ӘДЕБИЕТ ТАНУДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ
Л. Толстой (1828—1910) — өткен ғасырдың екіншіі жартысы мен біздің ғасырдың бас кезіндегі дүние жүзідлік орыс мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихындағы теңдесі жоқ данышпан суреткер, озат ойшыл, көрнектіі социолог, ірі педагог, ғұмыр бойы ғылми-әлеуметтікі шындықты іздеумен шарқ ұрып өткен раламат күрескерл демек, ол өнер атаулынын, да асқан білімпазы және теоретигі еді. Ұлы жазушы өзінің көркем шығармаларын
* Л И. Тимофеев, Әдебиет теориясының келелі мәселелері, М ,| 1955, 13-бет.
жаза тұра сол көркем творчествоның тарихы мен теориясына терең бойлап, көркем өнердің не екенін, оның қоғамдық қызметін, тарихи орны мен ролін, өзіне тән ерекшеліктерін, табиғаты мен түрлерін толғана ойлап, тәптіштеп түсіндірумен болды.
Өнер туындыларынық ең негізгі қасиетін Толстой оның халықтығында деп білді. Бұл ретте қанаушы тап пен төменгі халық бұқарасының эстетикалық талғамдары туралы ұғым-түсініктері, тіпті, тамаша! Л. Н. Толстойдың, көркемөнер, ғылым туралы арнаулы’трактаттарын өз алдына қойғанда, “Соғыс пен бейбітшіліктен” бастап, “Крейцер сонатасына” дейінгі көптеген үлкенді-кішілі шығармаларында бүтін бір эстетикалык, жүйесі желі тартып жатыр. Егер ұлы жазушынын, күллі творчествосындағы күрделі, кесек кейіпкері — орыс халқы, “нағыз орыс мұжығы” десөк, ол өнердің барлық түріне тек орыс халқының идеалы тұрғысынан ғана қараған деп ұғуымыз қажет.
Өнер тудырушылардың ең негізгі қасиетін Толстой оның реализмінде деп білді. “Өзіңіз суреттеп отырған адамдардың өмірімен өмір сүріңіз,— деп жазды Толстой,—• әр образда онын, ішкі түйсінулерін суреттеңіз; сонда олардың өздері өз мінездеріне лайық қимыл-әрекетті өздері жасайды…” *. Бұл — Толстойдың реализмге мегзеуі. Мүны Толстой айтып қана қоймаған, іс жүзінде өзі жүзеге асырып отырған. “Менің геройларым,— деп жазды Толстой,— кейде мен қаламаған әрекеттер жасайды. Олар, жалпы, менің қалауымды емес, кәдімгі өмірде қандай әрекеттер жасау керек болса, сондай әрекеттер жасайды” **.
Ұлы жазушының жалпы көркемөнердің спецификасын анықтауы, табиғатын танытуы да назар аударарлық.
Көркемөнердің өзіне тән өзгешеліктерін белгілей келіп, Толстой оны тілмен салыстырады: “Адам баласы бір-біріне сөз аркылы ойын танытса, өнер арқылы сезімін дарытады”. Сонымен бірге Толстой өнердің пішіні мен мазмұнын өзінше белгілеген: “…Өнердің екі жағы бар: — деп жазды Толстой 1894 жылғы 7 июньде П. М. Третьяковқа,— пішіні — техника да, мазмұны — ой”. Бұл да нұсқалы пікір.
* Орыс жазушылары эдебиет туралы, Н-том, 205-бет ** Л. Н. Толстой музейін шежіресің, 12-кітап, М, 1948, 259-бет,
Өзі жан-жақты білімдар, биік мәдениетті Толстойдың өзгелерге қояр талабы да жоғары. Бұл тұста да оның эстетикалық талғамы танылады: “суреткер өз ғасырының жоғары білімінің дәрежесінде болуға тиіс, ең бастысы — жеке қара басының қамы үшін ғана тіршілік ет-пей, күллі адам баласының өмір тіршілігіне белсене араласуға тиіс. Сондықтан көзсіз наданнан да, тым өзім-шіл адамнан да жібі түзу суреткер шықпайды”.
