СК-6 және СК-5 комбайндарын басқару құрылғысы және оларды пайдалану әдістері
СК-6 комбайнының кабинасы. СК-6 комбайнына металдан пі-сіріліп жасалған конструкциялы кабина орнатылған. Кабинаның сыртында оны қатты қызып кетуден қорғайтын экран бар. Терезеге арналған ойықтар күн сәулесінің тіке түсуінен қорғайтын терезе жапқыш шілтерлермен жабдықталған. Олар айналаны шолуға ке-дергі жасамайтындай етіп құрылған. Кабина гидроамортизатормен реттелетін отырғышпен, электрлі әйнек тазалағышпен, таза ауа жіберіп тұратын желдеткіш жүйесімен, электр жарығымен, кейін карай жүріс айнасымен, ауыз суға арналған шағын бакпен, жә-шікпен және комбайншы киіміне арналған ілгекпен жабдықталған. Барлық негізгі басқару органдары кабинада жинақталған — олар 143-суретте көрсетілген, ал 144-суретте жүріс бөлігі механизмдерін қозғалысқа келтіретін рычагтар мен тартпалар көрсетілген.
Басқару органдарының атқаратын қызметтерін қарастырайық.
Рычаг 1 (143-сурет). Бұл рычаг барабан мен деканың арасындағы эксплуатациялық реттеуге арналған. Бұл саңылаулар тұрақты орнатылғанда көлемі мынандай болатынын еске сала кетейік: кіре берісте — 8 мм, негізгі деканың алдыңғы төсемінде — 14 мм, шыға берісте — 2 мм. Рычагпен 1 бұл саңылауларды мынадай шектерде реттейді: кіре берісте 48 миллиметрге дейін, негізгі Деканың алдыңғы төсемінде 46 миллиметрге дейін, шыға берісте 42 миллиметрге дейін.
Р ы ч а г 2. Рычаг 2 сағат тілінің бағытымен бұрылған кезде
143-сурет. СК-6 комбайнының кабинасы:
1 — барабан мен деканың арасындары саңылауды реттеуіш рычаг; 2 — барабанның айналыс жиілігін реттеуіш рычаг; 3 және 15 — прибор калқандары; 4 — тахоспидометр (А-І берілістің шкаласы; Б — IIберілістің шкаласы; В — III берілістің шкаласы); 5 — босату шнегінің рычагы; 6 — жанар май насосының рычагы; 7 — барабанның айналыс жиілігін реттеуіш тұтқа; 8 — қалбағайды көтеретін тұтқа; 9 — запас (қалбағайды ұмсындыратын) тұтқа; 10 — шанақ вибраторының жетек тұтқасы; 11 — радиатордың ауа таратқышын тазарту тұтқасы; 12 — жүріс бөлігі вариаторының тұтқасы; 13 — жатканы көтеру тұтқасы; 14 — гидрожүйе рычагы бар панель; 16 — двигатель ілінісінің (жұмыс органдарының) рычагы; 17 — жатканы ажырату рычагы; 18 — шөмеле түсіретін педаль; 19 — доңгалақ тежеуіштерінің педальдары; 20 —беріліс қорабының рычагы; 21 — жүріс бөлігі ілінісініқ педалі; 22 — тұрақтық тежеуіш.
барабанның айналыс жиілігі артады, ал сағат тіліне қарсы бұрыл-ранда — кемиді. Бұл реттеуді тек молотилка жұмыс істеп тұрғанда ғана іске асыру керек.
Р ы ч а г 5. Астықты босату үшін (шнекті іске қосу үшін) рычагты артқа қарай жылжытады, ал босату шнегін ажырату үшін оны алдыға қарай жылжытады.
Рычаг 6. Жанар май берілуін іске қосу үшін (және берілуді ажырату үшін) рычагты артқа қарай жылжытады, ал оның толық ажыратылуы үшін (немесе кемуі үшін) алдыра қарай жылжытады.
Рычаг 16 (143-сурет). Двигатель ілінісін қосу үшін рычагты артқа қарай, ал ажырату үшін алдыға қарай жылжытады.
Р ы ч а г 17. Жатканың жұмыс органдарын тоқтату үшін рычаг алға қарай жылжытылады, ал оларды жұмысқа қосу үшін ричаг артқа қарай жылжытылады.
