ОБРАЗ ЖӘНЕ ОБРАЗДЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕГІ АДАМ
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі — осы образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну-үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі — өмір болғанда, предметі — адам екенін ескеруіміз керек.
Баяғы Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан тыс, адам өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінін, де, өнер туындысының да болмайтыны дәлелденген үстіне дәлелденіп келе жатыр. Әдебиеттің объектісі предмет арқылы, яки сөз өнеріндегі өмір шындығы тек адам арқылы, адам образы арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне көтеріле алады.
Белинский “ақынның образбен ойлайтынын, оның ақиқатты дәлелдеп жатпайтынын, көзге елестете көрсететінін”, Чернышевский сөз өнерінің “шын мазмұны — тек адам өмірі” рана екенін айтса, Гончаров қолына қалам ұстағандардың ішіндегі нағыз суреткерлерді айрықша бағалап, өзгелеріне “бір ғана ақылмен он том жаз, бәрібір, әлдеқалай “Ревизордағы” он адамның айтқанын айта алмайсың” десе, Горький өзінің “Кәсіп туралы кеңесінде” көркем әдебиетті, құдды “Қоғам тану” деген тәрізді, тура “Адам тану” (“Человековедение”) деп атады.
Кітап немесе симфония не туралы жазылған? Сурет немесе скульптура не туралы салынған?..Қандай сұрақ болмасын, жауап біреу-ақ: а д а м т у р а л ы, а д а м н ы ң ә с е м д і г і м е н а с ы л д ы ғ ы ж ө н і н д е, а д а м р у хы н -ы ң к е р е м е т к ү ш і м е н қ а с и е т і ‘ ж а й л ы… Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұ.н — адамның ойы, арманы, құштарлыры, мұраты; өнер туындысының қандай түрі болмасын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын ғана баяндап жатады. Қез келген әдеби шы-ғарманың бетін ашсақ болғаны, іздеп табарымыз, тауып толғанарымыз — адам тағдыры, адамгершілік сыры. Көне дүние кербезі Милос Венерасынан осы күнгі абстракционистердің кескін-келбеттен ада мүскін мүсінсымақ-тарына дейінгі айтыс пен тартыс бір-ақ нәрсе — өнердегі адам,адамгершілік төңірегінде ғана.
Адам тағдыры — жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі де: өмірде көрген тірі адамдар туралы, олардың хал-күйі, кескін-кейпі туралы тебірене, толғана ойланудан көбіне суреткердің сол адамдар өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы қалыптасады, нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау мақсатындағы творчестволық әрекеті басталып кетеді. Мәселен, М. Горькийдің “Күннен туғандар” пьесасында мынадай диалог бар:
Л и з а. Өзіңіз білесіз, мен дөрекілік дегенді жаныммен жек көрем, тіпті қорқам содан… Соны біле тұра сіздер бәрін әдейі, мені қобалжыту үшін әдейі істейсіздер ғой деймш… Тоқтай тұрыңыз… Әлгі слесарь бар ма… көзіме көрінсе, зәрем ұшады. Өзі бір түрлі… кұңгірт, түсініксіз кісі… көзін көрдіңіз бе, көзін: ашу мен ыза адырайтып жіберген бір түрлі… Мен мұндай көздердің талайын анау күні… анау жақта… тобыр, топ ішінен көрген секілдімін…
Чепурной. Жә, жә, еске түсірмеңіз! Қойыңыз, құрысын…
Л и з а. Қалай қоям, ұмытуға бола ма сол сұмдықты!.. Әлде-бір дөрекі, дөкір сөз естісем, әлдебір қызарғанға көзім түссе, жаным жабыға қалады. Бойымды қорқыныш билейді, көз алдыма со бір аң тәрізді… ашулы… ызалы… зығыры қайнаған… қап-қара… кара тобыр, қан жуған беттер… құмға сіңбей, қақ боп ұйып жатқан қып-қызыл қан елестейді…
Чепурной. Түу, енді сіз қашан талып, құлап түскенше қоймассыз…