Толстойдың негізгі әдеби-эстетикалық принциптері Белинский мен Чернышевский секілді ұлы революционер-демократтардың әдемілік жайлы материалистік көзқарастарына жуықтайды Мұнық себебі Толстойдың оларды құмарта оқығандығынан болуы да мүмкін. Мәселен, ол өзіне Белинский ықпалын 1857 жылғы 2 январьдағы күнделігіне “Таңертең Белинскийді оқып едім, ол маған ұнап келе жатыр” деп жазса, осыдан екі-ақ күн кейін — 4 январьда — тура былай деп жазды: “Пушкин туралы мақала — керемет нәрсе! Мен Пушкинді енді ғана тү-сіндім”.
Толстойдың эстетикалық талғам-талаптарын кез кел-ген көркем шығармасынан көріп, білуге болатынын айт-тық. Бүл ретте, оның “Қажымұратта” I Николай императордың өзін өлтіре сынауы қандай десеңізші! Басына тәж, қолына ақ қолғап киген к;ара ниет бас кесердің “ғылымнан қажет ететін ғылымы — соғыс ғылымы да, өнерден — көңілді музыка, марштар, жорға жүріс, қылжақ күлкі ғана”.
Толстойдың тип жөніндегі, жалпы жазушылық шеберлік жайлы пікірлері де жан-жақты, дәл, терең. Алды-мен ол шеберлік дегенге жазушының дара мақсат ретінде қарауына мүлде қарсы: адам өз жүрісін өзі ойлап, өз аяқ басысына өзі сүйсінбейтіні секілді, шеберлікті де тамсана ойламау керек деп біледі. Сөйте тұра, бір жазушыға (Ф. Тищенко) айтқан ақылында суреткердің “айтылған сөзге бір де бір сөзді не қосуға, не алып тастауға болмайтын, өзгертсе шығарма бүлінетіндей” дәрежеде болуын талап етеді.
Қысқасы, данышпан жазушының күллі творчестволық тәжірибесі, ойшыл ретіндегі философиялық-эстетикалық көзқарастары, кейбір тар өрісіне немесе толып жатқаи діни аңғал сипаттарына қарамастан, көркем реализм өнерінің ең жоғары мектебі екені сөзсіз
.Әдебиет пен өнерді материалистік тұрғыдан түсініп, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан тереңірек аша түсуде орыстың ұлы революционер-демократтары В. Г. Белинский, А, И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов еңбектерінін, атқарған ролі адам айтқысыз. Олардың, эстетикалық ой-пікірлері тек орыс әдебиетінде ғана емес, Маркске дейінгі күллі дүние жүзілік парасат әлеміндегі айрықша биік боп табылды.
В. Г. Белинский (1811—1848) —орыстың әдебиет тану ғылымы мен сынында жаңа кезең ашқаң және бүтін бір дәуір боп қалған творчестволық тұлға. Ол өзінің “Сын туралы сөз”, ‘Е. Баратынский өлеңдері”, “Петербург физиологиясы”, “Петербург жинағы”, “Москвитянинге жауап” тағы басқа осылар секілді даналық еңбектерінде бүкіл дүние жүзінде бірінші рет өнердегі реализм мен халықтық туралы теорияның негізін салды. Шындық, биік идея, халыққа қызмет ету жақ жерде өнер де жоқ, талант та жоқ,— деп білді Белинский,— өйткені жалған идея өнерді адыра қалдырады, ал өнерді бұлайша қоғамдық қызметінен айыру — оны орға жығу, қор қылу, күллі күш-қуатынан айыру, тоқмейіл тоғышарлардың ермегіне айналдыру.
“Александр Пушкин шығармалары” атты мақалалар циклінде Белинский орыс әдебиетінің қоғамдық шындықтың көркем шежіресі ретіндегі тұңғыш жүйелі тарихын жасады. Бұл тұста оның орыс әдебиетін жыл сайын (1840—1847) шола тексеріп отыруы тіпті ғажап. Ал В. И. Ленин “цензурасыз демократиялық баспасөздің таңдаулы шығармаларының бірі” деп таныған әйгілі “Гогольге хат” — ұлы сыншының саяси өсиеті.
