнерінің аса ірі өкілі” екенін орасан жоғары бағалай тұра, оның әр тұстағы әр түрлі идеялық ауытқу-ларын риясыз көңілден ымырасыз сынап, мінеп, түзеп отырды. Маяковскийдің белгілі кезеңдегі кейбір футуристік ауытқуларын жек көргенмен, “Мәжіліс-қорларын” оқығанда, оған рақаттана суйсінген. Өнерді тани білудің өзі де — өнер екенін Ильич өнер сүйгіш жұртқа осылай аңғартқан еді.
Лениннің дүние жүзілік классикадан мол хабардарлығы оның парасат өресі өте биік, ақыл өрісі орасан кең ойшыл екеніне кепіл болып қана қалған жоқ, оның жалынды публицистикалық әрекетіне айта қалғандай қару-құрал болды: Гетенің схоласт әрі филистер Вагнерін мысалға алып, саясаттағы догматик-терді өлтіре түйреген Ленин меньшевиктерді масқаралау үшін Мольердің Тартюфын, жойымпаздарды әшкерелеу үшін Доденің Тартаренін сатиралық сынға садақ етті. Ильичтің Золя мен Гюго, Диккенс пен Лондон, Бурже мен Потье, Синклер мен Нексе, Барбюс пен Уэллс, Роллан мен Рид немөсе Шоу шығармаларын оқып қана қоймай, олардың идеялық-көркемдік құнын белгі-леп, нұсқалы пікірлер айтуы маркстік-лениндік эстетиканы мықтап байытып, биік белге шығарғаны әлемге аян.