Жүріс бөлігінің ілінісі және берілістерді өзгерту қорабы
Ілініс. Жүріс бөлігініқ ілінісі бар (жетектеуіш) білікке 11 (104-сурет) бекітілген қабылдауыш шкивке орнатылған. Ол бас біліктің жырашықтарына (шлицтеріне) еркін кигізілген жетектелуші (фрикциялы) дискіден 26, ажырату механизмі бар жетекші қысушы дискіден 25 және ажырату муфтасынан 22 кұралады. Ажырату механизмі үш рычагтан 2 құралған. Серіппелер 24 (олар 12 дана) жетектелуші дискіні қысу дискісі мен қабылдауыш шкивтің күпшегінің 3 жазықтығы арасында тұрақты түрде қысып тұрады. Бұл ілініетің қосулы қалпы. Рычагтар 2 арқылы серіппелердің қысымын жеңіп, кысу дискісін жетектелуші дискіден алшақтатуға болады. Ілініс осылай ажыратылады.
Қысу дискісі серіппелер арқылы өзінің және күпшектің аралы-ғында жетектелуші дискіні қысқанда, мынадай жайт болады: ва-риатор блогының белдігі беріліс қорабының жетектеуіш білігінде еркін айнала алатын кабылдауыш шкивті түрақты түрде айнал-дырады; бүл жағдайда қабылдауыш шкив осы айналысты жетек-телуші дискіге береді, себебі жетектелуші дискі шкивпен бір тұтас болып біріккен (серіппелермен қосылған), ол жетектеуіш дискі айналысты жырашық (шлиц) арқылы қораптың жетектеуіш білігіне береді.
Қосу муфтасының 22 көмегімен рычагтардың 2 ұшына қысым түсіруге болады, бұдан олар қысу дискісін кері тартады. Жетек-телуші дискі қысудан ;босап, айналуын тоқтатады. Қысу дискісі бар қабылдауыш шкив айнала береді, ол айналдыру моментін жетекші білікке берместен зая (құр босқа) айналады.
СК-4 және СК-4А комбайндарында іліністі қосу муфтаеын ры-чагтар мен тартпалар жүйесі арқылы, яғни механикалык; жолмен жүргізушінің алаңшасынан басқарады. СК-5, СК-6 және СКД-5 комбайндарында борттық тежеуіштер мен жүріс бөлігінің ілінісін басқаратын арнайы гидравликалық жүйе бар.
СК-4 және СК-4А комбайндарының ілініс және берілісгерді өз-герту қорабының рычагтары мен тартпаларының жүйесі 105-су-ретте көрсетілген.
Ажырату муфтасы 22 мен рычагтар 2 ұштарының аралығы А (104-сурет) СК-4 және СК-4А комбайндарында 2,5 мм болуы керек.
Жетектелуші диокінің фрикциялық астары жұмыс процесі ке-зінде тозады. Қысушы дискі серіппелердің әсерінен қабылдауыш шкивтің күпшегіне тұрақты түрде жақындайды, бұл рычагтар мен ажырату муфтасының арасындағы саңылауды едәуір кішірейтеді. Осының нәтижесінде ажырату муфтасының подшипнигі еріксіз
жұмысқа қосылады да тозады. Сондықан іліністегі қажетті саңы-лаудың сақталуын жүйелі түрде тексеру қажет. Мұны рычагтың 21 еркін жүрісі (105-сурет) және осы рычаг пен тірек болттың, 20
104-сурет. Беріліс қорабы:
1 — жырашық (шлицтік) күпшек; 2 — рычаг; 3 — қабылдауыш шкивтің күпшегі; 4 — аша; 5 — реттеуіш гайка; 6 — тығын. 7 және 10 — аралық біліктің; 8 — шестернялары; 9 — құю тесігінің тығыны; 11 — бас (жетекші) білік; 12 — арлық шестерня; 13 — ось; 14 — тахоспидометрдің жетегі; 15 — үшінші берілістік шестернясы; 16 — үшінші берілістің тәжі; 18 — екінші берілістің шестернясы (тәжі); 20 — бірінші берілістің және кері жүрістің шестернясы (кареткасы); 21 — бірінші берілістің шестернясы; 22 — іліністі ажырату муфтасы; 23 — іліністің құндағы; 24 — серіппе; 25 — кысу дискісі; 26 — жетекші дискі.
