Баланың кемістігі және оны толықтыру
Баланың кемістігі және оны толықтыру. Адамның жеке басын біртұтас организм деп қарастыратын психологаялық жүйеде кемтарлық орнын еселеп толықтыру жайындағы мақсатты ой басты орын алады.
Осы орайда В.Штерн менің организміме әеер етпеген нәрсе мені қуаттандырады да, оған қарсылықты күшейтеді, әлсіздіктен күш пайда болады, ал кемістіліктіктен қабілеттілік артады дегең тұжырым жасайды (В.Штерн, 1923, 145 б.) Еуропа мен Америкаға кең тарап, өз ықпалын барынша жүргізген психологиялық бағыт Австрия психиатры Адлер мекгебі дамыткан жеке адамның психологиясы немесе адамның дара басынын психологаясы деп аталатьш белгілі бір жұйеге біріктірілген психика жайындағы ілім. Адам организміндегі кемістікті толықтыру деген түсінік органиқалык процестерге тән жоғары қасиет және мұндай қасиет заттык дүниенің негізгі заңдарымен байланысты. Біздер орнын толықтыру туралы биологиялық теорияны әлі де жете білмейміз. Бірақ органикалық тіршпііктін -жеке салаларында мұңдай кұбылыстар жете зерттеліп, практика жұзінде қолданылып, орнын толықтыру жайындағы түсінік адам өмірінде ғылыми жағынан анықталып отыр.
Балаға шешек ауруына қарсы дәрі жіберіп, оны егетін болсақ, онда бала ауруды жеңіл түрде көтеріп, келешекте шешектен жазылғаннан кейін ол бұл аурумен ауырмайтын болады. Оның организмінде ауруға қарсы иммунитет пайда болып, бала организмі бұл ауруға бұрынғыдан да төзімді болып қалыптасады. Мне осы ауруға қарсы егілетін дәрінін қуаты бала организмін нығайтып, оның бойында қалыптасқан иммунитет организмді еселеп толықтыру немесе кейбір авторлардың атағанындай қайта толықтыру де аталады. Егу нәтижесінде бала органимінің түрлі ауруларға қарсылык реакциясын күшейтіп, күш-қуатын арттыра түседі. Сонын нәтижесінде организмге түрліше әсер ететін зиянды заттарға қарсы тұратын қорғаныс реакциясы жасалады. Біздер адам организмінде жасырын түрдегі күш-қуат қоры бар екендігін және ол ішкі байланыстардан құралатынын білуге тиіспіз. Ондай күш хауіп төнген кезде өзара бірігіп жинақталып, төтенше хауіптен сақтауға даяр тұрады. Қанның ақ түйіршіктері сол ошақта барынша көп жиналады. Міне мұны біз кемістік орынды еселеп толықтыру дейміз. Туберкулезбен ауырған адамның организміне туберкулеинді еккенде оның организмде еселі толықтыру қабілетін арттырады деген үмітте болады. Алайда организм шамадан тыс тітіркенуге реакңиясынын тең еместігін және еккеннен кейін организмнің қорғану қабілеті артып, оны медицина мен педагогикада емдеу мен тәрбиеде қолданады. Бұл құбылыс психологияда психиканы адам организмімен біртұтас процесс ретінде зерттеуге жол ашты. Бұл салада психотехниканың дамуына орай адамның әр алуан іс-әрекеттеріндегі жаттығулар мен оларды меңгеру процесінің қалайша жүзеге асатынына мысал бола алады.
Автор адамнын брйындағы түрлі аурулар мен жарақаттану себептерін жетіспеушілікке ұшыраған мүшелерінің қиметін дамытып сыртқы ортамен күреске түседі, сөйтіп кемістіктерін толыктырып отыратындығына баса мән берген (А.Адлер, 1927). Мұндай күрес адамньщ ауыр науқасқа ұшырауы мен өлімге қарсы күресімен ұштасып отырады. Бұл күресте орын толықтырутырудың жоғарғы қабілеті адамның өз бойында сақталады. Сондай-ақ ауыр науқаска душар болған адамдардан жүп мүшелерінің бірін (бүйрегін не өкпесінін біреуін) алып тастағанда оның сыңары жүп мүшенің кызметін қоса атқарып, жоқ мүшені компенсациялайды немесе оны толықтырады. Ал орталық нерв жүйесінің қызметі жетіспейтін мүшенің қызметін ретгеуге ықпал етіп, онан әрі жетілдіре түсуге бейімдейді.
Адамның өзінің белгілі мүшелерінің кемшілігін сезінуі оның психикасының дамуына себепші болады деген О.Рюле пікірін қолдай отырьш, Адлер жалпы даму процесінін үздіксіз екендігіне назар аударады (1926, 10 б.).
Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындары қозғаушы күшке айналып, бойындағы кемшілікті жетілдірудің басты шарасына айналады. Сөйтіп оның дарындылығы, талапкерлігі өрістейді. Осы бағытта ертедегі грек жұртының шешені Демосфен тіл кемістігін жетілдіру үшін тілінің астына ұсақ тас салып, тауда, теңіз жағасына барып өзінше сөйлеп жаттыққан. Кемелдену үшін көптеген кедергілерді жол білген. Сөйтіп ол заманының әлемге әйгілі шешені болған. Өз организмін жетілдіру жолында көптеген қиыншьшықтарды жеңіп отыруға аянбай күш жұмсағандарды біздер тарихтан жақсы білеміз. Мысалы, оларға А.В.Суворов, Л.В.Бетховендерді жатқызуға болады. Ал КДемулен деген кекеш атақты шешендік дәрежеге жеткен. Соқыр әрі мылқау Е.Келлер тіршілік азабын табандылықпен жеңіп, атақты жазушы болған.
