ҚР банктік жүйенің реформалануы
ҚР банктік жүйенің реформалануы. 1995 жылы Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасын жүзеге асыру орта мерзімді бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды.
Оның мақсаты мен міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банк ретінде атқарған қызметі кезівде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.
Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:
1. Акша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін: банк беретін қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекетгік бағалы қағаздармен де, бағалы қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша-несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.
Республикамыздағы директивті несиелерді беру жөніндегі жинақталған тәжірибе көрсеткендей, оның қайтарылуы 24%-ды құрағаны белгілі, сондықтан келесіде мұндай несиелерді беру көзделмейді. Бұл тұрғыда орталықтандырылған несиелер тек банктердің қысқа мерзімді өтімділігіндегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана несиелік ресурстар аукциондары, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, «репо» операциялары және вексельдерді қайта есепке алу арқылы берілетін
болады.
Жалпы ақша нарығының дамуы барысында аукциондық несиелердің ролі бәсендейді де, ол канал біртіндеп банкаралық нарық арқылы ығыстырылады.
Ломбардтық несиелердің көлемі, оның экономикалық мәніне қарағанда маңызды емес болып табылады, себебі оны банктер өте қажет жағдайда ғана алатын болғандықтан, ол айып-пұлдық несие деп те айтылады. Ломбардтық несиелеудің үлес салмағы 5-8%-ды құрайды.
Ұлттық банк бюджетті таза несиелеудің біртіндеп төмендеуін анықтайтын Қаржы министрлігімен жаңа қарымқатынастарды қалыптастыруға айрықша көңіл бөлетін болады. Соңғысында бюджеттің тапшылығын қаржыландыратын монетарлық ішкі көздердің ролі артады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерге байланысты операциялау көлемінің ұлғаюын, олардың неғұрлым ұзартылған мерзімімен жабылып сатылатынын ескерсек, онда 1998 ж. Қаржы министрлігін несиелеу тоқтатылатынына үміттенуге болады.
Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі нақты бейнеленуінде позитивті (яғни инфляцияның деңгейінен жоғары) және Бағдарламаның іске асуының соңына таман, ақшаға деген сұранысты реттейтін негізгі параметр болып саналады. Ұлтгық банктің аукциондарының төмендеуіне қарай және банкаралық
несиелік нарықтың дамуына қарай ондағы мөлшерлемеге көп көңіл бөлінеді.
Ұлттық банктің ақша массасының көлемін шектеу, банктердің мүмкін болатын деңгейдегі өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында банктерде депозит бойынша міндетгі резервтер тәжірибесін жалғастырылатын болады. Ақша-несиелік саясаттың бұл құралы банктердің өтімділігі мен ақшаның мультипликациясын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін ғана емес, сонымен бірге шетел валютасындағы депозиттердің өсу қарқыны мен көлемін реттеу үшін де қолданылады. Банктер пассивтерін долларлануының өсуі сақталатын болса, Ұлттық банк ұлттық жэне шетел валютасындағы депозитгердің резервтік нормативтік дифференциациялау арқылы жағдайды өзгертуге тырысады.
Ұлтгық банктің ішкі валюталық нарықтағы интервенциялары ішкі валюталық нарықтағы қысқа мерзімді өзгерістерден туындаған теңгенің алмастыру бағамының ауытқуларын жабу мақсатында ғана жүзеге асыратын болады. Бұл кезде әр кезеңгі ¥лттық банктің ішкі активтерінің көбеюі негізінен акша-несие саясатының басқа да құралдарымен, ал ол өз кезегінде ашық нарықтағы операцияларымен орны толтырылады.
Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының бүкіл әлемдік даму жолымен жүруді қарастыруда. Бірінші нарықтың дамуы бойынша Ұлттық банк ашық нарықтағы операциялар көлемін кеңейтіп және оған өзінің ақша-несие саясатының көптеген ауыртпалығын түсіруде.
Банктік жүйені реформалау кезінде эммисиялық, кассалық және инкассаторлық жұмыстарды күрделі қайта құру жүзеге асады.
