Сұңқайты – тарихи орын
Сұңқайты – тарихи орын. Тұрар Рысқұлов ауданы Сұнқайты ауылының маңында. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі кезінде бұл орында ірі шайқас болған. Әбілқайыр хан басшылық еткен қазақ жасақтары осы жерде жаудың бетін алғаш қайтарған. Сондықтан шайқас болған орын «Сұмқайтты» атанған. Ол кейін бұрмаланып Сұңқайты аталып кеткен.