105-сурет. СК-4 және СҚ-4А комбайндары жүріс бөлігінің ілінісі мен беріліс қорабын басқару мемеханизмі:
а — ажыратқыш шаппа тіс; б — қосқыш шаппа тіс тежеуіштің педалін бекіте алады; 1 — жүріс бөлігі ілінісінің педалі; 2 — кулистар; 3 — берілісті ауыстыру рычагы; 4 және 25 — тартпаның реттеу ашасы; 5 — шаппа тістіқ серіппесі; 6 — бекіткіш; 7 — шаппа тіс; 8 — тежеуіштіқ педалі; 9 — таппа тісті бекіту пластинасы; 10 — алақшаның төсеніші; 11 және 12 — жүріс бөлігі ілінісінің рычагтары 12 және 15 —тежеуіштің рычагтары; 13, 14,18 және 24 — тартпалар; 16 — берілісті ауыстыруштогы 17 — блокировкалау білікшесі; 19 — қабылдауыш шкив; 20 — тірек болт; 22 — сыртқа шығарылған кішкене тежеуіштіқ рычагы 23 — тежеуіштіқ шкиві; 26 — бе-
106-сурет. СК-5, СК-6 және СКД-5 комбайндарының журіс бөлігі іліні-сіндегі садылауды тексеру:
/—реттелмейтін тірек; 2 және 8 — орталык күпшекті рычагтар; 3 — іліністің білікшесі; 4 — конустық штифт; 5 — қарсы гайка; 6 — тірек рычаг; 7 — реттеуіш болт; 9 — гидроцилиндрге бағытталған тартпа.
арасындағы саңылау бойынша тексеруге болады. Рычаг 21 пен тірек болттың арасындағы саңылау 2 мм болуы керек.
Рычагтық 21 еркін жүрісін былайша реттейді. Ілініс педалінің тартпасын 28 түтіктегі (трубадағы) рычагтан ажыратады; іліністегі ажырату муфтасының рычагын муфтанын. қосу подшипнигі рычагтарының 2(104-сурет) ұштарына тірелгенше алға қарай жылжытады; тірек болтын 20 (105-сурет) бұрау арқылы осы болт-тар мен рычагтың 21 аралығында 2 мм саңылау жаеайды; рычагты 21 тірек болтқа қосады, сол кезде тартпаның 28 ұшы құбырдары рычагтың тесігімен дәл келуі керек; егер бұлар дәл келмесе, 0нда тартпаның ұзындығын өзгерту керек; осыдан соң тартпа мен құбырдағы рычагты жалғастырады. Егер рычагтардың 2 (104-сурет) қалпын бір жазықтықта реттеу керек болса, онда бұны шеберханада істейді. Бұл жұмыста мына төмендегі тәртіп сақталады: комбайннан қорапты щығарып, алады; қораптан ілініс бөлек алынады; реттеуіш гайкалар 5 көмегімен рычагтар 2 бір жазық тықта (0,3 мм-ге дейінгі дәлдікпен) орнатылады. Рычагтарды бір жазықтықта орналастырып болған сон ілініс құндағының 23 қылта мойны шетінен рычагтарға 2 дейінгі аралықты (бұл аралық — 31 мм-ден 19-мм-ге дейінгі шекте болуы керек) өлшейді. Егер ол аралық 19 мм-ден аз болса, жетектелуші (фрикциялы) дискіні алмастыру керек. Жаңа фрикциялы дискі орнатылған соң рычаттар 2 өзі мен ілініс құндағының 23 қылта мойны шетіне дейінгі аралық 31 +-0,3 мм болатындай етіп реттеледі.