Рычаг 20 (143-сурет). Берілісті ажыратып-қосу схемасы 144-суретте көрсетілген.
Педальдар 19 (143-сурет). Педальдар комбайнньщ жетектеуші доңғалақтарын бір мезгілде немесе жеке-жеке. тежеу үшін қызмет етеді. Бұл педальдар кәдімгі жұмыс істеу кезінде шаппа тіспен 7 (144-сурет) бекітіліп тұруға тиіс. Егер жекелеп тежеу қажет болған жағдайда шаппа тіс ілінісінен ағытылады. Педальдардың әрқайсысы 6, 8 басқару алаңшасынын. астында орналасқан жеке бас цилиндрмен жалғасқан.
144-сурет. СК-4 комбайны қозғалысын басқаратын органдар:
1— жүріс бөлігінің ілініс педалі; 2 — тұрақтық тежеуіш тұтқасы; 3 — жанар май беру рычагы; 4 — берілісті ауыстыру рычагы; 5 — рульдік доңғалақ; 6 және 8 — доңғалақ тежеуіштерінің (оң және сол жақ) педальдары; 7 — доңғалақ тежеуіштері педальдарын блокиров-калауыш шаппа тіс; 9 — жүріс бөлігі ілінісінің рычагы; 10 — кабылдау шкиві; 11 — тұрақтық (қолмен тоқтататын) тежеуіш; 12 — тұрақтық тежеуіштің реттеуіш буыны; 13 — жарты осы
Педаль 1 (144-сурет). Бұл педаль жүріс бөлігі ілінісін ажыратады және қосады. Оның да педальдардікі 6, 8 сияқты гидроландырылған жетегі бар. Педальдің іліністі қосуға кететін күшті кемітетін екі серіппесінің керілуін реттеу арқылы кейін қарай сығылған педальдің қайта құлауын болдырмауға болады.
Тұтқа 2 (144-сурет). Бұл тұтқамен аялдама жағдайында тұрақтық тежеуішті іске қосады. Жүріп келе жатқанда оны тек өте зәру болған жағдайларда ғана пайдаланады. Комбайнды тежеу үшін тұтқаны жоғары қарай тартып, бекітеді, сол кезде қалқаншадағы лампочка жанады. Комбайнның тежелуін болдырмас үшін тұтқаны өз осінде айналдыру керек, сонда тұтқа бекіткіштен босанып, төмен қарай жылжиды. Бұл кезде лампочка өшеді. Кабинада жүргізушінің алдында приборлардын, екі — сол жақ (145-сурет) және оң жақ (146-сурет)—қалқаншасы орнатылғаң. Осы.
145-сурет. СК-6 және СКПР-6 комбайндарының кабинасындағы приборлардық сол жақ қалқаны:
1 — алысқа түсетін жарық лампочкасы; 2 — жарықты қолмен ажыратып-қосқыш; 3 — ауа тазартқыш пен жылытқыш желдеткіштерін ажыратып-қосқыш; 4 — жүргізушіні желпіндіретін желдеткішті қосқыш; 5 — фараларды қосқыш; 6- шөмелегіштің лампочкасы (қызыл түсті); 7 — дыбыс сигналы мен “артық” сигнал лампочкалаі рын (8 немесе 5) ажыратқыш; 8 — екі шнек (дән және масақ шнектері) пен сабан сіліккіштіқ мысын реттейтін лампочка (кызыл түсті); 9-шанақтың толтырылу деңгейін бақылайтын лам- почка (жасыл түсті); 10 — плафонды қосқы 11 — бұрылыс көрсеткіштерін ажыратып-қосқьш 12 —шанақтағы жарықты косқыш; 13 — термоби металды сақтандыррыш; 14 — бұрылыс көрсеті кіштерінің қосылуын бақылайтын лампочка (жасыл түсті).
Ескерту. Алғашқы шығарылған комбайндарда бір ғана қосқыш (7) орнатыл ған. Онын. маркасы Н2В-45. Одан кейінгілерде екі қосқыш (7) орнатылған. Олардың маркасы ВК-57.
