«Нива» мен «Колос» комбайндарының қабылдау камерасы мен барабаны
Қабылдау камерасы. 42-суретте молотилкалы жатканың көлбеу корпусын жалғастыру ерекшеліктері, оларды өзара нығыздау сондай-ақ қабылдау камерасының құрылғысы көрсетілген.
Алдыңғы фартукпен 11 және екі қалқанмен 9, 10 шектелгең қабылдау камерасының аймағы тас тұтқыш камераны құрайды. Жатканың көлбеу корпусы түбінің шыға беріс шеті мен дека қо- сымшасының қалқаны 8 арасындағы кеңістік бос. Сондықтан ком-
42-сурет. Молотилканьщ қабылдау камерасы:
1 —жоғарғы нығыздауыш; 2 — қайтарғыш маңдайша; 3 және 15 — затворлар; 4 — кайтарғышы бар барабан қақпағы; 5 — қабылдауыш битер; 6 — барабан; 7— бағыттауыш қалқанша, (сабақ ысырғыш); 8 —дека тіреуішінің қабылдауыш қалқаншасы; 9 — дека тіреуішінің төменгі қалқаны; 10 — тас тұтқыш қалқан; 11 — молотилканың алдыңғы қалқаны; 12 — нығыздауыштық бет; 13 —транспорттық тақтай қалқаншасы; 14 — алдыңғы фартук люгініқ қақпағы; 16 — молотилка корпусынық төменгі көлденең білеуі; 17 — төменгі нығыздауыш; 18 — көлбеу корпус; 19 — радиалды көмкерме; 20 — қалықтама транспортер; 21 — бүйірлік ныздауыш; 22 — көлбеу корпустың радиалды беті.
байн жұмыс істей бастасымен тас тұтқыш камераға ұсақ ұшырынды заттар тола бастайды. Егер тас немесе басқа да қатты заттар астықпен бірге барабанға түссе соққы әсерінен өте тез ұшып кетеді де, массаны майдалап, тас тұтқыштың төменгі жағына түсіреді. Сондықтан мынадай ережені бұлжытпай орындаудың айрықша маңызы бар: тас тұтқыштың камерасын үнемі тазартып тұру қажет. Ол үшін молотилканың алдыңғы фартугында 11 қақпақпен 14 жабылған люк бар.
Қабылдауыш битердің цапфасы біржолы майланатын подшип-никтің созылмалы втулкасына орнатылған. Оң жақтағы цапфаның сүйір ұшына сегментті шпонканың және гайканың көмегімен жетек жұлдызша бекітілген.
Қабылдауыш битердегі подшипниктің оң жақ корпусы моло-тилканың панеліне, сол жағы — алмалы-салмалы фланецке бекі-тіледі. Сонын, нәтижесінде битерді фланецпен жабылған сол жақ панельдің люгі арқылы молотилкадан шырарып алуға болады.
Барабан. Барабан (43-сурет) біліктен 8, екі жетекші дискіден 6, шпонкамен білікке 8 бекітілген күпшектен, сақиналы екі аралық дискіден, бір (орталық) бос күпшекті аралық дискіден және бұ-дырлы шыбыртқысы 1 бар сегіз шыбықшадан 3 тұрады. Білік 8 пен орталық аралық дискінің арасында 1 мм саңылау бар. Сондықтан белдіктін, керілуі нәтижесінде біліктің бүгілуі шектеледі.
43-сурет. Барабан:
1—шыбыртқы; 2 — төсем; 3 — шыбық; 4 — пластина; 5 — арнаулы болт;6-жетектеуіш дискі; 7 — арнулы шпонка; 8 — білік; 9 — сүйменге арналган тесік.
Шыбырткының жартысының бұдыры оң жақ бағытта, ал қалған бұдырлар сол жаққа бағытталған. Бұдыры оң және сол жақ- бағыттағы шыбыртқылар барабанда кезектесіп орналасады. Шы- быртқыны осылай орналастыру барабанның подшипникті білігін дегі осьтік қысымды теңестіріп тұрады.
