Шөмелелегіштің құрылысы
Жалпы мәлімет. Шөмелелегіш мынадай негізгі бөлшектерден тұрады: екі бүйірден құралатын камерадан, түбінен, артқы кла-паннан және жоғарғы тордан, сабан нығыздауыштан, топан ны-ғыздауыштан; жүк түсіретін механизмнен, мұнда сақтандырғыш муфта мен автомат бар; артқы клапанды жабатын гидравликалық жүйеден, сигнализатордан. Түбі мен артқы клапаны шөмелелегіш-тің бүйіріне топсалы байланысқан: түбі ось бойымен айнала алады, ал артқы клапан артқа қарай жылжи алады. Бүйірлерінде шөмелелегіш камерасына желдеткішпен үрленген ауаны шығара-тын тесік бар.
«Нива» шөмелелегішінің камерасына, 9 м3 сабан сияды, оның престелген кездегі (1,5—2 есе) массаеы 150—250 килограмға же-теді.
«Колос» комбайны камерасының сыйымдылығы 11 м3, шөме-ленің массасы 200—300 килограмға жетеді.
Сабан нығыздауыш. Сабан нығыздауыш камераны сабанға толтырып, оны престеуге арналған. Ол былайша жұмыс істейді. Сабан сіліккіштің клавишасы 9 сабанды консольды білеу 10 мен науадан 18 тұратын престеуіш камераға үздіксіз беріп тұрады (75-сурет). Қамера 17 кіре берісінде (алдынан) кең, шыға берісінде (артынан) тар етіліп жасалған.
Екі иінді білік 14 тырмалауышты 16 қозғалысқа келтіреді. Тырмалауыш тістері камераның енді жерінен сабанның біраз бөлігін іліп алып, оның тар бөлігі арқылы шөмелелеу камерасына күшпен итереді. Престеуіш камерадан итерілген сабанның әрбір бөлігі, оған кері оралуы мүмкін емес, өйткені бөгеуіш 15 пен науаның 18 тісті тарағы оның кері оралуына бөгет болады, ал престеуіш камеранын, шыға берісіне орналасқан сабан, тырмалауышпен жаңадан әкелінген сабанмен жанасып, әрі қарай жыл-жып отырады.
Алғашында шөмелелегіш камерасы сабанмен қалай болса солай толтырылады. Ол әбден толғанда престеу процесі басталады.
75-сурет. Шөмелелегіштің босату тораптары:
1 — бүйір 2 — саусақ; 3 — артқы клапан тартпасы; 4 — аралық буын; 5 — ершік; 6 — білеу; 7 — серіппе; 8 — түбі; 9 — клавиша; 10 — консальды білеу; 31 — босату механизмінің білігі; 12 — түтік тәрізді арқалық; 13 — кронштейн; 14 — иінді білік; /5 —бөгеуіш (қайтарғыш ойық); 16 — тырмалауыш; 17 — престеуші камера; 18 —
— науа.
Сабан нығыздауышт.ың екі иінді білігі де жалғасқан, ал онын, иіні басқасына қарағанда 180° жылжыған. Соның нәтижесінде тырмала-уыш кезекпе-кезек жұмыс істейді. Кулиса 7 (76-сурет) рычагпен 6 сфералы топса арқылы байланысқан. Осындай топсамен кулиса шө-мелелегіштің бүйіріне жалғанран, Тырмалауыштың подшипниктері ағаштан жасалған (автолда пісірілген).
Науаның 18 қалпын реттеуге болады (75-сурет). Науа мен тісті тырмалауыштын, аралығындағы қалыпты саңылау 7—10 мм, ал кла-виша ұшы мен науа аралығы 10— 15 мм.
Шөмелелегіш камераға топанды топан нығыздауыштын. 9 (2-сурет) тырмалауышы жеткізеді — олар оны науа 22 арқылы, жылжытады. Кронштейн 21 шөмелелегішті бекітуге арналған.