Л и з а. Аяғымның астында басы жарылған бала жігіт… жер бауырлап, жылжып барады, самайынан қан сорғалайды, желкесіне қан саулап құйылады… Қанға баттасқан басын жоғары — аспанға көтереді… Көзіне көзім түсті: тұнып кеткен… Аузы ашық, тісіне дейін қан жуып кеткен… Енді бірде басы сылқ түсіп, бетімен құм қапты… Бетімен… бетімен…
Осы үзіндідегі Лизаның аузымен айтылған сұмдық шындықтың бәрін — “ашу мен ыза адырайтып жіберген” көздерді де, “қан жуған беттерді” де, “зығыры қайнаған қап-қара қара тобырды” да түп-түгел Горькийдік
өзі көрген, жаны түршіге сезінген. Бұл — 1905 жылғы 9 январь күні Петербургте болған сұмдық. Дәл сол жексенбіде, патша солдаттары жазықсыз жандарға оқ жаудырып, Сарай алаңы кып-қызыл қанға боялғанда, Горький ереуілшілер ішінде — көшеде жүрген. “Басы жарылған бала жігіт” Лизаның “аяғының астында” емес, Горыкийдің, “аяғының астында жер бауырлап, жылжып бара” жатқан. Оның “тұнып кеткен көзіне көзі түскен” Лиза емес, Горький; “басы сылқ түсіп, бетімен құм қап-қанын” көрген Лиза емес, Горький. Сол қанды жексенбінің кешінде Горький үйіне келді де, былай деп жазды: “Орыс революциясының алғашқы күні — орыс интеллигенциясынын, моральдық күйреген күні” *. Неге? Негесі сол,— өздерін қоғамның рухани көсемі деп ұғатын интеллигенттер — оқығандар, зиялылар осынау қаһарлы оқиға тұсында өздерінің халық алдындағы рухани жауапкершілігін мүлде түсінген жоқ. Олар жер мүддесінен алыс, аспанда жүрді. Осының бәрін Горькийге тек бір күннің оқиғасы ойлатты, тек бір күн ішінде көрген адам-дардың тағдыры толғантты. Осыдан бір апта кейін Горький қамауға алынды да, түрмеде отырып әлгі сұмдықты қайта ойлады. Өзі көрген ақиқатты жазушы өзге бір сипатта танып, осыдан оның творчеетволық әрекеті бас-талды. Бірақ-ол әлгібір ақ патшаның іргесін шайқалта бораған қара дауылда ел мүддесі үшін қайратқа мініп, “бетін қан жуғандар” емес, дауыл алдында дәрмені жоқ, жер мүддесінен алыс аспан аққанаттары — “күннен туғандар”, сағым қуғандар жайлы пьеса жазды. Одан келді де осы ғасырдың басындағы орыс интеллигенттерінің тамаша образдар галереясы туды.
Демек, әдебиеттің предметі — адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде рана емес, қаламгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі күллі творчестволық әрекетінің ойы-қыры, қия-қалтарысы туралы болуға тиіс. Белгілі (бір дәуірлік шындықтан көркем шығарма туғызу үшін, бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудын, суреткерлік тәсілі — оол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару, “тірі документтерді” зерттеу. Бұл ретте,
М. Әуезовтің “Абай” эпопеясына материал жинау тәсілі айта қалғандай: “Алдақашан бел асып кеткен керуеннін, айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші
М.Горькиий. Шыгармалар, М., 1954, 28-том, 349-бет.
сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып алып, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің халім де дәл сол әрекет сияқты еді. Мен карт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін “қалпына келтіруім” де әлгідей еді” *.
Өмірмен осылайша қоян-қолтық келген жағдайда ғана суреткердің творчестволық фантазиясы қимылға көшеді, қозғалысқа түседі. Дәл осы арада біз әдебиеттің предметі маңындағы авторлық айрықша әсем әрекетке, дәлірек айтқанда, әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты — ойдан шығару (вымысел) мәселесіне кезігеміз.
О й д а н ш ы ғ а р у — о бр а з ғ а б а р а р ж о л суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Өйткені ойдан шығару арқылы суреткер болашақ көркем образдың эскизін, алдымен, өзі ойша жасап, көз алдына ойша елестетіп, ойша көріп алады. Суреткердің өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, суреткердің көз алдына затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айна-луы мүмкін емес. Бұл ретте, керек десеңіз, көркем талант дегеннің айрықша құпиясы мен күші суреткердің өзі жасамақ болған көркем бейненің кескін-кейпін, түр-түлғасын өзінше көре білу қабілетіне, осыған орай қиял құпия-сына, ойдан шығара білу күшіне байланысты.
Әдебиет шежіресіне қарап отырсақ, творчестволық фантазияға, ойдан шығара һәм көзге елестете білуге байланысты, солар арқылы өз қолымен жасалар көркем бейнені әрі жинақтауға, әрі даралауға байланысты сөз зергерлерінің өздері айтқан құпия-сырлар тіпті қызық. “Маңым толған адам,— дейді Гончаров,— өз геройларым; маза бермейді, көз алдымда қырық құбылып жүреді, мен оларды ап-анық көремін, өз ара сөйлескендерін естимін”. Ибсен қағазға сөз жазардан бұрын өз ба-
* М. Әуезов, “Абай” романынын. жазылу жайынан, “Әдебиет және искусство”, 1955, № 3, 95 бет (мақаланы кезшде автордың құптауымен орысшадан ықшамдап аударран — біз — 3. Қ)
сында пайда болған образды бастан-аяқ ойша барлап, көріп, танып алатынын айтады: “Іші-сыртын түгел: жүріс-тұрысын, мәнер-машығын, тіпті киімінің түймесіне дейін көріп, даусын естуім керек”. Тургенев те дәл осы ұғымда болған: “Қасыңызда біреу тұрғандай, өзіңізбен бірге жүргендей сезінесіз, оның бет-жүзін көргендей боласыз. Түс секілді… Әйтеуір өз геройым өзіме қашан ескі, жақсы таныс боп алмай, өзін көзіммен көріп, үнін құлағыммен естімей, қалам түртпеймін”. Писемскийдің болашақ геройлары тура “түсіне енген, бәрі жиналып кеп, жаудырай қарап, мүлде ұйқы бермей” қойған. Бет-ховеннің геройлары да композитор қиялданған сайын “көз алдында көктеп шығып, өсе берген, өсе берген”. Бомарше кайткен? Өзінің ойында пайда болған өз геройларымен кәдімгі тірі кісілермен сөйлескендей “дұлшына кеңесіп отырып, тек солардың айтқандарын ғана қағазға түсірген”. Бальзак ше? О, ол “өз геройларының өмірімен өмір сүрген”, түсінде ғана емес, кәдімгі өңінде де солармен “бірге тұрып, бірге жүрген”. Бұл шындықты Лев Толстой қатты құптаған: “Өмірдегі адамды тек бірге тұрғанда білетінің секілді,—деген ол,—өнердегі адамды да бірге тұрғанда ғана білесің”. Өзінің болашақ герой-ларын осы ретпен ойша толғанып, кәдімгі тірі адамдарша танып, біліп алған болса керек, бір жолы Чехов “Ішімде сыртқа шыққысы кеп тұрған бүтін бір армия бар” депті.
Сонымен, творчестволық фантазия,яки о й д а н ш ы ғару — ш ы ғ а р м а- д а с ур е т т е л е р ш ы н д ы қт а н ш а л ғ а й ж а т қ а н о қ ы с н ә р с е
е м е с, с о л ш ы н д ы қ т ы с ұр ы п т а у, с а р а л а у т әс і л і; ш ы н д ы қ- қ а с у а р ы л ғ а н а д а м т ұ л ғас ы н ә р і ж и н а қ т а у, ә р і д а р а л а у тәс і л і. Образға апарар жол осылай басталады.