«Нива» жәке «Колос» комбайндарының » декасы мен аралық битері
Деканың астіалы механизмі. 20-шы параграфта «Нива» және «Колос» комбайндарының бастыру құрылғысында екі секциялы декалар қолданылатыны айтылған болатын. Оның аспалы схемасы 47-суретте көрсетілген.
Дека екі бөлшектен — негізгі секция 11 (бұрыштық алымы 101°) мен оське 12 топсалы жалғанған тіреуіштен (бұрыштық алымы 45°) тұрады. Негізгі секция аспаға 2, 9 орнатылған. Тіреуіш ойықпен 1 цапфаға 14 сүйенеді. Негізгі секциянын, барабан бойынша бастапқы орналасуын реттеу үшін аспаның 2, 9 ұзындығын
47-сурет. СК-5 және СК-6 комбайндарының аспа декасы механизмінің схемасы:
/ — дека тіреушінің саңылауы; 2 және 9 — аспалар; 3 және 8 — рычагтар; 4 — торсионды біліка , 5 — рычагты 7 түтік; 6 — сектор 10 және 12 — осьтер; 11 — негізгі секция; 13 — тіреуіш; 14 — цапфа.
өзгертеді Тіреуіштің алдыңғы ұшыні бастапқы тұрған қалпына қою үшіні цапфаның 14 молотилка кронштейні: бойынша орнын ауыстырады.
Аспа 2, 9 торсионды біліктің рычагына 3,8 бекітілген. Бұл білік- тер серіппелі бұралғандықтан екі деканың да біз мезгілде түсуін қамтамасыз етеді.
Аспалы механизмнің құрылғысы мен деканы реттеу 48-суретте көрсетілген. Дека мен барабан арасындағы қондырма (минимальды) саңылауды былайша реттейді: рычаг1 сектордың бірінші тісінде
48-суретте көрсетілгендей ұстатылады (48-сурет); реттеуші болт-
пен 12, 18 және цапфамен 15 суретте көрсетілгендей етіп деканың
негізгі секциясы мен саңылаулы тіреуішті орналастырады (кіре бе-
рісінде—18+-1 мм, шыға берісінде — 2+- мм, деканың негізгіі
секциясының алдыңғы планкасы мен барабан аралығында —
—14+-1 мм); осы саңылаулардың екі жағынан да дәлдігін тек-
середі; рычаг тілін 1 цапфалармен 18, 14 және шкаладағы 2
миллиметрмен сәйкестендіреді. Жұмыс процесі кезінде сектор
бойынша рычагтың орнын ауыстырғанда саңылауды мынадай-
шамада арттыруға болады: кіре берісінде 48 мм дейін, шыға бе-
рісінде 42 мм дейін, деканың негізгі секциясының алдыңғы план-
касында 46 мм дейін.
48-сурет. СК-6 комбайнының декасын реттеу механизмі:
1 және 8 — рычаггар; 2,7,9 жэне 10 — тартпалар; 3 — түтік; 4 — шпонка; 5 — торсионды білік; 6 — күйенте; 11— тіреуіш 12және 18 — реттегіш болт; 13 — саңылау; 14 — кронштейн;. 15 — цапфа; 16 — ось; 17 — негізгі секция 19 — саусақ.
49-сурет. СК-5 және СК-6 комбайндарының декасы:
а — дека тіреуіші; ә — негізгі секция; 1 — көлденең, планка; 2 — шыбықтар; 3 — саңылау; 4 — доғалы пластина; 5 — жақтау;
6-аяққы планка, 7- саусақты тор, 8- фартук, 9- бонка, 10- ұзартылған планка,11-ұзарткыш білеу, 12- аспаның осі.
Деканың құрылысы. Деканың негізгі секциясы мен оның ті-реуіші (49-сурет) берік пісіріліп ұстатылған конструкция болып табылады. Шеткі планканың 6 бүйірлері мен боногы 9 негізгі сек-цияның шектеулі енінен 4 мм асады, Осының нәтижесінде дека-
50-сурет. СК-6-ІІ-дегі екі барабанның декасын реттеу механизмі:
1 — бірінші барабан декасының саусағы; 2 —реттеуіш болт; 3, 5,8, 17 және 19 — тартпалар; 4, 6, 11, 14 және 16 — рычагтар; 7 — күйенте; 9 —шпонка; 10 жэне 13 ~ торсионды білік; 15 — рычагты түтік; 18 — қайырмалы болт; 20 — жапқыш; 21 — ось; 22 — цапфа.