Шыбыртқының шыбықшаға орналасуын аралық төсем 2 арқылы реттейді. Шыбыртқыны болтпен ұстататын гайканың асты кейде теңгеру пластинасын орнатады.
Шыбық пен шыбыртқының шабатын бағыты жүріс бағытын; қарай алдыңғы жағына орналасады. Шыбық тесігі сопақ болады. Мұның өзі монтаждағанда ыңғайлы болуы үшін жасалған Шыбыртқыны бекітетін арнайы болтты 5 сопақша гайкамен тартып, гайканың астына пластина 4 және серіппелі шайба қояды Пластинаның міндеті — шыбықтың сопақша тесіктерін жабу Болттың бұдырлы қалпақшасы болады, оларды орналастырған да шыбыртқының бұдыры мен болттың қалпақшасы сәйкес келетіндей етеді. Барабан білігінің сол жақ ұшына тесік 9 жасалған. Егер орнатылған барабанды айналдыру қажет болса, онда ломды сол тесмстің біреуіне сұғындыру арқылы атқарады.
Барабан білігініа сол жақ корпусындағы подшипник молотил ка панеліне, ал оң жағы — диаметрі 640 мм люкті жабатын алма лы-салмалы фланецке жалғанады. Осы люк арқылы барабанды молотилкадан шығарып алады.
Барабанның айналу жиілігін реттеуге арналған құрылғы мынадай механизмдерден тұрады: сына-белдікті вариатор, оның шкивіндегі жылжымалы дискіні ауыстыру, вариаторды дистанционды басқару және белдікті керу.
Сына-ременді вариатор белдік пен алдыңғы қарсы, жетек білікке орналасқан жетекші және барабан білігіне отырығызылған жетектелуші екі шкивтен тұрады. Әрбір шкив жылжымайтын 14 және жылжымалы 12 екі дискіден құралған.
Жылжымайтын дискі екі бөліктен — болат күпшектен 8 және шойын дискіден тұрады. Күпшек қарсы жетек білігіне шпонкамен 15 бекітіліп, оған бойлық бағытта жұмыр гайкамен және тоқтатқыш шайбамен ұстатылған. Дискіге — жылжымалы дискіге 12 айналу моментін беретін саусақтар 9 бекітілген. Күпшектің жылжымалы дискісіне екі металл-керамикалық втулка 10 сығымдалып койылған. Осы втулка арқылы жылжымалы дискі ешбір майланбай-ақ жылжымайтын дискінің күпшегімен еркін орын ауыстыр алады. Жетекші шкивтің жылжымайтын дискісі сыртында (егер 44-суретке қарасақ, сол жағында), ал жетектелушіде ол ішінд (45-суретке қарасақ, он, жағында) орналасқан.
Шкивтер вариаторындағы жылжымалы дискінің орын ауыстыру механизмдері. Бул механизмдер алдыңғы қарсы жетектің білігі мен барабанға орналасқан Қарсы жетек біліктің механизмдері (44-сурет) мынадай деталь дардан тұрады: қақпақты 2 жылжымайтын корпус 21, втулка 24, кұрсау 3 мен подшипник 22, жылжымалы втулка 20 қақпағымен 18, құрсау 3 мен подшипник 19 және каретка 7 тартпасы 16, 17 бар. Механизм тұтастай білікке тоқтатқыш сақинамен 28 бекітілген.
Нығыздауыш 5, 6 подшипникте 19 жақсы қоршалған қуыс қал-дырады да, оған маусымына бір рет 1-13 жағар майын айдап кір-гізеді. Мұндай нығыздауыштар жылжымайтын корпус 21 пен оның қақпағында да 2 болады — мұнда да подшипникке 22 маусымына бір рет 1-13 жағар майы айдап жіберіледі.
Жылжымалы втулканьщ 20 сыртқы бетіне және жылжымайтын корпустық 21 ішкі бетіне бұранда жасалған. Жылжымалы втулка 20, оған орнатылған детальдарымен бірге жылжымайтын корпуска 21 бұрап кіргізіледі немесе кареткамен 7, конуспен 17 және тартпамен 16, білік бойына шпонкамен 4 бірге орын ауыстыра отырып, одан бұрап шығарыла алады. Тартпа 16 шкивтің жылжымалы дискісімен 12 байланысқандықтан, бұл орын ауыстыру дискіге 12 беріледі.
