Қол қанаттылар
Қол қанаттылар ұшуға бейімделген сүт қоректілердің бір ғана тобы. Алдыңғы аяқтарының ұзын саусақтарының арасындағы, денесінін, бүйір бөліміне, артқы аяқтарының және кұйрығының маңында болатын жарғақтарының көмегімен ұша алады.
Тек қана алдыңғы аяғының бірінші саусағы ғана қанатты құрауға қатыспайды. Құстардікі сияқты төс сүйегінің қыры болады, оған қанатын қозғалтатын төс еттері бекінеді.
Түн жануарлары. Сезу органдары алуан түрлі, кәдімгі сезу денешігі мен вибрисстен баска бүкіл қанатының үстінде, қүлақ қалқанында көптеген жіңішке түктері болады. Көзі нашар же-тілген, бағдарлауға қатысы шамалы. Есіту органы өте жақсы жетілген. 12 ден 98 000-ға дейінгі герц дыбысты сезеді.
Систематикалық жағынан қол қанаттылар насеком жемді-лерге жақын. Арктика, Антарктикадан басқа жерлердін, барлығында дерлік кездеседі. 1000-ға тарта түрі белгілі.