Жүк түсіру механизмі. Сабан нығыздауыштың түтік тәрізді ар- қалығына 12 білік 11 бос орналастырылран (75-сурет). Осы біл-
еліктің екі жақ шетіне рычаг 4 бекітілген, бұдан шашіа тіске 16 қарай тартпа 20 өтеді (76-сурет). Сонымен қоса, сол жақтағы рычаг 4 кабинаның аяқ педаліндегі тартпаға 1, ал рычаг 5 пен тартпа 21 автомат рычагқа 22 қосымша жалғанған.
Шөмелелегіш камераға сабан мен топан толғанда жабулы бо- лады оның артқы клапаны 9 екі шаппа тіспен 16 бекітілген, ал түбі артқы клапанға жалғанған екі тартпамен 19ұстатылады.
Шөмелелегіштегі сабан мен топанды түсіру процесі былайша атқарылады. Жүргізуші жүк түсіретін аяқ педалін аз уақыт балады. Осы педалдың қозғалысы тиісті тартпа мен рычаг 4 арқылы шаппа тіске 16 беріледі. Шаппа тіс артқы клапанды босатады, ал соңғысы өз кезегімен, тартпа 9 арқылы түбін ашады. Камерада пайда болған шөмеленің ауырлық центрі, түбінін, айналу осінен артқа қарай ауытқыған. Соның нәтижесінде түбі айналып, тік
76-сурет. Шөмелелегіш:
1 — шөмелелегіштіқ босату жүйесініқ педалга қосатын тартпасы; 2 — золотникті блоктайтын тартпа; 3 — қос иінді рычагтың 10 тартпасы; 4 — артқы клапан шаппатісі 16 рычагы; 5— автоматпен жалғанатын рычаг; 6 — тырмалауыш рычагы; 7 — кулиса; В — артқы клапан 9 тірегі; 11 — штанга; 12 — бұрылыс рычагы; 13 — датчик тірегі; 14 — датчик 15 серіппесі 17 — прибор қалқанындағы сигнал лампочкасынық контактілі қосқышы; 18 — гидроцклиндр; 19 — клапанды түбімен жалғастыратын тартпа; 20 — шаппа тіс тартпасы; 21 — аатомат тартпасы; 22 — автомат рычагы; 23 — «Колос» комбайнындағы аралық рычаг; 24 — гидробөлгіш; 25 — бөлгіш рычагы. Суреттің сызықпен қоршалған фрагментінде «Колос» комбайнының золотнигін блоктайтын торап көрсетілген.
қалпында тұрады да, оның саусақтары 2 аңызға жантаяды (75-су-рет); шөмеле клапанды артқа итере отырып камерадан шыға бас-тайды. Жүкті түсірген кезде серіппе 7 түбін тік қалпында ұстап тұрады. Мұның өзі шөмеленің ақызға ілінісіп, түбіндегі саусақтар-дан ажырауын тездетеді.
Біз жоғарыда жүкті педальдың көмегімен түсіру әдісін қарас-тырдық. Сонымен қоса автомат көмегшен де түсіруге болады, ол төменде айтылады.
Шөмеле түсірілгеннен кейін гидроавтоматты жүйе жұмыс істей бастайды да, ол түбі мен артқы клапанды бастапқы қалпына қояды, яғни оларды қайтадан бекітеді. Осымен бір мезетте жаңа шөмеле жинала бастайды.
Сақтандырғыш муфта мен автомат. Егер сабан нығыздауышты шектемесе, онда ол сабанды 1,5—2 есе емес, одан да тығызырақ престеуі мүмікін. Бірақ бұлай еткен жағдайда тырмалауыштың, берілістердің т. б. сынуы мүмкін. Бұл жағдайда, сондай-ақ басқа Да күш көп түсетін жұмысшы органдардық шектеуіш қызметін сақтандырғыш муфта атқарады. Оның серіппесі 8—8,5 кгс. м (80—85 Н. м) айналдыру моментін беретіндей етіп реттелген. Бірақ шөмелелегіште тек сақтандырғыш муфта ғана болса, онда былай болар еді: шөмелелегіш механизм тоқтар еді де, бірақ клавишалар сабан нығыздауышқа массаны әкеле берер еді, соның салдарынан сабан кептеліп, сабан сіліккіш бұзылар еді. Сол себепті сақтандырғыш муфтаға арнайы автомат блокталған, ол муфта жұмыс істесімен шөмелелегіштің жүгін дереу түсіреді. Бірақ ав-томаттың тағы бір міндеті бар: егер комбайншы бір себептермен педальды дер кезінде басып, шөмелелегіштегі жүкті түсірмесе, ондайда автомат өзі түсіреді.