Қолма-қол ақша айналымының ырықтандыруын есепке ала отырып, эмиссиондық жұмыс қайта құралады. Екінші деңгейдегі банктерді ақшалармен қамтамасыз ету оған деген қажеттіліктердің туындау көлемінде облыстық (аумақтық) басқармалармен жүзеге асырылады. Эмиссиондық рұқсат алынып тасталады.
Қолма-қол ақша айналымын тиімді басқару тұжырым-дамасын қолдану Ұлттық банктің сақтау орындарында банкноттар мен
монеталардың сәйкес номиналдарындағы көлемдерінің құралуын карастырады.
Қолма-қол ақшаны инкассациялау қызметі екінші деңгейдегі банктерге ішінара берілуде.
2. Валюталык реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлтгық валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін теңгенің валюталық бағамына және экономиканың бәсекелестік қабілеттілігіне, баға деңгейінің өзгеруі мен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайын.
Өтімді валюталық нарық құруда жинақталған тәжірибені ескере отырып, Ұлттық банк кәсіпорындардың шетел валютадағы экспорттан түскен түсімдерін міңдетті түрде сату жөніндегі икемді саясатын жүргізеді.
Банкаралық валюталық нарықта (форвард, своп, фьючерс, опцион сияқгы) мерзімді операцияларды ішкі нарыққа ендіру үшін және ішкі нарықта дилинггік операцияларды реттеу бойынша нормативтік базаны жасау, РЕПО, своп, қымбат бағалы металдар, ломбардтық валюталық несиелер типтес операцияларды ендіру үшін жағдай туғызу қарастырылады.
Орта мерзімді уақыт аралығында алтын валюта резервтерін басқару жөніндегі жасалған тұжырымдама негізінде оларды әртараптандырылған басқаруға көшуі байқалды, яғни стратегиялық инвестициялық портфель мен тиімділіктің тактикалық портфельдерін құруды білдіреді.
Бұл орайда өтімділіктің тактикалық портфелі валюталық бағам мен қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу саясатын жүргізу үшін қажет. Бұл портфельдің табыстылық нормасы орналастырудың сәйкес мерзімі бойынша ЛИБИД мөлшерлемесімен анықталуы мүмкін. Өтімділік портфелінің негізгі құралдары болып ақша нарығының құралдары табылуы тиіс.
Стратегиялық портфельдің құрамы Ұлтгық банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3-10 жылға дейін) міндеттемелерімен анықталады. Бұл портфельдің құралдарына — мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары: орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капитал нарығының басқа да құралдары жатады. Бұл портфельде қандай металдар активінің негізгі үлесі болуы тиіс.
3. Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсарту. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын талаптары банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарына сай келтірілген болады. Ондай халықаралық танылған стандарттарды қолдану банктердің капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге бейімделуіне нақты баға береді, ал бұл өз кезегінде банктердің акционерлері мен жетекшілік және екінші дегейдегі банктермен қарым-қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік беріледі.
Банктерді құру және оларды лицензиялау бойынша Ұлттық банк талаптарының қатандай түсуі тұракты, бәсекелестік қабілеті бар несие-қаржылық институттардың шығуына мүмкіндік берді.
Өз капиталының тапшылығын сезетін банктер Ұлтгық банкке қайта капиталдандыруы бойынша шаралар мен бағдарламасың табыс етеді, әрі олардың орындалуы туралы есеп беріп тұрады. Капиталдың баламалы деңгейіне қол жеткізе алмаған банктер таратылады немесе банктік емес қаржылық мекемелерге қайта құрылуы керек.
Осы мерзімге нақты тұрғыдан келгенде, Ұлтгық банк капитал тапшылығын сезетін сол немесе басқа банкке деген қарым-қатынасын, оның маңыздылығына, банктың нарыққа тартылған депозиттері мен берілген несиелерінің үлесіне қарай анықтайды.
