Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
1. Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің кұрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы, көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Жұмабайдың қалаға бұл жолы не жүмыспен барғанын Абай дәлді білмейді (М. Ә.).

Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді (Ы. А.). Сондай-ақ көсемше тұлғалы етістік жіктелмей-ақ бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да қызметін атқарады. Мысалы: Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы-жакыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді (Ы. А.).
2. Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін, жаздым үлгі жастарға бермек үшін (А.). Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты (М. Ә.).
3. Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшеден, тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болып келіп те қызмет атқарады. Мысалы: Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім (Ы. А.). Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат! (М. Ә.). Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды. Берілген сөйлемдердегі жолығып, қолын алып деген көсемше тұлғалы етістіктер ақыл сұрайын деп едім — мен не істейін деп едім? (жолығайын деп едім, қолын алайын деп едім және акыл сұрайын деп едім) деген баяндауышпен бірыңгай мүше болып, баяндауыш қызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде үзілмей, қатаймай деген көсемше тұлғалы етістіктер желпіп соққан — қандай жел? (үзілмей соққан жел, қатаймай соққан жел) деген анықтауышпен бірыңғай мүше болып тұр. Үшінші сөйлемде мадақтап, асыра мақтап деген көсемше тұлғалы етістіктер қошаметтегенді — нені ұнатпайды? (мадақтағанды ұнатпайды және асыра мақтағанды ұнатпайды) деген толықтауышпен бірыңгай мүше болып қызмет атқарып тұр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *