Рульдік басқару гидрожүйесі
Комбайнға аспалы шөмелелегішті орнату баскарылатын донға-лақтың жүктемесін арттырды. Сол себепті комбайнньщ рульдік доңғалағын шөмелелегішімен қоса бұру қиынға түседі. Осыған орай жүргізушінің жұмысын жеңілдету мақсатында басқару механизміне гидравликалық құрылғы енгізілген. Мұндай жағдайда жүргізушіге гидравликалық құрылғыны қосуға онша көп күш түспейді де, басқару доңғалағын қажетті жағына бұруға мүмкіндік береді.
Басқару доңғалағындағы гидрожүйенің негізгі агрегаттары, жоғарыда 32-параграфта айтылғандай — насос золотник және ги-дроцилиндр.
Золртник корпустан, оған престеліп бекітілген бөлгіш втулкадан 16, золотниктіктің өзінен және стаканмен қоса 10 стакан корпусынан 15 тұрады (87-еурет). Втулка мен золотник біріне-бірі дәл қиюластырылған, сондықтан оларды ажыратуға болмайды. Золотник пен стакан бір-бірімен жалғанған, ол үшін біріншіде саңылау, ал екшшіде— цилиндрлі қалпақша бар. Стакан 15 кор-пуста орналасқан, онын, алдында және артында 2 мм саңылауы бар. Мұндай қашықтыққа стаканмен қоса золотник те орналаса алады.
Стакан тығынның 12, екі сухариктің және серіішенің көмегімен басқару доңғалағындағы бұру механизмі рычагының саусақтарына 11 жалғанады. Тығынды бұрап бекіткенде серіппенің толық сы-ғылуына 0,25—0,50 мм қалатындай етеді. Стаканда автотербелісті сөндіргіш 13 бар. Ол резиналы және серіппелі екі сақинадан тұ-рады, мұнда серіппелі сақина резиналы сақинаны қақпақтың 14 бетіне қысып тұрады.
Золотник манжетпен нығыздала тұрса да, кейде май ағады. Бұлай болған жағдайда май канал 2 арқылы ағады.
Бөлгіш втулкадағы төрт тесіктің мақызын қарастырайық. Тесікке 18 май насостан. келеді де, тесіктен 20 ол ағызу магистралына кетеді. Тесіктер 19, 17 шланга арқылы басқару доңғалағының гидравликалық цилиндріне жалғанған. Барлық төрт тесік бөлгіш втулканың ішкі қуысы арқылы былай жалғанған: тесіктер 20, 18 дөңгелек тесік арқылы, ал тесіктердіқ 19, 17 әрқайсыеы — үш жұп саңылау арқылы жалғасқан. Әрбір жұп саңылаудыд бұрыштық қашықтығы 120°.
Золотникке екі енді 3, 9 және екі енсіз 5, 7 сақиналы белдеу жасалған. Бұл белдеулер втулкамен бірге үш дөңгелек қуыс құ-райды: айдау 6, ағызу 4, 8. Ағызу қуысы бір-бірімен золотникке бойлық және радиалды каналдармен жалғанған.
87-сурет. Басқарылушы донғалақтық гидрожүйе золотнигі:
Ицщцц
87-сурет. Басқарылушы донралақтық гидрожүйе золотнигі:
1 — рульдік механизмінің тартпасы; 2 — май ағатын канал; 3, 5, 7 жәие 5 — золотниктіқ сақиналы белдеуі; 4 және 8 — ағызу қуысы; 6 — айдау қуысы; 10 — стакан; 11 — басқарылушы доңғалақтағы бұрылыс механизмінің рычаг саусағы; 12 — тығын; 13 — автотербелісті сөндіргіш; 14 — қакпақ; 15 — стакан корпусы; 16 — бөлгіш втулка; 17, 18, 19 және 20 — бөлгіш втулканың сыртқы тесіктері.
