Гидронасостар
Қызметі және маркалары. Гидронасостың қызметі — двигательдің механикалық энергиясын жұмыстық сұйықтықтын, (әр түрлі оорттағы майлар) ағын энергиясына айналдыру.
Бұрын комбайндардың двигателіне НШ типтес насостар орна-тылатын — негізгі гидрожүйе үшін НШ-32Э және рульмен басқа рылатын гидрожүйе үшін НШ-10Д. Маркадағы цифрлар (32 және 10) насосқа оның шестернялары бір айналғанда берілетін жұмыс-тық май көлемін (см3) көрсетеді. Кейінгі жылдары біршама же-тілдірілген гидронасостар өндіру игерілді — НШ-32У негізгі гидро-жүйе үшін және НШ-10Е рульмен басқарылатын гидрожүйе үшін жасалған.
НШ-32Э және НШ-10Д гидронасостары. НШ-32Э және НШ-10Д гидронасостары бір типтес, олардың бір-бірінен айырмашылығы тек мөлшері мен өнімділігінде ғана. Мәселен, НШ-32Э насосында шестерняның диаметрі 55, оның тістерінің ұзындығы 22 мм, ал НШ-10Д-да бұл мөлшерлер тиісінше 39 және 16 мм тең, Бірінші насостың шестернясында 8, ал екіншісшде — 10 тіс бар,
Насос (82-сурет, а) мынадай негізгі детальдардан тұрады: қақ-пақты 2 корпус 15, цапфасымен бірге жасалған екі шестерня; төрт өзара ауыстырмалы втулка; жүк түсіретін пластина 5 нығыздауыш сақинасымен 7; сору және айдау штуцерлері.
Корпусы мен қақпағы алюминий қорытпадан құйылған. Втулканың материалы — қола. Шестерня цапфамен қоса 18ХГТ болаттан жасалған. Втулканың түйіскен жерінде 4 жалтыры болады да, оның бұралуына мүмкіндік бермейді. Сонымен қоса, втулкалардың бір-біріне тығыз орналасуы серіппе 6 арқылы қамтамасыз етіледі. Насостың күллі детальдары өте дәл етіліп жасалған, мүның өзі майдың артық ағуына жол бермейді. Осы мақсатқа орай втулканы және шестерняны цапфасымен қоса бірге жүптап, олардың аралығындағы саңылау мүлде шамалы болатындай етеді. Егер насосты бөлшектеу қажет болса, онда құрастырған кезде втулканың алдымен салынуын ескеру қажет.
Втулкалар 3, 13 цапфа бойымен тиісті шестерняларға орналасуы мүмкін. Қақпақпен 2 және втулкалардың 3, 13 алдыңғы жоғарғы бүйірлерімен шектелген кеңістік 16 айдағыш қуыспен жалғасады. Айдағыш қуыстағы май, насос корпусында және втулканың сыртқы бетінде жалтырмен пайда болатын жоғары қысымды канал 10 арқылы кеқістікке 16 өтеді. Корпустың қарама-қарсы жағында да жалтыр болады, ол втулка бетімен қоса, сору қуысықа жалғанған төмен қысымды канал тудырады.
Кеңістіктегі 16 жоғары қысым алдыңғы втулкаларға 3, 13 әсер етеді. Бұл қысым кезегімен шестерняға және артқы втулкаға бе-ріліп, соның нәтижесінде осы детальдардың барлығы өздігінен нығыздалады.
82-сурет. Гидронасостар:
а. — НШ-32Э насосы; ә — НШ-32У насосы; б —НШ-10Е насосы;1 17 — алдыңғы арызу камерасы; 2 — қақпақ; 3 — жетекші шестерня втулкасы; 4 — втулканың түйісу беті; 5 — артқы ағызу камерасы; 6 — серіппе; 7 — нығыздауыш сақина; 8 — жүк түсіретін пластина; 9 — жоғары қысымды жүк түсіру жырашыры; 10 — жоғары қысымды канал (қос сызықпен белгіленген); 11 — арызу каналы; 12 — майлау жырашығының орналасуы; 13 — жетектегі шестерняның втулкасы; 14 — майлау жырашығы; 15 — корпус; 16 — майдың жоғары қысымы әсер етіп, втулканы қысатын кеқістік; 18 — алдыңғы арызу камерасын жалғайтын канал; 19 — нығыздауыш резина пластина; 20 — втулканың доға тәрізді жырашығы; 21 — алюминий вкладыш; 22 — сегмент тәрізді резина нығыздауыш; 23 және 25 — манжеттер; 24 — пластина; 26 — қосарланган втулка; 27 және 28 — шестернялар.