ның молотилка панеліне салыстырғанда орын ауыстыру жағдайы жақсара түседі. Дека планкасының тесігіне шыбық 2 қойылған (онын диаметрі 6,4 мм, олардың арасының саңылауы 10 мм).
Негізгі секция мен тіреуіштің конструкциялық ерекшелігі сол, оларды қажет болған жағдайда 180° бұрып, жаңа қалпында ор-натуға болады. Мұндай қажеттілік планканың алдыңғы жиегі тоз-ғанда туындауы мүмкін.
Дека тіреуішінің алдыңғы планкасына қалқан бекітілген, ол молотилкадағы алдыңғы фартуктың қалқанымен бірге тас ұстау қызметін атқарады. Негізгі секцияның артқы жағындағы шеткі планкасына қайтарғыш фартугы 8 бар саусақты айырғыш тор 7 бекітілген.
Қос барабанды комбайндардың декасын реттеу. СК-5-ІІ және СК-6-ІІ қос барабанды комбайндары бастырылуы қиын, шығымдылығы жоғары дақылдарды жинауға арналған.
Екі барабан және екінші барабанның декасы да СК-5 және СК-б комбайндарындағыдай. Тек екінші барабанның білігі біршама ұзын және онда соққылауыш битердің жетек шкиві болуымен ерекшеленеді. Бірінші барабанның декасы СК-5 және СК-б ком-байндарының негізгі секциясының құрамды декасымен бірдей.
51-сурет. СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарында аралық битерді төменгі қалпына қойғандағы бастыру құрылғысы:
1 — бірінші (штифті) барабан; 2 — алдыңғы құндақ; 3 — аралық битер; 4 — артқы құндақ; 5 — екінші (соққы) барабан; 6 — тор; 7 — шомпол; 8 — бірінші барабанның жылжымалы штифті декасы; 9 — жылжымайтын айыру торы; 10 — тас тұтқыш.
Екінші барабанның декасын реттеуді де (кабинадан тыс) сыңыр барабанды молотилка сияқты атқарады. Бірінші барабанның декасын (50-еурет) алдымен ең кіші саңылау бойынша реттейді: кіре берісінде 14 мм және шыға берісінде 2 мм.
Екінші барабанды қағып кіргізгенде рычагты 14 ең төменгі қалпына қойып, оны секторымен шынжырдан ажыратады. Мұндай жағдайда шыға берісінде едәуір саңылау пайда болады.
СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарының бірінші (алдыңғы) бастыру құрылғысы штифті. Штифті барабанның декасы қозғал-майтын айырғыш тордан 9 және жылжымалы штифті декадан 8 тұрады (51-сурет). Барабан штифтінің ұшы мен тор бетінің аралығы 10 мм. Бұл саңылау тұрақты. Штифті дека тор астына орналасып, оның штифті тор тесігінде еркін орын ауыстырып тұруға тиіс.
Комбайнды жұмысқа әзірлегенде барабан штифті мен деканың өзара орналасуы дәл келуін тексеру қажет. Барабан штифті мен дека 30 мм жабылғанда, оның кез-келген жұбындағы бүйір саңылауы 5+-1 мм болуы тиіс. Бұл саңылауды азайту дәннің жармалануына әкеп соғады.
Аралық битер. Барлық қос барабанды комбайндарда аралық битерді екі түрлі жағдайда орналастыруға болады: төменгі (51және
52-сурет. СК-5-ІІ және СК-6-ІІ комбайндарынын аралық битері төменгі жағына орналаскандағы бастыру құрылғысы:
1 және 5 — барабандар; 2 және 4 — құндақтар; 3 — аралық битер; 6 — тор; 7 — шомпол; 8 — бір секциялы дека 9 — бағыттауыш қалқан.
не 52-суреттер) немесе жоғарғы (63 және 54-суреттер). Бірінші жағдайда масса битер арқылы (төменгі беріліс) өтеді, ал екінші- дебитер массаны өзінен асыра лақтырады (жоғарғы беріліс).