Осы айтылған белгілермен сәйкесінше банктердің келесідей топтары бөлінеді:
— жарияланған жарғылық қоры 600 млн теңгеден жоғары ірі банктер;
— біршама ірі және орташа;
— ұсақ банктер.
Тек ірі банктермен қарым-қатынаста Ұлтшқ банк олардың қаржылық сауықтыру бойынша ғана соңғы инстанциядағы кредитор болуға жағдай жасайды, себебі ондай банктердің жойылуы еліміздің экономикасына жағымсыз салдарын тигізуі мүмкін.
Мұндай көмек көрсетуге қажетгі жағдай — банктің менеджмент сапасын нығайту мен банктің ағымдағы қаржылық
жағдайын бақылап отыру үшін Ұлттық банктан тұрақты бақылаушыларды ендіру болып табылады.
4. Банк жүйесінің бухгалтерлік есепбі мен статистикасын реформалауды аяқтау. 1995 ж. орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасының банктері мен басқа да несиелік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөніндегі біртұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есептің реформалануы аяқталады.
Бағдарламаның қызмет ету аралығында ұлттық шоттар салықтык-бюджеттік, төлем балансының, қаржылық нарықтық статистикалары үшін маңызы бар жаңа ақпараттарды қалып-тастыруға мүмкіндік беретін екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банктің жаңа шоттар жоспарын толығымен ендіру аяқталды, әрі олар ақша-несиелік саясатты жүзеге асыруда нормативті ережелердің орындалуын бақылау, жоспарлау және талдауда, сонымен бірге қаржылық құралдарды нақты пайдалану бойынша шешімдер қабылдауда қолданылуда. Айтылған жұмыс сәйкес нормативті бағаны құрумен және персонал дайындаумен, қайта дайындаумен жүргізіледі.
Бұнымен қатар жаңа бухгалтерлік есеп жүйесіне негізінен банктік қызметте ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі тауарлы нормативтік база жетілдіріледі.
Орта мерзімді бағдарламада, сонымен қатар, статистикалык көрсеткіштерді салыстыруды қамтамасыз ететін және халықаралық тәжірибеде қабылданған, банктік, ақшалай көмек беретін жаңа шоттар жоспарына сай екінші деңгейдегі банктердің статистикалық есеп беруінің жаңа нысандарын ендіру және жетілдіру қарастырады.
5. Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқармаларының мақсаттары.
Орта мерзімдік кезеңде банктің облыстық (аумақтық) басқармаларына айрықша мән беріледі. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық банктің облыстық басқармалары аркылы жүзеге асырлады.
Облыстық басқармалар қарыз алушы банкке орталықтандырылған несиелік ресурстарды жеткізу — олардың максатты пайдалануына бақылау жүргізуді жүзеге асыруды қоса алғанда, бекітілген жоспарлы шаралар негізінде облыс аумағы бойынша ¥лттық
банктің ақша несие саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Еліміздің аймағын қоса алғанда, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының ары қарай дамуы қарастырылуда; Ұлттық банктің облыстық басқармаларына облыстық аумақты осы нарықтың нақты қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жауапты міндеттемелері артады.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары төлем жүйесін жетілдіру жөнінде күрделі жауапты міндеттемелерді шешетін болады. Олар аралық және ұзақ мерзімді төлем жүйесін құруға сондай-ақ оның әрекет етуіне нақты және тікелей ықпал ететін болады.
Орта мерзімді кезеңде Ұлттық банк басқармасының жұмысы әлдеқайда кеңеюі келесілерде қарастырылады: валюталық нарықтың дамуы, яғни облыстық аумақтарда шетел валютасын айырбастау пунктерінің санының өсуі.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз аумағында екінші деңгейдегі банктерде де және Ұлттық банктің басқармаларында да бухгалтерлік есеп және есеп беру реформаларын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Қолма-қол ақша айналымының кең таралуы жағдайында Ұлттық банктің облыстық басқармаларымен қолма-қол ақша жөнінде қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады. Бұл бағытта банкноттар мен монеталардың резервін құру, оларды сақтау және тасымалдауын қамтамасыз ететін шаралар қолдануыға тиіс.
