Атмосфера азотың азотобактер сіңіруі
Атмосфера азотың азотобактер сіңіруі. Жеке күйінде азотобактер 1901 жылы бөлініп алынды. Содан бері олар жан-жақты зерттеліп келеді.
Қазір азотобактерлер морфологиялық белгілері жағынан өзіндік ерекшеліктері бар бірыеше түрге бөлінеді.
Азотобактер хроококкум клеткасы шар тәрізді, екі-екіден жал-ғасқан, кейде жеке күйінде ірі (4—6 микрон) шамасында кездеседі. Клетканың жас кезінде сыртында талшықтары болады, сол арқылы олар жақсы қозғалады. Клетка «қартайған» сайын қозғалу іқабіле-ті жоғалып қоңыр тартады. Осы күйінде ол үзақ уақыт сақталады. Егер қолайлы жағдай туса одан жас клетка пайда болады. Азоты жок ортада тіршілік еткенде олардың сыртында шырыш қабық пайда болады. Оны капсула деп атайды. Шырышқа оралған азото-бактер клеткасы үзақ уақыт тіршілігін жоймайды. Азотобактер вегетативтіік жолмен немесе басқа бактериялар тәрізді жай бөліну жюлымен көбейеді. Азотобактер хроококкум жасанды қоректік ор-тада 1 г қант пайдаланғанда 20 мг-лай ауа азотын сіңіре алады.
Бүдан басқа азотобактер агилие, азотобактер винеланди деп аталатын түрлері де бар. Олардың жалпы іқасиетінің хроококкумге ұқсастығымен қатар өзіндік ерекшелігі де бар. Бұларда атмосфера азотын жақсы сіңіре алады (22-сурет).
Азотбактердің барлық түрі де ауалы жерде, +25—30°-та реак-циясы нейтралды, көміртегі қосылыстары мол ортада жақсы тірші-лік етеді. Крахмалды да ыдыратады. Сонымен қатар олар спиртті және түрлі органикалық қышқылдарды да пайдаланады. Азотобак-тер клеткасында болатын нитрогеназа ферменті атмосфера азотын клетканың сіңіруінде үлкен роль атқарады.
Азотобактер ауадағы азотты сіңіру үшін қажетті энергияны азотсыз органикалық заттарды тотықтыру арқылы алады. Азот қоректік заты ортада жеткілікті болса, азотобактер онымен қорек-тенеді, ал азотсыз қоректік зат алынса, олар атмосфера азотын сіңіре бастайды.
Түйнек бактериялары сияқты азотобактердің азот сіңіру дәре-жесі осы микроорганизмдердің әр түрлі ортада өсуімен байланыс-ты. Табиғатта олардың жыл бойына (гектар басына) жинайтын азотының мөлшерін еоептегенде, шамамен 30—40 /сг-ға жетеді. Атмосферадан сіңірген азот мөлшерінің біразы азотобактер клет-касының белогын қүрауға жүмсалады, ал қалған бөлігі аммоний тұздары күйінде топыраққа сіңеді.Топырақты органикалык заттармен байыту — азотобактер тіршілігін күшейтетін тиімді шаралардың бірі. Азотобактер тіршілі-гі үшін фосфор, кальций, молибден, бор және марганец сияқты элементтер қажет.
Басқа микроорганизмдерге карағанда азотобактер ылғалды көбірек қажет етеді. Ол топырақтың ылғал сыйымдылығы 25— 30% болғанда жақсы дамиды. Қазақстанда жүргізілген зерттеу-лерге қарағанда, гумусы аз қара топырақты тың жерлерде ылғал біршама мол болғанда ғана олар жаіқсы тіршілік етеді. Жаз айла-рында топырақ қүрғаған кезде, азотобактер кездеспейді. Су ішінде азотобактер төрт-бес жылға дейін тіршілік ете алады.
Азотобактер барлық тсгаырақта бірдей мөлшерде кездесе бер-мейді. Ол көбінесе қышқылы аз, нашар күлгінді, әктелген немесе карашірікті — карбонатты топырақтарда көп болады. Өсімдіктер-дің тамыр жүйесінің айналасында (ризосферада) кездесетін азо-тобактер, тамырдан бөлінген заттармен коректенеді. Олар сіңірген атмосфера азотымен топырақты байытып, өсімдіктердің тіршілігіне қолайлы жағдай туғызады.
Азотобактерлер биік тау топырак;тарында кездеспейді. Таудың тегіс беткейлеріндегі сүр, қоңыр және қара топырақтарында айтар-лықтай мөлшерде кездеседі. Азотобактер әр түрлі суларда да тіршілік етеді. Олар Қара теңізден, Азов және Балтық теңіздерінен табылған.
Отанымыздың солтүстік бөлігіндегі топырақтарда азотобактерлер кездеспейді. Бірақ бүл жерлерді өңдесе олардың тіршілігіне қолайлы жағдай жасалады. Мэселен, Мурманск облысының өнделген және тың жерлерінің топырағынан алынған 370 үлгінің 102-сінен азотобактерлер та’былғаи. Соныміен қатар олар Енисей аймағынан да табылды. Өңделген жерлердегі топырақтың бір грамындағы олардың саны жүзге дейін жетеді. Сибирьдің әр түрлі то-пырақтарын зерттеген Г. Н. Блинков азотобактерді көптеген топы-рақ типтерінен, соның ішінде шымды-күлгін топырақтардан да кез-дестірген.