1995 ж. Қазақстанның банктік жүйесін реформалау бағдарламасы
1995 ж. Қазақстанның банктік жүйесін реформалау бағдарламасы. Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі бол жанған:
— Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай-несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған ¥лттық банктің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді;
— экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлтгық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
— банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздык мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлтгық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
— республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;
— шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің қауіпсіз, уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;
— орта және ұзақ_ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялык емес несиелеу жүйесінің негізін калау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды.
Ең алдымен ақша-несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлтгық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден қойды, оларға: банктердің өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.
1995 ж. бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, екінші жартысында операциялардың барлық ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші ңарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк айңалысқа бағалы қағаздарды шығару (нота) жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды.
1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің позитивті нақты бағытын ұстап тұрды. Инфляция қарқынының төмендеуіне байланысты ол да төмендеді және керісінше инфляцияның өсуі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді. Инфляция қарқыны 1995 жылдың қаңтарында 8,9%-дан 2,4%-ға дейін төмендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45%-ға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4%) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5%-ға дейін арттыруына мәжбүр етті.
Бұл өзгерістер өз кезегінде екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініс алды.
Ақша массасының көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі міндетті резервтер деңгейі, 1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің деңгейінің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері үшін төлемдік принципін сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 25% деңгейде қалды.
1995 ж. Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарыктағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995 ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер -0,8 млрд теңге көлемінде айналысқа шығарылды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар — 2,2 млрд теңгені құраған.
Ұлттық банк жургізген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың қысқа мерзімді өзгерістерінен туындайтын теңгенің алмастыру бағамының (динамикасьш) қозғалысын реттеуге бағытталған. 1995 ж. қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түріндегі Ұлттық банктің интервенциясы оларды нарықга сату формасындағы интервенциясымен сай келді.
1995 ж. екінші жартысында өтімді нарық кұруда Ұлтгық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорынның ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.
1995 ж. алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 ж. сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.
Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен кымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді. Сонымен катар әр түрлі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар жүргізді.
Мұндай ақша-несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 жылы монетарлық бағдарламаға жүктелген параметрлер негізінен орындалды. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын (1994 ж.) 24,1%-дан (1995 ж.) 4,8 %-ға дейін төмендеуге әкелді, әрі шетел валюталары бойынша теңгенің бағамы тұрақтанды. Ұлтгық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты экономикалық тұрақтануына жақсы жағдай туғызды. Жалпы ішкі өнімнің құлдырауы (1994 ж. 23,7%) 9%-ға дейін төмендеді. 1997 жьшмен салыстырғанда экономикалық бірқатар салаларда өндірістің өсуі байқалады. Сауда балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.
1995 ж. ел экономикасын сауыктыру мақсатында макро-экономикалық реттеу мен ақшалай-несиелік және салық бюджеттік саясатты үйлестіру ісінде Ұлтгық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы қатынастары беки түсті. Соның нәтижесінде, Қаржы министрлігінің өзара байланыс практикасы жақсарды, қаржылық қарым-қатынастар тәжірибесі келтірілді, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің аукциондарын өткізу бойынша Қаржы министрлігі агенті функцияларының атқарылуы жақсарды, бюджеттерге кассалық қызмет көрсетуді Ұлттық банктен — Қаржы министрлігі қазынашылығына беру жөнінде дайындық жұмыстар жүргізілді.
Экономика талаптарына сай келетін жалпы қабылданған халықаралық қағидалар стандарттарды — тәжірибелік қызметке ендіруге көмек беретін шаралар жиынтығын көрсететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы бойынша күрделі жұмыс жүргізді.
Ұлттық банк тәжірибеге жаңа шоттар жоспарын, біртұтас баланс пен негізгі және көмекші бухгалтерия бойынша нормативті құжаттар, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесіндегі қажетті бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді енгізді.
Аталған жұмыс түрлерін автоматтық өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы аяқталды.
1995ж. банктік қадағалаудың әдістемелік базасының дамуын қамтамасыз ететін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар. жүргізілді, әсіресе мына бағыттарда: үмітсіз және күмәнді қарыздарды жабуға арнайы резервтер (провизия) қалыптастыру бойынша, банктерді консервациялау, банктерді ашудың жаңа тәртіптері бойынша, банктік операцияларды лицензиялауға банктерді таратудың жұмыс жасап отырған тәртібін өзгертуге және банктердің ашық валюталық пози-циясын енгізуге байланысты.