Рульдік механизмнің тартпасы золотник корпусына бекітілген, ;Іал стакан 10 бұру механизмі рычагының саусақтарына 11 жал-ғанған. Мұндайда золотник стаканымен қоса золотник корпусына қарағанда 2 мм алға және артқа орналасуы, сөйтіп рульдік меха- ңизмнің тартпасы 1 мен доңғалақтың бұру механизмі аралығында жылжымалы қосылыс тудыруы мүмікін.
Белдеулердің 5, 7 ені сыртқы саңылаулардың қиықтары ара-лықтарынан кемдеу. Золотник бейтарап жағдайда тұрғанда саңы-лаулар белдеулермен 5, 7 салыстырғанда симметриялы орналасқан, соның өзінде, 87- суретте көрсетілгендей белдеулердің екі жағынан да саңылау (ені 0,5 мм) қалдырылған.
Золотниктің бейтарап жағдайда тұрғандағы және оңға бұрылған кездегі әрекетін қарастырайық.
Золотниктің бейтарап жағдайы 88, в-суретте көрсетілген. Мұндай жағдайда май былай жүреді: насостан шланга арқылы — қуысқа 6, саңылау арқылы — қуыстарға 4, 8, осы қуыстардан май резервуарға құйылады.
Дөңгелек белдеудің 5, 7 екі жақ тұсындағы золотниктегі май қысымы бірдей, соның нәтижесінде ол бейтарап жағдайға теңге-ріледі.
88, д-суретте оңға бұрылған кездегі золотниктің әрекеті көр-сетілген. Рульдік доңғалақтың бүрылуы әсерінен тартпа 1 золотник корпусын оңға бұрады (бұл суретте стрелкамен.белгіленген). Бірақ золотник рьшагпен 24 жалғанған. Сондықтан ол қозралмаған күйі қалады. Ал золотник корпусынын, золотникке қарағанда 2 мм ығысуы мүмкін. Белдеулердің 5, 7 екі жак, тұсында да ені 0,5 мм саңылау барын білеміз. Сондықтан золотникке қарағанда корпус 0,5 м.м ығысқан сәтте, артқы саңылау белдеулермен дереу жабылады. Осыған орай май алдыңғы саңылау арқылы қуыстан 6 тесікке 17, одан шланга аркылы цилиндрдің Б қуысына — поршень штокпен орын ауыстыратын жерге бағытталады. Сонын, нәтижесінде басқарылушы доңғалақ оңға қарай бұрылады. Бұл кезде А қуысындағы май ығысып, шланга, тесік 19, алдыңғы саңылау және шланга арқылы резервуарға келеді.
Гидроцилиндр штогы доңғалақты айналдырғанда рычаг та 24 алға жылжып, золотникті де ілестіре кетеді. Басқаша айтқанда, рульдік доңғалақтың әсерінен корпус қайда жылжыса, золотник те солай қарай ығысады. Мұндайда золотник бейтарап қалпына оралуға ұмтылады. Қорпус пен золртниктін, бұл қозғалысы рульдік доңғалақты бір жағына бұрғанда ғана пайда болады. Руль қозғалмаған кезде, золотник бейтарап күйінде қалады да, насоспен айдалған май белдеулердің 5,7 маңындағы саңылау (ені 0,5 мм) арқылы еркін өтіп, резервуарға оралады. Доңғалақ бүйірлік серпілістің әсерінен бір жағына бұрылуы да мүмкін. Доңғалақтың бұл қозғалысы рычаг 24 арқылы золотникке ауысады. Зо-
88-сурет. Басқарылушы доңғалақтағы гидрожүйенің әрекет ету схемасы:
21 және 22 — шлангалар; 23 — гидроцилиндр поршені; 24 — басқарылушы доңғалақтағы бұрылыс механизмінің рычагы; А және Ә — гидроцилиндр қуыстары; Б — бейтарап қалпы; В — солға бұрылу; Г — оңға бұрылу; басқа белгілері 87-сурет астындағы сөздерде берілген. лотниктін, ығысуы 0,5 мм жеткенде гидррцилиндрге дереу май құйыла бастайды да, поршеньдегі май қысымы доңғалақтың өз бетінше бұрылуына бөгет жасайды.