Егін жинау сапасын бақылау
Егін жинау жұмысында ағымдық және қабылдау кезіндегі ба-қылаулар болады.
Ағымдық бақылау. Ағымдық бақылау — комбайншының басты міндеті ол соның негізінде қондырма және эксплуатациялық рет-теулерді таңдайды, анықтайды немесе өзгертеді. Жүргізуші ағым-дық бақылау тәсілдерін жетік игерген жағдайда ғана комбайн (дестелеуіш жатка) жүмысының барынша тиімді режимін жасайды және сақтай алады. Ағымдық бақылау екі операциялық топ-тан — үздіксіз және мерзімдік топтардан тұрады.
Үздіксіз операцияға мыналар жатады:
а) қырқу аппаратының алдында жатқан егін алқабын (5—
15 м шегіндегі) мұқият байқап отыру;
ә) қалбағай мен жатка шнегінің (тікелей жинағанда) біркелкі жинауын қадағалау;
б) жатканың (жинауыштың) басқа механизмдерінің жұмысын, сигнализаторлар мен приборлар қалқанындағы көрсеткіштердің көрсетулерін байқау;
в) жұмыс істеп тұрған комбайн шуылының бірқалыптылығын тыңдау және ондағы ақаулы дыбыстарды (сақтандырғыш муфта-ның тығылып қалуын, тарсылдарды және т, б.) дер кезінде біліп отыру.
12-таблица
Молотилка жұмысындағы кемшілік |
Реттеулерін өзгерту |
1. Шала бастырудан сабанға бос дән кетеді
2.Топанға бастырылма-ған масақ араласып кетеді 3.Шанақтағы дәннің жармалануы
4.Шанақтағы дәннің жармалануы және са-бан мен топанға шала бастырылған масақ-тардың араласып кетуі қатар келсе 5.Топанға кетуден болатын бүтін дәндердің ысырабы
6. Топанға семіп қалған дән араласып кетеді 7. Сабан сіліккіштің бос дэні ысырап болады
|
1а. СК-5 және СК-6 комбайндарының бастыру ап-паратындағы саңылауларды азайту керек; ‘егер бұл да нәтиже бермесе, онда барабанның айналыс жиілігін арттыру кажет, бірақ бұл жағдайда дәннің жармаланғаранын тексеру керек.
1а.Ең бірінші қос барабанды комбайнның екінші бастыру аппаратының саңылауын азайту керек; егер бұл да көмек-теспесе екінші барабанның айналыс жиілігін арттыру қажет; жоғарыда атал-ған реттеулер нәтиже бермесе (бастырылуы қиын дақылдарды жинаған кезде) бірінші бастыру ап-паратына жасаған реттеулерді іске асыру қажет, бірақ бұл реттеулер дәннің жармалануына әкеп соқпауын қадағалау керек 2.Жоғарғы елек ұзартқышының үлкен жапқышын ашу керек.
3а. СК-5 және СК-6 комбайндарының бастыру құрылғы-ларының саңылауын ұлғайту керек; егер бұл да нәтиже бермесе, барабанның айналыс жиілігін азайту қажет. 3а.Қос барабанды комбайндарда алғашында екінші бастыру аппараты үшін За реттеуін орындау керек; егер ол көмектеспесе онда бірінші бастыру аппаратына жасаған реттеулерді іске асыру қажет; бірақ бұл реттеулердін, шала бастыруды ұлғайтып жібермеуін қадағалау керек. 4.Бастыру аппаратындары дека планкасының ұзын бой-ындағы саңылаулардың біркелкілілігін қамтамасыз ету керек.
5а.Жорарғы елек пен оның ұзартқышының жап- кыштарын кеңірек ашу керек. 5а.Жорарғы елек ұзартқышының көлбеулік бұрышын үлкейту керек, бірақ ұзартқышқа массаның тұрып қалмағандырын байқау қажет. 5б.Топанға семген дәндер кетпегендігін бақылай отырып, желдеткіштің, айналыс жиілігін арттыру керек.. 6.Желдеткіштің айналасын жиілігін азайту керек СК-5 және СК-6 комбайндарының бастыру ап-паратындары саңылауларды ұлгайту керек, егер ; ол көмектеспесе, сабанға шала бастырылған дән кетпегендігін байқай отырып барабанның айна-лыс жнілігін азайту қажет. 7ә. Қос барабанды комбайндардың екінші бастыру аппаратындағы саңылауды ұлғайту қажет бұл |
12-таблицаның жалғасы
Молотилка жұмысындағы кемшілік |
Реттеулерін взгерту |
Шанақтары астыққа арамшөп араласып кетеді
|
реттеу нәтиже бермеген жағдайда екінші барабанның айналыс жиілігін кеміту қажет; егер мұнның бәрі көмектеспесе бірінші бастыру аппаратында жүзеге асырған реттеулерді іске асырған кезде олардың сабанға шала бастырылған дәннің кетуіне себеп болмағандығына көз жеткізу керек.