Заводта аралық битерді былайша орналастырады: СК-6-ІІ (СК-5-П)-де —жоғарғы, ал СКПР-6 (СКПР-5)-да — төменгі қалпында. Дәнді дақылдарды (күріштен басқасын) жинаған кезде осы битердің жоғарғы немесе төменгі қондырғысын (айырып елеуі жағынан әдетте жоғарғы беріліс едәуір тиімдірек) пайдаланады, Күрішті төменгі берілісте жинайды.
СК-5-ІІ және СК-5-ІІ комбайндарына орналастырылған аралық битердің симметриялы қалақшасы болады, соның нәтижесінде оның әсері айналу бағытына тәуелді болмайды. Ал СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарының аралық битері қалақшасының конструк- циясы белгілі бір айналу бағытына тәуелді келеді. Сондықтан СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарының битерін бір орналасу қалпынан екіншісіне ауыстырып салғанда, оны біліктен шығарып 180° бұрады. СК-5-ІІ және СК-6-ІІ комбайндарында бұлай істеуге болмайды.
53-сурет. СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарынық аралық битері жоғарғы жағына орналасқандағы бастыру құрылғысы:
1 — және 8 — барабандар; 2 және 6 — құндақтар 3 және 5 — бағыттауыш болттар; 4 — аралық битер; 7 — масақ шнегі; 9 — бөлгіш; 10 — соққылауыш битер; 11 — негізгі дека; 12 — дек тіреуіші; 13 және 15 — бағыттауыш тақтайлар; 14 — қалқан; 16 — шомпол.
Аралық битерді жоғарғы қалпынан төменгісіне ауыстырып салу. Қос барабанды комбайндардың аралық битерін төменде кел-тірілген ретпен ауыстырып салады.
І. СК-6-ІІ және СКПР-6 комбайндарында сол жағындағы астық элеваторының аралық қалпақшасын келте түтіктен төмен қарай жылжытып, оны көтереді.
2. Жұлдызшаны 4 шығарып (55-сурет), аралық битердегі под-шипникті біліктің кергіш втулкасын босатады.
3. Сол жағындағы битер фланецін подшипнигімен қоса, ал оң жағындағысын подшипникті корпусымен қоса шығарып алады.
4. Сол жағындағы пайда болған саңылаудан аралық битер мен қалқанды шығарып алады (53 және 54-суреттер).
5. Бағыттауыш тақтайдың бекітілген шомполын шығарады. СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарында деканы орнатқанда шомпол 16 соған сәйкөс қақпақты тесікшеге қарама-қарсы келуге тиіс (5З-сурет). СК-5-ІІ және СК-6-ІІ комбайндарының декасын да солай істейді, соның нәтижесінде шомполдар 12, 16 молотилка панелінің қақпақты тесікшесіне сәйкес келеді.
6. СКПР-5 және СҚПР-6 комбайндарында (53-сурет) болттарды 3, 5 бұрап алады (сол жағында — бір болт, оң жағында — екі болт), сонан соң бағыттауыш тақтайды 13, 15 шығарады.
7. СК-5-ІІ және СК-6-ІІ комбайндарында оң және сол жақтарынан
54-сурет. СҚ-5-ІІ және СК-6-ІІ комбайндарының аралық битері жоғарғы жағына орналасқандағы бастыру құрылрысы:
1 және 7 — барабандар; 2 — бағыттауыш болт; 3 және 5 — алдыңғы және артқы кұндақ; 4 — аралық битер; 6 — жоғарғы масақ шнегі; 8 — бөлгіш; 9 — соққылауыш битер, 10 және 11 — негізгі дека және оның тіреуіші; 12 және 16 — шомполдар; 13 және 15 — бағыттауыш тақтай; 14 — қалқан.
55-сурет. СҚ-5-ІІ, СКПР-5, СК-6-ІІ және СКПР-6 комбайндарының аралық битерін ауыстырып салу схемасы:
а —аралық битердің жоғарғы тұрған қалпы; ә — битердің төменгі қалпы; 1, 6 және 7 — болттар; 2 — босату шнегі қарсы жетегінің жұлдызшасы; 3 — өшіргіш; 4 — аралық битер жұлдызшасы; 5 — жұлдызшасы керілген кронштейн; 8 — шынжыр (битер 74); жоғарғы қалпында тұрганда, буын төменгі қалпында 46); 9 — қорғаныш сақина.
рынан бір-бір болттан босатып 2, сонан соң бағыттауыш тақтайды 13, 15 шығарып алады (54-сурет).
