ӘДЕБИ ШЫҒАРМА- НЫҢ СЫРЫ МЕН СИПАТЫ. ӘДЕБИЕТТЕП МАЗМҰН МЕН ПІШІН
ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ
„Аяулы һәм ардақты Лев Николаевич,— деп жазды Иван Сергеевич Тургенев ақырғы демі түгесілер алдында,— әдеби қызметіңізге оралғайсыз. Досым, орыс жерінің ұлы жазушысы, зар тілегім болсын, тындай гөріңіз. Енді ештеңе айта алатын емеспін, шаршадым, біттім…”*. Қасиетті қалам кереует үстінен жерге ыршып түсті. Ажал аузында жатқан ауру адам жасаураған көзін зорға төңкеріп, көп жазған ‘қаламына ақтық рет қиылып қарады, бірақ оны енді қайтып қолға ұстар дәрмен жоқ еді. Көңіліне медеу еткені — тек “Орыс жерінің үлы жазушысы” ғана: бұл кеткенмен, сол қальш барады, бұл жаза алмағанды, сол жазады, туған әдебиеттің бағы мен мерейі үшін сол жазады, Русьтің абыройы мен даңқы үшін сол жазады…
“Біз жәрмеңкеден қайту бетіндегі жандарға қосылдық, енді әдебиет болашағын ойламай болмайды,— деп жазды Мұхтар Омарханұлы Әуезов қаламдас шәкірттеріне,— сендерді сол болашағымыз деймін. Болашақты, үдей басатын, алғыдан асатын болашақты ойламасақ кім боламыз? Ал “алғы” дейтін ‘қаншалық? Қанша хан қазына, қалын, қатпар өткенің жатыр! Шап-шағын ғана емес пе! Әсіресе ол мәдениетті өнер боп та өсіп піскен емес қой. Көбінше көбікті толқын санап жүрміз ғой. Мен операция тосудамын…”**.
Осыдан бір апта өткен жоқ, ғалым жазушы операция столына жатып ұйықтап кетті де, енді қайтып оянбады. Өзі жарық дүниеден біржола жөнелді, бірақ артында
ү И С. Тургенев, Шығармалар, М., 1952, 12-том, 580-бет. ** “К.азақ әдебиеті” газеті, 1961, № 27,
әлгі бір үміті мен сенімі қалды: қанаттас, қаламдас достары, туған әдебиетінің жаны-тәні сау жас күштері қалып барады, өзі жазып үлгіре алмағанды солар жазады өз қолынан түсіп бара жатқан қаламды солар көтеріп алады, халықтың абыройын асырып, мерейін үстем етер ардың ісін солар істейді…
Ардың ісі?
Иә, “сөз өнері, сөз жоқ, ардың ісі!” (Шолохов.)
Сондықтан болуға тиіс, ұлы жазушылар өлер алдында өздерінен қалып бара жатқан өмірден бұрын осынау өнер тағдырын ойлап қиналған.
Ол — ол ма, А. Толстой мен Паустовский, Рыльский мен Бургун, Айни мен Айбек… Бәрі де өмірден бұрын өнерді қимай, тура құрық ажалмен арпалысып жатып, қаламға жабысумен болған. Тайыр Жароков көзі жұмылып бара жат-ып, палатадағыларға “Тасқынға тосқынын” оқыған. Қасым Аманжолов өлем деп өкінбеген,]өлеңін ойлап толғанған:
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкшем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып, мың толғанам
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп
Міне, осы толғаныстардың байыбына барған сайын, жалпы жұрт шын мәніндегі шынайы өнер туындысының қаншалық, қасиетті зат екенін ұққан үстіне ұға түссе, нағыз өнер иесі өз ісіне деген ұлы жауапкершілігін сезген үстіне сезе түсетін тәрізді.
Өнер туындысы — кең үғым, мұның түрлері де көп: X. Наурызбаевтың Абайы — мүсін өнерінің туындысы болса, Қ. Телжановтың Жамалы — кескін өнерінің туындысы дегендей… Ал дәл осы жолғы біздің айтып отырға-нымыз—сөз өнерінің туындысы — әдеби шығарма.