146-сурет. СК-6 және СКПР-6 комбайндарының кабинасындары приборлардың оң жақ қалқаны:
1 — қолмен (тұрақтық) тежеуішті бақылайтын лампочка; 2 — турбокомпрессордағы майдың қысымын көрсеткіш; 3 — приборлар шкаласын жарықтандыруға арналған лампочкалар; 4 — двига-тельдегі майдың апаттық қысымын бақылайтын лампочка; 5 — судық температурасын көрсеткіш; 6 — барабан тахометрі; 7 — судық апаттық температурасын бақылайтын лампочка; (двигитель
жұмыс істеп тұрғанда бұл лампочка сөнеді немесе күңгірттеніп жанады).
қалқаншаларда орналасқан тетіктермен танысайық. Ең әуелі сол жақ қалқаншадан бастайық.
Жарық беру (освещение). Жарық беру приборларын басқаратын мынандай құрылғылар бар: жарықты қолмен ажыратып-қосқыш 2; жарықты жақынға немесе алысқа түсіруге арналған аяқпен ажыратып-қосқыш; артқы фараларды косқыш 5; кабина плафонын қосқыш 10; алысқа түсетін жарықтың қосылуын бақылайтын лампочка 1.
Желдеткіштер мен жылытқыш. Кабинадағы ауаны тазартатын желдеткіштер ажыртып-қосқышпен 3 іске қосылады. Сондай-ақ бұл ажыратып-қосқыш жылытқышты қосу міндетін де атқарады.
Ауа тазалайтын желдеткіштерді іске қосу үшін ажыратып-қосқыштың 3 кішкене рычагын алға қарай жылжытып қою керек.
Жылытқышты қосу үшін ажыратып-қосқыштың 3 кішкене рычагын артқа .қарай тартып қою қажет. Қосқыш 4 жүргізушіні жел-піндіретін желдеткішті қосуға арналған. Сигнализаторлар. Лампочка 6шөмелелегіштің артқы клапаны мен түбінің жабылмағандығын білдіріп сигнал береді. Лампочка 8 екі шнектің (дән және масақ шнектерінің), екі элеватордың жәнеі сабан сіліккіііггің жұмысын бақылайды. Лампочка 9 шанақтың дәнге толғандығы жайлы сигнал береді.
Егер күтпеген бір жағдай бола қалса (шанақ толып кетсе, шнек пен элеватор тығылып қалса, сабан сіліккіш толып кетсе), онда екі лампочка 8, 9 да бір мезгілде жанады және дыбыс сигналы іске 1 қосылады. Комбайншы ажыратқышты 7 ауыстырады, сонда дыбыс сигналы өшеді және онымен бір мезгілде “артық” лампочка да сөнеді. Егер, мәселен, лампочка 8 сөнсе, шанақтың бірі немесе екі шанақ та дәнге толды деп түсіну керек. Ал лампочка 9 өшіп қалса, шнекте, элеваторларда немесе сабан сіліккіште ақау бар.
Комбайн солға бүрылғанда ажыратып-қосқышты 11 да сол жаққа жылжыту керек. Соның әсерінен сол жақ бүрылысты көрсеткіш жыпылықтайды және лампочка 14 іске қосылады. Қомбайн оңға бұрылған кёзде ажыратып-қосқыш 11 та оңға жылжиды, лампочка 14 жанып, он. жақтағы көрсеткіш жыпылықтайды.
Енді оң жақ қалқаншаны (146-сурет) қарастырып көрейік. Мұнда двигатель жұмысын — май қысымын, су температурасының сондай-ақ амперметрді — көрсететін бір топ көрсеткіштер орналасқан. Бұл көрсеткіштерден басқа лампочкалар да бар, олар апат жағдайы білінгенде жанады. Егер май қысымы 0,4—0,7 кгк/см2-қа, яғни 40—70 кПа-ға төмендесе (ауаның плюс температурасы 15—25° болғанда) лампочка 4 жанады. Судың температурасы 96— 103° градусқа жетсе лампочка 7 жанады. я Аккумулятор батареясы (яғни электр» желісі) “массаға” қосылғанда лампочка 9 жанады. Ал ажыратылғанда бұл лампочка да сөнеді. Комбайнды тежегенде лампочка 1 жанады. Тұрақты тежеуіші ажыратылғанда бұл лам-почка да сөнеді.