Орта мерзімді кезеңде облыстық басқармалар мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалу қызметін Қаржы министрлігінің қазынашылығына берумен байланысты күрделі құрылымдық қайта құру жұмыстарын жүргізуді қарастырады.
6. Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі — ломбардтар, несиелік бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, клиринтік палаталар, т.б. түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.
Екінші деңгейдегі банктер капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі тиіс және корпоративті бағалы қағаздарға
күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша дилерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады.
Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, өздерінің белгіленген өзіндік қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банктер пайда болады және олардың қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.
Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банктерге: Экспортты-импорттық банк, Тұрғын үй-құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.
Ондай банктердің қатарында Халықтық жинақ банкі де бар, әзірше ол халыққа қызмет керсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болады. 1998 жылдан бері, оның салымшыларымен акционерлеу басталды.
Қазақстан Республикасы Экспорт-импорттық банкі (Эксимбанкі) Үкіметтің құрылымдық-инвестициялық саясатына жәрдемдесу және елдің тұрақгы экономикалық өсімін арнайы бағдарламаларға дайындап, оны жүзеге асыруға, сондай-ақ қаржыландырудың саудалық және жобаларын таңдап алу арқылы елдің бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында құрылған банк болып табылады.
Эксимбанк шетелдік және отандық тікелей және портфельдік инвестициялар үшін тиімді каналдарды қамтамасыз етеді және кепіл қызметін жүзеге асырады, инвестициялық және қаржылық агентті, сенім жүктелген тұлға (бірінші кезекте үкіметке қатысты) және дилердің қызметтерін жүргізумен қатар, бағалаумен тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.
Үкіметгің құрылымдық-инвестициялық саясатын жүзеге асыру үшін керекті ішкі қаржылық ресурстар кірісінің көбеюі мен қызмет етуінің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Эксимбанкті акционерлеу туралы және алдыңғы қатардағы шетел банктері мен халықаралық Қаржы министрлігі кепіл болатын, оның облигацияларын эмиссиялау туралы шешім қабылдады.
Тұрғын-үй құрылыс банкінің атқаратын негізгі қызметтері: коммерциялық құрылысшылар жүйесі арқылы тұрғын-үй құрылысын несиелеу; халық үшін тұрғын-үй жинақ шоттар жүйесінің құру; ипотекалық несиелеу жүйесін құруда көрініс табады. 1998 ж. бұл банк Центркредитбанкпен бірігеді.
Сауықтыру банкі 30-40 ірі қарыз-кәсіпорындарды елдің қаржылық жүйесінен бөліп алып, олардың міндеттемелерін өтеуге және тарату немесе жекешелендіру, кейіннен санациялау арқылы қайта құру жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Сауықтыру банкі жүргізетін қаржылық жағдайы нашар мемлекеттік кәсіпорындарды тарату және қайта кұру, сауықтандыру қаржылық-экономикалық механизмі: қаржылық-экономикалық, ұйымдастырушы-шаруашылық және басқа да шаралар мен процедуралар кешенін қамтиды. Осыларға сәйкес, бұл банк өзіне кредитор ролінің берілуі көзінен төлем төлеуге қабілетсіз кәсіпорындардың қызметін өміршендік деңгейіне дейін көтеру мақсатында қаржыландыратын болады. Егер өміршендігінің нақты болашағы болмаса, кәсіпорындар өздерінің мерзімі өтіп кеткен қарыздары мен бюджетке ауыртпашылық түсіретін болса, оларды еріксіз таратады.
Банктік жүйенің аумақты дамуының бір қалыпты еместігін ескергенде, Қазақстанның үлкен аумағында банктік инфракұрылымының дамымауындағы мәселелерді шешудің мүмкін болатын бірден-бір әдісі — пошта, мемлекет немесе басқа да банктер тарапынан бақыланып отыратын банктік қызметтің жеке түрлерін көрсететін пошталық бөлімшелердің желілерін қолдану болып табылады.
