Майда еритін витаминдер
Майда еритін витаминдер
Ретинол
/А витамині, антиксерофтальмиялык/
А витамині химиялық структурасы тұрғысынан каротнге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О. Ретинолдың химиялық формуласьш швецар химигі Каррер тапты.
Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде организмдегі зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінумен
қатар, әлсіз жарық жағдайда адамның көру қабілеті де нашарлайды, мысалы, кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда, оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді. Мұндай
аурумен ауыратын адам ымырт жабыла өте нашар көреді. Көзі қызарып, ауырып, жарыққа қарай алмайды. Іңірде көрмеу әсірссе тракторшыларға, ұшқыштарға және шоферлерге аса қауіпті. Мүмкін осыдан шығар, Жапонияның транспорт министрлігі түнде жұмыс істейтін шоферлерге А витаминін қосымша түрде арнайы бергізіп тұрады. Ретинол әсіресе бауырда, бүйректен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада, балықтардың майларында көп кездеседі.
Кальциферол
(Д витамині, антиразиттік)
XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері
Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кейіннен оның мешел (рахит) ауруы яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.
Токоферол
(Е витамині, антистершіьдік)
Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен; 54/ жүгері крахмал, 18/ қа зейін, 15/ шошқа майы, 9/ сары май, 4/ тұздың қоспасы және 5/ құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде, олардың ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеушілігінен екен. 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол 7 ~ токоферол (грек тілінде токоs — үриақ, рһtго — алып жүру, жалғасттыру деген мағынаны білдіреді деп аталады).
Филлоион
(Квитамині, антигеморрациялық)
1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмен-дегідей құрамынан тұратын жасанды тамақпен: 66 % крахмал, 18 % казеин, 4,5 % тұз қоспасы 2,5 % клетчатка мен ашытқылар экстрактысы, А мен Д витаминдері бар балық майымен қоретен-діргенде, 1—2 аптадан кейін ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Егер жасанды тағамның құрамыңдағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасы-мен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.
К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақтарында көп куздеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табады, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадап дайындалған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорга-низмдер балықты шіріту барысында филлохинды синтездейді екен.
Ғ витамині
(қанықпаган май қышқылдары)
Соңғы жылдары жүргізілген зертгеулер нәтижесінде, егер тағамның құрамыңда өсімдіктер майы болмаса, онда адам организмінде липидтер алмасуы бұзылып, қан тамырлары қабырғаларында холестерин заты көп мөлшерде жиналады екен. Өсімдіктер майлары құрамында кездесетін 18 және 20 көміртегі атомдары бар қанықпаған май қышқылдары липидтер алмасу процесіне, әсіресе холестриннің алмасуына өте қажет-ақ.
Q витамині (убихинон)
1955 жылы жануарлар майынан Q липовитамині немесе уби-хиноно бөлініп алынды. Бұл, әсіресе мембрананың митохон-дрияларында көп кездеседі. Химиялық табиғаты жағынан Q вита-мині хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі меток-сильды топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6—10 изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар.
Убихинон биологиялық тотығу процесітерінде үлкен ролі
атқарады. Мұның молекуласында карбонильды топтар болатындықтан, протондар мен элекгрондарды тасымалдау процестеріне тікелей ат салысады. Бұл процесс клетканың энергетикалық станциялары болатын митохондрияларда өтеді.
Q витамині әсіресе жүректің бұлшық еттерінде көп кездеседі, себебі жүректің орасан зор жұмыс істеу барысында, оның энергияны да көп қажет ететіні белгілі. Сондай-ақ бұл витамин ткандердің тыныс алуына да қатысады.
Активитаминдер
Клетканың витаминмен қоректенуіне ортүрлі әдістермен бөгет жасайтын заттарды — антивитаминдер деп атайды. Оларды екі топқа бөледі:
1) витамин молекулаларын бұзатын немесе олардың активсіз-дендіретін, яғни инактивтендіретін заттар:
2) витаминдердің структурасына ұқсас және олардың биоло-гиялық активтік заттардың ығыстырып, активсіздендіретін заттар.
Мысалы, К витаминіне гепарин мен дикумарин жатады. Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды, сонымен бірге қан айналу процесін баяулатады. Жұмыртқа белогі — авидин-биотинді байланыстыруға қабілетті.
Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.
класс просто супер