Енді өзара блокталған сақтандырғыш муфта мен автоматтың кұрылысымен және әрекетімен танысайық.
Сақтандырғыш муфтаның жетекші дискісі 4 артқы қарсы жетек білігіне 7 шпонкамен ібекітілген (77-сурет). Жетектегі дискі 6 оған пісіріліп ұстатылған жұлдызшамен 3 қоса және жетекші саусақты дискі 8білік втулкасына бос орнығады. Дискілер 4, 8 өзара
77-сурет. Шөмелелегіштіқ сақтандырғыш муфтасы және автомат:
1 — ролик; 2 — жетекші саусақты дискінің 8 жұдырықшасы; 3 — жұлдызша; 4 — жетекші дискі; 5 — буфер; 6 — жетектегі дискі; 7 — артқы қарсы жетек білігі; 9, 11 және 13 —реттеуіш болттар; 10 — күйенте; 12 — рычаг.
байланысқан: біріншісінде осы мақсат үшін саңылауы, ал екін-шісінде — саусақтары бар. Ал келесі дискілер 6, 8 серіппемен сы-ғылып, өздерінің беткі тістерімен ілініскен. Дискінің 6 ішіне орналасқан буфер 5 резинадан жасалған, тығылып қалған кезде дискілердің 6, 8 соққысын бәсеңдетеді.
Сабан нығыздауышқа (көбінесе) артық жүк түскен жағдайда, дискі 5 екінші бір дискіге 6 тіреліп тығылып қалады да, соңғысы жұлдызшамен қоса тоқтайды. Дискінің 8 биіктігі 20 мм дөңесі 2 бар. Муфта тығылған кезде осы дөңес роликке 1 сұғылады. Муфта қимылсыз тұрған кезде дөңес пен роликтің ара қашықтығы 8— 10 мм болады. Ал ол тығылған кезде дискі 8 солға қарай (серіппе жаққа) 20—25 мм жылжиды. Соның нәтижесінде дөңес 2, рычаг 12 осіне бос қондырылған роликке сұғынады. Бұл рычаг ось пен серіппелі болттың 13 көмегімен күйентеге 10 топсалы байланысқан. Күйенте 10 мен рычагтың 12 өзара орналасуын болтпен 11 ретке келтіреді. Күйенте тартпа арқылы жүк түсіру механизміне жалғасқан.
Дөңес роликке сұғынған кезде рычаг күйентемен қоса осінен біраз бұралып, тартпаны төмен қарай түсіреді. Сонда тартпа жүк түсіру механизмін іске қосады да, шөмелелегіштегі сабан түсіріледі.
Рычаг 12 пен күйентеге 10 жалғанған серіппе мына себептен қа-жет. Дискі 8 тығылып, сол жаққа жылжыған кезде, оның дөңесі 2 роликтің тегіс бетіне тірелуі мүмкін. Мұндай жағдайда рычаг 12 бір жағына ауытқиды; ол осінен бұралып, серіппе болтын 13 қысады. Дискі 5 соншалық бүралып/дөңес роликпен жанаспай алшақ-таса, серіппе болты 13 рычагты жұмыс жағдайына қайыра әкеледі.
Дөңес 2 пен роликтің 1 аралығындағы қашықтықты (8—10 мм) болтпен // ретке келтіреді. Дискі 8 мен роликтің аралығындағы саңылау тік бағытында тұрғанда 2 мм болуға тиіс. Оны тіреуіш болтпен 9 реттейді.
