ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚӨП МАҒЫНАЛЫГЫ
Омономия мен көп мағыналылық (полисемия) құбылыстары мегізінен жеке сөздердің арасында жиі үшырасады. Ал фразеологизмдерге бұл қүбылыс онша тән емес. Дегенмен бұлардың арасынан да ара-тұра кездесіп қалады. Әсіресе омонимия кұбылысы фразеологизмдерден тым сирек байқалады. Мысалы: 1. Ат қойды — атой салып шаба жөнелді. 2. Ат қойды — балаға қойылатын есім, ныспы. 1. Жүзі қайтты — кесу-шабу құралдары-іьщ өткір жағы жапырылып, майырылып қалды. 2. Жүзі қайтты — тауы шағылып, беттей алмады. 1. Аузы берік — ораза ұстаған, аузы ораза. 2. Аузы берік — сыр сақтағыш, құпияға берік. Омонимия болу үшін сөздердің түп-төркіні бөлек болуы қажет сияқты.
Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиом біткендері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болатындығы байқалады. Мыоалы, бой бермеді: а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бермеді, күші жетпеді. Көзі мықты: а) соқыр болды, әз болды, ә) көзі қанды, маманданды, жылқы бағумен көзі шықты. Дымы қүрыды: а) діңкеледі, шар-шады, ә) лажы қалмады, не істерін білмеді. Жайын ауыз: а) ау-зы үлкен, дорба ауыз; ә) обыр, қомағай. Көңілдес болды: а) тату-тәтті, дос; ә) ашына-жай, көңілі жақын. Жігіт ағасы: а) ер-жетті, есейді; ә) ақылшы, басшы. Қара су: а) ақпайтын көлшік су; ә) жай ғана (қайнаған) судың өзі. Өлі ет: а) бірер күн тұрып қалған ескі ет; ә) жараның ішіндегі, шемен бөлегі. Ат үсті: а) жол-жөнекей, жолшыбай, ә) жеңіл-желпі, үстіртін. Сыцар езу: а) бір жарына бұра тартып жүретін жылқы, ат; ә) өз ырқы болмаса көнбейтін, бір бет адам. Жүзіктің көзінен өткендей: а) сұлу, әдемі, мүсінді; ә) еті тірі, пысық, жылпос. Аузымен құс тістеген: а) жүйрік, ұшқыр, алдүзік; ә) сөзге шешен, ділмар адам. Аузы-мүрнынан шыгып отыр: а) екі қабат әйелдіц ай-күніне жетуі; о) лық толды, отыруға орын жоқ. Түгырдан түсті: а) қартайған бүркіттің тұғырда отыра алмаптындай халге жетуі; ә) баладан қалған, тоқтасқан әйел; б) әйелден қалган еркек т. б.
Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жол-мен жасалады. Оның бірі — жалғаса туады, екіншісі — жарыса туады. Мәселен, ат үсті деген тұрақты тіркестің ед алғашқы мағынасы, сөз жок, ат үстінде тұрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымғачжалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркіттің тұгырда орныгып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы екі мағына жарыса шыққандығын аң-ғару қиын емес. Жеке сөздің көп мағыналылыгы мен фразалық тіркестердің көп мағыналылығының дамуында бірыңғай жалпы ортақ .заңдылықтар бар. Фразеологизмдердің де көп мағыналығы да негізгі заттық мағынадан өрбиді. Туынды магына сол алғашқы лексикалық мағынаны ауыстырып» қолданудан келіп шырады. Мәселен, иі қанды (жетті) деген тұрақты тіркестің ен алғашқы мағынасы илеген заттың илеуін жеткізу, әбден жұм-сартып, жұмсақ қалыпқа келтіру болса, одан соц бір нәрсені әбден жетілдіріп шыңдап кемеліне келтіру үғымы келіп шықты. Соңғы фразеологиялық туынды мағына, сөз жоқ алғашқы мағынаның негізінде жалғаса пайда болды. Қей жағдайда жалғаспалы мағынамен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды магына жамай беруі мүмкін. Мәселен, зэрі қайтты дегеннен; а) уы тарады; ә) жыли бастады; б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылы туынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады,