Әдеби тіл жөне оның нормасы
Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ:;
Сөз білетін адамның
Әр ^өзіне бір тұзащ.
Осы мақалдын, қай кезде, қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтиже-сінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.
Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл колдану заңдылықтарын білдіретін үғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп қолдану орынды болса, қазір “тіл нормасы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл” теминдері қалыптасты.
•Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес.
Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д —
е б и т і л д е (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады._/
“Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бі-рімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиеттің қалып-тасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тен-денциясы әсер етті”.
Фольклордың жазба әдебиетке, оның қалыптасуына тигізетін ықпалы туралы 3. Кедрина: “Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмірге бейімділігі соншалықты, ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары: орыс армиясының офицері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865); қазақ мектебінің бірінші оқу-лығы мен хрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжіри-бесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсариннің (1841 —1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың (1845— 1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей-ақ сол табиғи қалпында енді”1,— дейді.
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — -Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті фөмаларыи ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.
Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір үғымды білдірмейді. Өдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл — сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған. тіл-дік белгілер. Ал нормаяанған тілдің “қ а л ы пт ы л ы ғ ы” басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайьш, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең. Сонымен бірге тілдің басқа формаларына қарағанда, көркем шығарма тілі көрнекті орын алады. Көркем шығарма тілінің даму тарихы бірден
1 3. Кедрина. Своей дорогой, “Вопросы литературы”, 1958, № 7. қалыптаса қоятын құбылыс емес, көркем шығарма тілінің маңызды ролі, әсіресе ұлт тілінің қалыптаса бастаған кезінен, әсіресе социалистік жаңа дәуірдегі әдеби тілмізден айқын сезіледі.