Сабан мен топан шөмелесін түзу бір қатарға жинайды. Мұндайда шөмеле қатарларынын, ара қашықтығыньщ (яғни түсір.ілген бір шөмеле мен екіншісінің аралығы) ен кемі 120 м болуының аса қажетті екендігін айта кеткен жөн. Егер бүл қашықтық кем болса, онда шанақтағы астықты жүріп келе жатқан автомашинаға тиеуге болмайды. Екі қатарлас шөмеленің ең көп ара қашықтығы, сабанды престеп шығарудын. ең көп шамасын көрсетеді. Шөмеленің бірінші қатарын салу үшін сақтандырғыш муфта серіппесінің тарту гайкасын екі айналым бүрайды. Серіппе босағандықтан муфта сабанды шағын мөлшерде престеп шығарады. Комбайнды алғашқы айналымға жібереді. Комбайншы шөмелелегіштің жүгін түсіру үшін педальды баспайды. Сабанның престелуі ең көп шамасына жеткен кезде, сәл босатылып қойылған серіппенің көмегімен шөмелелегіштегі сабанды автоматтың өзі түсіреді.
Бірінші айналымнан кейін сақтандырғыш муфтаның серіппесін нормаға келтіріп кереді де, гайканы екі айналдырып бұрап бекітеді. Сонан сон әрі қарай жұмыс істейді. Комбайншы автоматтың өзі түсірген әрбір шөмелеге жақындағанда жүкті түсіру педалын басады.
Осылайша автоматтың босаған серіппе жағдайында белгі-леген қашықтығын шамалай отырып, комбайншы өкінші айналым-ның шөмелелерін салады. Шөмеле аралығындағы осы қашықтықты комбайншы бұдан әрі қарайғы жұмыста да пайдаланады. Сон-дықтан бірінші айналымнан кейін серіппесі тартылған автомат, комбайншы педалды баспай тұрып іске қосылмайды. Басқаша айтқанда, автомат комбаншының шөмелені түсіруді басқаруына ешқандай бөгет жасамайды. Ол комбайншының қатысуынсыз іске қосылуы және шөмелені түсіруі, сабаны қалың егісте жұмыс істе-генде немесе комбайншы шөмелені дер кезінде түсірмеген жағдай-да ғана болуы мүмкін.
Шөмелелегіштің артқы клапанының берік жабылуының айрықша маңызы бар. Тек сонда ғана дұрыс шөмеле пайда болады. Егер артқы клапан екі шаппа тіске бірдей тұйықталмаса, онда мұның өзі қауіпті ақау болып саналады. Оны дер кезінде түзету үшін сигнализатор қойылған. Ол контактілі қосқыштан және серіппелі итергіштен тұрады. Артқы клапан толық жабылған кезде, итергіш қосқыштың кнопкасын басады да, электр тізбегін ажыратады. Прибор қалқанындағы сигнал лампочкасы жанбайды. Ал артқы клапан ашық болғанда, қосқыштың контактісі тұйықталады да, прибор қалқанындағы лампочка жанады.
Артқы клапанды жабудың гидроавтоматтық жүйесі. Бұл жүйе датчиктен 15, гидробөлгіштен 24, екі плунжерлі гидроцилиндрден 18, майлы 15 трубопроводтан, рычагтан және тартпадан тұрады (76-сурет).
Датчиктің құрылысы және оның механизмі 78-суретте көрсе-тілген. Шөмелелегіштің көлденен. білеуінің кронштейндеріне 12, 14
ось 13 бекітілген де, оған түтік тәрізді білік 2 пен бұру рычагы 4 бос қондырылған. Түтік тәрізді білікке датчик рычагы 1 мен тісті рычаг 3 пісіріліп орнатылған, бұлар датчиктің таянышы болып саналады.
