Гидравликалық жүйелердің жалпы құрылысы мен қызметі
Жалпы мәлімет. Гидравликалық жүйелер комбайнды басқар- ғанда және оның механизмдерін ретке келтіргенде механизатордың жұмысын түгелдей немесе едәуір жеңілдетеді. Гидравликалық жүйенің атқарушы жұмыс органы — гидроцилиндр. СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарында тоғыз гидравликалық цилиндр бар; оның жетеуі бір жақты, ал екеуі — екі жақты әрекет етеді.
Комбайндарда бір-біріне тәуелсіз екі гидравликалық жүйе бар: негізгі (жұмыс органдары) және рульдік басқару. Біріншісі жи-науыштың немесе қалбағайдың айналыс жиілігін, қырқу аппараты мен салыстырғанда қалбағайдың орналасу қалпын, жатканың биіктігі бойынша орналасуын, комбайнның жүріс жылдамдығын және шөмелелегіштің.жабылуын реттеу үшін қажет. Екінші жүйе басқарылушы доңғалақтардың бұрылуын оңайлату міндетін атқа-рады.
Негізгі гидравликалық жүйеде НШ-32Э немесе НШ-32У шес-тернялы насос, сақтандырғыш клапан 27 (81-сурет), басқару краны 22, бөлгіш кран 19, гидравликалық цилиндрлер, бөлгіш 30, сүзгілі гидробак (екі жүйеге ортақ), май трубопроводы (түтік пен шланга) бар.
Барлық комбайндардың гидравликалық жүйесіне жұмысшы сұйықтық ретінде майдың мынадай сорттары пайдаланылады:
жылы уақыттарда (сыртқы ортадағы ауа + 10°С жоғары болғанда) —ДС-11, Дт-8 немесе МЮГ;
салқын уақыттарда (сыртқы ортадағы ауа +10°С төмён болғанда) — ДС-8, Дп-8 немесе М8Г;
сақтандырғыш клапан Д 50—55 кгк/см2 (5000—5500 кПа) қы-сымға реттеліп койылған.
Қолмен басқарылатын гидравликалық жүйеде НШ-ІОД нёмесе НШ-ЮЕ гидронасостары, сақтандырғыпи клапан 5, золотник 2
(жаңа терминология бойынша — золотник типтес бөлгіш) гидрав-ликалық цилиндр 1, май трубопроводы бар.
Гидравликалық жүйенің екі гидронасосы да двигательге орна-тылып, сол арқылы қозғалысқа келеді: СК-4, СКД-5 ж:әне СК-5 комбайндарында — тікелей бөлгіш шестерня, ал СК-6 комбайнын-да— иінді біліктің сына-белдікті берілісі аркылы. Екінші жүйенің сақтандырғыш клапаны да 50—55 кгк/см2 (5000—5500 кПа) қы- , сымға реттеліп қойылған.
НШ-32Э және НШ-32У насостарындағы біліктің айналыс жиілігі 1480 айналыс/минут (двигательдің иінді білігі 1700 айналыс/ миңут жасағанда) немесе 1655 айналыс/минут (двигательдің иінді білігі 1900 айналыс/минут жасағанда). Насостардың нақты өнімділігі тиісінше 42,1 немесе 48,3 л/мин.
НШ-10Д немесе НШ-10Е насостарындағы біліктің айналыс жиілігі двигательдің иінді білігінікімен бірдей (1700 немесе 1900 айналыс/минут). Насостардың нақты өнімділігі тиісінше 15,6 не-месе 17,5 л/мин тең.
Е с к е р т у. Жаңа терминология бойынша басқару краны 22 мен бөлгіш кранды 19. кран типтес бөлгіштер, ал бөлгішті 30 — золотник типтес бөлгіштер деп атайды.
Гидрожүйеге май айдайтын гидронасостар майды гидробактан 11 алады, бұған күллі май цилиндрлерден және басқа да гидро-жүйе құрылғыларынан ағып келеді. Гидробакқа ағып келген май сүзгімен 12 тазартылады. Гидробак қақпағында сапун болады, Оның міндеті — гидробактағы атмосфералык қысымды сақтау. Сүзгі клапанмен 16 жабдықталып, оның қысымы 1,5 кгк/см2 (150 кПа) шамасында реттелген. Бұл клапанйың міндеті мынадай: егер сүзгі ластанған болса, онда ол өзіне келген майды өткізе алмайды; мұндай жардайда қысым соншалық артьш, сүзгіні істен шығарады; мұндай жағдай болмас үшін клапан іске қосылады да, ол майды тазартылмаған күйінде өткізеді.
Гидроцилиндрлердің әрекеті. Гидроцилиндр гильзадан тұрады, бұған штокпен қоса поршень (поршеньді цилиндр) немесе плунжер (плунжерлі цилиндр) орналаса алуы мүмкін. Онық біріншісі — екі жақты әрекетті, екіншісі—бір жақты.