1998 ж. Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкі «Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшуі туралы» ережесін қабылданады. Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктердің отызы бірінші топқа кірді әрі олар 1998 ж. соңына дейін халықаралық стандарттарға өтуі тиіс, ал қалған отыз банк екінші топқа кіреді, оларға 2000 ж-ға дейін халықаралық стандарттарға өту жүктеледі. Қалған 17 банктер несиелік серіктестіктерге, не олар ірі банкгермен қосылуына болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Рес-публикасығы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес Ұлттық банкке банктік аудитті лицензиялау қызметі жүктелген. Үлттық банк банктік аудитті лицензиялауға байланысты нормативтік құжатты жасады, онда банктік аудиторлардың жауапкершілігі анықталады және жоғары талаптар қойылады.
Банктік жүйенің тұрақты элементінің бірі — депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орайда Ұлттық банкпен, Банктердің ассоциациялары және Қаржы министрлігі бірлескен түрде депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесін қалпына келтіру тәртібі және шараларын анықтайтын нормативтік базаны жасауда жұмыс жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру қоры, мемлекеттік бюджетпен қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі банктердің ерікті бірігуі негізінде, яғни қатысушылардың қосқан қаражаттары есебінен қүрылады.
7. Ұлттық банк еліміздің қаржылық нарықтарының дамуына қатысуы.
Несиелік нарық. Нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар мен операциялардың әрдайым өсу тенденциясын және бюджет тапшылығын тікелей несиелеу аясының қысқаруын ескере отырып, Ұлтгық банкі екінші деңгейдегі банктердің несиеге деген қысқа мерзімді қажеттілігін өтеуге баса назар аударады. Бұл орайда жоғарыда айтылған себептерге байланысты аукциондық несиелердің ролі әлдеқайда төмен. Лом-бардтық несие де маңызы болмайды.
Банкаралық ақша нарығы. Банктерді капиталдандырудың күшеюі, Ұлттық банктің несие беру мүмкіндігінің азаюы және онкольдық қарыздар нарығындағы банктердің қызметін ретгейтін ережелерді бекіту — банкаралық ақша нарығында операциялардың көбеюі мен белсенділік танытуына әкелді. Осы тенденция орта мерзімді кезеңце сақталады. Бұл жағдайда орта мерзімді бағдарламаны жүзеге асыруда Ұлттық банктің ең негізгі мәселесінің бірі сол нарықтың әрі қарай жоғары сапалы деңгейде дамуы болып табылады. Банкаралық ақша нарығының дамуы банктердің уақытша бос ресурстарын сатудағы немесе өтімділікке деген қысқа мерзімді қажеттіліктерін ұйымдасқан түрде өтеуге мүмкіндік береді.
Валюталық нарық. Алдағы уақытта өз дамуын алады. Биржадан тыс валюталық нарықтың белсенді дамуын ескергенде атаулы айырбас бағамы белгілі бір шамада нарықтық жағдайлармен анықталады. Ұлттық банктің интервенциясы сұраныс пен ұсыныстың қысқа мерзімді және маусымдық ауытқуларын бір қалыпқа келтірумен шектелуі және ақша базасы бойынша параметрлерді сақтау қажетті деңгейде өтеді.
Бұл орайда айырбас бағам саясатын еліміздің экономикасынын экспортты және импортгы алмастыратын салаларының максималды дамуына әкелетін бәсекелестік жағдайларын құру бағытында жүргізеді.
Валюталық нарық банкаралық нарықтың валюталық тәуе-келдіктерді сақтандыру құрамының дамуы және форвардтық валюталық мәліметтерді кеңейту бөлігінде тереңдету бағытында дамиды.
Қымбат металдар нарығы. 1995 ж. қымбат металдармен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарын қа-былдауға байланысты республикамызда бұл қатынастарды мемлекеттік монополиядан мемлекеттік реттеуге көшу жүзеге асырыла бастады.