Қақпақтардың 2, 18 ішкі беті, сондай-ақ құрсаудың 3 сыртқы беті сфералы жасалған. Осының нәтижесінде жылжымалы втулка
20 жылжымайтын корпус 21 бойынша орын ауыстырғанда онын қиғаш келуін теңгеріп отырады. Конустың 17 үш сфералык дөңесі бар, соның көмегімен ол каретканың 7 конус бетіне өздігінен орналасады.
Жылжымайтын корпустың 21 қақпағына 2 жұлдызша 23 ки-гізілген. Болтпен 25 осы қақпаққа бекітілген динамометрлік тұт-қаның 27 ажыратқыш бекіткіші 26 бар. Осы бекіткіштің көмегімен жұлдызшаны 23 ажыратуға (ол мұндай жағдайда корпус қақпағы
21 бойынша бос айналады) немесе қосуға (соңғы жағдайда ол динамометрлік тұтқамен және жылжымайтын корпуспен қатаң байланыста болады.
Барабан білігінің механизмі (45-сурет) мынадай детальдардан тұрады: қақпақты 1 жылжымайтын корпус 21, втулка 23, құрсау 19, подшипник 22 және екі нығыздауыш қақпақты жылжымалы втулка 4, құрсау 19, подшипник /5 және каретка 5. Барабан білігінің механизмдері мен қарсы жетек білігінің бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар: каретка 5 тікелей жылжымалы дискімен 6 байланысқа (каретка 5 мен дискі втулкасьшың 6 бүйірлері бір-бірімен тығыз орналасады); ал каретканың 7 қарсы жетек білігінде (44-сурет) дискімен 12 конус 17 және тартпа 16 арқылы бай-ланысады; барабан білігінің механизміндегі роликті подшипниктер (45-сурет), оның қарсы жетек білігінің (44—сурет) орналасуына қарағанда 180° бұрылған.
Барлық үш жұлдызшаның да (екі механизмде) тіс саны бірдей, ал екі механизмдегі жылжымайтын корпустың және жылжымалы втулканың диаметрі де, бағыты да бірдей. Жылжымалы
44-сурет. СК-5 және СК-6 комбайндарының қарсы жетек білігіне барабанның айналыс жиілігі механизмін реттеу:
/ — динанометрлік стрелка; 2 және 18 — қақпақтар; 3 — кұрсау; 4 және 15 — шпонкалар; 5 және 6 — нығыздауыштар; 7 — каретка; 8 — жылжымайтын дискінің 14 күпшегі; 9 — саусақ; 10 — металл-керамикалық втулка; 11 — алдыңғы қарсы жетек білігінің шкиві; 12 — жылжымалы дискі; 13 — жетектеуіш белдік; 16 — тартпа; 17 — конус; 19 және 22 —конусты роликті подшипниктер; 20 — жылжымалы втулка; 21 — жылжымайтын корпус; 23 — жетектеуіш жұлдызша; 24 — втулка; 25 — болт: 26 — ажыратып-бекіткіш; 27 — диднамометрлік тұтка; 28 — тоқтатқыш сакина.
45-сурет. СК-5 комбайнының айналыс жиілігін реттеу механизмі және барабан редукторы:
1 — қақпақ; 2 — қарсы жетек білігінің жұлдызшасына жалғанатын жалдызша; 3 — кабинадан айналыс жиілігін реттейтін жұлдызша; 4 — жылжымалы втулка; 5 — каретка; 6 және 7 — шкив дискілері; 8 — редуктор корпусы; 9- ажыратып қосу ашасы; 10-жылжымалы жетектуіш шестерня; 11 — тура берілістің жетектелуші шестернясы; 12 — сфералық тірек; 13 — бекіткіш болт; 14 — ось; 15 — шестерня болты; /5 —саусақ; 17 және 25 — тоқтатқыш сақина; 18 және 22 — конусты роликті подшипниктер; 19 — құрсау; 20 — шпонка; 21 ~- жылжымайтын қорпус; 23 — втулка; 24 — жартылай сақина.