Артқы клапан аспасының цапфасына 6 қос иінді рычаг 10 бос орна-тылған. Штанга 11 бұру рычагын 4 рычагтың 10 жоғарғы иінімен жалғастырады. Рычагтың 10 тө-
78-сурет. Бөлгіш золотнигін автоматты қосу жүйесі датчигінің құрылғысы:
1- датчик рычагы; 2 — түтік тәрізді білік; 3 — тісті рычаг; 4 — бұрылыс рычагы; 5 — серіппе; 6 — артқы клапандары аспа цапфасы; 7 — гидробөлгіш тартпасы; 8 — клапаннық сол жақ білеуінің 9 тірегі; 10 — қос інді рычаг; 11 — штанга; 12 және 14 — шөмеле-гіштегі көлденең білеудің кронштейні; 13 — ось.
79-сурет. Шөмелелегіш механизмінің әрекет ету схемасы:
а — шөмелелегішке сабан мен топанның толу процесі; ә — шөмелені түсіру моменті;’ б — шөмелені түсіргеннен кейінгі механизмнің қалпы; 1 — шөмелелегіш түсіргіші педалының тартпасы; 2 — гидробөлгіш блоктауышының тартпасы; 3 — педаль; 4 — басқа тұтынушыға арналған май проводы; 5 — насостары май проводы; 6 — бөлгіш; 7 — золотник; 8 — гидробөлгіш рычагы;
9 — шаппа тіс білігінің рычагы; 10 — клапанды 13 түбімен жалғастыратын рычаг; 11 — гидроцилиндр; 12 — артқы клапандары сол жак білеудің тірегі; 14 — датчик тірегі; /5 — серіппе; 16 — датчик; 17 — штанга; 18 — қос иінді рычаг; 19 — бұрылыс рычагы.
менгі иіні тартпа 7 арқылы гидробөлгішпен байланысқан. Артқы клапанның сол жақтағы білеуінде 9 тірек 8 бар, бұл рычагтың бұрылуын шектейді.
Жоғарыда айтылған клапан артқы клапан жабық болған жағдайда былайша жұмыс істейді, Рычаг 3 тісі серіппе 5 әсерімен бұру рычагын 4 қысады; соңғысы штанга 11 арқылы екі иінді рычагты 10 гидробөлгіш золотнигі қосылған жағдайда болатындай етіп орналасуына әрекет етеді; бірақ тірек 8 рычагтың 10 бұрылуына бөгет жасайды. Жүкті түсіру процесі кезінде артқы клапан көтеріледі де, тірек 8 рычагты 10 ұстап тұра алмайды. Бірақ бұл кезде датчик шөмелемен артқа ығысады да, сол себепті бұл кезде золотник қосылмайды. Шөмеле толық шыққаннан кейін датчик серіппе әсерінен бастапқы қалпына келеді де, золотникті қосады.
Шөмелелегіштің әрекет ету схемасы 79-суретте көрсетілген. Артқы клапан жабылып, ал онымен байланысқан түбі көтерілгенде, датчик 16 серіппе 15 әсерінен өз тірегімен 14 бұру рычагына 19 қысылады. Клапандағы тірек 12 екі иінді рычагтың 18 бұрылуың шектейді. Бұл рычаг штанга 17 арқылы бұру рычагын 19, датчик артқа ығысатындай, бірақ артқы клапанның тақтайшасына жет-пейтіндей етіп орналастырады. Мұндай да тартпа золотникте сал~ бырап тұрады.
Шөмелелегішке сабан түсе бастаған кезде бөлгіштің золотнигі
Насостан Швмелегіштің
цилиндріне
басқа тұтынушыларга
80-сурет. Шөмелелегіштің гидроавто матты жүйесінің бөлгіші:
1 — корпустегі тесік; 2 және 10 — золотник кертпегі; 3 — сол жақтағы бүйір камера; 4 — дроссельді тесік; 5, 6 және 12 — шту-церлер (төртінші штуцер — ағызушы — ол суретте көрінбейді); 7 — серіппе; 8 — оң жақтағы бүйір камера; 9 — радиалды канал; 11 — ось каналы.
серіппемен 7 ен, шеткі қалпында ұстатылып тұрады да (80-сурет), майдын, насостан бөлгіш арқылы басқа да тұтынатын жерлерге еркін айналысын қамтамасыз етеді. Мұндайда гидроцилиндр қуысы ағызу магистралына жалғанады.
