Акромегалия
Акромегалия (гр. akromegalia; гр. akron — аяқ, қол; гр. megas — үлкен) — гипофиз аденомасы (аденогипофиздің ісігі) кезінде өсу гормоны — соматотропиннің шамадан тыс көп мөлшерде бөлінуіне байланысты адам мен жануарлар бас сүйектерінің (жақ, қабақ сүйектерінің) және аяқтар мен қол сүйектерінің, сондай-ақ, ішкі мүшелердің шектен тыс өсуі. Акромегалия, әдетте, организмнің өсуі толық аяқталғаннан соң дамиды, ол ішкі секреция бездерінің ауруларына (эндокринді ауруларға) жатады