Денсаулық және психикалық тепе-теңдік
Денсаулық және психикалық тепе-теңдік
Күйзеліс кезінде ағза көптеген гормондарды адреналин мен норадреналинды бөліп шығарады екен. Адамның қобалжуы денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты.
Г. Селье күйзелісті үш кезеңге бөледі.
1) абыржу кезеңі; 2) төзімділік (резистенттік); 3) әлсірету кезеңі.
Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стрестік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғы-затын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиоло-гиялық-биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гормондарының белінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Оның әсері созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созьшса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамының көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.
1950—1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс жануарлар физиологаясында психиологиялық стресс деген биологиялық терминдер пайда бола бастады. Өмірге, тұрмыс игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына, адамгершілігіне, өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім тудыратын оқиғалар психологиялық стрестің себепкері болып саналады (Х. Қ. Сәтбаева және т. б. 1999, 115 бет). Ддамзат баласы өзін-өзі тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің нәтижесінде танымлдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларда олардан тез арада
шығып кетіп отырады.