Сан есім
Сан есім
Алпыс бестен асқанда, Жетпіске қадам басқанда (Ж.). Атадан — алтау, анадан — төртеу. Жалғыздық көрер жерім жоқ (А.)деген сөйлемдердегі алпыс бестен, жетпіске, алтау, төртеу деген сөздер белгілі бір заттардың (жас, біз я адам) мөлшерін, санын білдіріп тұр. Осындай заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.
Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп колданылады. Мысалы: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты (Ж.) деген сөйлемде тоқсан деген сан есім (неше?) ж а с деген зат атаулының санын білдіріп тұр. Кейде саң есімдер зат есімсіз-ақ та жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны (ол алғашқы сөйлемнен белгілі болады), әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады. Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты (Ж.) деген сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер әрі заттық ұғымды (тоқсан жастан және жүз жасқа), әрі оның мөлшерін, санын білдіріп тұр.
Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу т. б. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, жүз қаралы, оннан бір, үштен екі, бес ондық, бір-бірден, үш-төрт т. б. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, бес-бестен, он-он бес т. б.
Қосымша мағлұмат: сан есімнің түрлері, сан есімнің емлесі, сан есімнің сөйлемдегі қызметі
нет нето
Хм
Ага нету