1995 ж. 20 шілдеде Қазақстан Реепубликасы Президентінің № 2372 «Асыл тастармен, қымбат бағалы металдармен байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» қабылданған Жарлығына сай Ұлттық банк қымбат бағалы металдармен жасалатын алғашқы сауда процедураларын өңдейді және игереді. Негізгі міндеті алғашқы саудалар жүргізу мен ұйымдастырудағы, сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру, қымбат металдар үшін есеп айырысу тәжірибесін жетілдіру, сонымен бірге алғашқы сауданы жүргізу ережелеріндегі бөлек ережелерді нақтылау бойынша ұсыныстарды дайындау сияқты т.б. іс-тәжірибе жинақтау болып табылады. Мұндай жұмыс алдағы уақытта да жүргізіледі. Онда өкілетгі банктердің саны өседі, сонымен бірге сауда-сатгыққа қатысатын басқа занды тұлғалардың да саны еседі.
Ұлттық банк әр түрлі меншік түріндегі тұтынушыларға аффинирленген (тазартылған) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы металдардан еркін нарықтық баға бойынша өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сату бойынша операцияларды бастауды көздеп отыр. Өз иелігінде өнім және қымбат бағалы металдар бар заңды және басқа да тұлғалар екінші нарықта сатушы ретінде қатысуы мұмкін.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. Мемлекеттік қа-зынашылық міндеттемелер (МҚМ) серпінді қалыптасуы және әрекет етуі тәжірибесі оның едәуір өсіп, іс жүзінде мөлшері жағынан
валютамен салыстырарлық және операцияларының көлемі жөнінен несиелік ресурстардан асып түсетін дербес қаржы нарығына айналды. МҚМ табысты тартудағы жоғары сенімді құрал және екінші нарықта операциондық бір күн шеңберіндегі сол бойынша есеп айырысу мүмкіндігінің болуымен ғана емес, сонымен қатар, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің адекватты іс-әрекеттері арқылы нарықта салыстырмалы алдын ала айтылатын әрі тұрақты жағдайды қалыптастыруы: көптеген дилерлер мен инвесторларды сондаға активті операцияларға итермелеуі де оның қатысушыларының сәйкесінше, жұмыс деңгейінің өсуімен бірге қарастырылады.
Үкіметтің жоспарлап отырған экономиканы тұрақтандыру бағдарламасы және оны ары қарай өсуіне жағдай туғызуы -Қаржы министрлігінің ұзақ мерзімді айналысқа бағалы қағаздарды шығаруына әкелді. Кейбір мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы орналастыру көлемі — 3, 6 және 12 айға дейін ауысады. 12 ай мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар 1996 жылдың сонынан бастап мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер нарығының ажырамас бөлігі болды.
1998 ж. соңына қарай мемлекетгік қазыналық міндеттемелермен қатар, мемлекетгік пайыздық бағалы қағаздардың басқа да түрлері 1-ден 3 жылға дейінгі айналыс мерзімінде шығарылады.
Уақыт талабына сай. сенімді әрі қорғалған төлем жүйесінің түбегейлі жетілдірілуі.. мемлекетгік бағалы қағаздар бойынша технологиялық база дұрыс жолға қойылуы өз кезегінде нарықтың географиясын, айлық бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру көлемін бірден өсіріп, потенциялды инвесторлар, мамандандырылған қатысушылардың санын да кеңейтуге мүмкіндік береді.
Алғашқы нарықтың кеңеюіне қарай Ұлтгық банк ақша-несие саясатына әсер ететін, ашық нарықта операцияларды әлдеқайда белсенді жүргізуді және банктердің өтімділігін дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағалы кағаздардың қайталамалы нарығы да дами түсті. Бұл жағдайда 1996 ж. Ұлтгық банк тәжірибеге мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу үшін РЕПО операцияларын енгізді.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өтімділігінің жоғарылауына алғашқы делдалдар өз офистеріндегі нақты
уақыт режимін бағдарламалық және есеп айырысудың электронды жүйесімен қамтамасыз етуін және жетілдіруін аяқтауға ықпал етті.