втулканың екеуіне де жетектеме 14 орнатылып (46-сурет), ола бір-бірімен жалғастырылған. Бұл жетектемені жылжымалы втулка бұрылудан тежейді, бірақ осы бағытында орын ауыстыруына бөгет жасамайды.
Дистанциондық басқару механизмі. Жұлдызшалар 23 (44-сурет) және 2 (45-сурет) роликті-втулканы тізбекпен жалғанған. Егер жоғарыда айтылғандай және 44, 45, 46-суреттер де көрсетілгендей комбайнда жылжымалы дискінің орнын ауыстыратын механизмдер болса, онда барабанның айналу жиілігін тек стационар (қозғалмай тұрған) жағдайда ғана өзгертуге болар еді де, бұл операция былайша атқарылар еді Динамометрлік тұтқаның 27 көмегімен (44-сурет) жылжымайтын корпус 21 айнала бастар еді. Ажыратып-бекіткіш 26 44-суреттегі қалпында қалдырылып, жұлдызша 23 тұтқамен бірге айналдырылады. Втулка біліі бүртігіне тіреледі, сондықтан ол жылжымайтын корпуспен бірге осьтік бағытта орын ауыстыра алмайды. Жылжымалы втулка 20 айнала алмайды (оны жетектеме ұстап тұрады), бірақ ол ось бағытында орнын ауыстыра алады. Жылжымайтын корпустың 2.1 айналуына қарай втулка 20 оған бұралып кіреді (немесе бұралы шығады).
Айталық, втулка 20 корпусқа 21 бұралып кірді делік. Мұндайда бір мезетте втулка да 4 корпусқа 21 бұралып кіреді (45-сурет). Жылжымалы втулканың осындай осьтік орын ауыстыруы сына-белдікті вариаторға да өзгерістер енгізеді: каретка 7 (44-сурет), конус 17 және тартпа 16 дискінің біреуін 12 екінші дискіге 14 жа-кындатып, белдікті 13 үлкен диаметріне сығымдайды, осы кезде барабан білігіне (45-сурет) втулка 4 кареткамен 5 қоса солға қарай, втулка 20 қарсы жетек білігіне қанша орын ауыстырса, сонша жылжиды. (44-сурет). Сондықтан белдіктің сыналану күшін 6-дискі 7-дискіден қайтарады (45-сурет) да, енді белдік кіші диаметрге ауысады.
-Жоғарыда айтылған сына-белдікті вариатор механизмдерімен және шкивтің жылжымалы дискілерінің орын ауыстыруын жүргі-зуші жұмыс орнында отырып басқара алады.
Дистанционды басқару механизмдеріндегі барабанның айналу жиілігі тұтқадан, беріліс жүйесінен және тахометрден тұрады. Тұтқа (СК-5 комбайнында — оң жағында, СК-б комбайнында сол жағында) мен тахометр кабинаға қондырылған.
СҚ-5 комбайнында тұтқадан қозғалыс былайша беріледі: жұл-дызша, шынжыр, екінші жұлдызша, қарсы жетек білікшесі, үшінші жұлдызша, шынжыр, барабан білігі механизмінің жұлдызшасы, шынжыр, қарсы жетек білігі механизмінің жұлдызшасы.
СК-6 комбайнында тұтқа арқылы қозғалыс былайша беріледі: түтік тәрізді білікше, конус тәрізді жұп шестерня, жұлдызша, екі жұлдызша шынжырлары барабан мен қарсы жетек біліктеріне.
Барабанның айналыс жиілігін арттыру үшін тұтқаны сағат тілі бағытымен айналдырады.
