Банктің құрылуы мен тоқтатылуы
Банктің құрылуы мен тоқтатылуы. Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.
Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.
Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды. Банктің зандар
мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады.
Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:
— рұқсат беруге арыз;
— экономикалық негіздеме;
• алдағы 2-3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын
іскерлік болжалды жоспар;
• құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға
мен бас бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы
жайлы мәліметтер;
— құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы ау-
диторлық қорытынды;
— жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын
құжат.
Сонымен қатар, бірлескен немесе шетелдік банк және де олардың еншілік банктерін құруға рұқсат алу үшін келесідей құжаттар қажет:
— құрылтайшы занды тұлғалар үшін: олардың заңды мәртебесін растайтын, жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған балансы; Қазақстан аумағында шетелдік банк құруға немесе қатысу жөніндегі шетел құрылтайшыларының сәйкес органдарының рұқсаты; шетел құрылтайшысы келген елдің бақылау органының Қазақстан аумағындағы шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама.
— құрылтайшы жеке тұлғалар үшін: шетелдік беделді банктің осы тұлғаның төлем қабілеттігін куәландыруы қажет.
Занды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары (акционерлер) ретінде бола алады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушысы бола алады.
Кез келген құрылтайшылардың, катысушылардың (акцио-нерлердің) қатысу үлесі мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-ан аспауы тиіс.
Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз—құжатгы алған мерзімнен бастап, 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.
206 Ақша, несие, банктер
Рұқсат беруден бас тартудың себептері мынада: құрылтайшы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі, құрылтайшылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы; банктің құрылтайшысының, басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қайшы әрекеттің болуы; алғашқы екі жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар жүргізе алмауы, т.б.
Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк занды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.
Көптеген елдерде банкті ашуға арнайы рұқсатты талап етеді, бірақ кей жағдайларда олар құрылтайшыларды тіркеумен ғана шектелуі мүмкін.
АҚШ-та жаңа банк құру қатал тәртіппен реттеледі. Өз қызметтерін бастау үшін банк, штаттың билік органдарынан чартер-лицензия алуы қажет немесе ақша айналысын федералды чартер тексерушісі алуы керек. Сонымен бірге, банктің капиталының мөлшері (кіші және орта қалаларда 100-200 мың доллар аралығында, ал ірі қалаларда әлде қайда жоғары) заңмен белгіленген минималды нормаға сәйкес болуы қажет. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың жаңа банкке деген қажеттілігі, болашақта табыс алу мүмкіндігі, жетекшілер құрамының өкілеттілігі, т.б. факторлар ескеріледі.
Банкті ашудың осыған ұқсас тәртібі — Германия, Англия, Швейцария, Жапония және басқа елдерге де тән.
Банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес, банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:
• рұқсат берген күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін бастамаса;
• Ұлттық банк белгілеген пруденциялық нормативтерді,
Қазақстан Республикасының жұмыс істеп
отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, ¥лттық
банк белгілеген нормативтік актілерді бұзу
жағдайлары анықталаған кезде;
— заңмен белгіленген мәліметтер мен есеп
берулерді жүйелі түрде бұрмалау;
• осы заңмен және банк жарғысы, т.б.қарастырылған тыс операцияларды жүргізу кезінде.
Банкті ашуға берілетін рұқсатты қайта қайтарып алу, оның таратылуы туралы шешімге сай келеді.
Банк өз қызметін банк құрылтайшыларының шешімі бойынша осы заңның 68,69,70,71 баптарына сәйкес тоқтатады.
Банк акционерлері, құрылтайшылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді.
Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет:
— банк аты және оның орналасқан жері;
— банкпен жүргізілетін банктік операциялар тізімі;
— жарғы қорының мөлшері және банкпен
құрылатын басқа да қорлардың тізімі;
— банктің басқарма органдары, оның бақылау органы,
олардың құрылымы, құрылуы және кызмет ету тәртібі
жайлы ереже;
— банкті тарату тәртібі.
Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар кұрылады.
Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып табылады да, ол акция шығару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады.
Алғашқы жарғылық және резервтік қорлардың ең төменгі мөлешерін Ұлттық банк бекітеді. Жарғылық қор жаңа акционерлерді тарту, құрылтайшылардың қосымша акция сатып алуы, мүлік кұнын қайта бағалауда, дивидендтерді қайта инвестициялау жолдары арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін көбейту не азайту акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады. Жарғылық қордың өзгеруі Ұлттық банкте тіркеледі.
Алдын ала белгіленбеген шығындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады. Ол — банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебінен, жарғылық капиталының сомасының 25% көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқармасының шешімі бойынша жұмсалады.
Сақтандыру және басқа да арнайы мақсаттағы қорлар банктің табысынан аударымдар жасау арқылы құрылады,
208 Ақша, несие, банктер
олар басқарма және жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша жұмсалады.
Республикамызда мемлекет пен банктің жауапкершіліктері заң негізінде шектеледі. Банк мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет те банктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Банктер өкілетті және атқарушы билік органдарына тәуелсіз түрде банктің қызметімен байланысты жедел шешімдерді қабылдайды.