1995 ж. екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды. Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін), шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті.
Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды. Егер жыл басында 60% банктерде жарғылық қор 5 млн теңгеге дейін болса, 1996 ж. олардың саны 35% кем болды. 80 млн теңге және одан да көп жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіпбанктің санациясы аяқталды.
1995 ж. функционалдық (атқарымдық) арнайы мемлекеттік банктердің құрылуы жалғасты. Екінші деңгейдегі банк -Сауықтыру банкі құрылып, өз жұмысын бастады.
1995 ж. несиелік нарықтың даму ерекшелігі — несиелік аукциондарды әрі қарай жетілдіру болып табылады. Несиелік аукциондар ролі төмендеп, банкаралық ақша нарықтарының ролі артты.
1995 ж. қымбат бағалы металдар нарығынын дамуы басталды. 1995 ж. 20 шілдедегі № 9372 «Қымбат бағалы металдар және асыл тастармен байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы елімізде барлық өндіретін қымбат металдарды міндетгі сату жүйесінен оларды еркін сатуға көшуге рұқсат етеді. Бұрынғы КСРО республикаларының ішінде Қазақстан қымбат бағалы металдар нарығының ырықгандырылуына байланысты алғашқы қадамдарын жасады. Жеті банк қымбат металдармен операциялар жүргізуге уақытша лицензиялар алады. 1995 ж. желтоқсан айында алғашқы сауда болды.
Халықаралық стандартқа жауап беретін, адекватты заңдарға және қазіргі кездегі техникалық базаға негізделген тиімді төлем жүйесін құруда бірегей саясат жүргізу мақсатында 1995 ж. «Қазақстан Республикасының Ұлтгық жүйесін құру саласындағы ынтымақтастық және Ұлттық Төлем Кеңесін (ҰТК) құру туралы келісім жасалынды». ҰТК қызметінің негізгі бағыттары мынадай: қатысушылардың көп жақты мүдделеріне жауап беретін Ұлттық төлем жүйесінің жобасын қарастыруға қатысу; екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын реттеп отыруға және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға бағытталған әдістемелік ұсыныстарды енгізу халықаралық банктік жүйелерге шығу арқылы бірегей мемлекетаралық стандарттарға көшу; жүйенің қауіпсіздігіне, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуіне, Ұлттық төлем жүйесінің банк-қатысушыларының мамандарына кызмет көр-сету және оқытуға байланысты туындайтын әр түрлі пробле-
малардың шешімін табу.
Екінші деңгейдегі банктердің қаражаттарын тиімді пайдалану әрі олардың өтімділігін арттыру үшін ҚР Ұлтгық банктің жанынан Алматы клирингтік палатасы және Ұлттық банктің Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстық басқармаларында да клирингтік палаталар құрылды.
Қазақстан Республикасында төлем құралдарын тиімді пайдалануды жоғарылату үшін 1995 ж. Ұлтгық банктің бас-қармасымен келесідей: «Қазақстан Республикасында есеп айырысудың вексельдік жүйесі туралы уақытша ереже», «Банктік сервистік бюро туралы уақытша ереже», «Қазақстан Республикасы аумағында дебиттік және кредитік карточкаларды пайдаланумен байланысты шетел валютасындағы есеп айырысудың уақытша
тәртібі» нормативтік құжаттар дайындалып бекітіледі.Сонымен қатар, бұрын бекітілген нормативтік актілерді: «Қазақстан Республикасындағы чектермен есеп айырысу туралы ережесі», «Чектердің клирингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің клиринг палатасы туралы ереже», «Қазақстан Республикасындағы банкіаралық клиринг туралы ереже», «Үйымдастырылған нарықта онкольдық қарыздарды беру және қайтару бойынша операцияларды жүргізу туралы ережені» енгізуге байланысты жұмыстар атқарылды.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» және «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.
1997 ж. 6 наурызда «Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы», 1997 ж. 28 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы», 1997ж. 11 шілдеде «Банктік қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары қабылданды.