ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СИНОНИМДЕР
Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қой-майды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына^бірі балама болып та қол-даныла береді. Мұндай қүбылысты тіл_ білімінде фразеологиялық синонимдер деп аталады. Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса. фразеологиялық синонимдерге де соншалықты бай. Мәселен, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат-тонын ала қашты дегендер мән-мағынасы жағынан бір-бірі-не жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Сол сияқты алғаны ас болмады, алғаны көзінен шықты, жегені желім болды, жегені желкесшен шықты, ішкен-жегені мұрнынан шык,-ты дегендер де белгілі бір ұғымды сан-саққа жүгіртіп, жан-жақты сипаттап түрғанымен, стильдік мәні жағынан бірдей деуге келмейді. Фразеологиялық синонимдер де ұгымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады. Мәселен, көз (кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн үйқысын төрт бөлді, көрер тацды көзімен атырды деген фразеологиялық синонимдер бірімен бірі, өтіп, күшейе түседі. Біреу-ден біреудің артықшылығын айтқымыз келсе: пар келмейді, тең емес, ширегіне келмейді, астар болмайды, бақайынан келмейді дейміз. Біреудің бір нәрсеге қалай кұмартқандығын айт-қымыз келсе: айызы қанды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шүбырды, аузынық суы қурыды, көзін жұмып, аузын ашып цап-ты дейміз. Ал біреудің қалай қорыққандығын айтқанда: жүрегі (зәресі, үрейі) үшты, құты қашты, иманы кетті, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, иманы қасым болды, иманы қалмады, жүрегі тас төбесінен шықты, зәресі зэр түбіне кетті де-гендер қолданылады. Мұның барлығы етістік фразеологиялық синонимдердің соншалықты байлығын көрсетеді.
Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағына-да да кездеседі. Мәселен, біреудің асқан сұлулығын бейнелеп айтқымыз келсе: ай десе аузы бар, күн десе, көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай, ай қабак,, алтын кірпік, қызыл ерін, еліктіқ лағындай, қыздың баласындай, ай мен күндей дейміз. Біреудің әкесіне үқсастығын айтқанда: әхесінен айнымайды, ай-на қатесі жоқ, әкесініц аузынан түскендей, экесінщ терісін сойып к,аптап қойгандай дегендер қолданылады. Біреудің байлығын сөз қылғанда: төрт түлігі сай; төрт құбыласы түгел; бес енесі бес-тен; не ішем, не жейім демейді, ішкені алдында, ішпегені артын-да; үріп ішіп, шайқап төгіп отыр дегендерді айтамыз. Ал біреу-дің бейқамдығын, жайбарақа-ттығын бейнелесек: қаннен қаперсіз, үш уйықтаса, түсіне енбеген дегендер қолданылады. Қатты ауырып жатқан адамды көргенде: эл үстінде, өлім халінде, өлім аузында, өлі мен тірінің арасында, бір аягы жерде, бір аяғы көрде дегендер жұмсалады. Осылардың бәрі біздің ана тіліміздің шексіз байлығын танытады. Бұл тілдің соншалықты орамдылығы мен икемділігін көрсетеді. Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасау үшін қолданылады. Сондықтан бұлар тілдегі кез келген стильде талғаусыз қолданыла бермейді. Бұлардың өзіне лайықты орын тепкен мекені — көркем әдебиет. Көркем шығармада белгілі оқиға жай ғана баяндалмайды. Жазушы болған оқиғаны өзінің ой елегінен өткізіп, оған түрлі-түсті астар беріп, бояу жағып әшекейлейді. Сондай бейнелі сөз қазынасы — тілдегі фразеологизмдер екендігі сөзсіз.
Тілдегі лексикалық синонимдер мен фразеологиялық сино-нимдер екеуі екі түрлі аталғанымен, түптеп келгенде, бір мақсатқа қызмет етеді. Ол мақсат — ойлаған ойды баяндау болып табылады. Сондықтан бұл екеуі үнемі бірлікте өзара тығыз қа-рым-қатынаста, түтас бір бүтін нәрсенің екі жағы деп қаралуға
тиіс.
Фразеологиялық синонимдер тәрізді тілдеп мақал-мәтелдер де бір-біріне синоним болып жұмсала береді. Бір ойды білдіру үщін мағыналас, мәндес бірнеше мақал-мәтелдер қолданылады.
Мысалы: біреугё мал қайгы, біреуге жан қайгы; қасапшыга Мал қайгы, қара ешкіге жан қайғы; мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек т. б. Бұл үшеуі үш түрлі құрылымда келгенімен, ай-тайын деген ой біреу ғана. Бұлар әркімнің ойы әр басқа дегенді-аңғартады. Іш қазандай қайнайды, күресерге ддрмен жоқ; көкіректе сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр дегендер ерегіскен-мен қолдан келер ештеңе жоқ деген дәрменсіздікті білдіреді. Жер жерінде, жекен суында; щараған өз жерінде дүрілдейді дегендер әр нәрсе өз жерінде қадірлі дегенді мегзейді. Аш пәле, аш пәледен қаш пәле; аш құлақтан тыныш құлақ, дегендер мазаңды алдыра бергенше, құтылып тын дегенді аңғартады. Құда да тыныш, қүдағи да тыныш; сен тимесең, мен тимен бадырақ көз дегендер адамға тыныштық керек, пәлесінен аулақ дегенді білдіреді. Еңкейсем — күбіні сындырам, шалқайсам — айранды төгем; отырсам опақ, түрсам сопақ дегендер біреуге қалай да жақпау, көңілден шықпау дегенді білдіреді. Қөптеген мақал-мәтелдер құрылым-құрылысы жағынан бір үлгімен (модель) жа-салып, бір-біріне әрдайым синоним болып жұмсала береді. Мысалы. ат түяғын ат басады — нар ізін нарша басады, тай тулап үйірінен кетпес — түйе тулап жүктен қүтылмас, біреу қальщ беріп қатын алады, біреу қисайып жатып қол салады, түйені Түймебай бағады, сүтті Сүйкенбай ішеді, қойшы көп болса, қой арам өледі — түйе көп болса, жүк сыймайды, т. б.
Мақал-мәтелдердің өзді-өзіне синоним болуы фразеологиялық синонимдерге ұқсас. Айырмасы тек мағынасында. Фразеологиялық синонимдер жеке сөздің орнына жүріп, соның білдіретін ұғымын білдірсе, мақал-мәтелдер тұтас сөйлемдік қызметте жұмсалып, әрқайсысы аяқталған түгесінді ойды білдіреді. Мақал-мәтелдердің синонимдік қатынасы айтайын деген ой-пікірдің сарындас, үндес келіп, бір жерден шығуында.