8а.Төменгі електің жапқышын аздап жабу керек. 8э. Желдеткіштің айналыс жиілігін арттыру, мұның өзі дәннің масақ шнегіне көп түсуіне әкеп соқпағандығын қадағалау қажет. 86. Егер реттеулерден (8а және 86) кейін сабан мен топанға араласып кететін бос дәннен болатын ысыраптың артқандығы байқалса, онда комбайнның жүріс жылдамдығын азайту керек. |
Ағымдық бақылаудың мерзімдік операцияларына сабан мен до-панға бос дән кетуінен, сондай-ақ шала бастырудан болатын ысы-рап мөлшерін тексеру, шанақтағы астықтың тазалығы мен жарма-ланбауын тексеру жатады. Сонымен қатар қалбағай мен жина-уыштың реттелуін, барлық нығыздалған жерлердің бүтіндігін, кла-вишалардың беттерін, елек пен төменгі торды (өсімдікке толып қалмағандығын) мезгіл-мезгіл тексеріп отыру қажет. Бос дәннің кетуінен және шала бастырудан болатын ысырап мөлшерін 1—2 сағат сайын көзбен анықтайды. Ол былай істеледі: комбайнды бірнеше минутқа тоқтатып қою керек; түсірілген шөмелелерден әсіресе оның астыңғы бөлігінен қолмен бірнеше дән алып қарау қажет; бірнеше метрлік орылған егіс алқабына көз жүгіртіп өту керек (комбайнның нығыздалмауынан немесе қалбағайдың жоғары айналыс жиілігінің әсерінен шашылған дәннің бар-жоқтығын байқау үшін). Осындай қысқа мерзімге тоқтаған кезде клавишалар мен тазалағыштьщ беттерін де тексеріп, шанақтағы астықтан алып байқайды.
Қабылдау кезіндегі бақылау. Қабылдау кезіндегі бақылауды смена соңында, яки (жиірек) бүкіл алқаптағы орақ жұмысы аяқ-талғаннан кейін агроном, бригадир, есепші немесе арнаулы көмек-ші жүргізеді. Бұл ретте шаруашылықтарды бақылаудың әр түрлі әдістері қолданылады. Тікелей жинаудан кейін, жатка мен моло-тилкадан болатын барлық ысырапты, сондай-ақ олардың басқа да жұмыс көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін кабылдау кезіндегі бақылауды жүзеге асырады. Бөлектеп жинаған кезде де дәл осындай бақылау түрі жүргізіледі, бұл ретте дестелеуіш жатканың, жинауыш пен молотилканық жұмыс көрсеткіштері есепке алынады. Ең бірінші жатканың, сосын жинауышы бар мо- лотилканың жұмыстары жеке-жеке бақыланатын варианттың да болуы мүмкін. Қабылдау кезіндегі бақылау операциясы едәуір еңбекті қажет етеді, сондықтан оның ішіндегі ең қарапайымдарын таңдап алған жөн.
Қырқу биіктігі. Қырқу биіктігін былайша тексереді: жатка жү- ріп өтет ін егіндіктің шетінен 1—1,5 м қашықтықта орналасқан екі нүктенің сабақтарының биіктігін сызғышпен өлшейді. Жатка жү- рісінің бойымен осындай бірнеше (4—6) қосарлы өлшемдер жүр-гізеді, олардың арасындағы интервал 2—3 адым болуға тиіс; барлық өлшемдер көрсеткіштерінің, жиынтығы орташа қырқу биіктгін көрсетеді, ал оның ең көп және ен, аз мәндерінің айырмасы қықу биіктігінің біркелкілік дәрежесі болып табылады,
Жатканың ысырабы. Жаткадан болатын ысырапты анықта үшін бір метрлік немесе жарты метрлік рамка пайдаланылады, Мұндай рамканы әдетте диаметрі 6—8 мм металл шыбықтан жасайды.
Жиналған загонның екі ұзын жағынан бойына бір метрлік рам- каны 3—4 рет қояды, ол үшін өсіп тұрған егіннің барынша бітік тұсын таңдап алу керек. Рамкамен шектелген есептік алаңшалардың әр қайсысындағы ысырапты (бос дәндерді, орылған жән орылмай қалған масақтарды) жинап алу қажет. Өздігінен шашылған (ластанған, көктеп кеткен және т. б.) дәндер есепке алынбайды. Есептік алаңшадан жиналған барлық дәндерді (масақта түскендерін де) санау қажет. Бір метрлік рамкалардың санына берілінген және 10-ға көбейтілген бұл дәндердің граммен берілген массасы тексерілген танаптың бір гектарының килограммен берілге орташа ысырабын көрсетеді:
мұнда, Дж — жаткадан болған дән ысырабы, кг/га;
Пр — барлық бір метрлік рамкалардың алаңшаларынан
байқалған ысырап, г;
Оп — бір метрлік рамкалардың жалпы көлемі, м2.
Шығымдылық мөлшерін білгеннен кейін ысыраптың проценттік мәнін табуға болады.
Мысал. Шығымдылық 25 ц/га егістіктегі ысырапты анықтау үшін бір метліклік алты рамка қойылады. Бақылау рамкаларының алаңшаларынан (6 м3)терілген дәннің салмағы 16 г. Формуланы (6) пайдаланранда былай болып ші ғады:
Шығымдылық 25 ц/га болранда бұл шамамен 1,1% құрайды.
