Газ тарату механизмі
Цилиндрлер қақпағы. Газ бөлу механизмінің детальдары СЧ21-40 маркалы шойыннан құйылған қақпаққа құрастырылған. Кақпақ блок — картерге шпилькалармен бекітіледі.
Қақпақ пен блок-картердің аралығына асбест-темір төсем қабат салынады. Шпилька гайкаларын 20—22 кгк. м (200—220 Н. м) күшпен кілт арқылы бірқалыпты әрі бірте-бірте блок-картердің центрінен алдыңғы және артқы жағына қарай қатайтып бұрайды.
Цилиндрлер қақпағында құйындық камералар, форсункалар, клапандық және декомпрессиялық механизмдер орналастырылған.
Жану камерасы екі бөліктен: поршеньнің түбіндегі ойық 14 пен цилиндрлердің қақпағынан жасалған құйындық 10 және негізгі бөліктерден құралған (114-сурет).
Құйындық камераның түрі шар тәрізді болады. Ол негізгі ка-мерамен канал 13 арқылы байланысқан. Сығу тактісі кезінде пор-шень құйынды камераға ауа айдамалайды. Канал камераға жанама сызық бойынша орналасатындықтан, ауа айналмалы қозғалыс жасайтын болады. Форсунка құйындық камераға тозаңданған отын бүркеді. Камерада айнала қозғалатын ауа отынның бұрынғыдан әрі мұқият тозаңдана түсуіне және онын, ауамен жақсы алмасуына жағдай жасайды. Отын өте қызған ауа арқылы тұтанады, бірақ та қүйындық камерадағы отын толық жанбайды, Газдарға араласа негізгі камераға шыққан соң ол ауамен жақсы араласады да түгелдей жанатын болады.
Құйындық камера жоғарғы және төменгі екі жарты сфералардан құралады. Жоғарғы жарты сфера қақпаққа құйылған, оның қабырғалары су қаптамасы 8, 9 арқылы шайылады. Төменгі жарты сфераны ыстыққа төзімді Х9с2 маркалы болаттан жасалған ендірме 11 құрады. Ендірменің тірек белдеуі 15 қақпақ жазықтығынан 0,01—0,08 мм шығыңқы тұрады. Сондықтан құрастырылған двигательдегі ендірме цилиндрлер қақпағы мен блок-картердің аралығында нығыздалып қысылатын болады. Құрастыру кезінде ол винтпен 12 ұстатылады.
Ендірме қақпақпен — тік тірек белдеу бойынша ғана жанасады. Оның қалған бөлігі қақпақтан ауа қабатымен оқшауланған. Сондықтан ендірменің температурасы жоғары (500°С-қа дейін) бо-лады, бұл оран отынның кебу мен тұтаңу процестерін жақсартатын жылу аккумуляторының қасиетін береді.
Цилиндрлер қақцағы корпус 4 және қақпақшадан 5 құралған қалпақпен жабылған. Қақпақшаға болат сымдар тығыздалып тол-тырылған келте түтік (сапун) бекітілген. Двигатель жұмыс істеген әрбір 480 сағат уақытта бүл түтікті (сапунды) шығарып алып, бөл-шектеу және жуу керек. Түтікке салынатын болат сымдарды қоп-сыту және май жұқтыру керек.
Клапандық механизм. Ендіру клапаны 40ХН маркалы болаттан, ал шығару клапаны Х9с2 маркалы болаттан жасалады. Клапанда тәрелке және стержень бар. Тәрелке 45°-пен өңделген және цилиндрлер қақпағының ұясына үйлесімді болып ажыратылған. Ысқыланған қырының (күңгірт түсті) қалыңдығы 1—2,5 мм шегін-де және клапанңың тәрелкесінің ұяшығында болуы керек. Клапан тәрелкесі қақпақ жазықтығынан 3,5 мм-ден артык жасырынбауы керек. Жаңа двигательде клапандар 1,15—1,60 мм жасырынады.
Клапанның стержені цилиндрлер қақпағына престелген шойын бағыттауыш втулкамен қозғалады. Стержень мен втулка аралы-ғындағы саңылау өндіру клапанында 0,03—0,09 мм, шығару кла-цанында— 0,06—0,12 мм. Стерженьнің ұшында сухариктерге ар-налған жалпақ ойық және сақтандыру сақинасы үшін жіңішке
116-сурет. Таратқыш және жетектеуіні шестернялар:
1 — майлау жүйесі насосының шестернясы; 2 —иінді біліктің (май насосы жетегінің) шестернясы; 3 және 4 — гидрожүйе насосының шестернясы; 5 — тартқыш біліктің шестернясы; 6 — отын насосының шестернясы; 7 — аралық шестерня; 8 — иінді біліктің шестернясы (таратқыш біліктің жетегі).
ойық бар. Егер клапанның серіппесі немесе стержені сынса,
онда клапан двигательдің цилиндріне ене алмайды, себебі
оған сақтандырғыш сақина кедергі жасайды. Тәрелкенің бетінде клапандарды ысқылауға қажет жырашық жасалған.
Күйенте 6 екі бөліктен құралған және ұштары тығынмен ты-ғындалған куыс оське орнатылған (114-сурет). Клапандық меха-низмді майлау үшін осьтің қуысына май жіберіледі. Итергіштің штангасы 3 түтіктен жасалынған; оның ұштары жұмырланған әрі жылтыратылған.