8. Төлем жүйесінің жетілдірілуі- Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жетілдірілуі мен дамуы — Ұлттық банк пен Халықаралық валюталық қор және Дүниежүзілік банктің бірігіп анықтаған стратегиясымен жүргізіледі. 1995 ж. басталған төлем жүйесін дамыту аяқталды. Қабылданған төлем жүйесін құру және жаңарту стратегиясымен сәйкес мынадай екі кезең: біріншісі — республикада төлемдер мен есеп айырысу жағдайын жақсартуға көмек беретін аралық төлем жүйесін құру; екіншісі — ұзақ мерзімді төлем жүйесін ендіру аяқталды.
Аралық төлем жүйесі (АТЖ) негізгі үш жүйеден тұрады:
— Қазақстан Республикасының барлық аумағында Ұлттық банктің ақша-несие саясатын неғұрлым тиімді жүргізуге және екінші деңгейдегі банктерге қаржылық нарықта олардың орналасу орньша қарамай жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін нақгы емес уақыттағы аударымдар жүйесі;
— төлем құралдарының жиынтығы бойынша облыстық деңгейде, сондай-ақ елімізді тұтастай алғанда қарама-қарсы төлемдердің өзіндік есебін жүргізуін 3 күн ішіндегі есеп айырысуды қамтамасыз ететін үшінші жақтың аударым жүйесі. Бұл жүйе негізінен аз сомаларды аударуға негізделеді.
— Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өтімді қайталама нарығының тиімді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағалы кағаздар бойынша есеп айырысу жүйесі.
АТЖ ұзақ мерзімді төлем жуйесін ендіргенге дейін жұмыс істеді, АТЖ-ны ендірумен бірге жоспарланған ҰТЖ-ның талаптарына жауап беретін қажетті инфрақұрылым болуы тиіс әрі оны ендіруде және ақпаратпен қорғаудың қажетті деңгейімен қамтамасыз етуді жүзеге асыруда көп шығындарды талап етпейтін, осыған орай АТЖ мүмкіндігінше жеткілікті, икемді техникалық және бағдарламалық құралдарына негізделген болуы керек.
АТЖ екінші деңгейдегі банктер жұмысының жаңа жағдайларына дағдылануларын және жаңа бухгалтерлік шоттар жоспары мен бір корреспондеттік шотқа көшуді жүзеге асыруға көмектесуі керек.
Сонымен бірге, бұл кезеңде төлем жүйесі арқылы есептелетін және әрбір облыста бір қор шоттары болатын бюджеттік банктің бөлінуі болады.
АТЖ-ны құрастыруда қазіргі кезде республикаға тән және тиімді шешімдерді жасайтын өзіндік ерекшеліктері ескеріледі.
АТЖ құру бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстағы филиалдары мен Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) құрылған. Ол бастапқы кезеңде — Ұлттық банк, кейін құрылтайшысы екінші деңгейдегі ірі коммерциялық банктерден болатын жабық түрдегі акционерлік қоғам болды. ҚБЕО Қазақстан Республикасындағы ұсақ төлемдер жүйесі мен ірі төлемдердің аударым жүйесін қоса алғанда Қазақстан Республикасы бойынша есеп айырысу және барлық төлемдерге жауапты, әрі республикада қолданылатын төлем құралдарының барлық спекторын өндеп, жаңаларын ендіруі керек.
Ұзақ мерзімді төлем жүйесін (ҰТЖ) құрудағы негізгі міндет — банк және қаржы секторларының сол күні есеп айырысуды аяқтайтын мен төлем жүйесінің қауіпсіздігі мен тиімділігіне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 1997 ж. сонында ҰТЖ құруды — АТЖ-ның қатар жұмыс істеуі жағдайын да аяқтау қарастырылды. ҰТЖ сон-дай-ақ, Қазакстан Республикасы бойынша қаржы нарығының, мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының, т.б. толық қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс.