Отырғышты (147-сурет) жүргізушінің массасына (60-тан 120 килограмға дейін) салыстырмалы түрде, сондай-ақ биіктігі (80 мм) және ұзындығы (150 миллиметрге дейін) бойынша реттеуге болады. Заводта отыр-
147-сурет. Отырғыш аспасының схемасы:
1 — гидравликалық амортизатор; 2 — параллелограмм меха-низмінің білулері; 3 — демпфер серіппесі; 4 және 6 — рететуіш болттар; 5 — бұрандалы втулка;
ғышты жүргізушінің орташа бойы (172 см) мен салмағына (70 кг) карай реттейді.
Винтпен 4 масса бойынша реттегенде мынаны есепке алу керек. Жүргізушінің салмағы түсетін отырғыш параллелограмының ры-чагтары көлденеңге жақын қалыпта болуға тиіс. Втулка 5 арқылы осы параллелограмның жұмыстық диагоналының ұзындығын өз-гертеді, ал осыдан келіп отырғыштың қалпы биіктігі бойынша өз-гереді: көлденеңі бойынша реттеу үшін екі жағындағы құлақты гайкаларды босатады да отырғыш панелін бағыттауыштың бойы-мен жылжытады.
Түрегеп тұрып жұмыс істеу үшін отырғышты артқа қарай жығып қоюға болады. Ол үшін тұтқаны бекіткіші бар іліністен шығарады.
Ауа желдету және тазарту жүйесі роторлы желдеткіштері мен сілтілі ерітіндімен тазартылған поропластан, сүзгіші бар екі электр двигательдерінен тұрады. Роторлы желдеткіштер ауаны сорады. Шаңның бір бөлігі ауа ағынынан пайда болатын центрден тепкіш күштің әсерінен желдеткіш корпусының қабырғаларына қарай ай-далады да, ондағы тесіктер арқылы далаға шығарылады. Бұл алдын-ала тазарту.
Ауаны біржола мұқият тазартуды сүзгіштер атқарады. Егер кабинаның бүйір жағьшдағы әйнектердің бірі 70 миллиметрдей ашық болса, желдету және тазарту жүйесі бұрынғысынан да жақсы жұмыс істейді.
Электр двигателі мен сүзгінің арасындағы кеңістікті, сондай-ақ сүзгіштің өзін жиі-жиі тазалап түру керек. Орақ жұмысы аяқтал-ғаннан кейін желдеткішті де тазарту керек.
СК-5 комбайнының кабинасы. СК-5 комбайнының кабинасы резина төсем мен болттар арқылы жалғасқан екі бөліктен — жо-ғарғы және төменгі бөліктерден — құралады. Оның ішкі жабдық-талуы мен басқару органдары жоғарыда қарастырылған СК-6 ком-байнынікіндегідей.
Кабинада (148-сурет) төменде аталатын басқару органдары орналасқан.
Педаль 1. Ол комбайнның доңғалақтарын жүріп келе жатқанда тежеу үшін қажет.
П е д а л ь 2. Оны шегіне жеткенше басқанда жүріс бөлігінің ілінісі ажырайды. Іліністі қосу үшін педальді бірқалыпты босату керек.
Тұтқа 3. Түрақта (стоянка) тұрғанда тежеуде қолданылады.
Р ы ч а г 4. Қажетті берілісті косуда бұл рычагты пайдалану схемасы СК-6 комбайнына үқсас.
Р ы ч а г 7. Жанар май берілуін ұлғайту үшін алға қарай жыл-жытады.
Р ы ч а г 8. Оны алға қарай жылжытқанда дәнді босату үшін шнек іске қосылады. Шнекті ажырату үшін рычагты артқа қарай
148-сурет. СК-5 комбайныньщ кабинасы:
1 — негізгі доңралақтың тежеуіштерінің педальдары; 2— жүріс бөлігі ілінісінің педалі; 5 — тұрақтық тежеуіш; 4 — берілісті ауысгыру рычагы; 5,— рульдік доңралақ; 6— тахоспидометр; 7 — жанар май беру рычагы; -8 — астық босату рычагы; 9 — гидравликалық рычагы бар панель; 10 — приборлар қалқаны;. 11 — дека рычагы; 12 — цвигательдіқ ілініс рычагы; 13 — жатканы ажырататын рычаг; 14 — барабан айналысы жиілігін реттеуіш тұтқа; 15 — шөмелепегігаті босату педалі.
