Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды, ң, й дыбыстарынан сөз басталмайды.
1. Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: клуб — клубқа, актив — активке, педагог — педагогтен, завод — заводты. Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады.
2. Айыру (ь), жіңішкелік (ь) белгілері ешбір дыбыс білдірмейді, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Сөздік түбірі жіңішкелік белгіге (ь) бітіп, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, ол түсіріліп, ал оған жалғанатын қосымша дауыссыздан басталса, жіңішкелік белгі (ь) сақталып жазылады: календарь — календары, календарьлық. Медаль — медалы, медальға, медальдан.
3. Бір буынды сөз жіңішкелік (ь) белгіге бітсе, қосымша жінішке түрде жалғанады, ал сөз көп буынды болып келсе, қосымша сөздің соңғы буынына қарай жалғанады: ноль — нольге, нольді; февраль — февральда, сентябрь — сентябрьде, сентябрьден.
4. В, ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, цирк, кофе, борщ, лифт, шифр, цифр, очерк, центнер, циркуль т. б.
Ескерту. Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы ,кеще деген сөздерде ғана жазылады.
Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние) т. б.
X әрпі орыс тілінен және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, археология, цех, хал, хат, тарих, кітапхана т. б.
5. Соңғы дыбыстар ог, уг және рк, рг, ик, мк, нк, кс, кт, ск, лк, окт, ель, брь, кль, бль, сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге косымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: педагог тер, педагог-тік, бинокль-ді, парк-тен, пункт-тер, округ-ке т. б.
6. Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды кірме сөздер мен соңғы буынында е, э дыбыстары бар кірме сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі сақталады да, дауысты дыбыстан басталатын, қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі жазылмайды. Мысалы: рольдері және ролі, осьтері және осі, дуэтке, актердің т. б.
7. Кт, нк, нд, нг, мп, мб, ск, кс, фт, рв сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме термин сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның арасына дәнекер ретінде қысаң ы не і дыбысы жазылады. Мысалы: факт-і-лері, танк-і-ге, митинг-і-ні, объект-і-лер, штамп-ы-лау, киоск-і-ні т. б.
8. Қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына немесе ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, қосар дыбыстың соңғысы немесе соңғы т, ть, д дыбыстары дыбыстары түсіріліп
жазылады. Мысалы: металл — метал-ға, класс —клас-тын, грамм — грам-дап, прогресс — прогрес-тік, трест — трес-ке, съезд — съез-ге, поезд — поез-дан, ведомость — ведомос-қа т. б.
маған ұнады, қысқа әрі түсінікті. кейбіреулер ь белгісіне аяқталған кірме сөздерге дауыссыздан басталатын жалғау жалғағандағы оның сақталып қалатынын жоққа шығарады да, дұрыс жазылған сөзді қате деп есептейтіні қынжылтады. Мысалы бронь-борньды
Қазіргі таңда барлық жердегі педагог-қа, ректордың блог-ы деп жүргендерге қателерін көрсетіп, жібергім келеді, ог сөзіне жіңішке жалғанады, дұрысында педагогтің, блогі, психологтің болатынына тағы да көзім жетті.
Кеше ғана осы сөздер жайлы сөз қозғап едік…