ҰТЖ-ның негізінде екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банк үшін жаңа шоттар жоспары, жаңа төлем құралдары мен нормативтік база болуы керек. Электронды түрде алынған төлем құжаттары жалпы қабылданған әлемдік стандарттарға сәйкес болып, жоғары өндірілген техникалық құралдар мен қазіргі кездегі бағдарламалық қамтамасыз етуге банк бөлген қаражаттарға есептеуші техниканың қажетгі кұралдарын сатып алу, бағдарламалық өнімді сатып алу және жетілдіру, персоналды оқыту жолдарымен ҰТЖ-ға қажетті инфрақұрылымдар құрылды.
ҰТЖ-ға қатысушыларының арасында ақпараттарды беру үшін телекоммуникациялық орта ретінде Ұлттық банк шығарған
(Х.25) (ВАNRNET) қаулысы бойынша коммутация пакеттерімен мәліметтерді беру желісін қолдану қарастырылады. Қазақcтан Республикасының банктік және қаржылық мекемелері болады және ол сенімділік, өндіргіштік және ақпараттық қауіпсіздік бойынша барлық қазіргі кездегі талаптарға жауап беретін болады.
ҰТЖ-ның операторы ҚБЕО болуы тиіс. ҰТЖ-ның тікелей және ассоциацияланған деп бөлінетін қатысушыларына мыналар жатады: екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық банк және банктік емес қаржылық мекемелер. Төлемдердің көлеміне тікелей қатысушыларды анықтау (Қазақстан бойынша төлемдердің жалпы көлемінен пайызбен) жарғылық қордың көлемі, банктің тұрақтылығы мен беріктілігі, техникалық талаптарға сай келу мүмкіндіктері, т.б. негізделуі тиіс. Ал ассоциацияланған қатысушылар өздерінің қызметтерін тікелей қатысушылар арқылы жүзеге асыруда.
Ірі төлемдер жүйесі гросс-есеп айырысу қағидасында жұмыс істеуі керек. Жүргізілген операциялардың бухгалтерлік есебі Ұлтгық банкте күн соңында бір рет жұмыстарының нәтижесі бойынша тікелей қатысушылардың есеп айысу шоттарында жүзеге асырылады.
Ұсақ төлемдер жүйесі төлемдер құралдарына тәуелді клирингтік цикл аралығында аздаған соманың үлкен көлемдерін өндеуі керек. Бұл жерде ірі төлемдер жүйесі арқылы есеп айырысуды келесі күні жүргізумен нетто — есеп айырысу қағидасын ұсынады. Ол бойынша басқа аймаққа арналған және ұсақ төлемдер жүйесінде бір айға ендірілген төлемдер — алушының аймағындағы шоттарда ғана көрініс алады. Әрбір тікелей қатысушы үшін ағымдағы мерзім мен есеп айырысу мерзімі сәйкес келетін барлық төлем және берілген аймақ бойынша таза позиция есептелінеді. Ол есеп айырысу шотынан-аймақтық есеп айырысу шотына қаражаттарды аудару жолымен таза дебиттік позициясы бар қатысушылар үшін келесі күн аралығында жабылуы тиіс. Ал таза кредиттік позициясы бар банк қаражаттарды аймақтың есеп айырысу шотынан — есеп айырысу шотына аудара алады.
ҰТЖ электрондық түрде өндейтін өндеудің мынадай 3 орталығынан тұратын болады: Алматы, Ақмола және Ақтөбе. Мұндай жүйеге қол жеткізу құқығына ереже бойынша банк-
Қазақстанның банк… 203
тердін тек бас офистері ғана ие. Егер қандай да бір банк өзінін өкілетті филиалына ірі төлемдерге қол жеткізуіне құқық беретін болса, онда өкілетті филиал есеп айырысу шотындағы қосалқы (субшот) шотқа ие бола алады. Сөйтіп, барлык банктер бойынша позиция бақыланып отырады, ал ірі төлемдер жүйесінде төлемдерді жіберуге оның өкілететгі филиалдары құқықты болады.