Бастапқы бөлімде біз жалпы әдебиет пен әдебиет тану жайын әңгімелей келіп, сөз өнеріндегі өзөкті мәселелердің бірі — көркем образ туралы, яки әдеби қаһарман хақында сөйлегенбіз. Әрине, көркем образ — күрделі нәрсе. Бірақ әдеби қаһарман өз бетімен оқшау өмір сүре алмайды. Кәдімгі тірі кісінің өзін қоршаған ортада ғұмыр кешетіні секілді, әдеби қаһарман да тек көркем шығармада ғана тіршілік етеді. Қөркем шығарма бір емес, бірнеше және әр алуан образдан құралады; бір емес, бір топ және әр алуан образдың басын қосып, оларға бір ортада тыныс, тіршілік беретін тек көркем шығарма ғана.
Қөркем шығарма — нағыз суреткерлік әрекеттін, нақты нәтижесі, әдеби еқбектін. көзбен көріп, “қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма — бір ‘жазушы келесіндегі ғана емес, күллі әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ — осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.
“Жекелеген образ ұнай ма, жоқ па, мәселе мұнда емес,— дейді Гете,— жалпы кітап ұнай ма, жоқ па, гәп осы арада жатыр”.
Кітап демекші, сөздің шыны керек, кітап атаулының бәрі көркем шығарма емес. Гете айтқандай, халыққа қалтқысыз ұнайтын, оған эстетикалық сусын болатын, оның көркем дамуында кәдімгідей тық адым, жаңа саты боп табылатын кітап қана — көркем шығарма Ал мұндай “ақылды, жақсы шығармалар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала-жансар кітаптар шаш-етектен” (М. Шолохов) екені тағы да рас. Талап-талғамы биік бүгінгі мәдениетті оқырман өнер туындысын тануға, ба ғалауға, “көбіктен толқынды” дұрыс ажыратуға, міне, осы түсініктер тұрғысынан келуі шарт.
Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі-сәрі әлденелер секілді ақыл жетімдігі мен сезіп мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзілер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың, өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тыңқұпиясын ашьш бере алады.
Жақсы шығарма,— міне, осы секілді,— өзіндік жаңалығы бар шығарма. Мұндай жақсы шығарма жазу, әрине, оңай жұмыс емес.
— Жақсы жазу үшін не істеу керек? — деп сұрапты Леонид Андреев бір жолы Лев Толстойдан.
— Жазбаура мүмкіндігің болса, жазба! — деп жауап беріпті данышпан жазушы.
— Қашан жаз дейсің, сонда?..— деп, таңданады Андреев.
— Қашан жазбауға мүмкіндігің болмаса, сол уақытта жаз! — дейді Толстой.
Осы диалогта көп сыр бар. Бірдеңе жазсам-ау деген жалаң ықластан түк те шықпайды. Қалам иесін шығар-
ма жазуга оны талайдан бері терсц толғантқан өмір шындығының өзі әкелуге тиіс. Сонда жазушыда бұрын- соңды ешкім айтпағанды айтуға және өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше ғана айтуға деген мақсат, яғни ішкі қажеттілік иайда болады. Нағыз өнер туындыс өмірге осылай келмек.
“Әдебиет — ықшамдалған әлем” (Салтыков-Щедрин) [ болса, әдеби шығарма — сол нұрлы дүниенің сырлы) бөлегі. Ол — өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп,қия-қалтарысы мол шытырман шындық. “Шұғаның белгісі”, “Еңлік — Кебек”, “Сұлушаш”… Оқимыз, тұшынамыз, тағы оқимыз, ойланамыз. Жалықпаймыз. Әр оқыған сайын бұрын байқамаған жаңа, соны сыр ұққандай боламыз. Шын мәніндегі шынайы өнер туындысы оқырманға осылайша әсер етуге тиіс.
“Көркем шығарма жазу,— дейді Л. Леонов,— әрқашан пішін жағынан өнер табу, мазмұн жағынан жаңалық ашу”*. Байыптап қарасақ, дүниенің бүтін бір бөлегін күллі тамыр-тереңімен қопарып алып, ажарлы әрі асыл өнер туындысына айналдыру, оның мазмұны мен пішініне жан тебірентер өнерпаздық қасиет дарыту — тек тарлан таланттың ғана қолынан келетін іс.
