Бейтарап (стильаралық) лексика
Тілдегі сөздердің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояу аңға-рылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясына, ерекше-ліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа бөлінеді. Лингвистика-лық әдебиеттерде лексикалық топтар саны әр турлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды тұрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кі-таби, поэтикалық, диалектілік, ресми-іс қағаздар лексикасы, т. б. Сондай-ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және кітаби лекс и к а. Оқулықта осы соңғы турі негізге алынып отыр.
Тілде стиль түрлерінің (ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық, көркем әдебиет) екеуінде не үшеуінде бірдей қолданылатын сөздер де, немесе барлығында кездесетіндері де бар.
Мысалы: Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар (М. Әуезов). Аспан әлемінен жер бетіне келіп жатқан сан миллион сэулелер, космос сэулелері деп аталатын сэулелердіц табиғаты… (Физика). Бақанастың өз өңірінде өспейді. Өзге қай жерде бар (М. Әуезов). Ауадан гөрі таза оттекте заттардың тотығу процесі күшті жүреді (Химия).
Бұл үзіндіден аспан, ауа, жер, су, өзен, тау аттарының ғылыми стильде де, сондай-ақ көркем әдебиет тілінде де қолданыла бере-тінін көреміз. Олар өзге стильдерде де жұмсалады. Міне, мұндай сөздерді, яғни стиль түрлерінің қай-кайсысында да қолданылатын тілдік құбылыстарды бейтарап немесестильаралық л е к с и к а деп атайды. Мұның кейбір үлгісін әр түрлі еңбектерден, ғылыми әдебиеттерден, оқулықтардан, көркем шығармадан, жоғарыдағы мысалдардан аңғаруға болады. Оны сондай-ақ мына бір жолдардан да байқау қиын емес. Таудан соққан салқын ызғар қатал мінездердің ызғары сияқты (М. Әуезов). Өзен жағасына келсе Оспан, Смағұл бастаған көп кішілеу балалар мөлдір суда асыр салып… (сонда). Тау беткейінің горизонт жазықтығымен жасайтын бұрышы (Тригонометрия). Өзеннің енін анықтау үшін оның бір жақ жағасына… (сонда). Гидросульфидтер суда эжеп-тәуір жақсы ериді(Химия).
Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Оған ең алдымен жоғарыда аталған аспан, жер, су, ауа, жел, өзен, тау тәрізді табиғат құбылыстары жатады. Осы сөздер көркем әдебиет стилінде де; ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық стильде де қолданыла береді. Олардың әр түрлі стильдерде жұмсалуына бірер мысал келтіре кетейік. Тау басында жел тұрды білем (М. Әуезов). Ең қызығы Шолпандағы жел ылғи бір-ақ жаққа, яғни планетаның айналуымен бағыттас соғады екен (Физика). Денеге жерден шығып кетуге мүмкіндік беретін жылдамдық осын-дай болады (сонда). Бұнда қалың боп көпсіп жататын құм мен боз топырақтан аяқ алып жүру бір жүк (М. Әуезов). Фосфорит, құм жэне көмірдің ұсақталған қоспаларын электр пешіндеауа жібермей жоғары температурада қыздырады (Химия).
Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лексикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі стильде жұмсалып отырады. Мысалға қасиет деген сөзді алып көрейік. Бұл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицисти-калық стильде де қолданылады. Дәл осындай ерекшелік анықтау деген етістіктен де аңғарылады. Ол да ресми-кеңсе және ғылыми стильдің екеуінде бірдей келе береді.
Оқушылардың бойында… социалистік патриотизм, социалистік Отанды қорғауға эзір тұру қасиеттерін тэрбиелеу (ССР Одағы мен одақтас республикалардың халыққа білім беру туралы заңының негіздері). Оқу жоспарларын бекіту жэне программаларын бекіту тзртібін анықтау (сонда). Азайту жэне бөлу амалдарын қосу жэ-не көбейту амалдарына қарағанда кері амалдар ретінде анықтауға болады (Алгебра).
Бейтарап лексикаға жататын, яғни стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында да келе беретін мұндай сөздер қазақ тілінде осылар ғана емес. Олар көп және әр тарап болып келеді. Біз солардың тек кейбіріне тоқталдық.
Сондай-ақ, стиль түрлерінің бәрінде емес, кейбірінде ғана қол-данылатын сөздер де бар. Мысалы, лексиканың белгілі бір тобы өзінің стильдік бояуына байланысты көбінесе сөйлеу стиліне тән болып келеді де, сонда жиірек қолданылады. Ондай сөздер сөйлеу тілі лексикасы деп аталады.
Сөйлеу тілінің лөксикасы
Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жат-пайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын,»тіпті көркем әдебиет пен публицисти-калық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұ-ларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға — қолданылу аясына байланысты. Қөбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән ондай сөздерге қ а р а п а й ы м с ө з д е р, т а б у , э в ф е м и з м , д и а л е к т и з м д е р және к ә с і б и с ө з д е р жатады.