“Колос” комбайны шанағының қос секциясын дәнмен толтыру тепе-теңдігі
“Колос” комбайнының шанағы екі секциядан —оң жақ және сол жақ секциялардан — құралады. Олар тиісінше оң жақ және сол жақ элеваторлармен толтырылады. Дән ән шнегі арқылы екі элеваторға тепе-тең түсуі үшін шнектің оң жақ және сол жақ спиральдарының қарама-қарсьі орамдары болады, олар біліктің ортасынан бастап элеваторға қарай ажырасады.
Қальшты жардайда тазалағыштық төсем тақтайының бүкіл бойымен бірқалыпты жылжи отырып шнекке келіп түскен кезде, екі спираль, содан кейін екі элеватор шанақтың сәйкес секцияларына дәнді бірдей мөлшерде жеткізіп тұрады. Алайда кейде төсем тақтайдьщ бір жарына екінші жағына қарағанда дон көп немесе аз түсетін жайлар да кездеседі. Мұндай кезде шанақ секциялары бір мезгілде толмайды.
173-суретте көрсетілген механизм комбайншының жұмыс орнында (кабинада) отырып-ақ шанақтың екі секциясының да тепе-тең толтырылуын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл механизмнің құрылысы мынандай. Тор станының ішіне клапан 1 орнатылған. Кабинаның ішінде сол жақ рычаг 4 орналасқан, осы рычагтың көмегімен клапанды өз осінде біраз бұруға болады. Жұмысқа кірісер алдында рычаг сектордың 3ортаңғы шұнқырында бекітулі тұрады. Бұл жағдайда клапан 1 тор станының қапталдарына салыстырмалы түрде ортаңғы қалыпқа келеді.
Егер шанақтын од жақ секциясына дәннің сол жақтағыға қарағанда ке түсіп жатқаны байқалса рычагты 4 сектор бойынша алдыға қарай ауыстырады. Осының салдарынан клапан дәннің сол жақ секцияға келуін азайтып, оң жақ секцияға келуін көбейтетін қалыпқа ауысады. Ал егер бұған керісінше жағдай байқалса, рычагты 4 сектор. бойынша кейін қарай ауыстыру керек.