106-суретте СК-5, СК-6 және СКД-5 комбайндарының жүріс бөлігі ілінісіндегі саңылауды тез тексеруге әрі оны анықтауға мүмкіндік беретін механизм көрсетілген. Оның құрылысы мынадай. Іліністің білікшесіне 3 рычагтардың 2 және 8 күпшегі еркін кіргізілген. Реттеуіш болт 7 орнатылған рычагтың 6 күпшегі білікшеге 3 конустың штифтпен 4 бекітілген. Ілініс ажыратылса, гидроцилиндр тартпа 9 арқылы рычагты 8 қозғайды. Рычагтың 8 күпшегі білікшеде 3 еркін айналады, мұнымен катар рычаг 2 та еркін айналады; осы рычаг реттеуіш болтты 7 қысып, тірек рычагты 6 айналдырады; бұл рычагты 6айналдырады; бұл рычаг іліністі ажыратады. Осы конструкция беріліс пен жетек білік
тежеуішінің блокировкалау жетегінің реттеліп бекітілген қалпының бұзылуына жол бермейді.
Ажырату муфтасының сығымдау подшипнигі мен ілініс рычаг- тары аралығындағы саңылау былайша тексеріледі: рычагты 2 ті- рекке қарай қысу керек; ажырату муфтасының сығымдау по- шипнигі іліністің рычагтарына жайлап жанасатындай жән бұлардың аралығы саңылаусыз болатындай етіп тірек рычагты жылжығанынша (бұрауыштың көмегімен) рычагтан 2 кейін ше- гіндіріледі; рычаг 2 пен реттеуіш болттың шеткі аралығындағы саңылау өлшенеді; егер бұл саңылау 1,5 мм-ден 2,5 мм-ге дейінгі щектен үлкен болса, онда арнайы кілтпен болт 7 реттеледі. Болты реттеуден қажетті нәтиже шықпайтын жағдайда, тартпаның ұзындығы тексеріледі. Бұл тартпаның бастапқы калпында мынадай болуы керек; рычаг 2 пен тірек 1 аралығындағы саңылау жоқ; поршень ілініс гидрожетегінің түбіне тиіп тұрады.
Беріліс қорабы. Беріліс қорабының (шестернялар жиынтығы бар) үш білігі болады. Жетек біліктің 11 жырашықтарында (104-сурет) екі каретка (жылжымалы шестернялар) орнатылған. Алғашқысы 20 бірінші берілісті және кері қарай жүрісті іске қосуға арналған. Екінші кареткада екі тәж бар: 17 — екінші берілісті іске қосуға арналған және 16 — үшінші берілісті іске қосуға арналған. Екі каретканың күпшегінің ойықтарына берілістерді ажыратып-қосқыш штоктың ашалары жыжиды.
Беріліс білігіне мынадай шестернялар кигізілген: 15 — үшінші беріліс, 18 — екінші беріліс, 19 — бас берілістің жетекші шестер-, нясы, 18 және 19 шестернялардың тәждері блок құрады, бұрынғы шығарылған қораптарда олар жеке шестернялар түрінде дайын-далды, 21 — бірінші беріліс.
Аралық білікте 5 екі шестерня — 7, 10 орналасқан. Беріліс қо- рабында 7, 21 шестернялармен үнемі ілінісіп тұратын аралық шестерня 12 бар. Шестерня 21 аралық шестерняның 12 сол жағына байланысқан, себебі кері жүрісті іске қосқанда тәждің оң жағына каретка 20 ілініседі.
Әр түрлі берілістерде шестернялар (немесе олардың тәждері) мынадай тәртіппен ілініскен: бірінші беріліс — 20 және 10; 7, 12І және 21; 19 және дифференциалдың жетектеуіш шестернясы; екін- ші беріліс —17 және 18; 19 және диффегренциалдың жетектеуіші шестернясы; үшінші беріліс — 16 және 15; 19 және дифференциал- дың жетекші шестернясы; кері жүріс — 20, 12 және 21 (соңғы шестерня кері жүріс кезінде кері бағытта айналады), сонан соң 19 және дифференциалдың жетектеуіш шестернясы.
Жетек білікке сыртқа шығарылған кішкене тежеуіш (выносной тормозок), ал беріліс білігіне тежеуіш шкив бекітілген. Кішкене тежеуіш Тлініс ажыратылғанда біліктің айналысын тоқтатуға не-месе едәуір баяулатуға арналған. Осының нәтижесінде қажетті; берілісті шусыз іске қосуға немесе қосылатын шестернялар тістерінің шет жақтарынын, мүжіліп тозуынан құтылуға болады. Сыртқа шығарылған кішкене тежеуіш іліністі ажырату механизмімен блокировкаланған (105-сурет): кішкене тежеуіштің рычагы 22 қос серіппелі тартпа 24 арқылы іліністің рычагымен 11 байланысқан. Ілініс ажыратылғанда рычаг 11 және тартпа 24 арқылы кішкене тежеуіш қозғалысқа келтіріледі.