А. И. Герценнің (1812—1870) эстетикасындағы атап айтарлық нәрсе — оның суреткер атаулыны өз заманының үні болуға шақыруы. Ол үшін, Герценнің ойынша, суреткер өзі өмір сүріп отырған күндердің қайғы-касіре-тіне, көкейкесті мәселелеріне терең бойлап, жанымен тебірене, толғана білуі шарт. Сонда, дейді ол, “ақын мен суреткер өздерінің шын мәніндегі көркем шығармаларында әрқашан халықтық” боп қалмақ Бұл ретте Герценнін, “Россияда революциялық идеялардың дамуы туралы” деген кітабында Байрон мен Пушкиннің әрқайсысына творчестволық мінездеме беруі — оның ғұлама, білгір эстетик екеніне куә.
Н. Г. Чернышевский (1828—1889) өнер туындысы “өмірдің оқулығы” болуын талап етті. Өмір күрделі, өмір сүру қиын. Өнер туындысы оқырманға осы шындықты терең түсіндіре суреттесін және сол “суреттеліп отырған құбылыстарға үкім шығарсын” деді. Ол үшін, Чернышевскийше, өмірдегІ кез келген ұсақ-түйекті жіпке тізе бермей, жинақтау тәсілі қолданылуға тиіс. Бұл арада сыншының тип туралы ұғымы жатыр.
Чернышевский эстетикасы бойынша, жазушының көркемдік әдісі — реализм. Ал өмірді шыншылдықпен суреттеу — сүлулыққа барар жол. Бұл арада сыншының әлеуметтік идеал туралы ұғымы жатыр.
Чернышевскийдің түсінігінше “әдемілік деген — адам, адамдағы әдемілік — өмір, адамдағы, яки оның өміріндегі әдемілікке мегзеген” нәрсенің бәрі, “адам өмірінің бақыты, рақаты не нәрсемен байланысты” болса, сол нәрсенің бәрі адам үшін әдемі болады, адамға қажет әдемілік дегеніміз сол болып табылады. Ал рақаттың мөлшерін, бақыт деген ұғымның дәрежесін адамдардың әлеуметтік өмірінің нақты тарихи жағдайлары, олардың таптық идеалдары белгілейді.
Н. А. Добролюбовтың (1836—1861) әдеби-сын еңбектерінің өн бойында желі тартып жатқан өзекті мәселе — әдөбиет пен өнердің халықтығы. Қөркем творчествоны ол халықтың дүние танымы мен арман-мүддесіне лайық туатын нәрсе, сол халықтың рухани өмірінің бір бөлегі деп білді. Басы артық адам дегеыге табыиған жалған теорияға қарама-қарсы Добролюбов қоғамдық, өтірікпен күресетін істің адамын ұсынды да, жазушыдан сондай тұлға жасауды талап етті.
“Әдебиет — қоғамның қозғаушы күші” болуға тиіс екенін дәлелдей келіп, Добролюбов оның халықтығы туралы мынадай қағидалы пікір қалдырды: “Халықтық дегенді біз жергілікті табнғат сұлулығын суреттей білу, халықтан естіген ұтымды сөздерді қолдана білу, салт-сана, әдет-ғұрып, тағы басқа сол секілділерді дұрыс тану деп қана түсінбейміз… Шын мәніндегі халықтық ақын болу үшін бұдан гөрі көбірек нәрсе керек: халықтың рухына бөлену, онымен бірге өмір сүру, онымен бір қырқада тұрып, бірге тыныстау қажет…”
Н. А. Добролюбов, Тацдамалы шыгармалар, М, 1947, 46-бет.
Маркске дейінгі әдебиет тану ғылымыл ілгерілетуде Д. Н. Писаревтің (1840—1868) атқарған ролі де, кейбір адасу-ауытқуларына қарамастан, әжептәуір болғанын атай кету артық емес.
Энономикалық өрбуі, соған байланысты мәдени дамуы өткен ғасырда Россиямен бір арнаға түсе бастаған Қазақстандағы қолтума қоғамдық ой, оның ішінде эстетикалық пікір тарихында қазақтын, асқан ғалымы Шоқан Уәлихановтың (1835—1865), атақты ағартушысы Ыбырай Алтынсаринің (1841—1889), ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың (1845—1904) алатын орындары айрықша, биік.