8. Торды 6 орнатып, оны шомполмен 7 жалғастырады (51 және 52-суреттер).
9. Молотилканың ішінде орналасқан өшіргіш 3 пен қорғаныш сақинаның 9 орнын ауыстырады (55-сурет). Кронштейнді 5 жұл-дызшасымен қоса жаңа қалпында бекітеді. Осы операцияны ат-қарған кезде үш болтты 6 молотилканың ішіне орнатады да, ал төртінші болтты 7 сыртынан қорғаныш сақинаның 9 гайкасына бұ- рап кіргізеді.
10. Ашылған тесікті болтпен 1бітейді.
11. СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарында аралық битерді біліктен шығарып, оны 180° бұрады да, білікке қайтадан орнатады.
12. Битерді молотилкаға орнатып, оны панельге толық сим-метриялы етіп қондырады.
13. Подшипниктердің кергіш втулкасын бекітеді. Жұлдызшаны 4 жалпы контурмен байланысқан екінші жұлдызшаның жазықтығына орнатады. Шынжырды 8 қысқартып, орнына қояды.
14. СК-6-ІІ және СКПР-6 комбайндарында астық элеваторын| бастапқы қалпына әкеледі.
Бастыру аппаратын реттеу. Бастыру аппаратында екі түрлі рет-теу болады: а) барабан мен деканың арасындағы саңылау; б) ба- рабаннын. айналу жиілігі. Осындағы алғашқы реттеу — негізгісі, ал екіншісі — қосымшасы болып табылады.
Практикада әр түрлі дақылдарды жинау үшін барабанның ең тиімді айналу жиілігі белгіленген. Бастыру аппаратынын. өте са-палы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, ең алдымен барабан мен деканың аралығындағы саңылауды реттеу қажет. Саңылауды реттеген кезде дәннің жармалануын толық жоймаған немесе астық түгел бастырылмаған жағдайда ғана барабанның айналу жиілігін өзгертеді.
Барабанның айналу жиілігін арттырудан мынадай өзгерістер болады: астықтың бастырылуы мен декадан дәннің бөлінуі едәуір артады, бірақ сонымен бір мезетте дәннің жармалануы мен сабан-ның ұсақталу көрсеткіштері де күшейеді. Сабанның тым ұсақталуы тазалау жұмысына қолайсыз әсер етеді.
Барабаннын. айналу жиілігін арттырудың қолайсыз әсеріне қа- рамастан, мұндай реттеуді ылғал немесе арамшөп басқан астықты бастырғанда қолданады.
Астықты жинаудың орташа жағдайында мынадай саңылауды қолданады: кіре берісінде 16 мм және шыға берісінде 4 мім.
Құрғақ, жеңіл бастырылатын немесе тұрыңқырап қалған да-қылдарды жинағанда бұл саңылауды кеңітеді. Саңылауды кеңіту шегі — бастыру көрсеткіші болып саналады: егер астықтың ойда-ғыдай бастырылмағандығы байқалса, онда саңылауды кішірейтеді.
Ылғалды немесе арамшөп басқан дақылдарды бастырғанда саңылауды кіре берісінде 14 мм және шыға берісінде 2 мм дейін кішірейтеді. Алайда саңылауды тым кішірейтуден болатын қолай-сыздық барабанньщ айналу жиілігін арттырғандағы қолайсыздық сияқты: дәннің жармалануы мен сабанның ұсақталуы артады.
Ылғалды немесе арамшөп басқан дақылдарды жинаран кезде декаға шөп-шалам кептеліп қалады. Соньвд салдарынан сабанға кететін дән ысырабының артуы мүмкін. Мұндай жағдайда деканы тазартады.
Егер барабанға сабан кептеліп қалса, онда былай істейді: ком-байнды дереу тоқтатып, жатканың жұмыс органдарын ажыратады; деканы төменгі шегіне дейін түсіреді; деканы бірте-бірте тарта отырып, бастырушы құрылғыға және қабылдау камерасына жи-налған астық массасын бастырады; кептелген сабан толық тазар-ғаннан кейін декадағы рычаг саңылауын секторға.бұрынғы, бара-банды тазартуға дейінгі қалпында қояды; жатканы іске қосып, онда жиналған барлық астықты бастырады; осыдан кейін келесі жұмыстарға ауысады.