Бұл ілімді меңгеруде мынадай екі түрлі жағдайға ерекше зейін аударуды қажет етеді. Біріншіден, немістің социал-демократтары ортасында материалистік ілімімен ұштастырылса, екіншіден, педагогакамен, тәрбие теориясы және практикалық іспен өзара байланысты деп қарастырылады. Біз жеке адамның психологиясы мен маркстік іліммен қаншалықты байланысты екендігін нақты дәйектеп айта алмағанмызбен бұл мәселені өз алдына зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, материалистік ілім мен Адлердің көзқарасы түрліше болганымен оларды диалектикалық материалистік философия тұрғысынан алып қарағанда осы екі бағыттың қатарынан қарастырылуына нендей себеп болғанын анықтауды талап етеді.
Фрейд мектебінен бөлініп шыққан бұл социал-демократтардың өзіндік саяси және әлеуметгік көзқарастарында психоаналитиктерден елеулі айырмашьшықтары болса керекті. В.Виттельстің ойынша Адлер мен оның тоғыз серігінің пси-хоаналитиктер үйірмесінен қол үзуі, олардың саяси және әлеу-меттік көзқарастарында жік шыққандығын көрсетсе керек. Адлердің тоғыз жолдасы да социал-демократтар болған. З.Фрейт; қалайда өз ілімін қоғамдағы үстемдік еткен таптардың мүлдесіне қарай бұрып отырғаны мәлім. О.Рюле (1926, 5 б.) Адлер зерттеулері революциялық сипатта болып, ол материалистік әлеуметтік революция іліміне ұқсас болды деген пікір айтады. Маркстің пікірі мен Адлердін ілімінің мақсаты пролетриат балаларының психикасын талдауға арналып, оны әлеуметтік өмірмен ұштастыру міндеттерін қойды.
Демек, осы аталған екі түрлі жайттың мәні адамның жеке басының психологиясын зерттеуге бағытталғанын көрсетеді. Бұл мәселе ең алдымен жаңа ілімнің диалектикалық сипатын көрсетсе, екіншіден жеке адам психологиясының әлеуметтік негізіне сүйенеді. Адлердің ойы диалектикалық көзқарасты жақтап, адам психикасының дамуында қайшылық болып отыратындығын атап көрсетеді. Кемістік, икемсіздік, әлсіздік тек жетімсіздік қана емес, сонымен бірге ондай ерекшеліктер адамның бойындағы кемістігін толықтырып отыруға жетелеуші фактор дейді.
Адлер адам бойындағы жетіспеушіліктің диалектикалық өзгеруіндегі психологиялық заңдылық оның өздігінен сезініп, сол кемістіктерінің орнын толықтыруға ынталану әрекеттері деп түсіндіреді (Адлер, 1927, 57 б.)-Бұл көзқараста психологияны биологиямен, әлеуметгік ғылыммен жақындастыру ниеті айқын байқалады. Өйткені ғылым диалектикалық жолмен дамиды. Ч.Дарвиннің көзқарасы бойынша тіршілік ету күрес және ол сұрыптау арқылы дамитындығын айтқан-ды. Адлердің көзқарасы маркстік идеямен үндесіп, белгілі мақсатқа жету міндет етіп қойылды. Совдыктан жоғарғы мақсат-мүлде төменгі қарапайым қимыл-қозғалыстан мақсатты ойға қарай өрбиді.
А.Б.Залкинд көрсеткендей жеке адамның психологиясы оның мінезіне келгенде биологиялық тепе-теңдікті сақтай алмай Фрейдтің іліміне қарсы қойылды. Өйткені адамньщ жеке басының дамуы мен мінезінін қалыптасуына күшті ықпал етуші әлеуметгік орта болып табылады. Жеке адамның психологиялық даму процесінде шешуші маңызы бар фактор әлеуметгік жағдай кеңдігін қостай отырып, А.Адлер, Э.Кречмер айткан пікірді де бекерлейді. Кречмердің адамның дамуы мен оның мінез-құлқының өріс алуы дене құрлысына, оның туа біткен бойындағы биологиялық ерекшеліктеріне тәуелді дейтін түсініктерін жоққа шығарып, Адлер адамның даралық қасиетгерінің бәрі қоғамдық өмірді ыңғайымен, әлеуметтік болмыстың әсерімен өзгеріп оты-рады деген кесімді ойын айтады. Сөйтіп ол Фрейдтің адам мінезінің типтері жөніндегі көзқарасын да бекерлеп, оның кертартпа пікіріне де қарсы шығады,
Кез келген организмнің тіршілігі биологиялық жағдайға бейімделген. Ал адамның тіршілік бейнесі әлеуметтік жағдайдың талаптарына бағытталған. Осы орайда Адлер біздің көздеген мақсатымызға жету үшін ойланып-толғанамыз, сезіп білуіміздің бәрі де қажеттілігімізді қанағаттандыру болып саналады дейді. Соған орай адам әрқилы іс-әрекет түрлерімен щұғылданып, сол әрекетгер жайында ойланады. Сондай-ақ Виттельстін айтуынша педагогика Адлердің психологиясын жүзеге асырудын құралы болып табылады.