Сәтіғали Құтқожин
Құтқожин Сәтіғали (1888, Тайпақ ауданы, 4-ауылы — 14.9.1937, Ақтөбе қаласы) — саяси қуғын-сүргін құрбаны, қазақтың белгілі ғалым қызы Рәбиға Сыздықованың әкесі. Жергілікті орыс-казак училищесін бітірген. 1920 жылдан бастап Ақтөбе облысы Ойыл, Темір, Байғанин, Арал (Қызылорда) ауданы почта-телеграф бөлімдерінде басқарма бастығы болып қызмет атқарған. 1937 жылы 10 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы байланыс бөлімі бастығы боп тұрған кезінде жалған айыппен тұтқындалып, 14 қыркүйекте Ақтөбеде атылған. Ақтөбеде облыстық соты Президиумының 1956 жылғы қаулысымен ақталды.