Екі жақты әрекетті гидроцилиндрде поршень гильзаны екі ка-мераға бөледі. Гильзаның ұшында штуцер бар, оған түтікше жал-ғанған. Осы түтікшенін, кез келгені арқылы қысым күшімен майды тиісті камераға айдауға болады. Сондай-ақ майды кез келген ка-мерадан түтікше арқылы шығарады.
Егер мәселен, гидроцилиндрге 25 майды түтікше 24 арқылы айдаса, онда поршень жоғары жылжып, қарама-қарсы камерадағы майды түтікше 23 арқыды ығыстырады. Керісінше де істеуге бо-лады: майды түтікше 23 арқылы айдау. Мұндай жағдайда поршень
81-сурет. СК-4, СК-4А жән СҚД-5 комбайндарының гидравликалық жүйесі:
/, 9, 13, 17, 25, 33 — гидроцнлиндрлер; 2 — золотник; 3, 4, 10, 14, 15, 18, 20, 21, 23, 24, 28. 29, 31 және 32 — май проводтары; 5, 16, 27 — сақтандырғыш клапандар; 6 және 7 — гндронасостар; 8 — вентиль; 11 — гидробак; 12 — сүзгі; 19 — бөлгіш кран; 22 — баскару краны; 16 — вариатор блогынык атасы; 30 — шөмелелегіштің бөлгіші.
төмен жылжиды. Поршеннің көмегімен штокты қажетті жағына орналастырып, өзімізге қажетті жұмысты атқарамыз.
Бір жақты әрекет ететін гидроцилиндрде бір ғана камера бар, сондықтан оған май айдауға болады. Егер, мәселен, түтікше /5 арқылы қысым күшімен цилиндрге 13 май айдасақ, онда ол плун-жерді жоғары көтеріп, сонымен қоса қалбағай таянышын да кө-тереді. Май айдалғанша плунжер көтеріле береді. Айталық, қал-бағайдың таянышын түсіру қажет болды делік. Ол үшін түтікшё-нің 15 айдағыштық қызметінен ағызу міндетіне ауысуына мүм-кіндік беру қажет. Қалбағай таянышымен қоса плунжер арқылы майды үнемі қысады да, оны камерадан ығыстыруға әрекет етеді, Түтікше дәл осындай жағдайға мүмкіндік берген кезде, май дереу шыға бастайды да, қалбағай түсіріледі. Демек, бір жақты әрекет ететін цилиндрлерде май тек бір жаққа ығысуға жағдай жасайды. Ал плунжердің кері қарай қозғалуы жұмыс органының немесе механизмнің (бұл жағдайда қалбағай арқылы) кері қысымы арқылы атқарылады.
Крандардың қызметі мен әрекеті. Егер май ағыны насостай тікелей гидроцилиндрге бағытталса, онда соңғысы өшқандай әрекет етпеген болар еді. Сондықтан гидроцилиндрлер жұмыс ісгеу үшін, қандай да бір бөлгіш құрылғы қажет болады. Мұндай құрылғы мынадай операцияларды атқаруы тиіс: қажеттігіне қарай екі жақты әрекет ететін цилиндрдін, біреуіне немесе екіншісіне майды бағыттайды; осы цилиндрлердің екі камерасын да бекіту; май ағынын бір жақты әрекет ететін цилиндрге бағыттау; одан майды шығару; бір жақты әрекет ететін цилиндрдің камерасындағы майды бекіту. Бұл операцияларды басқару краны 22 мен бөлгіш кран 19 атқарады. Олар гидрожүйеге кезегімен қосылған, сондықтан бұларды бір мезетте пайдалануға болмайды.
Екі кранның тұтқасы бейтарап жағдайда тұрғандағы гидро-жүйенің жұмыс органдарының әрекетін қарастырайық. Гидронасос 6 майды басқару кранына үнемі беріп тұрады. Ол бөлгіш 30 арқылы, сонан соң басқару кранынйң каналы арқылы еркін өтеді де, осыдан кейін бөлгіш кранға құйылады. Мұндада ол бос канал арқылы өтіп, түтікшемен гидробак сүзгісіне бағытталады. Демек май жүйеде еркін айналады.
Екі бөлгіш құрылғының корпустары мен крандарында өзара дәл сәйкестелген тесік пен канал бар. Корпус тесігіне штуцер бұрап кіргізіліп, оған түтікше жалғанған. Тұтқамен кранды корпусқа қарай жылжытуға болады. Тұтқа бейтарап жағдайда тұрғанда барлық қабылдауыштар ажыратылады. Тұтқаның әрбір жұмыс жағдайында соған тиісті цилиндрлер (немесе цилиндрдің біреуі) қосылады.
сіздерге көп рахмет мен қатты ризамын маган керегі де осы болган мен осы сабактан бес алдым рахмет