Шөмелелегіштегі сабанды түсіру үшін педальды басады. Шаппа тіс артқы клапанды босатады. Шөмеле салмарының және серіппенің әсерінен түбі төмен түсіріліп, артқы клапан көтеріледі. Гидроцилиндрдегі май сығылып, бөлгіш арқылы гидробакқа құйылады. Золотник шеткі сол жағында тұра береді. Жүк түсірген кезде датчик шөмелемен артқа ығысады. Мұндай жағдайда тірек рычагтын, 18 сағат тіліне қарама-қарсы айналуына бөгет жасай алмайды (79-сурет).
Шөмелені түсіргеннен кейін датчик босайды. Серіппе оны алға қайтарады. Датчик тірегі 14 рычагты 19 сағат тілі бойынша бұра бастайды. Бұл рычаг штанга аркылы рычагты 18 бұрады. Соңғысы тартпаны золотникке орналастыра бастайды. Алдымен осы тарт-паның салбырауы көрінбейді, сонан соң тартпа бөлгіштің золот-нигін оң жақтағы шеткі қалпына орналастырады.
Золотник осылай орналасқан жағдайда оның кертпегі 2 штуцер 5, тесік 1 және штуцер 12 арқылы насоспен келетін майды жауып тұрады (80-сурет). Мұндай жағдайда тесік 1 сол жақтағы бүйірлік камерамен 3 жалғанады.
Насоспен айдалған май штуцер 5, тесік 1, сол.чжақтағы бүйірлік камера 3, дроссельді тесік 4, ось каналы 11, радиалды канал 9, оқ жақтағы бүйірлік камера 8 және штуцер 6 арқылы гидроцилиндрге бағытталады да, ол артқы клапанды жауып, шөмелелегіштің түбін көтереді.
Түбінің көтерілу жылдамдығы дроссельді тесікпен 4 шектеледі, ал сақтандырғыш клапан насоспен айдалған артық майды ағызады.
Айдағыш магистралға және оған жалғанған бөлгіштің каналдары мен қуыстарына, дроосельге жеткізілмей қысып орнатылып, оңы сақтандырғыш клапан белгілі бір дентейде ұстап тұрады, Дроссельден кейінгі гидроцилиндрмен қоса магистралдардағы қысымды артқы клапан мен түбінің салмағы бойынша анықтайды.
Артқы клапан жабылу моментіне жақындаған кезде, оның тірегі 12 (79-сурет) рычагқа 18 әсер етеді. Соңғысы штаңга мен рычаг 19 арқылы датчикті біраз артқа бүрып, тік қалпына жуықтатады. Мұндайда тартпа золотникте салбырап тұрады да, золотниктің шеткі сол жақтағы орнына ауысуына бөгет жасамайды («ағызу»). Бірақ золотник сол жаққа мынадай себептермен орын ауыстыра алмайды: бөлгіш арқылы гидроцилиндрге май ағып тұрған кезде, дроссельді тесік 4 (80-сурет) май ағынын біраз тежейді (бұл тесіктің диметрі 1,5 мм); осының әсерінен сол жақтағы бүйірлік камерада 3 едәуір қысым пайда болып, золотникті оң жақтағы шеткі қалпында сенімді түрде ұстап тұрады («айдалу»). Золотниктің мұндай ақалпы тартпаның керілу күйіне қарамастан сақталады. Тек артқы клапан толық жабылып (шаппа тіске), плунжердің гидроцилиндрге қозғалуы тоқталғанда ғана, золотниктің екі жақ бүйірінде де май қысымы теңеседі, тек сонда ғана серіппе 7 золотникті солға «ағызу» жағдайына ауыстырады.
Гидроавтоматикалық жүйені реттеу мынаған негізделеді. Артқы клапан жабық тұрған кезде бөлгіштін. золотнигі шетисі сол жа-ғында, ал тартпа сәл салбырап тұруға тиіс.