Белдікті керу механизмі. Бұл механизмнің құрылысы 46-суретте көрсетілген. Белдікті керу үшін жетектегі дискілердің 6, 7 қалпын өзгертпей тұрып (45-‘сурет), жетекші шкивтің дискілерін 12, 14 жақындатады (44-сурет). Ол үшін ажыратып бекіткіштің 26 көмегімен жұлдызшаларды 23 ажыратады (44-сурет). Алайда белдіктің керілуі тек белгілі бір шамада, атап айтқанда: оның жетекші тармақтарының орта тұсының 4 кгк (40 Н) күш әсерінен бүгілуі 2—3 мм болуға тиіс. Төменде келтірілген механизмдер белдіктің бірқалыпты керілуін қамтамасыз етеді.
Қарсы жетек білігі механизмінің қақпағына 1 стакан 4, ал оған втулка 9 пісіріліп бекітілген (46-сурет). Стаканға 4 орнатылған пластиналы серіппе 8, втулкаға 9 жалғанған бекіткішке 5 сүйенеді. Ажыратып бекіткіші және екі реттеуіш болты 11, 12 ,бар динамометрлік тұтқа 6 стаканға 4 бос орнатылған. Втулкаға 9 екі
46-сурет. Барабаннын айналыс жиілігін реттеу механизмі және бастыру құрылысының вариатор белдігін керу:
а — белдікті керу механизмі; ә — вариатордың жалпы көрінісі; б — қос барабанды бастыру құрылғысындағы белдікті керу механизмі; в — барабанның айналыс жиілігін реттеген кездегі шаппа тістің 17 қалпы; / — қақпақ; 2 — жұлдызша; 3 — жұлдызшаның тісті дискісі; 4 — стакан; 5 — бекіткіш; 6 — динамометрлік тұтқа; 7 — стрелка; 8 — пластиналы серіппе; 9 — втулка; 10 — ажыратып бекіткіш; 11— серіппенің 8 керілуін реттейтін болт; 12 — стрелканың 7 ортаңғы белгімен сәйкес келуін реттейтін болт; 13 — бақылау белгісі; 14 — жетектеме; 15 шынжырды кергіш; 16 — құрсау; 17 — жұлдызшаның шаппа тісі; 18 — шаппа тіс рычагы; 19 — құрсау штыры.
жалтырдың, сондай-ақ болт пен қалпақшалы гайканың көмегімен стрелка 7 бекітілген.
Болт 12 бекіткішке 5 тіреледі, осы болттың көмегімен динамо-метр тұтқасы бастапқы қалпында тұрғанда, стрелка 7 орталық белгіге сәйкес келеді. Болт 11 пластиналы серіппенің 8 бастапқы жағдайда керілуін реттеу үшін қажет; оның тұрған қалпы стрелка 7 бақылау белгісімен 13 сәйкес келгенде динамометр тұтқасындағы айналу моменті 5 кгс • м (50 Н • м) болуға тиіс.
Белдікті керу операциясын былайша атқарады: двигательдің айналу жиілігін міндетті түрде барынша азайтады, ажыратып бе-кіткішті 26 тұтқаға 27 қысады (44-сурет), соның нәтижесінде жұл- дызша 23 бос тұрады (оны қозғалысқа келтіретін тізбекті контур ажырайды). Егер осы кезде тұтқаны 27 сағат тілі бағытымен айналдырса: онда дискінің біреуі 12 екіншісіне 14 жақындап, бел-дікті үлкен диаметрге ығыстырады, демек, оны кереді, динамо-метрлік серіппенің тілі бақылау белгісіне дейін ауытқуын бақы-лайды (белгіден әрі жыжыған жағдайда белдіктің артық тартыл-ғандығын аңғартады). Керуді бастамас бұрын, белдіктің ең төмен айналу жиілігіне сәйкес келетін диаметрге қойған жөн, ал керген- нен кейін барабанды қажетті айналу жиілігіне реттейді.
Егер барабанның жетек белдігін ауыстыру қажет болса, онда оны кигізу үшін былай істейді: жұлдызшадан 23 шынжырды алады, бекіткіштің жұлдызшамен ілінісін шығарады; тұтқаны 27 ай-налдыра отырып шкив дискісін ажыратады; белдікті кигізеді; жетек реттегішінің тізбегін орнына қояды, молотилканы жайлап айналдыра отырып, белдікті кереді.