Шестерня цапфалары мен втулкалардың аралығына іркілген май ағызу камераларына 7, 1 және 5 тап болады. Алғашқы екі камера бір-біріне каналмен 18 жалғасқан. Май алдыңғы ағызу камерасынан канал 11 арқылы артқы ағызу камерасына 5, ал одан төмен қысымды канал арқылы сору қуысына келеді.
Насос жұмыс істеген кезде шестернялардың біреуінің тістері екінші шестерняның ойығына май үлесін үнемі «бекітіп» тұрады, Егер осы май үлесін тұйық кедістіктен дер кезінде шығармаса, онда артық қысымның әсерінен шамадан тыс күш түсуі, соның сал-дарынан шестернялар мен втулкалар тозуы мүмкін. Айдағыш куыстағы «бекітілген» май үлесін шығару үшін насосқа жоғары қысымды түсіру жырашығы 9 жасалған. Оның ролін жетекші шес-терня втулкасының бүйіріндегі ойық атқарады. Осындай симмет-риялы орналасқан ойықтар барлық төрт втулканың бүйірлерінде де бар. Мұның себебі втулкалар өзара ауыстырылмалы болуы мүмкін (насостың айналу бағытын өзгерткен жағдайда). Жетектегі шестерня втулкаларының ойықтары да түсіру жырашығы ролін атқарады, бірақ төмен қысымда. Осы жырашыққа тұйық кеңістік жақындағанда (ойықтар — тістер), онда артық қысым емес, вакуум пайда болады, сөйтіп олар жырашық арқылы сору қуысындағы майға толады. Екі жырашық та — жоғары және төмен қысымдысы — насос жұмысын жақсартады.
Втулканың алдыңғы бүйіріндегі қысым А, оның барлық бетіне тарайды. Алайда втулканың ішкі бүйірінін, айдалатын бетіне де жоғары қысым Б әсер етеді. Втулканын, ішкі бүйірініқ айдалатын бетіндегі қысым Б күшінің әсері, сору аймағында мүлде болмайды.
Демек, айдалу аймағында втулкаға А қысымы мен Б кері қысымы әсер етеді (біріншісі екіншісінен анағұрлым көп). Оору аймағында втулкаға тек А қысымы әсер етеді. Осыған байланысты втулкалар қиғашталып қалмауы үшін насоска мынадай тетіктер орнатады: соратын жағындағы втулканың бүйір бетінің біразы кеңістіктегі 16 жоғары қысымнан босаған; ол үшін насос қақпағы мен втулкаға жүк түсіретін пластина 8, сақина 7 орнатады; сақинаның 7 диаметрі (2,8—3,2 мм) кеңістік 16 енінен үлкен, сол себепті сақина қақпақ 2 пен втулка аралығына тығыз орналасып, пластина 8 мен втулканың тиісті бүйір алаңын жоғары қысымнан шектейді.
Втулка мен шестерняньщ бүйір беті жұмыс кезінде тозады. Осыған орай қақпақ 2 пен втулкалардын, 3, 13 алдыңғы бүйірле-рінің аралықтары кеңітіледі. Жоғарыда атап көрсетілгендей, са-қинаның 7 диаметрі кеңістіктің 16 енінен үлкен. Соның нәтиже—сінде ол кеңейіп, қажетті тығыздықты сақтайды.
Сақинамен 7 қоршалған кеңістік сору қуысымен пластинадағы тесік және төмен қысымды канал арқылы жалғасады. Кеңістіктегі 16 сақина нығыздамаған жерге іркілген май сору камерасына шығарылады.
Барлық втулканың ішкі жақ бетінде бірден бойлық жырашық 14, ал бүйірінде — екіден шағын жырашық 12 бар. Оның міндеті — цапфа мен шестерня бүйірін майлау.