Абайдың осы сөзінде аса терең мағына жатыр. Шын мәнісіндегі өнер туындысының айрықша асыл қасиетін, сыртқы түрі мен ішкі сырының тамаша үндестігін осыдан артық дәл тауып айту қиын. Әдебиеттегі мазмүн мен пішіннің бірлігі дегеннің өзі де осы — көркем шығарманың шынайы сұлулығы, яки “тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімі”.
Мазмұн мен пішін — күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін — тек идеология ғана емес, ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылыоқа тән нәрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз — бір нәрсенің піші-
Литературная газета, 1962, № 118
ні, басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол — мазмұн.
Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз — бір нәрсенін, мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы касиеті, анықтамасы бар, ол — пішін.
Мазмұн мен пішіннің ‘бірлігі осының өзінен-ақ ашық көрініп түрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзін-өзі айқындай алады. Жалғыз-ақ осынау мазмұн мен шшіннің ‘бір-біріне ауысу, көшу процесінін, негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болмасын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не?
Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің объектісі — өмір, предметі — адам өкенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана — шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны — сол адам таныған шындық екені мәлім. С о н д а ә д е б и ш ы ғ а р м а н ы ң, м а з м ұ н ы — ө з э с т е т и к а л ы қ и д е а л ы н ы ң т ұ р ғ ы с ы н а н с у р е т к е р т а н ы-ғ а н а қ и қ а т ө м і р д е, п і ш і н і — о с ы ш ы н д ы қ т ұ т а с ты р ы л а ж и н а қ т а л ғ а н к ө р к е м о бр аз д ар ж ү й е с і, я к и ә д е б и қ а һ а р — м а н д а р ө м і р і екенін түсіну қиын емес. Мәселен, “Ботакөз” романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық — Октябрь социалистік революциясының арқасында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңісі, нәтижесінде Қазақстанда Совет өкіметінін, орнауы. Осы шындықты “коммунист жазушы өзінің партиялық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні — Сәбит Мұқанов романында көркем жинақталған әдеби қаһармандардың, дәлірек айтқанда, Асқардың, Ботакөздің, Амантайдың, Кенжетайдың, Кузнецовтың, Темірбектің, Бүркітбайдың, Сағиттың, Асанның, Итбайдың, Байтөбеттің, Кулаковтың, Кошкиннің, Сарбастың, Құзғынбаевтың, Мадиярдың, Базарханның қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян-қилы тағдыр тіршілігі. Осынау әр алуан
кейіпкерлердің шытырман өмірі—өз ара қарым-қатысы, іс-әрекеті, ‘бірін-бірі жақсы көру не жек көру сезімде арқылы біз Октябрь алдындағы қазақ аулының хал-күйін, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, мақ сат-мүддесін көзбен көргендей танып, біліп, сол дала қазақтарының революцияға қалайша келгенін, азаттық жолындағы шешуші шайқастарға қалай шыққанын ақыр аяғында жаңа өмірге қайтіп жеткенін терең аңғарамыз. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық характер ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз. Сонда біз автор биік эстетикалық идеал тұрғысынан шынайы, шебер сурет-теген қазақ даласындағы дәуірлікі шындық — ұлан-асыр күрестер мен тартыстарға толы сегіз жыл (1912—1920) ішінде қазақ халқының басынан «кешікен аса мәнді һәм күрделі әлеуметтік-саяси оқиғалар шығармадағы жейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп, тіпті тұтасып кеткенін көреміз. Дәл осы арада әдеби шығармадағы мазмұнның пішінге көшуі бұлардың айта қалғандай идеялық-көркемдік бірлікке ауысқанын көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін бұл жерде өзінің мазмұнын әрі толық, әрі терең ашып тұр. Шығарманың көлемі де дәл осы тереңіне сай; кейіткерлер саны да оқиға мөлшеріне лайық; олардың мінез-бітімдері мен қимыл-қарекеттері де тарихи шындыққа сай нанымды, ұтымды, романда суреттелген дәуірдің коғамдық заңдылықтарын айқын ашып, автордың асыл мұратына мүлтіксіз мегзеп тұр. “Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісім” дегеніміз де, міне, дәл осы еді.