“Шырыс тану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан”( Веселов-ский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектері екі сала (ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау) екені мәлім. Бұл ретте, Шоқанның өзі “Дала Илиадасы” деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы “Манастың” бір тарауын (“Көкетай ханның асы”) тұңғыш жа-зып алуы, өз халқының ұланғайыр өлең-жырларын ел аузынав іздеп тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келіп: “Дала өмірін жырлаған поэзия болғандықтан, бұл екі елдің поэзиясы бір-біріне өте-мөте ұқсас, екеуінің де сюжеті дала өмірі тәрізді үнемі біркелкі болып келетінін” *, бірақ қазақ поэзиясы — саф таза, сұлу поэзия екенін, қазақ тілі, араб тіліндей, бояма, кулдібалам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі — соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір.
“Мен Аягөзді сүйемін және оны таңтамаша көремін,— деп жазды Шоқан “Ыстықкөл сапарының күнделігінде”.— Бәлкім, бұған бір кезде осы өзеннің бойында ғұмыр кешкен сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы Көрпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аңыздың да әсері аз емес-ті”**. Бұл ойларынан ақынжанды сергек, сезімтал адамның өзін қоршаған әлемнен алған әдемі, қызық әсерлері ғана емес, ғұлама ғальшның шынайы сұлулық туралы түсінігі, аса нәзік, терең эстетикалық тал-
* Ш. Ш. Уәлиханов, Шығармалар, СПб, 1904, 193-бет.
** Ш. Ш. Уәлиханов, Таңдамалы шығармалар. А., 1958, 239-бет.
рамы танылады. Сондықтан болуға тиіс, “Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы жайындағы” жазбаларында Шоқан мынадай орасан қызық топшылаулар жасайды: “Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі — жасыл Майса дала, ашық мөлдір аспан, көші-қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл?”*.
Ш. Уэлихановтын. бұл айтқандары — туған әдебиетіміздің, тарихы мен сынына қатысты пікірлер болса, оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сыр-лы шежіресі ретінде байыптап, сол арқылы сөз өнірінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ поэзиясын бес түрге (жоқтау, жыр, өлең, қара өлең, қайым өлең.) бөліп, бұлардың әр-қайсысына өзінше мінездеме беруі — әдебиет теориясына қатысты толғамдар.
Қазақтың болашақ әдебиет тану ғылымының алғашқы кірпіштерін Шоқан Уәлиханов осылай қалаған еді.
Ы. Алтынсариннің, әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы ретте ерекше атап айтарлық нәрсе — ұлы педагогтын, тарихта тұңғыш рет орыс алфавитімен жазып, бастырып шығарған “Қазақ хрестоматиясы” (1879). Бұл — қазақтық өткен ғасырдағы әлеуметтік тіршілігінде болған айта қалғандай ірі оқиға, мәдени құбылыс.
Ы. Алтынсарин кітабының жазылу мақсаты белгілі; осы туралы автордың өзі “молдалар оқытып жүрген татар, араб, парсы кітаптарының күллісі адам баласын дұрыс ойдың бәрінен адастырып, кері кетіретінін” айта келіп, қазақтарға діни фанатизмнін, зиянды ықпалын тигізбеу туралы былай деп жазады: “Ондай ықпалдан құтқару үшін, бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін, мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған беттен қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек”**. Бұл арада Ы. Алтынсариннің ғылми-педагогикалық әрекеттеріндегі прогресшіл сипат қана емес, оның әдебиетші ретіндегі қалыптасқан эстетикалық принциптері жатыр.
* Ш. Ш. Уэлиханов, Шығармалар, А., 1961, I том, 390-бет. ** Ы. Алтынсарин, Таңдамалы шығармалар, А., 1955, 279-бет.
Әдебиет оқулығын жасау қамында жүріп Ыбырай қазақтын, ауыз әдебиетін жинау, жариялау ісіне көп еңбек сіңірді. Бұл әрекетке де оқымысты педагог өзінің қатал эстетикалық талғамдары тұрғысынан келген еді. Н. Ильминскийге жазған хатында Ыбырай ауыз әдебиетіндегі идеялык-көркемдік жағынан нәрі шамалы жеңіл-желпі нәрселерді кітапка “енгізгісі келмейтінін,. өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер керек” * екенін айтты.
Қысқасы, Ыбырай Алтынсарин іс жүзінде қазақтың әдеби тілінің тазлығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінін, биіктігі үшін күресті.
Халқымыздың ұлы классигі Абай Құнанбаев, әрине, өзінін эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғылми трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Әйтседе, оның тамаша творчестволық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өн бойында желі тартып жатыр.
Абай — шыншыл ақын. Ендеше ол өзінің бүкіл ақындық өнерімен қазақ әдебиетіндегі реализм принциптерін бұлжытпай, мейлінше ұтьшды жүзеге асырды. Әдебиеттін, халықтығын ту ғып көтерді; поэзия, бәрінен бұрын, халық өмірінін, айнасы болуын, поэзияда, бәрінен бұрын, халықтық мәні бар келелі шындықтар суреттелуін талап етті. Осындай мықты реалистік принцип тұғырында тұрған ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін жіті танып, казақ даласындағы тап қайшылығын көру дәрежесіне дейін шырқап барды. Сондықтан Абайдың, өз өнеріне де, өзге өнер иелеріне де қояр эстетикалық талап-талғамы бұл ортада бұрын-соңды болмаған биікке шалқып көтерілді. Сонда оның ақындық кредосы мынадай болып шықты:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Осынын, өзі көркем шығарманың ен, асыл һэм ардақты қасиетін оның зстетикалық және тәрбиелік мәнінен тапқан дана ақынньщ “соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсе” тұрса да, туған әдебиетінің келешек даму жолдарын керемет көрегендікпен болжап-байқауы болатын.
Ы. Алтынсарин, Тақдамалы шығармалар, А., 1955, 287-бет.
Абай — сыншыл ақын. Ендеше ол өзінің бүкіл ақындық өнерімен әдебиеттің қоғамдық-өзгертушілік күшінің өлшеусіз мол екенін танытты. Ақынның әлеуметтік бітімін, қайраткерлік міндетін белгіледі; оның өзі өмір сүріп отырған ортадағы кеселді, кертартпалықты, әділетсіздікті көріп қана қоймай, оған өз қолымен үкім шығарып, өзгелердің ызакегін шақыруды, “қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алуды; кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғануды” талап етті. Егер біз, Белинскийше айтқанда, сатираны “кексіз күлкі, жеңіл мазақ, ұсақ қылжақ деп түсінбей, масқара болған қоғамның құрысқан кегінің, нажағайлы рухының айбары деп танысақ”, Абайдың бүл саладағы еңбегінің көркем сөз табиғатын терең талдап-тексеруде, оның идеялық өрісін байыптауда қандай маңызы бар екенін түсіну киын емес.
Абай — жаңашыл ақын. Ендеше ол өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында әдебиеттегі игі дәстүрді одан әрі дамытып, мазмұн мен пішіннің бірлігін мықтап ұстанды және іс жүзінде осының асқан үлгілерін өз қолымен сомдап соғып көрсетті. Бұл жолда Абай, бәрінен бұрын, қазақтың әдеби тілінің шынайылығын жан сала қорғады, өлең сөзін әр түрлі “жамау-құраудан”, баяғы “ескі бише бос мақалдап”, кұр босқа жан жалдап, тіл безеуден құтқарды, поэзияда тек қана “іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын келістірудің” жолдарын нұсқады, суреткерлік шеберлік “құпияларын” ашып көрсетті, сөйтіп, пішіні келіскен әдеби шығарманың мазмұны тағы да халық тағдыры болуын қалады. Мазмұн мен пішіннің мұншалық әсем үндестігін қадағалаған Абай, әрине, мазмұнның пішіннен басымдығын (примат) жете аңғарды: “Ойланшы, сыртын қойып,сөздің ішін ..” — деді. Бұл да көркем творчествоның психологиясын аса талантты, нәзік әрі терең сезінуден туған тілек еді.
Кемеңгер классиктің осы айтқандарымыз секілді ғылми маңызы өлшеусіз тарихи еңбегі қазақ поэзиясын ғасырлар бойғы ауыз әдебиетінің аз-ақ алдындағы дәрежеден маңдай алды европалық, профессионалдық биікке бір-ақ ырғытып әкеткені әмбеге аян. Ал оның “құлақтан кіріп бойды алған жақсы ән мен тәтті күй” тарапындағы эстетикалық талғамдары мен толғамдары — өз алдына жеке зерттеуді керек ететін күрделі мәселе.