Басқару дөңгелегі жүйесінің насосы үнемі қосулы күйінде, ал комбайнның жұмыс органдарының насосын ажыратып қоюға бо-лады, Двигательді жүргізер алдында насостың қосылғандығынтексереді. Оны қосу немесе ажырату двигатель жұмыс істемей тұрған кезде ғана атқарылады.
НШ-32У гидронасосы. Бұл гидронасостың (82-сурет, б) НШ-3,2Э гидронасосынан айырмашылығы резиналы нығыздауыш жүйесі бар да, нығыздауыш сақиналы 7 жүк түсіретін пластинасы 8, втулка аралықтарындағы серіппесі 6 және басқа да жетілдірілген тетіктері жоқ (82-сурет, а).
НШ-32У гидронасосында детальдардын, 7, 8 орщлна тұтас ре-зина пластина 19 орнатылған, бұл корпус пен қақпақтың аралығына сығылған (82-сурет, б). Пластинада 19 алдыңғы втулкаларға Ц 3, 13 арналған тесік бар. Бұл тесіктер қақпак, 2 тұсында болат шайбасы бар резина сақинамен нығыздалған,
НШ типтес насостарда нығыздауыш сақина 7 втулка мен кақ- пақтың 9 аралығына қыстырылған (82-сурет, а). Оның кеңеюі втулка мен шестерняның бүйірлері тозуын белгілі бір шамаға дейін шектейді. Втулкалардың 3, 13 0,10—0,15 мм қажалуы салдарынан сақинадан 7 кейінгі детальдардьщ саңылауы артып, сақинаның өзі істен шығатындығы анықталған.
НШУ типтес гидронасостарда пластина 19 насостың корпусы мен қақпағының аралығына қыстырылған, оның керілуі детальдардың қажалатын бетінің тозуына байланысты емес (82-сурет, б). Зерттеулерге қарағанда, бұл гидронасостарда нығыздауыштың герметикалығы втулка мен шестерня бүйірлері 2,5 мм дейін тозғанда да ауытқымайтындығы байқалған.
НШУ типтес гидронасостарға тағы да мынадай өзгерістер ең- гізілген: втулканың шестерняға жанасатын бүйіріне доға тәріздіі жырашық 20 жасалған; корпустың сорылатын жағындағы қырна- латын бетіне резина нығыздауыш 22 және алюминий астар 21 қойылған.
Кеңістіктегі 16 аса жоғары қысым втулкалардың 3, /5бүйірлеріне әсер етеді (82-сурет, б). Алайда қарама-қарсы жағынан осы втулкаларға доға тәрізді жырашыққа 20 өтетін май қысымы әсер етеді. Осы себепті втулка мен шестерняға үнемі осьтік күш әсер етеді.
Нығыздауыш 22 майдың кеңістіктен 16 сору қуысына өтуіне ке-дергі жасайды.
НШ-10Е гидронасосы. НШ-10Е насоеына, НШ-32У насосы се-кілді, осьтік компенсация жүйесі қолданылған. Сонымен қоса, НШ-10Е-де втулка 26 қосарланып жасалған (82-сурет, в). Бұл насоста екі втулканы да оның корпусына шестернямен қоса орнатады.
Втулкалардың манжетке 25 арналған қырналған беті бар, ман-жетті жиегінен шестерня жағына орнатады. Манжет жиегі тұйық қуыс жасайды да, ол, насостың айдайтын камерасына втулкадағы сегментті жалтыр арқылы жалғанады. Жұмыс процесі кезінде манжет 25 жиегінен пайда болған қуыстағы май қысымы екі втулканы да шестераяға қысады, мұндайда манжет сору аймағына дейін жетпейді.
НШ-10Е насосында аққан майды бұратын бірқатар құрылғы бар. Насос корпусына жасалған тұйық қалыптар өзара, сондай-ақ төмен қысымды каналмен жалғанған; сору қуысы арқылы өтетін бұл канал корпус жалтыры мен втулка бетінде пайда болады. Манжет 23 қуысы және корпус қақпағы мен шестерня 27 цапфасының қуысы пластинаның 24 арнайы профильді тесігі арқылы төмен қысымды каналмен жалғасады.
eto reefet?>