Банктердің ұлттық банкпен қарым-қатынасы
Банктердің ұлттық банкпен қарым-қатынасы. Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкпен қарым-қатынастары «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңның 41—45-баптармен анықталған қағидалар негізінде қалыптасады.
Ұлттық банк өз қызметінде республиканың ақша-несие жүйесінің дамуы мен нығая түсу мүддесінде — барлық банктік жүйенің қалыпты қызмет етуіне ықпал етеді; банктерді банктік қызмет бойынша керекті нормативтік кұжаттармен өз уақытында қамтамасыз етеді; банктік жүйе үшін қажет кадрларды дайындауға қатысады, банктердің жұмысына қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Ұлттық банктің заңмен қарастырылғаннан басқа жағдайларда банктердің жедел қызметіне араласу құқы жоқ. Оның реттеушілік және бақылау қызметтері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңымен шектеледі.
Банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың кредиторлары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау және де ақша айналымын нығайту мақсатында Ұлттық банк, дербес балансы бар, олардың филиалдарының міндетті түрде орындалуы тиіс экономикалық нормативтерді бекітеді. Бұл нормативтер сонымен бірге еншіліс банктер және банктік бірлестіктер үшін де қолданылады.
Ұлттық банк банктердің міндетті нормативтерді сақтауын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңмен анықталған өкілеттіктерге сәйкес, олармен шығарылатын нормативтік актілердің дұрыс қолдануына қадағалау
жүргізеді.
Банктер Ұлтгық банкке баланстарды ұсыну, есеп беру және банктік қызметпен байланысты басқа кұжаттарды беруге міндетті. Бірақ та алынған мәліметтер жариялануға жатпайды.
Ұлттық банк өз өкілетгілігіне сәйкес кез келген уақытта банктерге барып өзіне қажетті сұрақтар бойынша тексеру жүргізе алады. Банктердің пруденциялық нормативтерді бұзғандағы анықталатын жағдайда, Ұлтгық банк бұл кемшіліктерді жою үшін белгілі бір мерзімде шара қолдану немесе басқадай шарттарды бекітеді.
«Қазақстан Республикасының банктер мен банктік қызмет туралы» занға сәйкес банктік операцияларды жүргізу үшін мерзімдер мен шарттарға қатысты оның жазғандарының орындалмауы, есеп берулерді бермеуі немесе олардың толық емес болуы, жылдың қорытындыларын шығынмен аяқтағанды анықтаған жағдайларында Ұлттық банк — банк құрылтайшылары алдында банкті қаржылылық жағынан сауық-тандыру шараларын жүргізу, оның жетекшілерінің ауысуы, банкті қайта ұйымдастыру немесе тарату жайлы сұрақ қоя алады және де мынадай санкциялар қолданады:
• заңдармен бекітілген, ақшалай айып-пұлдарды өндіріп
алу;
• банк дебиторларының қарыздарын Ұлттық банкте орн-
аластырылған резервтік қордан беру;
— осы заңның 42-бабымен қарастырылған кейбір
нормативтердің өзгеруі;
• «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» заңында қарастырылған жағдайларда өзіне уақытша банкті басқаруды қабылдау;
• банктік операцияның кейбір түрлерін жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу.
• банктің заңсыз қызметінің нәтижесінде алынған табыстарды бюджетке алу.
210 Ақша, несие, банктер
Банктердегі бухгалтерлік есеп ережелері, есептік және басқа да материалдардың сипаты мен көлемі Ұлттық банкпен бекітіледі