Молекула күйіндегі азотты микроорганизмдердің сіңіруі
Молекула күйіндегі азотты микроорганизмдердің сіңіруі. Егіншілікте атмосфералық азоттың биологиялық жолмен топыраққа қайта оралуының зор маңызы бар.
Әдетте кез келген жасыл өсімдік атмосфера азотын сіңіре алмайтыны, яғни онымен қоректене алмайтыны белгілі. Бірақ азоттың сарқылмас кәзі атмос-ферада. Олай болса топырақтағы байланысқан азот топырақтың типіне іқарай гектар басына 6—15 тоннадан келсе, атмосферадағы азот, одан әлденеше есе көп іболады.
Егер бір гектар жерде өсетін өсімдіктерге 100—200 кг-дай азот иерек болса, оның бетіндегі ауада болатын 80 мың тоннадай азот сол өсімдіктерге жарты миллион жылға толык жетер еді. Бірақ жа-сыл өсімдгктер әрқашан азотқа мүқтаж болады. Соның әсерінен дақылдардың өнімі төмендейді. Сондықтан егіншілікте ауадағы бос күйіңдегі азотты топыраққа қайтару, яғни табиғи айналымға түсі-рудің зор маңызы бар.
Қазіргі кезде атмосфера аэотын топыраққа қайтарудың екі жо-лы бар: біріншісі — техникалық, екіншісі — биологиялық. Техника-лық жолмен атмосфера азотын байланысқан азотқа айналдыру химиялық реакциялардың көмегімен жүзеге асырылады. Оны ар-наулы заводтарда жүргізеді. Биологиялық жолмен азотты азот сі-ңіруші микроорганизмдер көмегімен байланысқан күйге келтіреді. Бірақ топырақтың типіне қарай бактериялардың саны да өзгеріп отырады. Сонымен қатар олар топырақта жеке күйінде де және жоғары сатыдағы өсімдіктермен, әсіресе бүршақ түқымдастармен бірлесіп те тіршілік етеді. Мүндай бактерияларға азотобактер жә-не клостридиум пастеурианум жатады.