жылжытады. Рычагты жылжытар алдында тісті айналып өтуі үшін жоғары қарай жылжытып қою керек.
Р ы ч а г 12. Двигатель ілінісін қосу үшін оны алға қарай жылжытады. Р ы ч а г 13. Жатқаны тоқтату үшін оны алға қарай ауыстыру керек. Ал артқа қарай ауыстырғанда жатка қайтадан іске қосылады.
Т ұ т қ а 14. Барабанның айналыс жиілігін арттыру үшін тұтқаны 14 сағат тілінің бағытымен бұрайды, ал барабанның айналыс жиілігін кеміту қажет болса оны сағат тілі бағытына қарсы бұрайды.
Педаль 15. Сабанға толған шөмелелегішті босату үшін педальді аяқпен уақытша ғана басып қалу керек. Егер ішінара толған шөмелелегішті босату қажет болса, онда педальді біраз уақытқа дейін сығылған қалпында үстап тұру қажет. СҚ-5 комбайнының кабинасында оң жақта орналасқан (149-сурет) тек бір ғана приборлар қалқаншасы бар. Онда орналасқан көрсеткіштер мен сигнал беру тетіктері дәл СК.-6 комбайнының екі қалқаншасында (145 және 146-суреттер) көрсетілгендегідей. СК-6 комбайнында аздаған ғана қосымшалар (оның қалқашасын СК-6 комбайнының қалқаншаларымен салыстырғанда көрініп түрғандай) бар.
Приборлар қалқаншасындағы (149-сурет) үш сигнал беру лам-почкалары 18, 19 және 21 комбайн жұмысын бақылайды. Жүмыс басталғанда ажыратқышты 16 іске қосу керек. Шнекте, элеватор-ларда, сабан сіліккіште ақау пайда болса немесе шанақ дәнге толса, онда лампочкалар 18, 19 жанады.
149-сурет. СК-5 комбайнының приборлар қалқаны:
1 — жарықты қолмен ажыратып-косқыш; 2 — двигательдегі май қысымын көрсеткіш; 3 — приборларды жарықтандыратын лампочка; 4 — май температурасьшың апаттық ламночкасы (қызыл түсті); 5 — су температурасын көрсеткіш; 6 — жүргізушіні желпіндіретін желдеткіш қосқышы; 7 — электр желісінің “массаға” қосылуын бақылайтын лампочка (жасыл түсті); 8-—амперметр; 9 — қол тежеуіштің лампочкасы (қызыл түсті); 10 — барабанның айналыс жиілігінің тахометрі; 11 — жылытқыш пен екі желдеткішті қосқыш (сол жақта — желдеткішті қосқыш. оқ жақта — жылытқышты қосқыш); 12 — бұрылысты көрсеткіш лампочка (жасыл түсті); 13 — плафон қосқышы; 14 — шанақтағы жарықтықосқыш; 15 — сақтандырғыштар; 16 — дыбыс сигналы мен “артық” лампочкаларды (18 немесе 19) ажыратқыштар (лампочканың 21 бұл ажыратқыштарға қатысы жоқ); 17 — артқы фараларды қосқыш; 18 — шнек, элеватор жэне сабан сіліккіштің сигнализаторларының лампочкасы (қызыл түсті); 19 — шанақ сигнализаторының лампочкасы (жасыл түсті); 20 — бұрылысты көрсеткіштерді ажыратып-қосқыш; 21 — шөмелелегіш сигнализаторының лампочкасы (қызыл түсті);22 — стартермен жургізгіш лампочкасы (көк түсті);
Бұл кезде сондай-ақ дыбыс сигналы да жұмыс істейді. Ажырат-кышты 16 жылжытқан кезде дыбыс сигналы мен “артық” лампочка ажырайды. Ал сөнбей жанып тұрған лампочка 15 немесе 19 бойынша механизмде ақау пайда болғаны анықталады.