Жүріс бөлігінің вариаторы
Вариатор (102-сурет) күпшектен, үш дискіден, ашалардан және гидроцилиндрден құралады. Дискілер жиынтығындағы күпшекті вариатор блогы деп атайды (103-сурет), Күпшекке сыртқы дискілер 1, 3 қатаң бекітілген, ал ортаңғы дискі 2 қүпшекте еркін қозғала алады. Үш дискі бірігіп қос кертікті шкив жасайды. Жүріс кезінде ортаңғы дискіні жылжыту арқылы екі кертіктің жұмыстық диаметрлерін өзгертуге болады. Екі кертікке бірдей белдіктер 18,1 (102-сурет) кигізілген, бірінші белдіктің екінші жағы двигательдің, шкивіне ал екінші беріліс қорабы жетек білігінің шкивіне кигі-зілген.
Күпшектегі ортаңғы диск аралық қалыпта орналасса (102-сурет, А), онда вариатор мен екі иікив центрлерінің ара қашықтығы бірдей болады. Егер гидроцилиндрдің көмегімен аша төмен қарай тірелгенше жылжытылса, онда бұл ара қашықтық өзгереді: вариа-тор блогы мен двигатель шкивінің арасы алшақтайды, ал вариатор блогы мен жүріс бөлігі шкивінің арасы жақындайды. Осыған бай-ланысты белдік 18керіледі де ортаңғы дискіні оң жаққа қарай қысады (102-сурет, В), соның нәтижесінде белдік вариатордың ең кіші жұмыстық кертігіне көшеді. Осы кезде белдік 1 босаңсып, ортаңғы дискінің жылжуына кедергі келтірмейтін болады да, ва-риатордың ең үлкен жұмыстық кертігіне көшеді. Осының нәтиже-сінде вариатордың айналу жиілігі және жетекші доңғалақтардың жылдамдығы артады. Егер де аша жоғары қарай тірелгенге дейін жылжытылса, онда керісінше құбылыс болады (102-сурет, Б) және жүріс доңғалақтарының жылдамдығы баяулайды.
Молотилканың рамасына екі реттеуіш винт 10, 13 бұралған кронштейн 12 бекітілген. Вариатор блогының бекітілу ашасы қос иінді болып жасалған және де рычагта 9 таяныш бар. Винттер 10, 13 сондай-ақ таяныш 11 гидроцилиндр 14 штогынық жүрісін, сон-дықтан вариатор блогының қозғалу шегін шектейді.
Вариаторды былайша реттейді: винттерді 10, 13 ұшына дейін бұрып шығарыңқырайды; гидроцилиндр арқылы вариатор блотын
102-сурет. СК-5 жзне СК-6 комбайндарынын жүріс бөлігінін вариаторы:
1 және 18 — белдіктер; 2 — вариатор блогы;. 3 — аша; 4 — керу болты; 5 — ось; 5 —сырр;7 жэне 8 — кергіш; .9 — рычаг; 10 және 13 — реттеуіш винттер; 11 — рычагтық таянышы; П — кронштейн; 14 —гидроцилиндр; 15 және 17 — сыртқы даскілер;16 — ортаңғы дискі; А — бейтарап қалпы; Б — комбайн жылдамдығының баяулауы; В— комбайн жылдамдырының шап-шаңдауы.
үстіңгі шеткі қалпына орналастырады; осы жағдайда жоғарғы белдік өзінің сыртқы жиегімен блок шкивінің сыртқы диаметріне жетуі керек; еәйкес орнықтырғыш винті трекке 11 тақайды; осыдан соң вариатор төменгі шеткі қалпына ауыстырылады да, екінші винт тірекке тақалады; блок кез келген аралық қалыпқа орналас-тырылады; екі винтті 10, 13 бір айналысқа бұрап кіргізіп, сол қал-пына қарсы гайкамен бекітіледі.
Винттер 10, 13 тірекке қарай қосымша бұралмаса, гидроцилиндр де артық қысым тууы мүмкін.
Белдіктерді керіп, винттерді 10, 13 реттеуді двигатель сөндірілген кезде жүзеге асырады.
103-сурет. Жүріс бөлігі вариаторынық блогы:
1және 3 — сыртқы дискілер; 2 — ортаңғы дискі; 4 — ортаңғы дискінің күпшегі; 5 — фетр сақина; 6 — вариатор ашасының жақтауы; 7 — блок күппшегі; 8 — жағар майларын резервуарға 13 және фетр сақинаға 5 кұятын май сауыт; 9 — подшипник; 10 — блок осі; 11 — болт; 12 — болт рамасының жақтауы; 14 — жағар майды подшипникке 9 кұятын май сауыт.
Вариаторды пайдаланудын мына төмендегідей ережелерін бас-
шылыққа алу керек.
1. Вариатор тек жүріп келе жатқанда ғана тұрақты жұмыс (оның блогының, жоғары немесе төмен қарай жылжуы) істейді, сондықтан оның үздіксіз әрекет жасауы тоқтап тұрғанда емес, атап айтқанда жүріп келе жатқанда тексеріледі.
2. Вариатордьщ жаңа белдіктері алғашқы 40—50 сағаттық жұ-мысы кезінде қаттырақ керіледі. Осы уақыт кезінде оларды жиі-
жиі кере тарту керек.
3. Белдіктер мына тәртіппен керіледі: вариаторды комбайнның ең баяу жүрісіне ауыстырады (бұл жағдайда блок ең жоғары қалпында болады); вариатор блогы осін бекітетін қысу болты босаңсытылады; керу блогының 4 гайкасын бұрау арқылы блок ашаның ойығында жылжытылады; блок осінің қысу болты бұралып бекітіледі. Белдіктердің керілуі өзгерілген соң винттердің 10, 13 реттелуі тексеріледі.