Гидравликалық жүйе агрегаттарына техникалық қызмет көрсету
Пайдалану процесі кезінде гидрожүйе насосы ешқандай реттеуді немесе арнайы күтімді қажет етпейді. Комбайнды жөндеген кезде, оны шеберханада тексеріп, мүндайда нырыздауышын ауыстыруға тура келеді. Егер насосты бөлшектеу қажет болса, онда мұны тек жабық бөлмеде және осыған арнап дайындалған жұмыс орнында атқарады. Шестернялар (тістерінің ені бойыиша) мен втулкалар биіктігі бойынша мөлшерлік топтарға бөлінген. Шестерня топтарының нөмірі цапфа бүйірінде, ал втулка нөмірі —-диаметрі шағын жағында көрсетілген. Шестерня мен втулканы белгілі бір мөлшерлік тобы бойынша жинақтайды.
Жаңа немеес жөнделген комбайнның гидрожүйесі 50 сағат жұ-мыс істегеннен кейін, оның майын ауыстырады. Бұдан кейін майды комбайн ең кемі 240 сағат жұмыс істегеннен кейін жаңалайды.
Жұмысты бастар алдында гидрожүйедегі барлық нығыздауыш-тарды тексереді.
Гидрожүйе сүзгісін әр 120 сағат жүмыс істегеннен кейін бөл-шектеп жуады. Сонымен бір мезетте сапунды да жуып тазартады.
Двигатель 200 сағат жұмыс істегеннен кейін насос жетегінің корпусына Дс-8 немесе Дс-11 майынан 80—100 г құяды. Май құя-тын тесікті тығынмен бекітеді.
Цилиндрлер мен трубоправодтардағы ауаны шығаруға ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені онда ауаньщ қалуы жүйенің дұрыс жұ-мыс істемеуіне апарып соғады. Мұнын, әсіресе қалбағай вариато-рына көбірек қатысы бар, онда майға арналған цилиндрдін, көлемі шағын. Цилиндрдегі ауаны шығару алдында, комбайнға көтеру жаткасың оның тірек төсемдері жерге тимей жатканың төменгі жағында болатындай етіп орналастырады; соның нәтижесінде гидроцилиндр плунжері шеткі қалпына дейін жетеді.
Гидравликалық жүйе ауадан босағаннан кейін резервуардағы май деңгейін тексереді. Ол үшін жатка мен қалбағайды ең төменгі шегіне жеткенше түсіреді. Содан кейін сүңгінің жоғарғы белгісіне жеткенше резервуарға май құяды.
Жұмыс органдарының гидрожүйесі цилиндрлері мен трубопро-водтарынан ауаны былай шығарады: гидроцилиндрдің штуцерле-рінен қосалкы гайканы 1,5—2 айналысқа бұрап босатып, май шы-ғатын саңылау қалдырады; әрбір цилиндрдегі ауа көпіршіктерінің шығуы тоқталғанша тиісті крандарын екі жағына қарай қатайтып бұрай береді; олардан ауасыз таза май шыққан кезде, қосалқы гайканы бұрап бекітеді. Басқарылушы доңғалақтың гидрожүйесін- дегі ауаны шығару үшін доңғалақты екі жағына 10—15 рет толық бұрады.
Ұзақ уақыт жұмыс істемеген комбайнда мынадай ақаулар болуы мүмкін: рульдік доңғалақты айналдырғанда тартпа бүгіледі, ал басқарушы доңғалақ бұрылмайды. Мұның себебі қақпақтың 14 ішкі бетінің таттануынан, соның салдарынан автотербеліс сөндіргішінің 13 резиналы сақинасы қозғалмай қалады. Мұндай ақау байқалғанда қақпақты 14 шығарып, оның ішкі бетін тазартып, майлайды да, қайтадан орнына қояды (87-сурет).
Егер барыттауыш рычаг 13 (85-сурет) бейтарап жағдайда ор- наласпаса, онда гидрожүйедегі майдың еркін қозғалуы бұзылады — ол сақтандырғыш клапан арқылы өтеді. Соның салдарынан жүріс бөлігінің вариаторы ешбір әрекет етпейді.
Егер басқару кранынын, кері қайтару механизмі бейтарап жағ- дайда (84-еурет) әрекет етпесе, онда жатканың барлық гидротұт-қыштары жұмыс істеуден қалады.