Көркем шығарманың күллі құны мен касиеті оның мазмұны мен пішінінің осы бірлігінде жатыр. Лев Толстой кез келген көркем шығарманың құны мен қасиетін үш түрлі сипатына: “а) мазмұн сонылығына, ә) пішініне немесе, өзіміз әдетте көп айтатын, талантқа, б) автордың шығарма предметіне байсалды көзқарасы мен ыстық ықласына”* қарап бағалаған. Бұл тегін емес-ті. Шынында да мазмұнға қажет қасиет — сонылық: бұрын-соңды ешкім қозғамаған тың тақырыпты тың идеяға жинақтау. Содан соң пішін: шығарманың сюжеті мен композициясындағы шеберлік. Мұның өзі тарлан талант қана көтере
Орыс жазушылары әдеби еңбек туралы, Л , 1955, 3-том, 444-
алар ауыр жүк екені де рас. Ақыр аяғында, жазушының өзі мүсіндеп, мінездеп, жинақтап, даралап отырған адам бейнелеріне мығым байсалдылығы және қалтқысыз ауған ыстық ықласы. Міне, бұл үш сипат түгел тұрғанда нағыз өнер туындысы да талапқа сай болары сөзсіз.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін бір нәрсе — бір мазмұнның, бірнеше пішіні болатыны. Өмір-де де, өнерде де солай. Өмірдегі көрінісін алып қарасақ, пролетариаттың тап күресінің неше алуан пішіндері бар екені саяси әдебиетте сан рет дәлелденгенін көреміз: мәселен, стачка—жеке стачка ма немесе жаппай стачка ма, бәрібір,— тап күресі болып табылады. Бойкот, саботаж да, күмән жоқ, тап күресі болып табылады. Манифестация, демонстрация, өкілдік орындарға және сондайларға қатынасу — мұның.өзі жалпы парламенттер ме немесе жергілікті өзіндік басқармалар ма, бәрібір,— бұлар да тап күресі болып табылады. Осылардың бәрі де бір тап күресінің, өзінің әр алуан пішіндері болып табылады .. Енді өнердегі көрінісін бажайлап байқасақ, мысалы, совет халқының Ұлы Отан соғысының ғылым мен әдебиеттегі пішіндерінің әр алуандығын өз алдына қойғанда, бір ғана сөз өнерінін, өзінде, айталық, Қасым Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы” мен Хамит Ерғалиевтің “Әке сырындағы”, яки поэзиядағы пішіні бір бөлөк, Бауыржан Момышұлының “Москва үшін шайқасы” мен Тахауи Ахтановтың, “Қаһарлы күндеріндегі”, яки прозадағы пішіні бір бөлек болса, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің, “Намыс гвардиясындағы”, яки драматургиядағы пішіні өз алдына бөлек. Осының өзі тағы да, жоғарыда айтқанымыздай, пішіннен мазмұнның басымдығын аңғартса керек.
Алайда пішін әшейін мазмұнға тәуелді, бейтарап нәрсе деуге болмайды. Пішіннің, атқарар ролі — белсенді роль. Шығарма мазмұнының, ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне тығыз байланысты, Анығырақ айтқанда, пішіннін, әсемдігі — суреткер шеберлігі. Әрбір ірі суреткер өз шығармасының пішініне айрықша зер салатыны тектен-тек емес. Л. Толстой “Ревизордың” пішіні жайлы былай деген: “Гоголь өзінің комедиясын дөрөкі, осал жазсыншы, оны қазіргі оқығандардың миллионнан бірі де оқымаған болар еді”*. Бұл—шындық.
Л. Н Толстой, Әдебиет туралы, М, 250-бет
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін екінші бір нәрсе,— мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Өмірде де, өнерде де солай. Айталық, махаббат. Бұл — өмірде тұрақты шындық, өнерде мәңгілік та-қырып. Абай әдемі айтқан:
Махаббатсыз — дүние дос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Бірақ өмірдің осы шындығының өнерде көркем жинақталу пішіні әр дәуірде әр алуан. Мәселен, қазіргі махаббатты баяғының Ләйлі — Мәжнүнінің немесе Қыз Жібегі мен Төлегенінің арасындағы сезімдерше суреттесе, осы күнгі дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сай келмеген болар еді. Демек, бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отыратыны хақ.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін үшінші бір нәрсе — мазмұн мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мазмұнын ала келеді. Мәселен, ғасырлар бойы үнсіз мүлгіп, тылсымдай тынып, құлазып жатқан қазақ даласына Ұлы Октябрьден кейін күре тамырдай тарамданып шойын жол жосылды да, оның бойымен бұрын-соңды бұл маң көрмеген жаңа көлік- поезд — жүйткіді. Бұл — өмірдегі жаңа шындық болса, өнердегі — жаңа мазмұн. Осы мазмұнды әдебиетте пішін-‘ деу қалам қайраткерлерін жаңа ізденулерге салды. Даладағы бұл құбылысты, қимылды, жылдамдықты, айталық, баяғы Тайбурылдың шабысын суреттегендей:
Ол төбе мен бұл төбе, Шағалалы шалқар көл
Бауыры шұбар көл төбе, Қызғыштының Қызды көл,
Онан да өтіп жөнелді. , Құмра, қотан Қос көлден,
Қамыстының қазды көл, Айналасы бес көлден,
Қоғалының қулы көл, Бәрінен өтіп жөнелді,—
Шеңгелдінің желді көл,
деп сыпыртып соға беруге болмайды. Жаңа өмірдегі жаңа шындық өнерге тың мазмұн боп еніп, ол өзіне соны пішін іздеді. Осы мазмұнға Сәкен Сейфуллин өзінің “Советстан” поэмасында мынадай пішін берді:
Советстан, біздің стан, Совстан
Экспресс талма екпінді шабыстан
Гуле жүріп, Айдап бақ!
Үш құрып, Уклон бар,
Қалсын ұлып, Терең жар,
Ескі жалған, арттан қалмай Сақ бол, сақ1
жабысқан.. Так-так-так.
Қарап тұр. Айдап бақ,
Жол ұзак, Рудзутак,
Кондуктор, Трат-тат-тат!
Бұл арада жаңа мазмұн өзіне үндес жаңа пішін туғызған. Өленді оқып отырғанда адам кәдімгі поезд үстінде келе жатқандай тербелген сезім құшағында болады. Өлеңдегі әрбір ырғақ, тыныс, екпін оқырман құлағына зулап асып бара жатқан экспрестің дыбысын жеткізгендей. Әрине, бұл өлеңнің пішінін мазмұнына қылапсыз сай, төрт аяғынан тең басқан мінсіз нәрсе демейміз. Осы тұстағы өлеңдердің, “пішін жағынан жетіліп болмағанын” кезінде Сәбит Мұқанов біліп айтқан. “Бірақ,— депті ол,— мазмұн жағынан біздің еңбекші жазушылар мақтана алады. Қазақтын, еңбекші табы өскен сайын, еңбекші жазушылары жедел өсіп келеді. Сондықтан еңбекші жазушылардың жазған сөзінің мазмұнына пішіні ілесе алмай отыр”*.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін тағы бір нәрсе — жаңа маз-мұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады; бірақ пішін іздеу бір бар да, құр п і -ш і н ш і л д і к к е (формализмге) салыну өз алдына басқа. Соңғысынан, әрине, сақ болған жөн. Модернистерде қолға ілінер “шығыршық жоқ, бос қуыстың, айналасын әсем әшекейлеген әшейін құр шиыршық қана бар” екенін А. Блок дәл тауып айтқан. “Пішінді мазмұннан айырып, мазмұнды құртудың, керісінше, мазмұнды пішіннен ажыратып, пішінді жоюдың” (Белинский) үлгісі осы болады.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан маңызды заңдардын, бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай боп табылады. Көркем шығармадағы мазмүн мен пішіннің бірлігі — оның органикалық бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы за-ты деректерге көшірсек, былай болар еді: ш ы ғ ар м а н ы ң м а з м ұ н ы — оның ақиқат шындыққа негізделген тақыры-
* С. Мұқанов, Өсу жолдарымыз, А, 1960, 48-бет.
б ы м е н и д е я с ы д а, п і ш і н і — ә д е б и қ а һ а р м а н д а р д ы ң ө з а р а қ а р ы м-қ а т ы н а с ы н а, т а ғ д ы р т ар т ы с ы н а н е г і з д е л г е н с ю ж е т і, к о м п о з и ц и яс ы ж ә н е ж а з у ш ы н ы ң ө м і р д і ө н е р г е а й н а л д ы р ғ а н е ң н е гіз г і қ ұр а л ы —с у р е т т і с ө з і, я к и к ө р –к е м ш ы ғ ар м а н ы ң т і л і.
Енді осы мәеелелерге көшеміз.