Таразы болмаған жағдайда масақ пен бос дәннің саны бойынша ысыраптың шамасын есепке алура болады’
Жақсы өсіп дамыған күздік бидайдьщ масағы шамамен 2— 1,3 г тартады. Өсімдіктің өсіп даму жағдайына байланысты күздік бидайдың 100 дәнінің (ылғалдығы 14% болғанда) граммен алынған абсолютті салмағы 1,6—5,5, күздік қара бидайдікі—1,3—5,0, арпанікі — 2,8—5,0, сұлының абсолютті салмағы 1,4—5,5 шегінде ауытқып тұрады.
Жинауыштың ысырабы. Егер жинауыштан болған ысырапты жеке анық тау қажет болса былай істейді: танаптың егіні жиналған, дестелер жатқан жерлеріне бір метрлік рамканы 4—5 рет қою керек: есептік алаңшалардағы ысырап жиынтығын анықтау қажет: содан кейін алдыңғы өлшемнің қатарындағы жерлерге де бір метрлік рамканы 4—5 рет қойып, жиынтық ысырапты анықтау керек; осы екі нәтиженің айырмасы жинауыштан болатын ысырап мөлшерін көрсетеді.
Мысал. Дестелер жаткан жерлерге бес бір метрлік рамканы (5 м2) қойғанда шыққан ысырап жиыйтығы 18 г, ал соның қатарында жатқан жерге (ол да 5 м2) саны дәл сондай рамкаларды қойған кезде жиынтық ысырап 12 г рана болады. Сөйтіп, жинауыштың жұмысынан 6 г ысырап кетті. Шығымдылық 30 ц/га.
Түрі өзгерген формуланы (6) пайдаланғанда мынау шырады:
мұнда, ІІП —жинауыштан оолран дән ысырабы, кг/га.
Шығымдылықты’ ескере отырып ысыраптыд 0,4% құрайтынын табамыз.
Молотилка ысырабы. Молотилка ысырабын (сабан мен топан-ға бос дән кетуден, сондай-ақ шала бастырудан болатын ысырап- -тарды) анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Соның екеуін атап өтейік.
Б і р і н ш і т ә с і л *. Топаны аралас сабан шөмелесін түсіріп, шөмелелегіштің түбі ашық тұрған кезде сабан мен топан дестесі 10—15 м ұзындықпен салынғанша педальді 6 (142-сурет) аяқпен басып тұру қажет. Содан кейін шөмелелегішті жабады. Салынған дестенің 3—5 жеріне 0,2 м2 (0,4X0,5 м) көлемде рамканы қою ке-рек. Рамкамен шектелген алаңшадағы барлық бүтін (жарамды) дәнді теріп алып, барлық дәнді және масақтағы дәндерді де бөліп алу қажет. Жиналған дәннің жалпы мөлшерін алаңшалардың са-нына бөлу керек. Содан кейін 13 және 14-таблицалар (бұл табли-цалар 1000 дәннің абсолютті массасы 40 грамға тең келетіндей есеппен жасалған) бойынша молотилкадан болған астық ысырабы анықталады, Егер қажет болса бос дәннен болған ысырап пен шала бастырудан кеткен ысырапты жеке-жеке анықтауға болады. Шығымдылықты білгеннен кейін ысырап процентін анықтауға бо-лады.
Указания по устранению потерь зерна при работе самоходных комбайнов СҚ-3 и СК-4. Москва, ЦНИИТЭИ, 1969.
13-таблица 14-таблица
Мысал. “Нива комбайны. Рамка десте үстіне 4 рет қойылды. Рамканы төрт дүркін қойған кезде алаңшадан барлығы 200 дән алынды. Ал 0,2 м2 алаңдағы дәннің орташа саны 50 болды. Жатканың алым ені 5 м. 13-таблицаның көрсет кіштері бойынша егістіктегі молотилкадан болған ысырап 24 кг/га екенін көреміз. Мәселен шығымдылық 24 ц/га болсын дейік. Онда молотилкадан болған ысырап 1 процент құрайды.
Екінші тәсіл. Зая жүргізу арқылы комбайнды астық қалдық-тарынан мұқият тазартады; топан араласқан 2—3 сабан шөмелесін қайтадан бастырады; осыдан соң алынған дәндерді өлшеп ысырапты есептеп шығарады.
Мысал. Шығымдылығы 30 ц/га егіні жиналран танаптан екі шөмелені бас тырғанда 2160 грамм дән алынды. Бұл екі шөмеле де 480 м2 алаңнан жиналған Есептеп шығару үшін мына формуланы қолданамыз:
мұнда, Пм — молотилка ысырабы, кг/га;
П0— екінші қайтара бастырғанда кеткен ысырап, г;
Уп— жиналран егіс алқабы, м2. ;
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді орнына қойғанда былай болыи шығады:
Алынған нәтиже молотилка ысырабының 1,5% болғандығын көрсетеді.