45 маркалы (селект) болаттан жасалған тарату білігі үш под-шипникке орнатылған. Тарату шестернялары картерінің қақпа-ғында тарату білігінің осьтік люфтін реттейтін тірек винт бар. Бұл винт қандай да болмасын бір себептен бұралып босаңсыған болса, онда оны былай реттейді: білікті табаншасына тірелгенше бұрайды, сонан соң ‘/4 айналысқа бұрап босатады да қарсы гайкамен бекітеді. ‘
Декомпрессор. Декомпрессордың қызметі — двигательді жүргі-зу және техникалық қызмет көрсету кезінде клапандарды ашу әрі оларды ашық күйінде ұстап тұру. Осының нәтижесінде иінді білікті аз ғана күшпен айналдыруға болады,
Декомпрессордың құрылысы мынандай. Күйентенің ұзын иық-тары ұштарының үстіңгі жағында оған қарама-қарсы тұсында ойығы бар құрама білікше 7 орнатылған. Бүл ойық күйентенің жұмысына кедергі жасамайды. Бірақ егер білікше айналатын болса, онда ол өзінің цилиндрлік бөлігімен күйентеге тіреледі де клапандарды ашады. Декомпрессордың түтқасында осы қажеттікті қалпында ұстап түратын серіппелі бекіткіш бар.
Таратқыш шестернялар. 116-суретте таратқыш шестернялар көрсетілген. Иінді біліктің айналысы аралық шестерня 7 арқылы екі шестерняға — тарату білігінің 5 және отын насосы жетегінің 6шестерняларына беріледі. Гидравликалық насостардың шестерня-лары 3, 4 қозғалысты тарату білігінің шестернядарынан алады.
Тартқыш шестернялар белгілер бойынша дәлме-дәл орнатылады. Иінді білік шестерняларының 8 жанындағы К әрпі шпонка осімен оңға қарай санағандағы үшінші тесігіндегі белгіге қарама-карсы орналасқан. Аралық шестерняға 7 сәйкес К, Т және Р әріп-терімен белгіленген үш белгі бар. Шестерняда 5 Р әрпі белгісі, ал екінші шестерняда 6 сәйкес түрде Т және Н әріптерімен белгіленген екі белгі бар.
Шестерняларды 5, 8 жэне 7 орнату кезінде олардағы К. жэне Р белгілерін бір-бірімен дәлдестіру керек. СМД-14, СМД-14А, СМД-14Б, СМД-14К және СМД-15К двигательдерінде шестерня-ның 7 Т белгісін шестерняның 6 Т белгісімен дәлдестіреді. СМД-17К, СМД-18Қ және СМД-14Н двигательдерінде Т және Н белгілерін өзара дәлдестіреді.
Клапандарды реттеу. Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде газ тарату механизмінің детальдары мен клапандар ерекше қатты қы-зады. Егер тарату білігінің жұдырықшасынан клапанға қозғалыс беру жүйесінде саңылау болмаса, онда қызудан клапанның стер-жені ұзаратын, ал штанга мен итергіштердің өлшемдері біршама ұлғаятын болады. Осының салдарынан клапан өзінің ұясына дәл түспейді де двигательдің жұмысы бұзылады. Сондықтан клапан-дағы механизм саңылауын дәл орнатудың маңызы зор. Двигатель-дің салқын кезінде ендіру клапандарының саңылаулары 0,40 мм, ал шығу клапандарында 0,45 мм болуы керек.
Двигатель 480 сағат жүмыс істеген соң саңылауларды тексереді және қажет болған кезде реттейді. Бүл жұмысты мынадай тәртіппен орындайды: қақпақшаны 5 алады (114-сурет) және декомпрессорды іске қосады; иінді білікті баяу айналдырады және күйентелер бойынша бірінші цилиндрдің ең алдымен шығару, содан кейін ендіру клапандарының жабылғандырын қадағалайды; маховик картерінен орнату винтін бұрап шығарып алады да оны осы тесікке оймасы жоқ ұшымен кіргізеді; иінді білікті орнату винті маховиктің тесігіне кіру кезінде бірінші цилиндрдін, поршенінің сығу тактісінен кейінгі ж. ө. н. қалпына сәйкес келеді: декомпрессорды тоқтатады; екі клапанның стерженьдер мен күйентенің шаппасы аралығындағы саңылауды сүңгімен (щуппен) тексереді; саңылауды реттеу үшін қарсы гайканы бұрап босатады, шыққан саңылауды бір мезгілде тексере отырып реттеуіш винтті қажет бағытқа бұрайды; қажет саңылау жасалған соң қарсы гайканы бекітеді де қайтадан ол саңылауды тексереді.
Бірінші цилиндрді клапандарына реттеп болған соң маховиктен реттеуіш винтті суырып алып, оны картердегі бастапқы қалпына қояды. Иінді білікті сағат тілінің айналу бағытына сәйкес жарты айналысқа бұрады да үшінші цилиндрдің клапандарын тексереді және реттейді. Сонан соң иінді білікті тағы да төртінші және екінші цилиндрлер үшін бірте-бірте жарты айналысқа айналдырады, сонымен бірге клапандар тексеріледі және саңылаулар реттеледі.