Қос барабанды комбайндарда айналу жиілігін реттеу. Қос ба-рабаны бар СК-5-ІІ және СК-6-ІІ комбайндарында кабинадан ба-рабандардың айналу жиілігін реттейтін механизмдер жоқ. Бұл комбайндардың алдыңғы қарсы жетегінің екі жақ шетіне айналу жиілігін реттеуге, сондай-ақ белдікті керуге арналған механизмдер орнатылған. Қарсы жетек білігінің оң жақтағы механизмінен бі- рінші барабан, ал сол жақтағысымен екінші барабан қозғалысқа түседі.
СҚ-5-1І және СК-6-ІІ комбайндарының алдыңғы қарсы жетекі білігіне орнатылған механизмдердің, СК-5 және СК-6 комбайнда- рының соған ұқсас механизмдерінен мынадай айырмашылықтары бар (46-сурет): механизм корпусына құрсау 16 мен шаппа тіс 17 орнатылған; осы шаппа тіспен жұлдызша 2 ұстатылған.
СК-5-П және СК-6-ІІ комбайндарында барабандардың айналу жиілігін былай реттейді: бекіткішті 10 қосылған күйінде қалды- рады, соның нәтижесінде тұтқаның 6 айналысы жұлдызшаға 2 бе- ріледі; шаппа тісті 17 ажыратады, ол үшін алдымен оны өзіне қарай тартады, сонан соң сағат тіліне қарсы 90° бұрады ( позицйясы); қажетті айналу жиілігіне келгенше тұтқаны 6 айналдырады (сағат тілінің бағытымен — айналу жиілігін арттыру үшін, сағат тіліне қарсы — оны бәсеңдету үшін).
Динамометрлік тұтқаның бір айналымы барабанның айналу жиілігін 100 айналыс/минутқа өзгертеді. Тұтқаны жартылай ай-налдырғаннан кейін, рычаг 18 және штырьдың 19 көмегімен шаппа тіс 17 өздігінен бастапқы қалпына келеді. Сондықтан әрбір жарты айналым сайын шаппа тісті тоқтағанға дейін тартады. Реттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны сағат тілінің бағытымен .
90° бұрып жабады.
Егер белдікті тарту қажет болса, онда алдымен бекіткішті 10 ажыратады, рычагты сағат тілі бойымен айналдырады, сонан соң бекіткішті 10 бастапқы қалпына (қосылған күйінде) әкеледі.
— Барабан редукторы. Жоғарыда аталған механизмдер барабан-ның айналу жиілігін 743-тен 1365 айналым/минутқа дейін реттеуге мүмкіндік береді.
СК-5 және СК-б комбайндарында (шаруашылықтардың заказы бойынша) екі сатылы редуктор қоюға болады (45-сурет), оны барабанның айналыс жиілігі вариаторының шкиві мен молотилка панелінің арасындағы түтік тәрізді білікке орналастырады. Редук-торды ажырап-қосу үшін тұтқаны пайдаланады, оны секторда екі түрлі жағдайда ұстап тұруға болады.
Тұтқаны панелые жақын-орналастырған жағдайда тіке беріліс іске қосылады. Мұндай жағдайда шкивті реттеу арқылы 743—1365 айналыс/минут беруге болады. Егер тұтқаны панельден алшақтатса, онда төменгі диапазон беріледі: 323—600 айналыс/минут.
Редукторды ауыстырып қосуды тек двигатель тоқтаған жағдайда ғана атқарады. Егер редукторды қосқан кезде шестернялар ілініспесе, онда барабан шкивін қолмен айналдырады.
Редуктор корпусында құятын, бақылайтын және ағызатын
тесіктер болады. Майды (АКп-10) бақылау тесігінің жиегіне дейін құяды. Редуктордағы майды 60 сағат жұмыс істегеннен кейін тек-середі де, 240 сағаттан кейін жаңалайды.