Гидрожүйе жұмысының бұзылуы резервуардағы май деңгейнің жетімсіздігінен де болуы мүмкін, мәселең жатка толық көте-рілмейді, толық көтеріле тұрса да, қалбағай көтерілмеуі мүмкін т. б.
Вентильдің 8 міндеті — гидроцилиндрлерге 9 майды бекітіп ұс-тау, сөйтіп біршама жүрген жағдайда жатканы көтеріп бекітіп ұстау. Техникалық кызмет көрсеткенде, яғни жатканың астында әр түрлі жұмыстар атқарғанда соны пайдаланады. Мұндай жағдайда майды вентильмен бекітумен қоса, жатканың астына домкрат қояды. Жұмыс кезінде вентиль толық ашық болуы тиіс, олай болмаған жағдайда жатканың көтерілуі баяулауы мүмкін.
Басқару краны корпусқа дұрыс орналасқандығын (84-сурет) тексеру үшін, бейтарап жағдайда штуцерден трубопроводты ажы-ратады да, штуцер тесігіне диаметрі 7,5 мм штырь қояды, оған сопақша канал еркін сияды. Егер штуцердегі тесік каналға сәйкес келмесе (штырь өтпесе), онда тіректі 7 түзеу қажет.
Рычаг 13 бейтарап линияда тұрғанда гидравликалық жүйе 13 (85-сурет) қосылған. Егер рычаг осы линияға орналасқан, бірақ бағыттауыш тік саңылаудың біреуіне қарама-қарсы орналасқан болса, онда ол жоғары немесе төмен сәл ығысады. Соның салдары-нан жүйеде май жөнді жүрмей, ол қызып кетеді. Мұны болдырмас үшін рычагты бейтарап жағдайға қойып тік саңылаудын, бүйіріне таман жылжытады.
Муфталарды 8, 9 бұрап кіргізуге және сәйкес келетін жұп те-сіктеріне болтпен бекітуге болатындығы 35-параграфта айтылған болатын (85-сурет). Мұндай жалғау юранды корпусқа дұрыс рет-теуге мүмкіндік береді. Қондырғыны былай тексереді: рычагты 13 ортаңғы бағыттауыш саңылауға бейтарап жағдайда орнатады; штуцер 19 төсігіне диаметрі 7,5 мм бақылау штырін сұғыңдырады;
89-сурет. Май проводын жалғау; 1 — вралық; 2 — конус беті; 3 — сфералық бет, 4 — қосалқы гайка; 5 — ниппель.
егер корпустағы кран дұрыс орналаспаса, онда қондырғыны муфта-лардың 8, 9 көмегімен дәлдейді. Муфталардың қажетті өзара орна-ласу жағдайын білу үшін, оларға белгі соғады.
Төсем муфта 8 мен алаңшаның аралығын 50,5 +-1 мм шамасында қамтамасыз етуге тиіс. Егер муфтаны шығарып алу қажет болса, онда алдымен сәйкес келетін тесігінде белгінін, бар-жоғын тексереді. Егер жоқ болса, кернмен белгі салады. Сонымен қоса, реттеуіш төсемнің санын есте сақтайды.
Шток пен плунжер бетін ұрылудан, сызаттанудан және басқа да зақымданудан қорғау қажет, өйткені мұның өзі гидроцилиндр-лерден май ағуына сөбепші болады.
Егер агрегаттардың біреуінен түтікті шығарып алу қажет болса, онда оған лас заттар түспеуі үшін бірден тығйздап тастайды. Жаңа түтікті комбайнға орнатар алдында мұқият тазартып, жуады, сонан соң сығылған ауамен үрлейді. Қосалқы гайканы бұрап кіргізгенде немесе шығарғанда, аралықты (немесе штуцерді) кілтпен ұстап тұрады. Барлық түтіктің сенімді бекілгендігін тексеріп шығады.
Түтіңтің тығыз жалғанғандығын былайша қамтамасыз етеді: қосалқы гайка 4 (89-сурет) аралыққа 1 немесе штуцерге бұрап бе-кітілген; ниппель 5 өзініа сфералык, бетімен 3 аралықтың (немесе штуцердің) конус бетіне 2 тығыз орналасқан; жіңішке сақиналы белдеумен герметикалық контакті жасалады.