Сыртқа шығарылған кішкене тежеуіштің қақпағына (СК-5, СК-6 және СКД-5 комбайндарында) техоспидометрдің жетегі бекітілген.
Беріліс қорабында блокировкалау механизмі бар. Егер ілініс ажыратылмай тұрған кезде беріліс кездейсоқ іске қосылса, онда шестернялар тістерінің аралығында соққы туады. Осының нәти-жесінде тістердің мүжілуі немесе тіптен сынуы мүмкін. Блокиров-калау механизмінің қызметі осындай жағдайларды болдырмау, себебі берілісті тек ілініс ажыратылған соң қосуға болады. Бло-кировканың құрылысы мынадай. Іліністің рычагына 21 блокиров-калау білікшесіне 17 байланысқан тартпа 18 жалғастырылған (105-сурет). Рычаг 21 іліністі ажырату үшін қозғалтылған кезде блокировкалау жылжытылады.
Блокировкалау білікшесінің 5 үзынша келген жалтыры 4 бар (107-сурет). Берілістерді ауыстыру штоктарының I, 2 үстіңгі жағында штоктардың ойықтарына (айшықтарына) кіретін немесе оның жұмырланған бөлігіне тірелетін екі бекіткіші 3 орнатылған. Егер білікше 5 өзінің цилиндрлік бетімен бекіткішке 3 жанасатын болса, бекіткіштер жоғары қарай қозғала алмайды, соның нәтижесінде штоктар берік түрде бекітулі болады — оларды ауыстырып қосу мүмкін емес. Егер де білікше бекіткіштің үстіңгі жағында
107-сурет. Беріліс қорабын блокировкалау механизмі:
1 — екінші және үшінші берілістерді ауыстыру штогы; 2 — бірінші берілісті ауыстыру және кері жүріс штогы; 3 — бекіткіш; 4 — жалтыр бет (лыска); 5 — блокировкалау білікшесі; 5 —берілісті ауыстыру ашалары; 7 — шарикті құлып.
жылтыр бет орналасатындай етіп бұрылатын болса, онда олар жоғары қарай қозғала алады; бұл жағдайларда штоктарды алмас-тырып қосуға болады. Білікше 5 ілініспен былайша блокировка-ланған: ілініс қосулы тұрғанда бекіткішке қарама-қарсы білікшенің цилиндрлік беті орналасады, ал ілініс ажыратулы кезінде — бекіткішке қарама-қарсы жалтыр тұрады.
Іліністі орнынан алу және қайта орнату. СК-4 комбайнында рычагты 2 реттеу үшін, іліністі беріліс қорабымен бірге орнынан алу керек (104-сурет). Іліністі орнынан алуға қабылдауыш шкивтің борттық редукторға жақындығы кедергі жасайды. Жаңа ком-байндарда (СК-5 және басқаларда) іліністі орнынан жекелей, алуға болады, себебі СК-4 комбайнымен салыстырғанда борттық редуктор оң жаққа қарай 40 мм-ге ығысқан. Іліністі орнынан алу кезінде былай істейді: оң жақтағы жетектеуіш доңғалақтын, бекіту гайкасын 1—1,5 м-дей бұрап шығарады; домкратпен жетектеуіш доңғалақтың мостысының оң жақ басын көтеріңкірейді; оң жақ доңғалақты шығарып алады; вариатор белдіктері қалқандарын: орнынан алады; вариатор блогын алдыңғы шеткі қалпына қозғайды; төменгі белдікті орнынан алады; борттық редуктордың екі бөлігін біріктіретің ілініс білігінің деңгейінде орналасқан болтты, сондай-ақ бұдан жоғары орналасқан екінші дәл осындай болттыі бұрап шығарады; іліністің қақпағын бекітетін болтты бұрап шығарады да қақпақты алады; қабылдауыш біліктің ұшындағы гайканы шығарады; ажыратқыш (съемник) арқылы іліністен қабылдауыш шкив алынады.