Қос сөздер
Қос сөздер
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарлап немесе қайталап қолдану — жана сөз жасаудың бір жолы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. (Абай).
Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай деген — қос сөздер, олар жаңа ұғым, жаңа мағына білдіріп тұр: жан-жануар — бүкіл айналадағы, табиғаттағы жаңды заттар; ата-анадай — ең жақын туғандар ата мен анадай деген мағынада яғни ең күшті мейрімділік деген мәнде қолданылған.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.